3) Көрсетілген әнге талдау - әңгіме. Мақсаты - әннің көркемдік образын белгілеу және орындауға құштарлығын көтеру. Әннің көркемдік құндылығын, мәнін, мазмұнын тереңірек жеткізу. Ән туралы талдауда сипатын, мазмұнын белгілеу, композитор қолданған мәнерлік құралдарын табу және орындау жолдарын белгілеп, музыкалық тілін түсіну. Қосымша көрнекілік құралдар қолдануға бейнелеу өнері, әдебиетіне, тарихқа байланыстыруға болады. Мысалы:
«Заман-ай» Т.Мұхамеджанов - ядролық полигон туралы; «Елім-ай» - қазақ халқының тарихындағы ауыр кезеңі; «Желтоқсан желі» - 1986 жылы желтоқсан айындағы оқиғалар, т.б;
4) Әнді үйрету. Әнді үйрету сыныптағы балалардың жас ерекшеліктеріне, қабылдау мүмкіндіктеріне байланысты жүргізіледі. Дегенмен де әнді үйретудің барлық жастағы балаларға ортақ жолдары бар. Көрнекілік пен техникалық принципі қолданылады. Мұғалім әнді үйретер алдында, шығарманы әр бөлікке немесе бөлімге, сөз тізбектеріне (фразаларға) бөліп алып үйретудің үлкен пайдасы бар. Сондықтан үйретудің жолдары: фразамен, жолмен үйретеді, сонан соң, толық шумағын айтқызады. Қайырмасы болса дәл солай баулынады. Ал, интонациялық жағынан қиын жерлеріне, ырғақтық, жылдам айтылатын сөздер (дикция) қиыншылығы кездесетін жерлермен мұғалім өте тыңғылықты жұмыс жүргізуді қажет етеді. Жоғары регистрдің дыбысына таза интонациялау үлкен білімділікті, дауысты үнемі шынықтыруды талап етеді. Интонация жағынан қиын жүрістерді үйренуге негізгі әуенді жұлқыламай, ән құрылымының тазалығын сақтай отырып байланыстыра орындау абзал.
Сондықтан, мұғалім үйретілетін сөйлемді өзі бір рет орындап берген соң, екінші рет оқушылармен бірігіп іштерінен қосылып айтқызуына болады, үшінші рет - орташа дауыспен қосылып орындайды. 1-2 сыныпта әнді үйреткенде, қалыптасқан рет тәртібі бар. Олар: бірінші сөйлемді (жолды) үйретіп, екінші сөйлемге (жолға) көшу, сосын екі сөйлемді қосып әндету, орындау. Дәл солай, 3-4 сөйлем. Соңы - толық бір шумақты орындау. Әр қайталағанда мұғалім қайталай салмай, талап қойып отыруы тиіс. Мысалы:
а) Мұғалімге қосылып айт;
ә) Әуеннің жүрісін қолыңмен көрсет;
б) Айқаламай, ақырын айт;
в) Жай екпінде орында, т.с.с.
5) Әнді мәнерлеп орындаудың жұмыс барысы. «Құр айқай бақырған, құлаққа ән бе екен?» - деп, ұлы Абай айтқандай, ешкімнің сезіміне әсер етпейтін орындаушылардың әні кімге керек?
Достарыңызбен бөлісу: |