Дипломдық ЖҰмыс дж. 050106. 11 09. 09. Кб тақырып: Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы



бет5/23
Дата15.11.2022
өлшемі463,5 Kb.
#158316
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
diplom1

ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАҒЫ ӘДІСТЕР



2.1 Музыка сабағындағы шығармашылық қабілетті
дамытуда тәжірибелік жұмыстар

Мектепте қажетті білім алу, тәжірибе жинақтау, шығармашылық белсенділік пен қызығушылықты қалай ұйымдастыруға болады? Бұларсыз оқушылардың музыкалық шығарманы үйренуге, игеруге деген ынта-ықыласын ояту мүмкін емес.


Бізге балалармен бірге жұмыс істеудің алуан түрлі тәжірибесі белгілі. Жалпы білім беретін орта мектептердегі тәсілдер ұлттық аудиториямен жұмыс істегенде айтарлықтай нәтеже береқоймады. Табиғатынан монодиялық мәдениет жағдайында тәрбиеленген балалардың шығармашылық қабілеттерінің жан-жақты ашылуына ықпал ете алмағанын байқадық. Оның сыры неде?
Мемлекеттік тілде оқитын мектеп балаларымен жұмыс істеу барысында ұлттық музыкалық мәдиниетке баса назар аударғанымыз жөн. Әрине, классикалық музыка үлгілерін, басқа да көркем, тартымды, әсерлі шығармаларды пайдалану ешқашан артық етпейді. Бірақ бүгінгі оқу бағдарламаларында мұның мән-жайы ескерілмеген. Сондықтан, ұлттық музыка үлгілерін молынан еңгізе отырып жасалған жаңа бағдарлама негізінде тәжірибелік жұмыс жүргіздік. Тәжірибе жұмысы үш бағытта жүргізілді. Олар: орындау, сүйемелдеу және шығарманың көркемдік келбетін анықтау. Бұл бағыттар негізінен бір-бірімен сабақтасып жатқандықтан, оларды жеке-жеке талдамас бұрын шығармалық тапсырма берілгенде оқушы белсенділігінің деңгейін байқататын сабақ үлгілеріне тоқталу қажет болады.
Бастапқы жұмыс кезеңі. Балалар дыбыс бояуы, ауқымы (регистрі) жағынан әр түрлі аспаптарда «Елім-ай» әнінің шағын, зарлы да әсерлі, сонымен қатар, бейнелі әуенін орындайды. Әнді үйрену барысында өзге тәсілдер де қолдануға болады. Мысалы: Оқушылардың бір бөлігі ән салса, келесі жартысы белгілі бір аспапта әуен-сазын ойнап, сүйемелдеуі мүмкін. Бұл ретте баян аспабы өте қолайлы.
Бұл-балалардың шығармашылық қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға бағытталған жұмыстың бастапқы кезеңі ғана. Жоғары сыныптарда біз «Елім-ай» әнін жобалы түрде нотаға түсіруді де көздедік. Ол үшін ең бірінші, оқушының алдына халық әннің шығу кезеңін анықтау міндетін қойдық. Бұл талабы оларды терең ойға жетеледі. Пікірталас қызды. Оқушылар алуан түрлі болжамдар мен ұсыныстар айтты. Бүкіл сынып болып осы ойды жан-жақты талдағаннан кейін оқытушының көмегімен «Елім-ай» әннің XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққаны анықталды.
Тәжірибенің екінші сатысында оқушылар әнді толық үйренуге көшті. Алғаш балалар бірте-бірте жоңғарлар, артынан қайта орнына түсетін «Елім-ай» әуенін толық айтуға дағдылылынады. Сол негізде шығарманың құрылымы орындаушылық еркешеліктері тұтас қамтылған соң, музыка аспабының сүйемелдеуімен қайта айтылып, ептеп өңдеу, көркемдеу, құбылту тәсілдері қолданылды. Ән музыкалық аспапта ойналып, соңынан толығымен айтылып пысықталды.
Осы жұмыс барысында оқушылар әуенді жатқа орындап, кейбіруі мұғалімнің көмегімен С – moll әуезіндегі алғашқы ноталарды атап та берді.
Сүйтіп оқушылар тәжірибе барысында мына дағдыларды:
а) қарапайым музыкалық шығарма сипаттарын айқындауды;
ә) басқа баланың ән айтуын, аспапта орындауын тыңдауды;
б) тыңдағанын талқылап, одан қорытынды жасауды;
в) естіген әуенін аспапта қайталауға;
г) өздері талдаған әнді есіне сақтап, қайталауды меңгерді.
Музыка сабағында әр кез жаңа материалдар игеріліп, сабақ сайын берілген тапсырмалар күрделендіріліп отырылады. Мысалы, сабақ барысында Тұрмағанбет Ізтілеуовтың термесінен мынадай жолдар оқылады:
Қабаға қарсы ұмтылма ер дегенге,
Сартапқа тұқым шашпа жүр дегенге…
Балалар терме жолдарының мазмұндық сипатына қызыға ден қояды, жыр жолдары классикалық қара өлең құралымында сай келгендіктен балалар оған әуен шығаруға да талпынды. Осы ізбен балаларға өз бетінше терме үйрену тапсырылды.
Ал келесі сабақта балалар шығармашылық белсенділігінің арта түскенін аңғардық. Орындалған әр-бір термені балалар мұқият тыңдап, бағалап отырды. Мұның өзі олардың талғамын, көркем туындыға сын көзбен қарау қабілетін өсіруге ықпал еткенін байқатады.
Сабақ процесінде балаларды бірін-бірін тыңдауға, бір-бірінің пікірімен санасуға дағдыландыру ісі де жолға қойылып отырады. Мұндай жалпы педагогикалық әдеп пен әдетке байланысты мәселелер дәл осындай қызу да қызықты сабақтар үстінде шешімін жақсы табады деуге де болады. Жай ғана терме сөздеріне мән беріп қоймай, термеге шығарылған әуенді де мұқият тыңдап қайталап айту немесе музыкалық аспапта орындап беру дәрежесіне көтерілуін талап етіп отыру қажет. Мұндайда баланың есте сақтау, тыңдау, жаттап алу және айнытпай айтып, ойнап шығу қабілеті артады. Оқушылардың бірі белгілі аймаққа тән терме үлгісін шабытпен шырқаса, екіншісі басқа аймақта жиі айтылатын термені шама-шарқынша орындап, ортаға салды, үшіншісі – музыкалық – эпикалық үрдістегі талдау орындаса, төртіншілері – аспаптық шығарма ойнаумен шектелді.
Терме сөзін үйрену барысында қызықты педагогтық сәттерге кез болдық. Бір оқушы бұрын өзіне белгілі поэзиялық мәтінді дәстүрлі әуенге салып орындады. Әрине, оның әуені дегеннен әсем әрі шебер шықты дей алмаймыз. Кейде ол он бір буынды ұйқасқа жеті өлшемді ырғақты қосып отырғанын сезбей де қалады. Бірақ ондай кемшіліктерін көрсетіп бағыт – бағдар беріп отырдық. Сол мақсатпен балаларға жеті және он бір буынды терме үлгілерін орындап бердік. Одан әрі бұл құрылымның музыкалық әуенге тигізер ықпалын түсіндіріп көңілді мажордың мұңды минор мақамымен ауысу ерекшеліктеріне назарын аудардық. Содан соң бұыннан белгілі халық әні немесе термеге қатысты әртүрлі әуенсін салыстыруға көштік. Көп ұзамай балалар шығарманың поэзиялық және композициялық нысандарын ажырата білуді меңгере бастады. Кейде ойдан шығарған терме саздарына олар пікір айтып, талдау жасап отырды.
Балаларды музыкалық аспапта орындалған әуенді сол қалпында қайталап шығуға үйрете жүріп олармен жұмыс істеудің түрлі әдістерін қарастыруымызға тура келді.
Мысалы:
1) Оқушы естіген музыкалық әуенін, оның ырғақ-сазын жеке дауыспен болмаса музыкалық аспаппен орындап шығуы керек.
2) Оқушыларға жеке дауыспен немесе музыкалық аспаппен сұрақ – жауаптық жүйеге құралған терме әуенін қайталап шығу ұсынылды.
Бұдан әрі баллалар бірін-бірі толықтыратын дыбыстардың алма-кезек қатынасынан құрылған музыкалық ырғақты айтып үйренді. Жаңа дағдыны жете игеруі үшін қажетті әуен-саздан құрауға ынталандыратын мәтінді пайдаландық. Мысалы, жеті буынды жыр үлгісінің құрылымын үйрену белгіленді. Бұл өлең құрылымына лайық әуен сүйемелдеуі де табылды. Осылайша өлең бір-біріне ұқсамайтын, алар қиялынан туған көркем нұсқалармен толықтырылып отырылды.
Тәжірибелік жұмыстарға келгенде әдеби мәтінді айта отырып, оларды белгілі бір ырғаққа бейім дегенімізді айтқымыз келеді. Алдымен ырғаққа салып мәнерлеп орындау тапсырылды. Кейін олар ырғықты музыкалық аспаптарында орындады. Барлығына берілген үй тапсырма – нақты ырғақтық жүйеге әуен жазу болды. Келесі сабақта оқушылар жазған әуендерін айтып, орындады.
Бұл тәжірибелер оқушылар тарапынан асқан қызығушылық тудырды. Мұның өзі олардың ашылуына себеп болды. Кейде ауызша мәтін ырғағына да, күнілгері берілген ырғаққа да көңіл аударылып, балалардың мәтінді өз еркінше ырғақтауға мүмкіндік берілді. Осындай тәсілмен оқушылар кезекті шумаққа әуен шығаратын болады.
Оқушыларға әуен шығару тапсырмалары үнемі беріліп отырылды. Әрине, қиыншылықтар да туып отырды. Себебі оқушылар фортепьяно (болмаса баян аспабын) еркін қолдана алмайды. Олар өз қиялында туындаған әуенді ғана елестете алады.
Сезіну, қабылдау қасиетін дамыту – музыкалық шығармашылық қабілеттің ең қажетті буындарының бірі қарапайым музыкалық сұрақ-жауап, әннің бір бөлігін қайталаудың өзі музыкалық сезімді тәрбиелеу болып табылады. Бала шығармашылығындағы ең қолайлы әдіс те осы музыкалық сезім нышанын тәрбиелеу болмақ.
Музыка – тыңдау, көркем қабылдау, түйсіну процестерімен тығыз байланысты пән. Бұл реттен, ең алдымен, балалардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу мәселесін нысанаға аламыз. Арнайы бақылау сабақтарында оқушыларға түрлі поэзиялық мәтіндер ұсынылды. Олар әртүрлі мәтіннің өлшемімен ырғағын іштей сезінетін. Сондықтан барлық оқушыларға берілген әр-бір тапсырма ынтамен қабылданып отырылды. Мұндай тәсіл мынадай нәтиже де береді: Балалар шығарманы талдап қорыта білетін болды, Өлең айтып, ән шырқап, сол әнге лайық сүйемелдеу де ойластыратын. Олар үнемі ізденіс үстінде болады.
Осы негізде мынадай жасауға да болар еді:
1) Ән айту, бастаған істі қорытындылау балаларды қызықтырып, онымен көбірек шұғылдануға шақырды. Мұның өзі оқушылардың нақты тапсырманы шешуге, ізденуге әкеп тіреді;
2) Ән сабағында балалар терме жанрымен жаттықса да, кейде оның терме сазы екенін байқамай да қалатын.
Әрине, кемшіліксіз жұмыс болмайды. Сәтсіз, нәтижесіз кезеңдер де болады. Алғашқы кезде балалар өздерінің орындаушылық мүмкіндіктеріне сенімсіздікпен қарады. Ән салу т.б. жұмыстар қиын да баяу жүрді. Бірақ олар бұл қиындықты жеңе білді. Осының бәрі арнаулы музыка мектептері ғана емес, жалпы білім беретін мектептердің өзінде кассикалық шығармаларда бұрын халықтың ән – терме мұрасы, ұлт аспаптары қажет екенін байқатты. Оқушыларды ән, терме айту ғана емес, аспаптық сүйемелдеу ісімен тығыз байланыста баулығанда ғана елеулі нәтижелерге қол жетпек.
Халық музыкасы – рухани қазына, таусылмас тәрбие бұлағы.
Кез-келген оқу-тәрбие жұмысы сол мәдени – музыкалық мұрамызға негізделуі шарт.
Мектептегі музыка сабағы оқушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп көркемдік аталуына, шынайы сезінуге, одан рухани ләззат алуға, өмір жолы ой толғауға ізгілікті мұрат-мақсаттарға жетелеп өнегелі істерге баулиды. Эстетикалық талғамын қанағаттандыра отырып, музыка жөнінде түсінігін кеңейтуде, ой-өрісін дамытуда, жоғары сапада болуы үшін құрылған музыка сабағының маңызы өте зор. Сабақты ұйымдастыру формасы басқа сабақтар сияқты музыка сабағы да оқушылар қабілеттеріне, икемділігіне, қызығушылығына қарай бөлінбейді бәрі бірдей тәлім алуы тиіс. Сабақтың ұзақтылығы, материалдарды түсіндіру, пысықтау, өткен сабақтардан алған білімін тексеру. Сабақта қолданылатын іс-әрекеттер формасының қабілеттеріне қарамастан сабақтың тұтас болуы белгілі. Бірінші сабақта қолданылатын іс-әрекеттер түрлері оның мақсатына, тақырыбына қарай анықталады. Негізгі әдістері: түсіндіру, ауызша баяндау, проблемалық жағдай туғызу. Музыка сабағының басқа сабақтан айырмашылығына, ерекшелігіне келсек негізгісі өнер сабағыны екендігі, музыканы оқыту барысында ақыл-ой мен эмоция, түсіну мен сезіну қатар жүзеге асырылады. Келесі ерекшелігі музыканы тыңдап, қабылдау барысында адамның психологиясына, физиологиялық процестеріне кемелді түрде әсер етеді. Музыка сабағы эмоция мен саналылықтың бірлігін қамтамассыз етіп сабақтың әрбір элементі оқушының белсенділігін, қызығушылығын арттыруы тиіс. Мұғалім шығарманың әдемілігін мәнін жеткізе сезімталдықпен және орындап берсе оны сапалы түрде қабылдауға тәрбиелейді. Музыка сабағында эмоция сапалықпен бірлігін қамтып көркемдікпен техникалық бірлігіне назар аударған жөн. Музыка сабағы өнер сабағы болғандықтан оның әр элементтері көркем болуы тиіс. Бұл тек айтылатын ән мен тыңдалатын шығарма емес жай ғана қарапайым жаттығулар да жатады. Өйткені әрбір дыбыс өте әдемі, мәнерлі айтылуы тиіс. Ол – музыкалық дыбыс. Тағы бір ерекшелігі: ол ұжымды түрде жұмыс істеу формасы. Музыканы тыңдау және орындау бір мезгілде жүзеге асады. Тағы бір атап өтетін ерекшелігі ол тыңдаған, орындаған шығармаларды оқыту әдістері де негізгі оқыту әдістерінен өзгеше олар: қорытындылау, оқушыларды ойлауға тәрбиелейді, жетелейді, ойын тұжырымдай білуге дағдыландырады. Оқушыларды өмірден, музыкадан тіпті өтілген сабақтан көрген тәжірбиелерін тереңдете түсуі белсенділігін арттыру, жаңа ережелермен танысу, алған білімдерін бекіту. Алдын шолу өткенге оралу – ол деген жаңа тақырытарды, бұрынғы өтілген сабақтарды материалдарға сүйене отырып жүргізу. Мысалы: «Қос алқа» күйі Дәулеткерей, бұл күй домбырада, оркестрмен орындалады. Композитордың өмірбаяны, бұл күйге, әндетіп орындауға болады, формасы рондо, соқпалы аспаптармен сүйемелдеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет