Дипломдық ЖҰмыс 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»


Орта мектепте ағылшын сабақтарында сөйлеу дағдысын оқытуда интерактивті өзара әрекеттесу тәсілін қолдану



бет7/10
Дата07.09.2020
өлшемі297,7 Kb.
#77621
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
орта мектептерде ағылшын тілін интерактивті оқыту

2.2 Орта мектепте ағылшын сабақтарында сөйлеу дағдысын оқытуда интерактивті өзара әрекеттесу тәсілін қолдану
Ағылшын тіліндле сқйлеуге үйретудің интерпактивті тәсілі – оқушылардың пікірталастар, проблемаларды талқылау және т.б. формадағы белсенді өзара әрекеті. Бұл кезде оқушылар бір – буірімен ынтымақтасады. Интерактивті тәсілде мұғалімнің рөлі өзгеріп отырады. Оқытушы оқушылардың дербес оқу, танымдық, коммуникативті және шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастырушы ретінде әрекет етеді. Сондықтан интерактивті әдіс шет тілінде сөйлеуді оқытуда ең тиімді әдіс болып табылады. Интерактивті оқыту танымдық іс-әрекетті ұйымсдастырудың бір түрі, оның барысында оқушылар бір-бірімен әрекеттесу нәтижесінде білім алады.
Интерактивті оқытудың мақсаты – мұғалімнің оқушыларға өз білімін алуға және жүйелеуге мүмкіндік беретін жағдай жасауы.
Қарым – қатынас оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді, бұл орта сатыда оқуда маңызды фактор болып табылады. Оқушыларды ынталандыру және соның салдарынан танымдық белсенділіктің артуы байқалады. Осыныфң арқасында оқушылар көбірек ақпарат алады және үйренеді, әртүрлі жағдайдағы мәселелерді шешуге дағдыланады.Интерактивті әдіс оқу процесін жақсартуға жақсы мүмкіндік береді. Белсенді және пассивті, интерактивті формалар сияқты оқытудың басқа түрлерінен айырмашылығы сөйлеуді үйренудегі мақсатқа тиімді жетуге бағытталған.Оқытудың интерактивті формалары сөйлеуді оқытуда дәстүрлі тәсілді қолдану кезінде туындаған қиындықтарды жеңілдетуге көмектеседі. Интерактивті оқытудың формалары мен әдістерінің көптігіне байланысты оларды жіктеу мүмкін емес. Тек негізгі және кең ауұымды қолданылып жүргендерін көрсетуге болады:

  • Дөңгелек үстел және пікірсайыс

  • Миға шабуыл

  • Іскерлік және рөлдік ойындар

  • Кластер

  • Шығармашылық тапсырмалар

  • Топтық жұмыс

  • Аквариум

Эксперименттің мақсаты аралық кезеңде ағылшын тілінде сөйлеуді оқытуда интерактивті әдісті қолданудың тиімділігін дәлелдеу қажеттілігі болды.
Тәжірибе жасау үшін 3 сынып таңдалды: 11 «А», 10 «Ә», 9 «Б». Ағылшын тілінде оқитын топтарда 11 «А» сынып - 10 оқушы, 10 «Ә» сынып - 10 оқушы, 9 «Б» сынып - 8 оқушы. Тәжірибе 2 аптаға созылды, әр сыныпта 6 сабақ болды.
Тәжірибе аясында үш кезең өткізілді: диагностикалық, қалыптастырушы және бақылау.Диагностикалық кезеңде студенттерге интерактивті формаларды оқыту барысында қолдану туралы сұрақ қойылды. 11 «А» сынып оқушыларына және 10 «Ә» және 9 «Б» сынып оқушыларына үш сұрақ қойылды (1 қосымша).
Сауалнама нәтижелері диаграмма түрінде келтірілген (8 суретті қараңыз, 9, 10, 10 суреттерді қараңыз).

  8 сурет. Оқушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері



9 сурет. Оқушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері



10 сурет. Оқушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижлері




Сауалнама нәтижелерінде алынған мәліметтерге сүйенсек, сабақта оқушылар тек шығармашылық тапсырма және топтық жұмыс ретінде жұмыстың осындай түрлерін қолдана білетінін білдік. Пайдаланылған жұмыс түрлері жеткілікті стандартталған. Бұл жағдайда, интерактивті оқытудың бірнеше формалары қолданылды деп айтуға болады.
Екінші сұраққа: «Сіздің сабақта өз пікіріңізді білдіруге мүмкіндігіңіз бар ма?» оқушылардың көп бөлігі «жоқ» деп жауап берді. Бұл нәтиже осы сабақтарда өткізілетін оқыту формалары оқушылардың сабақ барысында өзара әрекеттесуін қамтамасыз етпейтінін тағы бір мәрте растайды.

« Сабақ барысында басқалармен қарым-қатынас орнатқыңыз келеді ме?» деген сұраққа оқушылардың көбі дерлік «иә» деп жауап берген. Бұл оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауға деген қызығушылығына байланысты. Оқу іс-әрекетін барлық оқушылардың оқуға деген қывзығушылығы болатындай етіп құрау керек, сонда ғана олар оқуға ынталанады.


Сынаманы бастамас бұрын біз сөйлеу дағдысының деңгейін анықтауға шешім қабылдадық, ол үшін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру деңгейін анықтайтын тапсырма берілді.Оқушылардың сөйлеу қабілеттерін бағалау ретінде бағалау жүйесі құрылды:
«5» - оқушы сөйлеу мәнерін нақты және логикалық түрде құрастырды, сөйлеу барысында қателіктер болған жоқ.
«4» - оқушы сөйлеу логикасынан ауытқып кетті, сөйлеу барысында 2-3 қате жіберді.
«3» - оқушы сөйлем құрауды білмейді, ақпарпатты фрагменттермен жеткізеді, сөйлеу барысында 4-6 қателіктер жіберді.
«2» - оқушы негізгі ақпаратты жеткізе алмайды, сөйлеу барысында 6-дан көп қате жіберілді.
11 «А» сыныбына арналған тапсырма зерттеліп отырған тақырыпқа сәйкес келді. Студенттер саяхатқа деген қарым-қатынасты бір-бірінен (жұптасып) үйреніп, әрі қарай барлық студенттерге көрсету ұсынылды. Бұл тапсырма оқулықтағы тақырып ретінде Т.Аяпова ұсынылды. «Talking about traveling».
10 сыныпқа досынан спорт өмірінде қандай орын алатындығын білу жөнінде тапсырма берілді. Бұл тапсырма «Sport in my life» тақырыбы аясында ұсынылды.
9 сыныпқа «My favourite singer» тақырыбы аясында тапсырмалар берілді. Нәтижелер диаграммада келтірілген (11-суретті қараңыз).
11 сурет. Диагностикалық кезеңді бағалау

Коммуникативті дағдыларды бағалау келесі нәтижелер берді. Бағалау критерийлеріне сәйкес келесі нәтижелер алынды: 11 «А» сыныбында 4 адам «өте жақсы» тапсырманы орындады. «Жақсы» деген бағамен -3 адам. «қанағаттанарлық» деп 2 оқущы бағаланды. Бір оқушы тапсырманы орындамады.10 «Ә» сыныбында 5 оқушы «өте жақсы», 4 оқушы «жақсы», 1 адам «қанағаттанарлық» бағасын алды. 9 «Б» сыныбында 3 оқушы «өте жақсы» тапсырмасын орындады. 4 оқушы «жақсы», 1 оқушы «қанағаттанарлық» және қалған 2 оқушы «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланды .


Алынған нәтижелерге сүйене отырып, осы сыныптарда сөйлеу деңгейі өте төмен деп айта аламыз. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың қарым-қатынас жасауға құлықсыз екендігі байқалды. Оқушылар сөйлеу барысында көптеген қателіктер жіберді. Көптеген студенттер өз ойларын ағылшын тілінде жеткізе алмайтынына көз жеткіздік.
Эксперименттің қалыптастырушы кезеңінде сабақтар кешенде интерактивті оқыту элементтерін қолдана отырып өткізілді. Қалыптастырушы кезеңде 18 сабақ, он бірінші, оныншы және тоғызыншы сыныптарда 6 сабақ өткізілді. Әр сабаққа дамыған кешендегі жаттығулар кірді (1 кесте мен 2 кестені қараңыз).
Әр сабақ оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында сөйлеу жаттығуларынан басталды.

Жаттығу кешені кезінде оқушылардың қызығушылық деңгейі айтарлықтай өсті.


Бақылау кезеңінде сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың бақылау деңгейі анықталды. Оқушыларға тағы да жұптасып жұмыс жасау тапсырмасы ұсынылды, содан кейін сыныптың алдында сөз сөйледі.
11 «А» сыныбында, оқылған «Sport in my life» тақырыбында студенттерден досынан спорттың оның өмірінде қандай рөл атқаратындығы туралы сұрау ұсынылды.
9-10 сыныптарда «Health is better than walth» тақырыбында оқушылардан досынан денсаулықты сақтау үшін не істеп жатқанын сұрау ұсынылды. Сөйлеу дағдыларын бағалау үшін диагностикалық сатыдағыдай бағалау жүйесі қолданылды. Нәтижелер диаграммада келтірілген (12 суретті қараңыз).
11 «А» сыныбында 6 адам «өте жақсы» бағасын алды. «Жақсы» деген бағамен -3 адам. «қанағаттанарлық» бағасымен 1 оқушы бағаланды.10 «Ә» сыныпта 7 оқушы «өте жақсы», 3 оқушы «жақсы» бағасын алды.9 «Б» сыныбында 5 адам «өте жақсы» бағасына тапсырмаларын орындады. «жақсы» деп 3 оқушы, «қанағаттанарлық» деп 2 оқушы бағаланды.
12 сурет. Бақылау кезеңін бағалау

Бақылау тапсырмасы барысында оқушылардың белсенділігі, танымдық қызығушылығы едәуір артқаны байқалды. Сөйлеудегі қателіктер әлдеқайда аз. Болған өзгерістерді студенттердің ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығы, сондай-ақ олардың білім деңгейлерімен түсіндіруге болады.


Нәтижелерді салыстыра отырып, сөйлеуді оқытудағы интерактивті тәсілдің тиімділігі туралы белгілі бір қорытынды жасауға болады. Тәжірибелік зерттеудің нәтижелері 11 «А», 10 «Ә» және 9 «Б» сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру деңгейі айтарлықтай жоғарылағанын көрсетті. Бұл сөйлеуді оқытудағы интерактивті тәсілдің қолданбалы формалары практикада өзінің тиімділігін дәлелдеді. Оқушылар оқылатын пәнге қызығушылықтарын арттырды және сабаққа белсенділік танытты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет