2 тарау.АЛМАТЫ ОБЫЛЫСЫ КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ,ЖЕР ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.
2.1.Алматы обылысы Кеген ауданының жер қоры
Кеген ауданы — Алматы облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бірлік. Орталығы – Кеген ауылы.
1930—1997 жылдары жеке аудан болған, 1997—2018 жылдары Райымбек ауданының құрамына енген. 2018 жылы сәуірдің 2-де жеке аудан болып қайта құрылды.
Кеген ауданы Алматы облысының оңтүстік шығысында орналасқан. Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларының етегіндегі тау аралық аңғарда орналасқан. Аудан жерінде Аманжол, Көкжайлау, Саты, Қарақия, Қызыл-кезең, Сартасу (Шоқан асу) асулары бар. Таудан басталатын ағыны қатты Қарқара, Кеген, Талды, Шырғанақ, Иірсу, Кеңсу, Орта Мерке, Шет Мерке (бұлардың қосылуынан Шарын өзені құралады) Қарабұлақ, Шелек, Қайыңды, Жіңішке өзендері бар. Көлдері – Қайыңды, Қарақия, Көлсай. Пайдалы қазындылардан қорғасын, мырыш, көмір және құрылыстық тас, құм, балшық кездеседі. Жерлер санаты бойынша Кеген ауданының аумағы №1 кестеде көрсетілген.
№1 кесте
№ р/н
|
Жерлер санаты
|
Барлығы
|
Оның ішінде: жайылым
|
1
|
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, барлығы
|
262 011
|
206 140
|
2
|
Елді мекендер жерлері
|
37 793
|
36 567
|
3
|
Өнеркәсіп, көлік, байланыс және басқа да ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер
|
2 530
|
2530
|
4
|
Жер қорлары
|
161 892
|
136 500
|
5
|
Орман қорының жерлері
|
87 185
|
39 597
|
6
|
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері
|
158 658
|
51 289
|
7
|
Су қорларының жерлері
|
229
|
|
Аудан бойынша жер көлемі
|
710 298
|
472 623
|
Климаты қоңыржай, континенттік. Қаңтардың орташа температурасы 13,7 градус, шілдеде 14,8 градус. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300-400 мм.
Аудан 12 ауылдық округтен 34 елді мекеннен тұрады.
№2 кесте
Ауылдық округтер атауы
|
Ауыл, елді мекендер атауы
|
Кеген ауылдық округі
|
Кеген, Түменбай, Темірлік
|
Бөлексаз ауылдық округі
|
Бөлексаз
|
Алғабас ауылдық округі
|
Алғабас, Жіңішке, Жаңаталап
|
Жалаңаш ауылдық округі
|
Жалаңаш, Жайдақбұлақ, Тоғызбұлақ
|
Жылысай ауылдық округі
|
Жылысай, Шыбышы, Мойнақ
|
Қарабұлақ ауылдық округі
|
Қарабұлақ, Ақай Нүсіпбеков
|
Қарқара ауылдық округі
|
Қарқара, Ереуіл, Мыңжылқы
|
Саты ауылдық округі
|
Саты, Күрметі
|
Тасашы ауылдық округі
|
Тасашы, Ақтасты, Сарыкөл, Жаңатасашы
|
Тұйық ауылдық округі
|
Тұйық
|
Ұзынбұлақ ауылдық округі
|
Ұзынбұлақ, Жалаулы, Ақсай
|
Шырғанақ ауылдық округі
|
Шырғанақ, Қарқара, Талды, Кеңсу, Көкпияз, Қызылжар
|
|
|
Жерлердің түрлері
|
барлығы
|
Оның ішінде суармалы
|
1.Егістік
|
29552
|
7979
|
2.Тыңайған жер
|
260
|
|
3.Шабындық жер
|
20350
|
|
Жайылым
|
199969
|
|
Ауыл шаруашылығының жерлерінің барлығы
|
249833
|
|
Кеген ауданының тұрғындар саны 32 415 адамды құрайды, ауыл және ауылдық округ кескінінде № 3 кестеде көрсетілген.
№ 3 кесте
№
|
Ауылдық округ
|
Халық саны, адам
|
1
|
Кеген ауылдық округі
|
9630
|
2
|
Бөлексаз ауылдық округі
|
1377
|
3
|
Алғабас ауылдық округі
|
1640
|
4
|
Жалаңаш ауылдық округі
|
5470
|
5
|
Жылысай ауылдық округі
|
2176
|
6
|
Қарабұлақ ауылдық округі
|
3188
|
7
|
Қарқара ауылдық округі
|
2361
|
8
|
Саты ауылдық округі
|
1648
|
9
|
Тасашы ауылдық округі
|
1677
|
10
|
Тұйық ауылдық округі
|
1296
|
11
|
Ұзынбұлақ ауылдық округі
|
3157
|
12
|
Шырғанақ ауылдық округі
|
3131
|
|
|
|
Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері 536,0 мың га (1972), оның ішінде егістік 56,5, тыңайған жер 1,1, шабындық 20,9 жайылым 457,5 мың га. 1971 жылғы егісі 72,5 мың га, оның 57,2 мыңына дәнді дақылдар егілді. Аудан негізінен мал шаруашылығымен шұғылданады. 1971 жылдың басында 20,9 мың мүйізді ірі қара, 267,9 мың қой мен ешкі, 10,5 мың жылқы, 86,5 мың құс болды. Қазақтың арқар-меринос қойының тұқымы осы ауданда шығарылған. Аудан автомобиль жолымен қатынасады. Кеген ауданында 37 мектеп, 7 клуб, 47 кітапхана, 35 кино қондырғы, 9 аурухана бар. Қазақ тілінде (1931) «Коммунизм нұры» газеті шығарылады. Орта ғасырлық 36 тас және топырақ қорғандарының, мазарлардың орны сақталған. Бірнеше жерден мыс, қорғасын қорытқан ошақтар мен тасқа түсірілген жазулар табылды.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының негізгі қызмет түрі — мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту және өнімін өндіруді жүзеге асыру. Ауданда 1557 шаруа қожалығы тіркелген. Оның ішінде 1090 шаруа қожалық мал шаруашылығымен, 467 шаруа қожалық өсімдік шаруашылығымен айналысады. 187 шаруа қожалығы асыл тұқымды селекциялық дамытуға қатысуда.
Геоботаника
Қазақстанның жер қорын табиғи-ауылшаруашылық аудандастыру" схемасына сәйкес Кеген ауданының аумағын зерттеу Орта Азия таулы аймағында, Батыс Тянь-Шань және Солтүстік Тянь-Шань округтерінде орналасқан. Ауданның топырақ жамылғысы гетерогенді, бұл геоморфологиялық құрылым мен таулардың биіктік белдеуіндегі айырмашылыққа байланысты.
Топырақ-климаттық белдеудің температурасының төмендеуімен және атмосфералық жауын-шашынның жоғарылауымен, қысымның төмендеуімен, сондай-ақ ультракүлгін радиацияның жоғарылауымен байланысты.
"Қазақстанның таулы және тау бөктеріндегі аймақтарының жүйелік тізімі мен негізгі диагностикалық көрсеткіштеріне" сәйкес Кеген ауданының жерлерінде топырақтың келесі түрлері анықталды.
-Субальпілік шымды- сазды;
- Субальпілік дала - сазды;
- Қара-қоңыр;
- Шалғынды қара сарғылт;
- Шалғынды батпақты қара сарғылт;
- Шалғынды ашық қоңыр;
- Сұрқоңыр сортаң;
- Сұр қоңыр сортаң.
Кеген ауданында далалық зерттеу материалдары бойынша өсімдіктің 154 астам түрі бар. Көп жылдық өсімдіктердің – 99 түрі, астық тұқымдастардың–33 түрі, бұршақтұқымдас –12 түрі, бұталы шөптер–6 түрі өседі.
Кеген ауданының аумағында табиғи жағдайлардың әр түрлілігі байқалуына байланысты далалық өсімдіктерден басқа Қарқара, Кеген, Талды, Шырғанақ, Иірсу, Кеңсу, Орта Меркі, Шет Меркі т.б. өзендерінің алқабында шалғынды өсімдіктердің тобы кең таралған.
Жайылымдар жүйесіз жаюға тап болған және жиі жаю салдарынан жоғарыда аталған астық алқаптарының өсімдік жамылғысы түр өзгертеді. Құңды дала дақылдары жаюға ең бейімделмеген ретінде шөп құрамынан шығып қалады, өсімдік жамылғысында арам шөптер мен жусан өсіп кетеді. Дақылдардан жаюға ең төзімді бетеге: ол малдың таптауынан кейін жақсы өседі. Рационалды емес жаю салдарынан жайылымдардың өнімділігі төмендейді. Пайдалану маусымы қысқарады. Дақылдардың әр түрлерінен тұратын шөптің сапалы құрамын сақтау үшін астық алқаптарын жайылым айналымы жүйесінде малдың қалыпты жүктемесімен пайдалану қажет. Осындай жайылымдарда жаюды реттеу, айдау жүйесін енгізу қажет.
Геоботаникалық зерттеу нәтижесінде жайылымдық алқаптар рационалды емес пайдаланылатындығы анықталды, бөлек жайылымдар, ауытқу деңгейінде жойылады. Елді мекендер жанындағы жайылымдар, малды суару орындары айналасындағы жайылымдар толық жарамсыздыққа келтірілген және жаюға пайдалануы мүмкін емес. Жайылымдарды пайдалануда малды құрғамаған топырақта жаю рұқсат етілген, оның нәтижесінде төмпешіктер пайда болады. Жайылымдардың көпшілік шөптері жүйесіз көп жаю салдарынан жусанның және шөптің қатты сабақты нашар желінетін шөбімен өсіп кеткен, нәтижесінде олардың астық құңдылығы күрт төмендеді, бірлік алқабынан жайылымдардағы құрғақ желінетін өсімдік массасының өнімділігі төмендейді. Жайылымдарды пайдаланудың маусымы қысқарады. Кеген ауданында дала зонасында табиғи жайылымдарды пайдаланудың оңтайлы мерзімі көктемгі, жазғы, күзгі кезең. Көктемнен мал дәнділерді және ерте гүлдейтін шөпті жейді, содан жаюдан кейін дәнділер қайта өседі, көрпекөк береді және оны қайта басады.
Жайылымдар мен шабындықтарды рационалды пайдалану аса маңызды жайылымдық алқаптарды дұрыс пайдалануда олардың өнімділігі қатты өседі.
ҚОСЫМША(ЛАР)
Достарыңызбен бөлісу: |