Дәрістің қысқаша мазмұны Қазақстан тарихына кіріспе. Қазақстан тарихы пәнінің маңызы және дерек көздері. Отандық тарихтың негізгі кезеңдері


Забайкальеден Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта бойына дейін созылып жатқан жердің бәрі олардың қол астына көшті



бет6/7
Дата21.09.2023
өлшемі42,28 Kb.
#181966
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 лекция

Забайкальеден Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта бойына дейін созылып жатқан жердің бәрі олардың қол астына көшті. «Ғұн державасы» орасан зор үлкен болғанымен оның осал ұрымтал жері де болатын. Мұның өзі ғұндардың арасындағы берік бірліктің болмауымен байланысты еді. Осыдан келіп б.з.д. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталады. Ғұндардың өз іштеріндегі болып жатқан мұндай талас-тартыстарды Қытай мемлекеті пайдаланып калуға тырысты. Қытайлар үйсіндермен одақтаса отырып, ғұндарға қарсы бірнеше шабуыл ұйымдастырды.
Б.з.д. 55 жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Онтүстіктегі ғұндар Қытайдың Хань империясына бағынды. Ал Чжи-Чжи шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар өздерінің тәуелсіздігін сақтап, Солтүстік Моңғолия және Шығыс Түркістанныңсолтүстік аймақтарында көшіп-қонып жүрді. Бұлардың бір бөлігі Тянь-Шаньнан өтіп, Каңлы тайпаларымен шарттасып, олардың шығыс жағына қоныстанды. Мұның өзі ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия жеріне тұңғыш рет жаппай өтуі еді. Екінші бір толқыны біздің заманымыздың I ғасырында басталды. 93 жылы Хань империясының әскерлері ғұндардың күштерін ығыстырып, олардың солтүстіктегі тайпаларының бірін өздеріне бағындырып, енді біреулерімен одақ жасасып, үшіншілерін батысқа карай ығыстырды.
Қытай Халық Республикасындағы қазақ ғалымдары 1987 жылы басып шығарған «Қазақтың көне тарихы» деген кітапта келтірген деректеріне сәйкес батысқа қарай босқан ғұндар алдымен үйсін жеріне келген, содан кейін қаңлы еліне ауып барған. Осы көші-қон барысында ғұндардың талай тайпасы үйсін жерінде қалып қойған. Осы үйсін жерінде қалған ғұн тайпалары 5-6-ғасырларда 200 мыңдай халқы бар Юебань мемлекетін құрған.
Ғұндардың осы жылжуымен байланысты болса керек, кейінірек бұлар Орталық Казақстан және Сырдариядан солтүстікке карай созылған жерлерді алып жатты. Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, аландарға шабуыл жасап, оларды батысқа карай ығыстырды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет