Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Бағалауды Реформалау Тобы



бет13/28
Дата17.01.2023
өлшемі99,62 Kb.
#165755
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
Дәріс тезистері

Бағалауды Реформалау Тобы (2002а) оқу үшін бағалауға мынадай анықтама береді:
Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.
Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына екпін жасауы болып табылады. Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет, әрі мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске оқушылар да белсенді қатысуы керек.
Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін аса маңызды әрі өзекті болып табылады.

1

№ 6
Дәріс

Педагогикалық бағаның қызметі (нормативтік қызметі, ақпараттық-диагностикалық қызметі, бағыттаушылық, ынталандырушылық, тәрбиелік баға
Бағалау – оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы ту­ралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқу үшін бағалау (қалыптастырушы бағалау). Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағаланған. Сондықтан да осы модуль оқу үшін бағалау, сондай-ақ оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған.
Модуль мұғалімдерге:

  1. бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;

  2. бағалау түрлерінің барабар мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;

  3. бағалаудың формалды және формалды емес жүйелерін анықтауға/бағалауға;

  4. әркімнің оқу сапасын жақсарта алатынын/ алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет