Дәрістің қысқаша мазмұны Қазақстан тарихына кіріспе. Қазақстан тарихы пәнінің маңызы және дерек көздері. Отандық тарихтың негізгі кезеңдері



бет5/7
Дата21.09.2023
өлшемі42,28 Kb.
#181966
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 лекция

Ғұндар.
Б.з.д. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жатқан дала және шөлейт аудандарда карабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әртүрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.д. ІV-ІІІ ғасырларда Солтүстік Кытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ Сюнну және Дунху бірлестіктері еді. Қытай тілінде сюнну деген атау солтүстіктегілер деген мағынаны білдіреді.
Сюннулар хунну немесе ғұндар деп аталады, олар, әсіресе, б.з.д. III ғасырда мейлінше күшейген. Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны толық анықталып болған жоқ. «Ғұн» деген атаудың өзі кейінірек сюнну (хунну) деген аттан шыққан деп болжам жасалынды. Ғұндар туралы тарихи деректер қытай тілінің көрнекті мамандары Н.Я. Бичурин мен Н.В. Кюнердің еңбектерінде берілген. Ал олардың тарихын жазуда үлкен еңбек сіңірген ғалымдар А.Н. Бернштам, Л.Н. Гумилев, Н.И. Конрад. Ал Қазақстан ғалымдарының арасында ғұндардың тарихымен К.М. Байпақов және т.б. айналысып жүр.
Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Ғұндардын кұдіреті тасып тұрған кезде олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан «ғұн» атауы этникалық болудан гөрі саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп қытайлыктардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы деу керек. Хань империясы кезінде қытайлықтар ғұндарды талай рет басып алмақшы болады, бірақ ғұндар іргелес тайпалармен бірігіп, қытайлықтардың шабуылдарына батыл тойтарыс беріп отырады. Ғұн тайпаларының бірігіп топтасуы б.з.д. 209 жылы «ғұн үйінің өрлеуі» кезінде іске асты. Оларды бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде /Боғда/ батырдың есімімен байланысты. Оның туған жылы 230, ал қайтыс болған кезі б.з.д. 174 жыл.
Мөде ғұндарды күшті державаға айналдыру үшін әскери реформалар жүргізді. Мөденің басшылығымен ғұндар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандады. Олар Саян-Алтай тайпаларына және үйсіндерге шабуыл жасап, өзіне қаратты. Мөде батыста юечжи тайпаларына жорық жасап, оларды бағындырды. Б.з.д. 200-ші жылдары ғұндар Ордосты қаратып алды, Қытай Хань әулетінің негізін қалаушы Лю Баньмен соғысып, оны жеңді. Ұлы Қытай корғаны салынуының бір себебі осы ғұндардың шабуылынан корғану амалы еді. Қытайдың «Жылнама» атты байырғы кітабында айтылатын «тұрағы жоқ, үйі жоқ ғұндар бәле болды ғой» деп келетін жолдар ғұндардың Кытай еліне катты қауіп төндіргенін көрсетеді. Б.з.д. 188 жылы Мөде мен Қытайдың Хань императоры Гаоцзу «тыныштық және туыстық» жайлы шартқа қол кояды. Мөде Қытай ханшасын өзіне әйелдікке алады, сонымен бірге Хань империясы ғұндарға жыл сайын салық төлеп тұруға тиісті болды. Ғұндардың жүргізген жаулап алу соғыстарының нәтижесінде

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет