Топырақтың қышқыл ортасы, топырақтың сіңіру кешені сутегі катионымен толықтырылады. Мұндай топырақтарға жауын-шашын мол болатын аймақта тараған күлгін топырақтар мен тундра топырақтары жатады.
Топырақтың бейтарап ортасы, негізінен, кальций катионымен толықтырылған топырақтарда болады. Мұндай топырақтар қара топырақты, қызғылт-қара қоңыр топырақты аймақтарда тараған.
Топырақтың сілті ортасы, негізінен, натрий катионымен толықтырылған топырақтарда кездеседі. Мұндай топырақтар сортаңданғанжерлерде кездеседі. Топырақ ортасының реакциясы топырақ ерітіндісінде бос күйінде кездесетін сутегі иондарының концентрациясы (рН) арқылы анықталады. Әр түрлі топырақ ерітінділеріндегі рН-тің мөлшері 3-10 сандарының аралығында, күшті қышқылды ортадан күшті сілтіленген ортаға дейін болады.
Қышқылдық дәрежесіне (рН) қарай топырақ төменгі топтарға бөлінеді.
1. Өте қышқыл топырақ - 4,5
2. Орташа қышқыл топырақ - 4,6-5,0
3. Сәл қышқыл топырақ - 5,1-5,5
4. Қышқылтым топырақ - 5,6-6,0
5. Бейтарап топырақ - 6,1-7,0
6. Сілтілі топырақ - 7,1-8,0
7. Өте сілтілі топырақ - 8,1
Топырақ қышқылдығы екі түрге ажыратылады: айқын және потенциалдықышқылдылық. Айқын қышқылдылық деп топырақ ерітіндісіндегі сутегі иондарының мөлшерін айтады. Ол топырақтағы органикалық және минералдық қышқылдардың деңгейімен айқындалады. Ал потенциалды қышқылдылық - топырақ бөлшектерінің тұздармен әсері кезінде пайда болатын қосылыстардың ерітіндіге қышқылдық қасиет беруімен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |