Оқушылардың дене шынықтыру Қазақстан Республикасының келешек ұрпағын жоғарғы дәрежедегі азамат қылып тәрбиелеуге бағытталған.
Оқушылардың дене шынықтырумен күнделікті айналысуының маңызы өте зор. Біріншіден: еңбек пен оқу пәндерінің интелектуалды және өте жылдам қарқында дамуы, оқу пәндерінде белсенді әдістемелерді кеңінен қолданылуы, жылдағы сыныптан сыныпқа өту емтихандарын оқу бағдарламасына енгізуде т.б.; Екіншіден: сабақтан тыс уақытта балалардың қозғалыс функциясына кедергі келтіретін қосымша сабақ түрлерінің артуы, сыныптағы тәрбие шаралары, техникалық және көркемөнер үйірмелерінің белсенді жұмыс істеуі, компютерлік ойындар мен теледидар бағдарламаларының жастардың уақыттарын көп алатындығы және т.б.; Үшіншіден: техника жетістіктерін тұрмыста көп пайдалану т.б.
Осындай тіршіліктің негізгі түрі баланың қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігіне әкеп соғады : а) дене бітімінің дұрыс дамуын қамтамассыз ететін негізгі бұлшық топтарының стстистикалық әлсіздігін туғызады ; ә) эмоционалды-психологиялық шаршағыштықты арттырады, ақыл-ойдың және физикалық әлсіздіктің пайда болуына ықпал етеді.
Осының барлығы баланың физикалық дамуына және дене дайындығына кері әсерін тигізетіні анық. Бала организмін психо-физиологиялық тұрғыдан дұрыс жолға қою үшін әртүрлі шұғылдану түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың жалпы және жеке қимыл-қозғалыс режимін ұлғайту қажет.
Оқушылардың дене шынықтыру дұрыс жолға қойылып, мүмкіндігінше нәтижелі жүргізілсе, онда бұл шаралар олардың келешек өмірінің дұрыс дамуына үлкен үлес қосатыны анық. Спорт мектептерінде, секциялар мен үйірмелерде және басқада спорт мекемелерінде балаларды спорттық жаттығуларға баулу, оларды түрлі спорт түрлеріне қызықтыру олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, және түрлі жағымсыз әрекеттерден сақтандырудың негізгі түрі болып табылады. Дене шынықтырун мектептің жалпы оқыту-тәрбиелеу жүйесіне енгізу, баланың жанжақты дамуына үлкен көмегін тигізеді (денсаулығына, ақылдылығына, жағымдылығына, еңбекқорлығына және эстетикалық шынықтыруне).
Осыған байланысты дене шынықтырудың міндеттері үш категорияға бөлінеді:
І. Сауықтыру міндеті. 1) Бала денсаулығының нығайуына және оның жан-жақты дамуына жәрдемдесу: дене бітімі мен ңегізгі бұлшық топтарының дұрыс қалыптастыру, барлық орган жүйелерінің ойдағыдай және өз уақтысында
ІІ. Білім беру міндеті. 1) Күнделікті өмірде және жұмыс бабында қолданылатын іс-қимыдарына үйрету (жүру, жүгіру, лақтыру, өрмелеу, сырғанау, жүкті көтеру және оны тасымалдау т.б.) және әскери-қолданбалы мінездегі іс-әрекеттерге баулу (түрлі кедергілерден өту, шаңғымен жүгіру, жүзудің қолданбалы түрлерімен машықтану, жеке сайыс түрлерімен айналысу).
2) Спорттық жаттығулардың айла-тәсілдерін білу арқылы қозғалыс әрекеттерінің сапасын байыту (көбейту).
3) Өмірге қауіпті жағыдайларда сонымен бірге жаңа қимыл әрекеттерін үйрену кезінде өз денесінің іс-қимылдарын бағындыра білу қасиеттерін арттыру.
4) Білім қабылдай білу жүйесін қалыптастыру және осы қалыптасқан қасиеттердің арқасында көптеген биіктерге қол жеткізу (жалпы білім алу мәдениетін көтеру, дене шынықтырудың алуан түрлерін саналы түрде меңгеруді қамтамассыз ету т.б.).
ІІІ. Тәрбиелік міндеті. Оқушылардың жалпы шынықтырунде дене шынықтыру тәсілдерін қолдана отырып, оларды біртұтас жағымды, ақылды, еңбекқор және эстетикалық тәрбиелі азамат қылып тәрбиелеу.
Оқушыларды даярлаудағы дене шынықтырудың жалпы міндеттерін оқыту-тәрбиелеу жүйесінде шешуде, олардың жас ерекшеліктерін, оқулық материялдарың мазмұнын және оқыту-тәрбиелеу кезеңдерін алдыңғы жолға қойған жөн.
Жоғарыда аталып өткен жүйенің негізгі түсініктеріне тоқталатын болсақ, оларға біздер осы еңбектің соңғы тарауларында кеңінен талдау жасап өткенбіз. Дегенмен «дене шынықтыру», «спорт», «дене шынықтыру» т.б. түсініктердің өзара байланыстары мен айырмашылықтарын білу үшін ең әуелі оның ғылыми теориялық анықтамасын білуді талап етеді.
Дене шынықтыру негізгі екі бөлімнен тұрады: біріншісі спорт, бұл жеке бастың белгілі бір жаттығумен тұрақты түрде шұғылданып кәсіпке айналдыруы. Екіншісі дене шынықтыру. Бұл жеке бастың өзінің денсаулығын нығайту үшін ғана жаттығулармен шұғылдануы. Ал «Дене шынықтыру» педагогикалық процесте үш бағытқа бөлінеді: жалпы дене шынықтыру, кәсіптік бағыттағы дене шынықтыру, спорттық бағыттағы дене шынықтыру.
«Жасөспірімдер спорты» деген түсінікке талдау беретін болсақ, оның шекарасы тек бір жас тобымен, яғни жасөспірімдер тобыменен анықталады. Бұл түсінік шартты, оның себебі спортқа қыз балалардың қатысуына байланысты.
«Мектептегі спорт» деген түсінік қатысушылардың жас белгілеріне қарағанда «балалар спортына» сәйкес. Бұл екі түсініктің айырмашылығы, „балалар спортын" мектептерде және мектептен тыс мекемелер ұйымдастырса, „мектел спортын" тек мектеп қана ұйымдастырады.
Жоғарыда айтылған спорт нышандары белгілі бір мөлшерде спорттық ойындарда, гимнастикада, саяхатта да болуы мүмкін. Мысалы, маманданушылық кейбір ойындарға, спорттық гимнастикаға еңіп, оларды спорттың жеке түріне айналдырды. Сонымен бірге спортта ойынның жеке белгілері бар және онда ойын әдісі кеңінен қолданылады. Сол себепті спорт ойын қызметі деп қаралуға тиісті.
Дене шынықтыру сабағы орта білім беретін және кәсіптік-техникалық мектептердің барлық сыныптарында оқу жоспарына енгізілген оқу пәні болып есептеледі. Пәннің мазмұны мемлекеттік стандартпен бекітілген, ал тәжірибелік орындалуы дене шынықтыру сабақтарында жүзеге асырылады. Сонымен дене шынықтыру сабағына қатысу барлық оқушыларға міндетті болып табылады. Денсаулықтарына байланысты барлық оқушылар екі топқа бөлінеді: негізгі және арнайы медициналық топтарға. Негізгі топқа барлық денсаулықтарында ешқандай ақаулығы жоқ оқушылар жатады, ал денсаулықтарында қандайда бір кінараттары бар оқушылар арнайы медициналық топқа жатқызылады. Арнай медициналық топқа жатқызылған оқушылар арнайыландырылған бағдарлама бойынша дайындалады. Дене шынықтыру сабағында мұғалім сабақтың міндеттерін шешу үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды, оқушылардың дене шынықтырумен өз беттерінше айналысуына бағыт береді. Сабақтар көптеген жағыдайларда дене шынықтырудың басқада ұйымдастыру формаларының мазмұнын ашып көрсетеді. Осы жағыдайлардың барлығы дене шынықтыру сабағы оқушылардың дене шынықтырун ұйымдастырудың негізгі формасы екендігін айғақтайды.
Дене шынықтыру сабағының теориясы мен әдістемесін терең білу, әр сабақтың тиімділігіне қол жеткізуге үлкен көмегін тигізеді. Теорияны шығармашылық ұғына білу мұғалімге бүкіл дене жаттығуларының бай қорын пайдалануына, нақты жағыдайларға сәйкес көптеген үйрету және тәрбиелеу әдістемелерін қолдануына, сабақтың міндеттерін тиімді шешуіне және оқушылардың дене мүмкіндіктерін нақты бағалай алуына таптырмас көмек болатыны анық.
Дене шынықтырун ұйымдастыру жұйесінің салаларын мыналар құрайды:
1. Әр сыныпта аптасына үш рет, сабақ түрінде өткізілетін – сыныптағы сабақ жүйесі;
2. Ұзартылған күн режиміндегі денсаулықты нығайту шаралары – сабаққа дейінгі гимнастика,дене шынықтыру дұілістері мен дене шынықтыру минуткалары, үлкен үзілістегі дене шынықтыру жаттығулары;
3. Ұзартылған күн режиміндегі күнделікті жасалатын – жалпы дамыту жаттығулары;
4. Сыныптан тыс жұмыстар, оларға қоса 1-ші – 5-ші сыныптарда өткізілетін спортттық үйірмелеріндегісабақтар, ауыруларына байланысты арнайы медициналық топтарға көшірілген балалармен өткізілетін дене шынықтыру сабақтары, жалпы дене дайындығы топтары, спорттың әр түрлерінен жүргізілетін секциялар, спорттық жарыстар, слёттар және саяхаттарға шығу.Бұл жүйе, мектептен тыс мекемелердегі дене шынықтырун ұйымдастыру формаларымен толықтырылады:
Дене шынықтырудың ңегізгі үш міндетін шешу үшін оның мазмұнының кешенділігі және жүйелілігі болуы шарт.
Дене шынықтырудың мақсаты – оқушылардың психологиялық, физиологиялық қасиеттерінің дамуына әсер етіп, оларда қозғалыс дағдыларын ғана емес, сонымен қатар тұлғалық қалыптасыуына әсер ету блып табылады. Бұл шара педагогикалық үдерістің білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерін шешу кезінде қолданылады. Бұл міндеттердің шешілуі дене шынықтыру мұғалімінің негізгі қызметін анықтайды, олар: тәрбиелік білім-білік басқарушылық-ұйымдастырушылық, жобалаушылық, әкімшіліктік-шаруашылықтық.
Осы дене шынықтырудың ұйымдастырылу формаларының барлығы міндеттілігі сынынан «мідетті түрдегі»және «ерікті»болып бөлінеді.
Бұл формалар оқуды ұйымдастыру және тәрбиелеу тұрғысынан «сабақтағы»немесе«сабақтан тыс»болып екіге бөлінеді:
1. Сабақтағы дене шынықтырун ұйымдастыру формасының негізін құрайтындар (мектептегі дене шынықтыру сабағы және спорттық секциялар) мыналар: а) жоғарғы дәрежедегі педагог-жетекшілер; ә) оқу бағдарламасына сай, мақсаты мен міндеті педагогикалық көзқарастан шешімін табатын сабақтың мазмұны; сабақ негізінің нақты құрылымы және шектелген уақыт көлемі; істелген жұмысқа міндетті түрде баға беру; белгіленген кесте бойынша тұрақты түрде сабақтарды өткізу.
Оқушылардың дене шынықтыру дұрыс жолға қойылып, мүмкіндігінше нәтижелі жүргізілсе, онда бұл шаралар олардың келешек өмірінің дұрыс дамуына үлкен үлес қосатыны анық. Спорт мектептерінде, секциялар мен үйірмелерде және басқада спорт мекемелерінде балаларды спорттық жаттығуларға баулу, оларды түрлі спорт түрлеріне қызықтыру олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, және түрлі жағымсыз әрекеттерден сақтандырудың негізгі түрі болып табылады. Дене шынықтырун мектептің жалпы оқыту-тәрбиелеу жүйесіне енгізу, баланың жанжақты дамуына үлкен көмегін тигізеді (денсаулығына, ақылдылығына, жағымдылығына, еңбекқорлығына және эстетикалық шынықтыруне).
Жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру, жасөспірімдердің жалпы мәдениетін қалыптастырудың, сондайақ оқушыларға тәрбие беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
«Дене шынықтыру» оқу пәні ретінде, үлгідегі жалпы білім беретін мектептерде міндетті түрде оқылып, оқу бағдарламаларында қарастырылады және бүткіл оқу кезеңі ішінде аптасына кем дегенде үш сағат көлемінде міндетті пәндердің оқу кестесіне енгізіледі.
Тиісті мүмкіндіктері бар мектептерде ата-аналардың, қамқоршылардың, демеушілердің және қаржыландырудың басқада көздерінің қаржылары есебінен дене шынықтыру сабақтары мен қосымша сабақтар санын 4-5 сағатқа дейін көбейтуге болады.
Басқарушылық-ұйымдастырушылық қызметі оқушылардың спорттық секциялардағы сабақтар, спорттық жарыстар және барлық спорттық іс-әреккеттерді басқару, сабақтарды ұйымдастырудан тұрады.
Жобалаушылық қызметінде оқушылар дене шынықтыру бойынша іс-шараларды жоспарлау, оқу тереңдігі мен нақты нәтижелер көрсетулері тиіс. Бұнда оқушылардың даму ырғағын бақылауды жүзеге асыра отырып, жұмыс жоспарына енгізуі қажет. Негізгі рөл сабақтарды жобалауға беріледі.(жоспар). Бұл сабақтың міндеттеріне сәйкес оқу материалдарына таңдау жасауда оқушылардың жас ерекшеліктерін, топтың спецификасын, жыныстық және оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.