Диплом жұмысы 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»



бет11/20
Дата11.05.2020
өлшемі144,43 Kb.
#67302
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
ГОТОВ Тайтелі Назерке Дип.Инновациялық-дидактикалық оқыту технологиясы арқылы білім берудің ғылыми - теориялық негіздері

Ғылымилық принципі

Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға ғылыми білімдер мен ғылыми әдістерді меңгерту керек. Бұл принциптердің астарында жатқан заңдылықтар: дүниені танып білуге болады, адам өмірінде ғылымның рөлі күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны мұғалімнің іс - әрекетіарқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшін қызмет ететінін түсіндіре отырып, оқушыларды дүниеге диалектикалық, ғылыми материалистік көзқарас қалыптастырады.

Аталмыш принципті іске асыру үшін педагог орындайтын негізгі талаптар:

- Білім мазмұнын педагогика, психология ғылымдарының қазіргі даму дәрежесінесәйкестендіру, жаңа әдістер мен жаңашыл ұстаздардың тәжіребесін қолдану.

- Оқушылардың ғылыми деалектикалық ойлау қабілетін дамыту, бастауыш мектептің өзінде тек индукциялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгізу.

- Шкірттеге жаңа ғылыми ұғымдарды түсіндіру, жүйелі түрде қайталау, пайдалану, қолдану, іске асыру.

- Оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылыми әдістерімен таныстыру, оларды ізденушілікке, шығармашылыққа баулу, зерттеу тәсілдерін пайдалану үшін кітәппен, анықтамалармен жұмыс істеуге ынталандыру .

- Әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелі түрде қапайым ұғымдармен берік тірде жеткізу мұғалімнің негізгі міндеті.

- Ғылымдағы жаңалықтардың жан – жақты байланыстарын көрсетіп оқушылардың білім деңгейімен ұштастыру, жаңа пән сөздерді қолдану.

- белгілі ғалымдардың өмір баянымен, олардың қосқан үлесімен оқушыларды таныстыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет