Ресми оппонент:
КАЗГЮУ Университеті
Қазақ және орыс тілдері департаментінің доценті
филология ғылымының кандидаты Б.Б. Динаева
«18» желтоқсан 2017 ж.
Практикалық тапсырма
1. Төменде берілген мақапаға пікір жазыңыз.
ПАРЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРДАҒЫ
КОНЦЕПТІЛЕРДІҢ КОГНИТИВТІК МӘНІ
Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысандарының бірі концепт болып табылады. Концепт - когнитивті лингвистиканың басты категориясы. «Концепт» термині (латынша: сопсеріиз - «ой», «ұғым», «түсінік») пәнаралық немесе Е.С.Кубрякованың анықтамасы бойынша «қолшатырлық» қызмет атқарады, яғни ой мен таным мәселелерімен
айналысатын, ақпараттарды өңдеп сақтайтын бірнеше ғылыми бағыттардың пәндік саласын «қалқалаушы» болып табылады [1,58].
Қоршаған дүниенің түрлі қүбылыстары мен нәрселерінің өзіне тән жалпы мәліметтері бейнеленетін концептілердің пайда болу барысы жүздеген жылдарға созылып жатыр деуімізге болады. Әр ұрпақ концептуалды жүйенің қалыптасуына, оны тексеріп, түзетіп, қорытып, ал кей кездері мазмұнын түбірімен өзгертіп, өз үлесін қосып келеді. Қазіргі уақытта кез келген концептіні әбден қалыптасып болған деуге ертерек, олар үнемі өзгеріс үстінде, қатары күн санап толығуда.
Ұлттық тілде бейнеленген концептілер адамның жан-жақты әрекетін айқындайтын ерекше маркерлерге айналады. Әлемнің тілдік бейнесінің ұлттық болмысы әр этноста әртүрлі болуы этностың тәжірибесі мен біліміне байланысты, өйткені тілдік таңбалардың таңбалаушы қызметіне адамдардың өмірден көрген-білгені, көңілге түйгені негіз болады. Концептіге ұғым енгенімен, ол ұғыммен ғана шектеліп қалмайды, сөзге қатысты барлық ақпараттарды қамтып отырады. Сонымен бірге концептінің көрінісі сөз тіркесінде, түрлі дискурстарда, тұрақты тіркестерде, мәтіндерде жүзеге асады. Концепт мәдениеттің ментальдық ұясы болып саналады. Концептіні жасауға көмек беретін тілдік деректердің қатарына тіл бірліктерінің паремиология мен фразеологиялық қорда қолданылуын таб^ мен сипаттауды да жатқызамыз. Солардың бірі «тіл» терминімен байланысты концептілерді паремиологиялық қордан тауып, олардың когнитивтік мәнін талдау осы еңбегіміздің мақсаты болмақ.
Т/л» терминімен тіл білімінің негізгі концептілері байланысты. Тіл адам баласын табиғаттың өзге тірі бөлшектерінен ажырататын негізгі белгісі болып табылады. В. Гумбольдтше айтар болсақ, «тіл жанның үздіксіз әрекетін көрсетеді және ойды жеткізу үшін дыбыстардан құралады» [2, 117].
Тілдіңпаремиологиялыққорындасолэтностанымыныңерекшебелгілері сақталады. Тілдің жекелеген жүйелерінде көрінетін паремиологиялық білім қоры нақты этномәдени қоғамдастықтың мүшесі ретінде адамдардың күнделікті тәжірибесіне, олардың әдет- ғұрпы мен наным-сенімдеріне негізделеді. Сондықтан «Т/л» концептісін лингвомәдени тұрғыда толық зерттеуді қамтамасыз ету үшін паремиологиялық қорды талдау қажет.
Паремия деп ойды астарлап жеткізу үшін дидактикалық мақсатта қолданылатын тілдегі тұрақты тіркестерді айтамыз [3, 67]. Логема - паремиялардың жекелеген топтары жүйеленетін қорытындылаушы сипаттағы логика-семантикалық бірлік. Логема паремиологиялық қорда жекелеген мәдени мәндегі ойларды нақты топтарға жинақтап баға беретін және барлық басқа да ойды қорытындылайтын қызмет атқарады. Дегенмен логемада паремия мәліметтерінің мақал-мәтел семантикасын түрлі субъективті қабылдауда жүзеге асатындығын ескеру қажет [4, 112]. Қазақ тіліндегі тіл туралы негізгі пайымдаулар «Тіл адам өмірінде маңызды рөл атқарады» деген логемада беріледі. Яғни «тіл» концептісіне қатысты қазақ паремиялары «Тілдің адам өміріндегі атқаратын маңызды рөлі» аспектісінде қарастырылады.
«Адам баласының қоршаған ортаға тіл арқылы әсер етуі» аспектісі «Тілдің адам өміріндегі атқаратын маңызды рөлі» атты логемада жүзеге асады. Бұл топтағы логемаға «Тілжетпейтін түкпіржоқ», «Тіл-буынсыз,
ой-түпсіз», «Тілтасжарады, тасжармаса, басжарады», «Тілқылыштан
өткір», «Тіл - тиексіз», «Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ», «Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, тілімнен сүріндірме», «Ойдыңкөркі-тіл,
тілдің көркі -сөз» деген мақал-мәтелдерді жатқызамыз.
Осы логеманы іштей 1.1 «Тіл - өмірдегі мақсатқа жетудің аса маңызды құралы», 1.2 «Тіл қауіпті болып табылады», 1.3 «Тіл адамға эмоционалды әсеретудің тиімді құрал қызметін атқарады», 1.4 «Тілдіжақсы меңгергендік өмірде жақсы күресе білуді көрсетеді», 1.5 «Тіл - адам ойын жеткізуші құрал», 1.6 «Қатысымда тіл барлығына түсінікті болуы керек» деген топтарға жіктеуге де болады.
Сонымен қазақ паремияларында тіл қоршаған ортаға әсер етуші ең күшті құрал ретінде қолданылады.
«Еңбек» концептісінің тілдік негізін еңбектің күшті қажет ететін әрекет ретіндегі мағынасы құрайды. Дәл осы мағына «еңбек», «жұмыс», «іс» сияқты сөздерде кездескенімен, осылардың ішінде «еңбек» лексемасы доминант болып табылады. «Еңбек» концептісі тірек болып табылатын мақал-мәтелдерді талдау барысында олардың мынадай концептуалдық белгілерінің бар екендігіне көз жеткіздік:
|