Қазіргі кезде сүт сарысуын тамақтануда, сонымен қатар емдік мақсаттарда қолдануға деген қызығушылық артып келеді. Микробиологиялық ашытулар мен ферменттердің көмегімен өңдеудің биологиялық әдістері, түрлі ингредиенттерді енгізу (шөптер, тамырлар, шырындар, дәмдік қоспалар.т.б.) арқылы сүт сарысуы негізінде емдік және профилактикалық қасиеттері бар өнімдердің үлкен шеңберін жасауға мүмкіндік береді. Осыған орай ғылыми қызығушылық сарысу негізінде өсімдік компоненттерінің бағалы қасиеттеріне ескере отырып құрама сусын дайындау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |