Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Мақсат қою және оның бағалаудағы рөлі. Мақсат қоюға деген түрлі көзқарастар



бет15/28
Дата17.01.2023
өлшемі99,62 Kb.
#165755
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
Дәріс тезистері
document (3), Лексика-фразеологиялық бірліктерге қатысты терминдер глоссарийі
Мақсат қою және оның бағалаудағы рөлі. Мақсат қоюға деген түрлі көзқарастар
Оқу мақсаты - мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер. Осыған байланысты, оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:
Сіздің ойыңызша, оқушылар нені білуге тиіс?
Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?
Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, қандай мәселелер төңірегінде ойланулары керек?
Оқу нәтижелері мұғалімнің жоспарланған сабақ мақсаттарына қол жеткізуде қаншалықты табысты болғанын білуге мүмкіндік береді.
Оқу нәтижелері:

  1. оқушыға бағытталуы керек;

  2. белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;

  3. оқушының оқу үлгерімі тұрғысынан жазылуы керек.

Бағдарламаның түйінді идеясы мұғалімдерде неліктен балаларды дәл осылай оқыту қажеттігі туралы білімді қалыптастырып қана қоймай, олардың жаңа идеяларды өз тәжірибесінде іске асыруға дайын болуын қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасын игерген мұғалімдер әріптестеріне өз тәжірибесіне жеті модульді енгізуге көмектесу мақсатында олармен жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, Бағдарламаны игерген мұғалімдер өз әріптестері жүзеге асыра­тын өзгерістерді ойластырып, зерттейтін болады. Тізбектелген сабақтар топтамасының құрылымы Бағдарламаның жеті модулін жүйелі түрде енгізуге жағдай жасап, мұғалімдер жүргізген өзгеріс енгізу үдерісі мен осы өзгерістердің нәтижелері туралы тәжірибеге негізделген мәлімет алуға мүмкіндік береді.



1

№ 8
Дәріс

Қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы (формативтік) бағалау
Оқушылардың білімін дәстүрлі түрде бағалау көп жағдайда объективті көрсеткіштерге негізделмей, тек мұғалімнің субъективтік көзқарасы мен ұйғарымдарынан тұратындығы бәріміздің есімімізде. Мұнда ұстаз сыныптың орта деңгейін негізгі көрсеткіш ретінде таңдап, оқушылардың білімін осы шәкілмен бағалайды. Көбіне көп талаптар оқулық мазмұны мен мұғалімнің айтқанын неғұрлым түпнұсқаға жақын қайталаумен байланысты. Егер бағалауды оқушының үйрену деңгейін анықтап, оны дамытатын бағыт пен мазмұнды айқындау деп түсінсек, онда дәстүрлі бағалауды оқушының қателерді жіберу/жібермеуін қадағалап, дұрыс/бұрыс жауаптардың санын ескеретін жүйе деп атау керек. Бағалаудың мақсаты – баға қою.
Сабақ барысында қадағалау мен бағалауды үздіксіз түрде жүзеге асыру мүмкіндігі мұғалімдерде көп емес. Шындығында да мұғалім үшін 45 минут ішінде оқушылардың барлығының да қалайша үйреніп жатқандығын, олардың әрқайсының түсінігі қандай дәрежеде екендігін білу – қиын шаруа. Бағалауды мұндайда қалайша жүзеге асыруға болады? Әрине, егер бұл жұмысқа мұғалім өзі ғана қатысатын болса, онда оның уақыты да жетпес, мүмкіндіктері де шектеулі болады. Сол себептен бағалауға оқушылар да белсенді түрде қатысуы керек. Бұл арқылы оқушылар өзін-өзі және бір-бірінің білімдері қандай дәрежеде екендігін анықтап, үйренуге қандай өзгерістер енгізу керектігін айқындайды. Осылайша оқушылар талдау және рефлексиялау дағдыларын қалыптастырады, өзіне өзі есеп беру арқылы үйренудің нәтижелерін бағалайды: «Не үйрендім? Қалай үйрендім? Не үйренгім келеді? Үйренуімді қалайша жақсарта аламын?» деген сұрақтарға жауап береді, өз жұмысы мен үйрену деңгейін басқалардың әрекеттері мен үйренгенімен салыстырады.
Сонымен бүгінде бағалау тек мұғалім тарапынан жүзеге асырылмай, оқушылардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалау жағына ойысқан. Әр сабақта оқушылар өзінің және өзгелердің әрекеттері мен білім деңгейіне талдау жасап, оларға баға беріп отырады. Алайда оқушы олардың жақсы болған/болмағанын қайдан біледі? Сондықтан да бағалау жасау үшін оқушы өз жұмыстары мен білімін қандай да бір үлгі, эталондармен салыстыруы керек. Ал салыстыру жасау үшін осындай эталондар туралы хабардар болуы керек. Оны қайдан білуі керек? Әрине, ол үшін мұндай эталондарды анықтап, оларды жан-жақты сипаттап, олардың қандай болуын тәптіштеу керек. Басқаша сөзбен айтқанда, эталондардың критерийлерін нақты көрсету керек. Бұл мүмкіншілікті критериалды бағалау береді.
Шынтуайтқа келгенде, әр мұғалім әр оқушының біліміне, оның үйренуіне мүдделі болғаны шарт. Ұстаздың есіл-дерті «Оқушылар жақсылап ұғынса екен, көптеп білсе екен! Олар оқуда қандай қиыншылықтарға кезігеді екен? Ол қиыншылықтарды қалайша жеңуге болады? Оқушылардың білімін қалайша толықтыруға болады?» деген ойдың маңайында болуы қажет. Сонда шәкірттерінің білімі мен үйренуіне ыстық ықылас танытатын мұғалім оқушыларын білім игеруге ынталандырып, жігерлендіріп, оларды әр сабақта қолдап, қолпаштап, жәрдем-көмегін аямай, оларға қолғабыс тигізіп отырады. Шәкірттерінің білімге деген уәж, ықыласын дамытып, оларды талаптандырады, шабыттандырады. «Ең жақсы ұстаз – шабыттандыратын ұстаз» (Дж.Уорд) деп бекер айтылмаған да болар. Бұған қоса әр оқушы өзінің қалай оқып-үйреніп жатқандығын, қай деңгейде екендігін, өз білім-біліктерін, машық-дағдыларын, құзырлықтарын қалайша өсіруге, дамытуға, тереңдетуге болатындығын айқындайды. Бұл үшін шәкірт өз білімін белгілі бір өлшемдермен, талап-критерийлермен, үлгі-эталондармен салыстырып, өзін-өзі бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет