Дипломдық ЖҰмыс дж. 050106. 11 09. 09. Кб тақырып: Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы



бет9/23
Дата15.11.2022
өлшемі463,5 Kb.
#158316
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
diplom1

Ән – халық мұрасы. Халық әндері – сарқылмас қазына. Ән деген - ән салу, көңіл көтеру емес, тебренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы. Ән – табиғат суреттемесі. Ән – халықтың көркем ой – санасы, көркем тарихы. Ән - өмір айнасы.
Әншілік дағдыларының құралдары арқылы әннің мазмұны мен көңіл – күйін, көркем образы мен сипатын түсіне білу, сезіне және де мәнерлеп орындау шеберлігін арттыру қажет. Әнді жай ғана мәнерлеп орындау, оның музыкалық интонациясын, нәзік иірімдерін дәл сезініп, оны бар болмысымен жеткізе білуге баулу міндетіміз.
2.2 Музыканы тыңдай, қабылдай білуге тәрбиелеу әдістері

Бүгінгі таңда музыка мамандарының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі - ата–бабаларымыздай музыканың құдіретін терең түсініп, оны өзінің рухани азығы етіп адам өмірін нұрландыруға ат салысатын музыкалық білімді азамат тәрбиелеу. Ал, оның түп –тамыры, негізі – музыканы қабылдай білуде жатыр, оны тәрбиелеу, тәрбиелеудің әдісінде. Бұл мұғалім мен оқушының арасындағы әртүрлі әдіс арқылы іс-әрекеттің бірлігі, осы әрекетте негізгі жүктеу – арқау мұғалімдікі.


Баланы музыка тыңдауға тыңдай отырып, оны саналы түрде қабылдауға баулу, музыкалық тәрбие беру тұрғысындағы күрделі міндеттердің бірі.
Музыканы қабылдау музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі. Кез-келген түрі деген ол музыка таңдау, хормен ән айту, музыкалық білімдерін арттыру, нота сауаты, ырғықтық – музыкалық қимылдар, балалар, шулы – соқпалы аспаптарда ойнау, музыка сабағында балалардың шығармашылығы т.б.
Музыканы қабылдау – ол жалпы білім – беретін, мектепте балаларға музыкалық тәрбие берудің негізі. Музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу, оның заңдылықтары музыка пәні мұғалімінің басты назарында болуы тиіс. Музыканы қабылдау – барынша күрделі процесс. Оған арқау – шындықтың көркемдік бейнесін, сәулесін сезіне, ести және толғана білу.
Музыка тұтас күйінде, өзінің мәнерлік құралдары арқылы әсер етеді. Бұл деген – ладогармониялық қалып, бояу, қарқын, динамика, метроритм, күші, екпіні т.б. Олар шығарманың сипатын, көңіл-күйін жеткізеді. Шығарманың негізгі түйіні өмірдегі қбұлыстармен, адамның сезімдерімен байланысып, астасып жатады.
Музыканы тыңдау процесіне балалардың жас ерекшеліктерін – ескере отырып, кеңірек тоқталамыз. 7-8 жастағы балалар әдетте музыканы таңдап отырған сияқты болып көрінеді. Негізінде олай емес, тәжірибе көрсеткендей, көлемі ұзағырақ болса да тез екпінде орындалатын көңілді, динамикалық белгілерге бай шығармаларды балалар шаршамай тыңдайды да, қысқа да болса бір сарынды орындалатын шығармалардан жалығып кетеді.
Сондықтан, мұғалім тыңдау үшін репертуар таңдауда өте мұқият болғаны жөн. Бірінші кезеңде балаларды орындалып жатқан музыканы бастан-аяқ тыңдауға және естуге үйрету негізі міндеттердің бірі болып саналады.
Оқушылар әртүрлі музыканы тыңдай отырып, олардың тек жанрлық ерекшелігін анықтап қана қоймай, белгілі бір шығарманың мазмұнын жеткізу үшін композитордың қандай құралдарға жүгінгендігін әңгімелей білуі тиіс. Мысалы: әуеннің желісі, ырғақ өрнегі, екпіннің ауысуы, саздың өзгеруі, динамикалық белгілер т.б.
Музыканы тыңдауда мынадай төрт кезеңге бөлуге болады:
1) Кіріспе әңгіме;
2) Шығарманы тыңдау;
3) Шығарма туралы әңгіме – талдау;
4) Қайталап тыңдау (бекіту).
Бірақ төрт кезеңге тек шартты түрде ғана емес, әр сабақ барысында сол сабақтың тақырыбына, мазмұнына қарай музыка тыңдауды осы көрсетілген төрт кезеңнің әрқайсысынан бастауы мүмкін. Қалай болғанда да мұғалім музыка тыңдауда балаларды алдын-ала ұйымдастыра білуі тиіс. Мысалы: сұрақтар қою, бағыттама беру, қандай іс-әрекеттер, неге көңіл аудару керек, т.с.с. Тыңдар алдында белгілі композитордың өмірі, шығармашылығы, шығарманың шығу тарихы, орындаушылар туралы, өмірде кездесетін бейнелеу, суреттеу сәттер жайлы айтуына болады. Сонда ғана тыңдалатын шығарманың мазмұны, құндылығы, композитордың стилі ашылады, есте сақтап сезінетін болады.
Музыканы тыңдап, қабылдай білуінің жемісті болуына сол тыңдалатын шығарманың орындалу сапасы өте әсер етеді (мәнін жеткізе алмаса, жазылғаны сапасыз болса, әңгіме нашар болса, сөйтіп, музыкалық тәрбие беру жұмысындағы үлкен саланың бір - музыканы тыңдау өз деңгейіне көтере алмайды). Музыканы тыңдау сабақтың әртүрлі кезеңінде асырыла береді. Мұғалім сабақты жоспарлағанда жаңадан таныстырылатын шығарманы сабақтың бірінші жартысына қойғаны жөн. Тыңдаған кезде балалар еркін отыру керек, бұл тәсіл орындалып жатқан шығарманы қозғалмай, байсалды тыңдауына мүмкіндік береді. Тыңдау кезінде сөйлеуге, сұрақ беруге болмайды. Бірте-бірте мұғалім осындай әдіс-тәсілдерге сүйене отырып, балалардың музыканы тыңдай білу мәдениетін қалыптастырады. Музыка тыңдағанда мұғалімнің жүріс-тұрысы , өзін ұстауы өте үлкен роль атқарады. Ал, өзі орындаса, нотасыз орындаса - оның тәрбиелік мәні бар, оқушылар алдында үлкен абыройға ие болып, сыйластыққа бөлінеді. Күйтабақ, аудиотаспа, бейнетаспада тыңдау үшін , алдын-ала тыңдап, дыбыс күшін, сапасын тексеріп – балалармен бірге «тыңдаушы» болады. Шығарманың сипатына орай - түрлі ырғақтық қимылдар жасатуға, аспапта қосылып орындауға, оның негізгі әуенін үйренуге болады. «Қара жорға» -соқпалы аспаптармен ырғағына орындау.
Мұғалім бағдарламада көрсетілген шығармалардан басқа, өзі ыңғайлы деп тапқан музыкалық туындыларды пайдалануына болады. 3-4 сынып оқушысы 3, 5-4 минут созылатын шығарманы тыңдай алады. 14-15 жасар бала 5-10 минутқа дейін көлемінде орындалатын музыкалық шығармаларды тыңдай алады.
Музыканың адамға әсері, оның мәнерлік құралдары арқылы жетеді. Ол сазы, бояуы, өлшемі, ырғағы, екпіні, динамикасы т.б. Мысалы: Раздықтың «Аңшының зары» күйі (квинталық бұрауы) - 3 кезеңі бар, 1-ші –қос ішекті «шалыс қағу», 2-ші кезең-әр ішекті даралап «іліп шерту» арқылы жүрек шерін қозғап, қаралы жанның қайғылы шағын баяндайды, 3-ші – кезең «жоқтау» болып келеді - күйден гөрі, әнге жақын сарын естіліп, қос ішекте «Қайран менің ағам-ай, қапы кеткен ағам-ай» -деп жоқтау айтқандай болады. Осы күйді тыңдар алдында әңгіме жүргізген жөн.
Мұғалім әуел бастан оқушыларды музыканы тыңдай, қабылдай білуге жүйелі түрде дағдыландырса, оны тыңдап отырып, адам толғанады, күледі, қайғырады, мұңайды, ойланады. Музыканы қабылдау тек оны тыңдау барысында ғана емес, сабақтың барлық кезеңінде де жүзеге асырылады. Мысалы, ән үйрену үшін алдымен тыңдау керек, сонан соң орындау барысында интонация тазалығына, мәнерлігіне назар аудару керек. Соқпалы аспаптармен ырғақ өрнегін орындағанда, әуенін, би қимылдарын жасағанда, қалай өзгеретінін байқап, сол көңіл – күйді жеткізе білсе – осының бәрі қабылдау кезеніне жатады.
Бастауыш сыныпқа арналған музыкалық шығармалар:
1-сынып - «Ағаш солдаттар маршы» - П.Чайковский, «Бесік жыры» - Моцарт, «Елім-ай» (саз сырнай), «Полет шмеля» - Н.Римский - Корсаков; «Ұшардың ұлуы» -Қорқыт, «Кішкентай аққулар биі» - П.Чайковский, т.б.
2-сынып - Марштардың түрлері, «Әзіл-вальс» - Д.Шостакович, «Бөдене» - беларус халық әні, «Үш құрбы» - Д.Кабалевский, «Аққу»- Тіленді, К.Сен-Санс, 4 симфония - П.Чайковский, «Гәкку» - Ыбырай, т.б.
3- сынып - «Кармен»-увертюра - Ж.Бизе, «Полонез» - Ф.Шопен, «Таң» - К.Қуатпаев, «Ортеке»-А.Еспаев, «Мұғалім» - Қазанғап, «Ата-толғау» - Н.Тлендиев т.б. 4 – сынып -Исаның желдірмесі, «Қорқыт туралы аңыз» - К.Күмісбеков, «Қос қарлығаш»- Е.Брусиловский, «Көш керуен» - Н.Тлендиев, 40 симфония – В.Моцорт, «Құсни-Қорлан» - Естай т.б.

Жоғарыда айтылғандай, музыка қабылдаудың шартты түрде 4 кезеңі болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет