Жануарлар дүниесі - мекеменің орман қоры жерінде құмда тіршілік етуге бейімделген аңдар – қасқыр, қоян, түлкі, қабан, жабайы шошқа, қарақұйрық, мәлін, борсық, зорман, қарсақ, шиебөрі, саршұнақ, тышқан және құстар – қаршыға, бүркіт, қарақұс, лашын, қырғи, үкі, қарға, сауысқан, торғай, шымшық, жабайы кептер, сарыала қаз, байғыз, жапалақ, қырғауыл және шіл құстары молырақ кездеседі (сурет 1).
|
|
Қарақұйрық
|
Еліктер
|
|
|
Қырғауыл
|
Шіл құстары
|
Сурет 1 - Меркі орман шаруашылығының кейбір жануарлары
Мекеменің орманшы-қорықшылары өздеріне бекітілген айналымдардағы жануарлар мен құстар дүниесін бақылап, суаттарды тазалап, бұлақ көздерін ашып отырады, тұз жалайтын астаушалар да орнатылады. Жабайы аңдар мен құстардың санын сақтау мақсатында мекеменің қызметкерлерімен ай сайын рейдтер өткізіледі.
2016 жылдың 31 наурызындағы №100 облыс әкімінің қаулысымен жергілікті маңызы бар «Меркі» мемлекеттік табиғи қаумалы 68 910 гектар жер көлемінде құрылды. Шекаралары белгіленіп, бекеттер қойылып тәулік кезекшілік ұйымдастырылды.
Қаумал аумағына өтетін азаматтарға шектеулер қойылып, бақылауға алынды. Мекеме қызметкерлерінен мобильді топтар ұйымдастырылып, қору күзету жұмыстары қолға алынды. Мобильді топтар қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етілді [20].
3 ЖОБАЛАУ БӨЛІМІ
3.1 Меркі орман шаруашылығында өрттердің алдын-алу жұмыстары
Жалпы өрт қауіпсіздігіне дайындық жыл басынан басталады, табиғи және орман өрттерінің жылдам таралуына тосқауыл қою мақсатында Меркі ауданына қарасты мемлекеттік орман қоры аумағында ағымдағы жылға 774 шақырым минералды жолақтарға күтіп-баптау және 300 шақырым жерге жаңадан минералды жолақтар тарту жоспарланып, толығымен жүргізілді.
Халық арасында өртке қарсы түсіндіру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізіліп, яғни аудандық «Меркі тынысы» газетіне «Өрт тілсіз жау» атты мақала жарияланды. Аудандық жергілікті мемлекеттік басқару мекемелерімен, төтенше жағдай және өрт қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар ұйымдастырылды.
Мекеменің орман қорында өрт қауіпсіздігін бақылау мақсатында 3 орман бақылау бекеттері (Меркі, Тәтті, Қарақыстақ) орнатылып, тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Өрт қауіптілігінің жоғары 4-5 сыныбына жоғарылаған кезеңінде қосымша құм аумағынан «Қарой, Сарғобы» және тау аумағынан «Ойранды» бекеттері іске қосылады.
Өрт қауіпсіздігінің ережелері және ескерту туралы ақпараттық аншлагтар 10 жерге орнатылып, жаңартылды. Орман пайдаланушылар арасында өрт қауіпсіздігін сақтау туралы және өртке қарсы пайдаланатын құрал-саймандардың дайындығы туралы 36 ескерту ұйғарымдары берілді.
Жалпы аудан көлемінде орман қоры жерлеріне жақын орналасқан шаруашылық иелеріне және жеке тұлғаларға 112 ескерту, үндеу парақшалары таратылды. Өрттің алдын-алу үшін орнатылған тақтайша үлгісі суретте көрсетілген (сурет 2).
Сурет 2 – Меркі орманшылықтарының бірінде орналыстырылған тақтайша
Меркі орман шаруашылығы мекемесінің құрамында өрт сөндіру химиялық станциясының 9-қызметкері бар. Қызметкерлер арнайы өрт сөндіруге арналған киімдермен (БОП-1) және жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мекеменің есебінде 1 дана жылжымалы өрт сөндіруге арналған цистерна (АЦП-2) 9-дана ранцтік өрт сөндіру құралдары, 3-дана тұрақты байланыс құралдары (рация), 4-автокөліктік, 8-қол рациясымен қамтылған. 50-дана ұрғыш (хлопушка), 5-дана балта, 1-дана моторлы ағаш кесетін ара, 50-дана күректер т.б. бар. Мекеме бойынша өрттің алдын алу және өрт өшіру жұмыстарына облыстық басқармадан 3-тонна АИ-92 жанар жағар майы 2-тонна Дизель отыны бөлініп, қазіргі уақытта мекеме қоймасында 200-литр АЙ-92, 200-литр Дизель отыны және «Тәтті, Қарақыстақ» бекеттерінде 200-литрден Дизель отындарымен қамтамасыз етілген. Қалған жанар-жағармай қорлары май құю бекеттерінде сақтаулы.
Меркі орман шаруашылығы бойынша өрт қауіпсіздігінің кластары келесі кестеде көрсетілген (кесте 6).
Кесте 6 – Өрт қауіпсіздігі класы негізінде Меркі орман шаруашылығы аудандарын бөлу, га
Достарыңызбен бөлісу: |