Дипломдық ЖҰмыс 5В010800-Дене шынықтыру және спорт Шымкент, 2017



бет32/35
Дата16.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#136035
түріДиплом
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Айтилеуов Сакен
docx1545588075, Арнур, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, Disser, лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4
Аз қателіктер — қимыл әрекеттерінің құрылымы бұзылмаған және орындаудың сандық көрсеткіші төмендемеген жағыдайдағы дұрыс орындаудан ауытқу.
Аздаған қателіктер — қимыл әрекеттерінің құрылымы бұзылмаған, бірақ, орындаудың сандық көрсеткіші төмендеген жағыдайдағы дұрыс орындаудан ауытқу. Мысалы, биіктіке секірудегі аяқты сермеудің жетіспеушілігі, ұзындыққа секірудегі екпіндеу ырғағының бұзылуы.
Үлкен қателіктер — қимыл әрекеттерінің құрылымы бұзылған және осының салдарынан орындаудың сандық көрсеткіштерінің едәуір төмендемеген жағыдайдағы дұрыс орындаудан ауытқу.
Қимыл-қозғалыс әрекеттерінің тәсілдерін (техника) орындауды бағалау кезінде айналысушылардың жас ерекшеліктері есепке алынбайды, яғыни әр сыныпқа бағдарламамен қарастырылған жаттығулардың барлығы мұғалімнің әр спорттың түріндегі қабылданған идеалдық сапа туралы түсінігіне сәйкес орындалуы тиіс.
Жаттығуларды орындау тәсілін бағалауға байланысты, тексерістің шарттары туралы сұрақтар жиі пайда болады. Мысалы, биіктіке секіруді меңгеру кезіндегі түрлі әдіспен секіруде, сырық қандай биіктікте болуы тиіс, яғыни оқушылардың секіруіне ыңғайлы жағыдайлар жасалуы керекпе, немесе сырықтың биіктігін оқулық нормативтің деңгейінде қалдырған дұрыспа? Төменгі және ортаңғы сыныптарда айла-тәсілдерді меңгеру мен оқулық нормативтерді қабылдауды бөліп өткізуге болады, ал жоғарғы сыныптарда бұл спорт түрінің айла-тәсілдері мен нормативтерді орындау бір уақытта өткізіледі.
Ағымды бағалау кезінде мұғалімнің тапсырмасын және үй жұмысы тапсырмаларын үздік орындап жүрген оқушыларға баға бірінші кезекте қойылуы тиіс.
Бағалау критерияларын әр жаттығуды үйрену алдында өңдеп, оқушыларға жариялап отыру керек. Өңдеп алынған критериялардың негізінде оқушылар өздері үйреніп жатқан қимыл әрекеттерінің барысын және жолдастарының жетістіктерін обьекивті бағалай алады. Балаларды өзін өзі және бірін бірі бағалауға үйрету — оларды дене жаттығуларымен өз бетінше айналысуға даярлаудың негізгі шарты болып табылады.
Нақты бір тапсырманың орындаудалуын бағалауға берілетін кеңестер орташа және жалпыға бірдей болмауы тиіс. Мұғалім негізінен өз оқушыларының дайындық деңгейін басшылыққа алуы керек және өзінің бағалау номаларын қоюы тиіс.
Қорытынды баға аталған үш критерияның барлығын есепке ала отырып шығарылады, ал садық көрсеткіштері жоқ жаттығулардың түрлерінде ол қимыл тәсілдерінің және осыған сай теориялық материалдарды біудің негізінде анықталады. (саптық және би жаттығулары, акробатика, спорттық ойындардағы тактика мен техника).
Бағалау кезінде объективтік қағидасын қатаң сақтау керек, яғыни бағаны оқушының тұлғалық ерекшеліктеріне және тәртібіне тәуелді қылмай, материалдарды меңгергендігі үшін қою керек. Қойылатын баға бүкіл сыныптың алдында, бұндай балл не үшін қойылғандығы, бағаның қандай себептерге байланысты жоғарлатылғандығы (төмендетілгені) және т.б. жөнінде түсініктеме жасай отырып қойылуы тиіс.
Әр оқушы бір тоқсанда 6-8 баға алуы тиіс, соның негізінде тоқсандық баға шығарылады.
Жалдық баға тоқсандық бағалардың қорытындысы бойынша шығарылады, және соңғы тоқсанда оқушы жекеленген бөлімдер бойынша жоғары балл алатын болса, онда алдынғы алынған төмен балдар есепке алынбайды.
Мектепті бітіретін сыныптарда дене шынықтырунен енгізілген сынақтар, оқушыларды өз бетінше айналысуға ынталандырады және мектептік бағдарлама талаптарын орындамау мүмкіндігі туралы сұрақтар өзімен өзі жойылады.
Сынақтарды қабылдаудың алдында барлық гимнастикалық залдар және спорттық алаңдар ретке келтіріледі, жаңа құрал-жабдықтар мен қондырғылар сатылып алынады. Сынақтарды тапсыратын орындарды даярлауда оқушылар белсене ат салысулары керек. Көптеген мектептерде дене шынықтыру пәнінен тапсырылатын сыңақтарға оқушылардың ата-аналарын шақыруды тәжірибеге енгізген.
Сынақты директор, дене шынықтыру мұғалімдері және білім беру бөлімінің өкілінен құрылған комиссия қабылдайды.
Сынақ ұйымдастырылу және қабылдау әдістемесі жағынан бақылау сабақтарын еске түсіреді. Ол 45-60 минуттың ішінде бүкіл сыныптан сынақтарды қабылдап үлгеруге мүмкіндік береді.
Оқушылардың дене шынықтырунен жасалатын жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, балалардың барлығы бірдей қойылған талаптарды үздік орындай бермейді.
Толық үлгерімге қол жеткізуге ұмтыла отырып, мұғалім бағдарламалық талаптарды жетістікпен орындауға кедергі келтіретін себептерді анықтап алуы тиіс. Олардың ішінен ең кең тарағандары келесілер:

  1. Оқушылардың қимылдық тәжірибелерінің жетіспеушілігі. Бәрімізге белгілі, әр жаңа жаттығуға үйретудегі жетістік оқушының меңгеріп алған қимыл қорына және қозғалыс әрекеттерінің құрамына тікелей байланысты болады.

  1. Дене дамуының төменгі деңгейі. Кез келген қимылды үйрену үшін күштің, иілгіштіктің, жылдамдылықтың және төзімділіктің деңгейін анықтап алу керек. Әр түрлі қимылдарды орындауда дене қасиеттерінің әр қайсысының маңызы бірдей емес. Сондықтан әр келесі жаттығуды үйрену алдында, мұғалім жетекші қасиеттерді анықтап алып, осы қасиеттердің деңгейін дамытуды ойластыруы керек.

  1. Интелектуалдық дамудың артта қалуы. Арнайы зерттеулер көрсеткендей, интелектуалдық дамуда артта қалу, дене жаттығуларын меңгеру процессін тежейді. Бұл жағыдайды оқушылардың жаттығу техникасын талдаудағы, өз әрекеттерін бағалаудағы, көңіл-күйлерін басқарудағы қиыншылықтармен түсіндіруге болады.

  2. Еріктілік қасиеттерінің нашар дамуы. Оқулық материалдарды меңгеру — бұл денелік (физикалық) және ақыл-ойлық ширығуды талап ететін ауыр жұмыс. Ол табандылықты жақсы көреді және жалқаулықты жеңуді талап етеді. Дене жаттығуларын орындау «өлі нүктеден» асу кезіндегі шыдамдылықты талап етумен тығыз байланысты. Бір қатар жағыдайларда қорқынышты жеңуге тура келеді.

  3. Айналысушылардың белсенділігінің деңгейінің төмендігі. Бұл құбылыс көбінде 13-14 жастағы қыз балаларға және үлгерімі нашар оқушыларға тән. Тәжірибелі мұғалімдер, әр айналысушыға қол жетімді және қызықты жеке-дара сабақтардың көмегімен, олардың сылбырлықтарын жеңіп, үлгерімді оқушылар қатарына қосады.

Әр мұғалім оқушыларды бағалай отырып, олардың ары қарай өсуі туралы ойлануы керек. Педагогикалық білімі мен іскерлігі, тәжірибесі мен интуициясы мұғалімнің педагогикалық ұстанымымен біріге отырып, қоғамның және өскелең ұрпақтың алдындағы жауапкершілік сезімі, адамгершілік жылулығы, сезімталдығы, кәсіптік этикасы, әр баланың даму мүмкіндігіне сеніммен қарауы – көптеген жағыдайларда оған дұрыс шешімдер қабылдауға көмектеседі.
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформаларының басты бағыттарын жүзеге асыру, дене шынықтыру мұғалімінен дене шынықтыру сабақтарының білім берушілік және нұсқаушылық бағытына күш салуды талап етеді. Оқушыларға сабақ барысында өз денсаулықтарын қорғауға деген дұрыс көзқарас қалыптастыру және жұмыскерліктерін жоғары деңгейде ұстай алу шынықтырун беру керек. Оқушыларға жалпы және жеке бастың гигиенасынан, жаттығулармен өз бетінше айналысу ережелерінен білім беру керек. Бұл окушыларды дене жаттығуларымен жүйелі айналысуға деген күнделікті сұранысын тәрбиелеуге себеп болады, аяғында дене шынықтырун халықтың тұрмысына енгізу проблемасын шешеді.
Еліміздің алдыңғы қатарлы мектептерінің тәжірибесі және көптеген зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың дене дамуының қалыптасу процессіне днген сұраныс, бірімен бірі байланысты, бірқатар бағыттардан құралады:

  • балалардың дене жаттығуларымен айналысуға деген жағымды қатынасы мен қызығушылығын тәрбиелеу;

  • оқушыларды арнайы білімдермен қаруландыру, осының негізінде дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға деген көзқарастарын қалыптастыру;

  • дене жаттығуларымен өз бетінше айналысудың іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру;

  • оқушыларды тәжірибеде дене шынықтырумен күнделікті айналысуға үйрету;

Бұл бағыттардың барлығы біртұтас оқыту-тәрбиелеу үдерісінде тығыз байланыста екендігін ескере отырып, әрқайсысын жеке қарастырайық.


Сабаққа деген қызығушылықтарын тәрбиелеу. Бұл сұраққа қатысты бірқатар шарттарды біз сабақтың міндеттерін талдау кеінде қарастырғанбыз. Сонымен, мұғалім сабақтың мәнін, мағынасын, мазмұнын оқушыларға нақты және қол жетімді етіп түсіндіруі тиіс. Кез келген міндетке жекеленген мағына берілуі шарт, сонымен бірге жетістіктерге жету үшін ұзақ уақыт бойы және табанды еңбек ету керек екендігін оқушылардың санасына жеткізе отырып, оларға істеген еңбектерінің нәтижесін сезінуге мүмкіндік жасу керек.


Ереже бойынша, бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын жаттығуларды орындау процессінен туындайтын жағымды эмоциялар еліктетеді.
Оқушылардың дене жаттығуларымен айналысуға деген қызығушылығына мектептегі сабақ формаларының барлығының өткізілу сапасы, жақсы жабдықталуы және спорттық-материалдық базаның эстетикалық безендірілуі үлкен әсерін тигізеді. Қызығушылықты тәрбиелеудің өте маңызды шартының бірі, оқыту үдерісінің жемістілігін қамтамасыз ететін, қарапайым тапсырмалар (оқушы орындай алатын) болып табылады.
Балалардың сабаққа деген қызығушылығының қалыптасуы, мұғалімдер ұжымындағы орнаған көңіл-күйге тікелей байланысты болады. Бұл жерде сынып жетекшілерінің, бастауыш сынып ұстаздарының, әсіресе дене шынықтыру мұғалімдерінің жеке өнегелері үлкен роль атқарады. Басқа пән мұғалімдерінің және мектеп басшылығының дене жаттығуларымен белсенді айналысуы, оқушылар үшін үлкен өнеге болып табылады.
Оқушыладың дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға деген қызығушылығын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірігіп атқаратын әрекеттерінің үлкен маңызы бар. Дене жаттығуларымен айналысудың бала организміне әсер етуі, ата-аналардың белсенділігін арттырда едәуір себебін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет