Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет41/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Кардиогенді шок - жүрек ауруларының себебінен артериальды қысымның бірден төмендеуі.
Себептері: Миокард инфарктісі, миокардиттер, миокардтың токсиндермен зақымдануы,
аритмиялар (жүректің ретсіз соғуы).
Клиникалық белгілері. Қан қысымының бірден төмендеуі, 80/30 мм с. б. төмен, тері түсінің бозаруы, акроцианоз, суық жабысқақ тер басу, аяқ – қолдарының суып кетуі. Ентігу үдейе түседі, тахикардия, олигурия, есі тежеледі, адинамия. Жүрек тұсында ауырсыну барлық науқастарда байқалмайды.
Жедел жәрдем:
1. Науқасты жатқызу.
2. Тіс протездерін алу, таза ауа желдету.
3. Дымқылдаған оттегі беру.
4. Науқасты реанимация бөліміне жеткізу, ЭКГ түсіру.
5. А.Қ –ны көтеру үшін 1% -1мл мезатон көктамырға , эффект болмаса 0,2% -1 мл норадреналин гидротартраты, 200-400 мл 5% глюкоза ерітіндісімен немесе реополиглюкинмен көктамырға және тамыр соғысы жиілігін бақылау арқылы немесе 0,5% - 5 мл допаминді 200 мл -9% Na Cl ерітіндісінде көктамырға тамшылатып.
6. Сонымен қатар 120 мг преднизолон көк тамырға; 0,05% - 0,5 мл строфантин ерітіндісін 20 мл -0,9% Na Cl ерітіндісіне қосып.
7. Ауырсыну синдромын басу: наркотикалық анальгетиктер - 2мл 1% морфин; 2мл 2% промедол бұлшық етке енгізу.

Аритмиялар.
Аритмиялар – бұл жүрек ырғағының бузылыстары.
Синустык тахикардия – жүректің автоматизмдік касиетінің жогарлаунан болады, журектің соғуы минутына 100 ден артады, ырғағы дұрыс
Этиологиясы. Органикалық немесе функциональды өзгерістер миокардтың эндокринді, вегетативті, электролитті және басқада бұзылыстарынан дамитын.
Клиникалык көрінісінде журектің соғуы, журек тусында салмақ сезіну байқалады. Пульс 100 -160 шамасында, ырғакты. Жүректі тыңдағанда маятник тәрізді ырғақ және 1тонның күшеюі естіледі.ЭКГ-лық көрінісі.
Емдеу принциптері :
1.негізгі ауруды емдеу
2.қою шай, кофе, алкогольды ішімділікті, өткір тағамдарды ішуді доғару; темекі тартудан, тамақты аса тойып ішуден бас тарту; симпатомиметиктік дәрмектрді қолданудан сақтану
3. седативті дәрмектер - вискен 5мг -3 рет немесе обзидан 10-20мг 3 рет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет