Оқушылардың бағалау критерийлерін білуі мен түсінуі
Критерийлерді құрастыру бағалауды барлық оқушылар үшін ашық қылып, түсінікті жасайды.
Критерийлерді бірлесе құрастыру бағалауға деген позитивті көзқарасты қалыптастырады.
Критерийлер негізінде бағалау білігі адамның өмір бойғы дағдысына айналады.
Критерийлерді құрастыру бағалауды барлық оқушылар үшін ашық қылып, түсінікті жасайды.
Критерийлерді бірлесе құрастыру бағалауға деген позитивті көзқарасты қалыптастырады.
Критерийлер негізінде бағалау білігі адамның өмір бойғы дағдысына айналады.
Оқушылардың өз жұмысын талдай білуі мен мүмкінділігі
Оқушылар өз оқуының мақсатын және табысқа қалай жету керектігін түсінуі үшін өзін-өзі бағалауға үйренуі керек.
Өзін-өзі бағалау үшін мына әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
сабақтан шығудың түрлі парақтары мен карталары,
өзін-өзі жіне бірін-бірі бағалау кестелері,
ойлауды тудыратын сұрақтар, т.б.
Қалыптастырушы (формативтік) бағалау
Әсілі мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, екі жақтап оқушының оқуы мен білімін жақсарту мақсатында оның қалай оқып жатқандығы туралы аралық кезеңдерде ақпарат жинақтап, оны талдап, шешім мен қорытынды жасағаны дұрыс, өйткені екеуі де оқудың қомақты нәтижелеріне қол жеткізуге мүдделі. Сол себепті екеуі де одақтас іспеттес, екеуінің де «илеп жүргені – бір терінің пұшпағы».
Мұндай бағалауда ең маңызды мәселе екеу: 1) Оқушы қалай оқып/үйренуде? 2) Оқушының оқып/үйренуін қалай жақсартуға болады? Басқаша сөзбен айтқанда, бағалау оқушының білім мақсаттарын қаншалықты сәтті түрде жүзеге асырып жатқандығын айқындап, мұғалімге қалай оқыту/үйрету керектігін әу бастан түзеу және жақсарту мүмкіндігін береді. Бұл оқушының өз біліміне деген жауапкершілігін арттырып, мұғалім мен оқушыны оқу/үйрену нәтижелерін жоғарылатуға мүдделі жасайды.
Формативті бағалауды «оқу үшін бағалау» деп атайды. Шынтуайтқа келгенде оны «оқуды, үйренуді жақсартатын бағалау» деп атаған орынды болар.
Бағалаудың оқушы жетістіктері мен прогресін анықтау, бақылау және жақсарту мақсатында жасалған мұндай түрін қалыптастырушы (немесе формативтік) бағалау деп атайды. Мұнда салмақ оқушының қандай жетістіктерге қол жеткізгендігіне емес, оқу мен үйренуді жақсартуға түседі.
Формативтік бағалаудың мынандай ерекшеліктерін атау қажет:
- әр сабақта үздіксіз қолданылады;
- мұғалім де, оқушы да оған ынталы болады, өйткені ол екеуінің қатысуымен жүзеге асырылып, екеуіне де ыңғайлы әрі пайдалы;
- қалыптастырушы, уәждеуші, ынталандырушы, талаптандырушы мазмұнда болады: мұғалім әр оқушыны қолдайды, мақтайды, қолпаштайды, көмектеседі, ұсынады, бағыт-бағдар сілтейді, әр оқушының үлгерімін жақсартуға мүдделі болады;
- оқушының мықты жақтары мен кемшіліктерін айқындап, оқуды жақсартуға бағытталған кері байланыс түрінде;
- мұғалім оқушының оқу мақсаттарына қалай жол салғандығын бақылау мүмкіндігіне ие болады;
- оқушылар өзінің үйренуіне белсенді қатыса алады: олар өзінің (және өзге оқушылардың) оқу әрекеттерін бақылау және талдау, өзін-өзі (және өзге оқушыларды) бағалау мүмкіндігін алады;
- баға қойылмайды, бағалау қорытындылары бойынша ешқандай әкімшілік шаралары қолданылмайды;
- оқушылардың оқу әрекеттерін бақылау баға қою үшін емес, кері байланыс беру үшін жасалынады;
- оқу мақсаттарының негізінде құрастырылған критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады;
- критерийлер нақты түрде құрастырылып, бәріне де түсінікті және ыңғайлы болады – әр оқушы жетістікке жету үшін не жасау керектігін және оның қалай бағаланатындығын айқын біледі;
- жетістіктердің өсуі мен дамуына тікелей ықпал жасайды;
- оқушының білімі басқа оқушылардың жетістіктерімен салыстырылмайды: «ең дұрыс бәсеке – өзіңмен өзің бәсекелесу» қағидасына сәйкес оқушының кешегі білімімен ғана салыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |