Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер



бет11/25
Дата06.03.2023
өлшемі337,53 Kb.
#171181
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Байланысты:
Коллоидты химия лекция
Ең кіші ортақ еселік, осососососоососоосоососоосососососоос 13.10.2020, бизнес план, БАХА СЕПСИС, Шкалы для оценки степени тяжести внебольничной пневмонии, 25-сабақ, наурыз, Мәдени мұраны цифрлық форматта сақтау, 100% lor, 100% urologia, 100% травма без отв— копия, 100% lor — без отв копия, 100% травма, 100% oftalmologia, 4сабақ ОМ
Бақылау сұрақтары:

  1. Катализ және катализатор дегенiмiз не?

  2. Каталитикалық реакцияларды жүйелеу.

  3. Гомогендi катализ теориясы?

  4. Гетерогендi катализ теориялары.

  5. А.А.Баландиннiң мультиплеттiк теориясы?

1

№ 9 дәріс

Тақырып 9. Адсорбция теориялары.


Жоспар:

  1. Ленгмюрдің мономолекулалы адсорбция теориясы.

  2. Адсорбция түрлері.

Адсорбция құбылысын түсіндіруге арналған бірнеше теория бар. Олардың бірі - физикалық теория. Бұл теорияға орай, адсорбциялық күш табиғаты молекулааралық күштердің пайда болуына сәйкес келеді. Ал енді химиялық теорияға жүгінсек, адсорбция жүретін беттегі орналасқан молекулаларда болатын қанықпаған, яғни бос валенттілік есебінен химиялық күш туындайды және ол күш салдарынан байланыс құралып, адсорбция жүреді.


Физикалық адсорбция теориясының бірнеше түрлері белгілі.Олардың арасында 1915 жылы Ленгмюр ұсынған мономолекулалық адсорбция теориясы едәуір назар аударарлықтай. Бұл теорияны тұжырымдарда, оның авторы бірнеше қағидаларға сүйенеді:

    1. Адсорбция валентті күштеріне артылып қалған (қосымша) химиялық валенттілік күштері арқылы жүзеге асады.

    2. Адсорбция берілген адсорбент бетінің бәрінде бірдей жүре бермей, тек ондағы активті орталықтарда ғана жүреді. Осы активті орталықтардың әсері онда пайда болатын қанықпаған күш өрісінің күшті болу салаларынан және соның нәтижесінде осы орталықтарда газ молекулаларын ұсталынып тұрады. Әрине, мұндағы адсорбент атомы не молекуласы аз қаныққан сайын, активті орталықтардың активтілігі артық болады.

    3. Адсорбциялық күштердің әсер етуші радиусы кіші және осының салдарынан әрбір активті орталық адсорбтив молекуласының біреуін ғана адсорбциялайды, сөйтіп адсорбент бетінде адсорбтив молекуласының бір молекулалық (мономолекулалық) қабаты пайда болады.

Адсорбент бетіне адсорбцияланған газ молекулалары онда берік ұсталмайды: олар ылғи тоқтаусыз газды орта мен сол шеңберде алмасуда болады және бұл құбылыс динамикалық адсорбция тепе-теңдігі орнағанша жүреді. Осы құбылыстар кезіндегі әрбір молекула өзі адсорбцияланған бетте, дәлірек айтқанда активті орталықта аса ұзақ уақыт ұсталып тұра бермейді, энергияның басқа молекулаларға ауысуына орай, әуелгі молекулалар жаңадан келгендерге орнын береді.
Ленгмюрдің теориясы бойынша, жекеленген активті нүктелерге тартылған адсорбтив молекулалары өзара әректтеспейді. Ленгмюр теңдеуі адсорбциялық қабат мономолекулалық деген есептен шығады. Алайда бұл пікірмен барлық ғалымдар келісе бермейді. Полянин және басқа да ғалымдардың ойынш, адсорбциялық қабат бір молекулаладан тұрмайды, олар екі және одан да көп молекула қабатынан тұрады. Полимолекулалы адсорбция. БЭТ теориясы адсорбциядағы Ленгмюрдің динамикалық сипатын сақтап қалған. Бұл теория бойынша адсорбция көп қабатты болып есептеледі. Бірінші қабаты адсорбент- адсорбат арасындағы молекулааралық әрекеттесу әсерінен пайда болады, ал осы бірінші қабаттағы әрбір адсорбцияланған молекула келесі адсорбциялық қабатты тұзуші орталыққа немесе тартушы күшке айналады. Осылайша екінші қабат молекулалары үшінші қабатты түзуші орталыққа айналады, да қабат саны арта береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет