Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Қалыптастырушы және жиынтық



бет11/28
Дата17.01.2023
өлшемі99,62 Kb.
#165755
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
Дәріс тезистері

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Қазіргі білім беру жүйесіне бағалаудың екі нысаны да қажет. Айталық, оқуды бағалау жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін болса, оқу үшін бағалау оқушылардың білім алуына көмектесетін оқыту үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бұл бағалау жиынтық бағалау болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі мүмкін болатын (яғни, анықтайтын мәнге ие) шешім қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады. Оқуды жақсарту мүмкіндіктерін, сондай-ақ осы мүмкіндіктерді іске асыру әдістері мен түрлерін анықтауға бағытталған бағалау қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалау болып табылады.
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер мен емтихандардан бастап, мұғалімдер сы­ныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:

  1. қадағалау;

  2. алынған мәліметтердің интерпретациясы;

  3. бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды.

Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар, олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орын­дап отырған оқушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқаша айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтай білуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет