6. Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Көптеген мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекті болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның жиілігі білім беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні еш күмән туғызбайды.
Критериалды бағалау төмендегідей ұстанымдарына сәйкес жүзеге асырылады:
• Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы.Бағалау оқытудың ажырамас
бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен,
күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
• Шынайылық, сенімділік және валидтілік.Бағалау дәл және сенімді
ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу
мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі
болады.
• Ашықтық және қолжетімділік.Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды
ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың
қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
• Үздіксіздік.Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер
кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс
болып табылады.
• Дамуға бағыттау.Бағалау нәтижелері білім алушылардың,
мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды
және ынталандырады.
1
№ 5
Дәріс
Тұлғаға бағытталған оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшеліктері.
Балалар білім беру ұйымдарында оқып жатқан барлық қоғамда оқушылардың мектепте оқытылатын идеяларды игеру деңгейін анықтау үшін және/немесе оқушылар тобы үшін барынша оңтайлы болып табылатын оқудың немесе жұмыстың кезеңдерін анықтау үшін белгілі бір бағалау нысандары қолданылады. Осындай бағалау адамдардың тиісті кезеңдегі білімі мен түсінігін бағалау үшін оқу бағдарламасының белгілі бір кезеңдерінде жүзеге асырылады. Бұндай бағалауды «жиынтық» бағалау деп атауға болады, өйткені ол оқушының алдын ала әзірленген критерийлерге (критериалды бағалау) сәйкес анықталған, болмаса қалған оқушылардың білімімен салыстыру нәтижесінде анықталған (нормативке негізделген бағалау) білімін жиынтықтайды. 1990 жылдан бастап Ұлыбритания мектептерінде бағалаудың екінші түрі кеңінен таныла бастады, бұл «қалыптастырушы бағалау» немесе «оқу үшін бағалау» (бұдан әрі - ОүБ) ретінде белгілі болды. Бұл бағалау оқуды жақсарту үшін мұғалімдерді, оқушыларды және басқаларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін оқуды ағымдық бағалау дегенді білдіреді.
Білім беру саласындағы мұғалімдер мен саясаткерлер ортасында зерттеу нәтижелерін таныту мақсатында 1989 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Ұлыбритания ғалымдарынан тұратын Бағалауды Реформалау Тобы (Assessment Reform Group) 1999 жылы «Оқу үшін бағалау» деген кітапша жариялады. Осы уақыттан бастап ОүБ тұжырымдамасы кеңінен таныла бастады. Осы кітапшаның негізгі мәтіні Бағалауды Реформалау Тобы ұйымдастырған Пол Блэк пен Дилан Уильямның (1998a, 1998b) зерттеулеріне шолу ретінде ұсынылған. Шолу 1987-1997 жж. аралығында білім берудің көптеген аспектілері бойынша және пәндік салалар бойынша өткізілген әлемдік зерттеулерді қарастырды. Блэк пен Уильям 250 зерттеуге талдау жасап, оның 50 зерттеуіне айрықша назар аударған, себебі бұл зерттеулерден ОүБ тәжірибесін пайдалануға негізделген «араласудан» кейін үлгерімнің жақсарғандығының дәлелдерін көруге болады. Бұл жетістіктер жаңағы айтылған «араласуға» дейін және одан кейін жиынтық тестілермен өлшеніп, әсер коэффиценті 0,4-тен 0,7-ге дейін жеткен. Бұл орайда 0,4-ке тең әсер мөлшері орташа оқушының 2-ші кезеңнің белгіленген деңгейінің ортасына дейін жылжуына ықпал еткен; ал 0,7 әсер мөлшері оқушылардың белгіленген деңгейдің төрттен үшіне жылжуын қамтамасыз еткен. Сонымен қатар, зерттеулерде оқу үлгерімі төмен оқушылардың көрсеткіші айтылғаннан да жоғары болған, бұл көптеген мұғалімдер мен саясаткерлердің ОүБ тәсілінің өзектілігі мен маңыздылығы туралы пікірлерін өзгертіп, бұл әдіске қызығушылық білдіруіне түрткі болды.