Дістемелік кешен


Дәріс 7 . Басқарушы шешімдер қабылдау психологиясы



бет42/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#85013
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   134
Байланысты:
УМКД МП бакалавриат

Дәріс 7 . Басқарушы шешімдер қабылдау психологиясы
1 сағ. 7 апта
Мақсаты: студенттерді басқарушы шешімдер қабылдау процесінің сипаттамасымен, олардың кезеңдерімен және шешім таңдаудың негізгі принциптерімін таныстыру.
Кілт сөздер: басқарушы шешімдер қабылдау, вариативтілік, регулятивтік бағытталғандық, таңдаудың міндеті.
Дәріс жоспары:
1.Басқарушы шешімдер қабылдау процестерінің жалпы сипаттамасы.
2. Басқарушы шешімдер қабылдауды процессуалдық ұйымдастырушы
3. Басқарушы шешімдер қабылдау процестерін құрылымдық ұйымдастыру

Мененжерлік шешімдер қабылдау процестері басқарушы іс-әрекетті ұйымдастырудағы орталық процестер болып табылады. Олар оның психологиялық сипаттамаларын максималды толық көрсетеді. Олардың аса маңыздысы – басқарушы іс-әрекеттің, өзіне іс-әрекеттің жеке және бірлескен (топтық) типтерін қосатын синтетикалық типке тиесілігі. Тіптен жеке түрде жүзеге асырылған күннін өзінде де, мененжерлік іс-әрекет жалпы, бірлескен іс-әрекеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Оның осы бір аса маңызды ерекшелігі басқарушы шешімдер қабылдау процестерінің спецификасына да қатысты.


Мененжерлік шешімдердегі осы екі бастаудың (жеке және топтық) пропорциясы әіртүрлі болады, бірақ осы бастаудың екеуі де міндетті түрде шешімдерде кездесіп отырады. Осы бір басты сәт аталған шешімдерді суреттеу үшін пайдаланылатын терминдерде бекітілген: «бір адамның басқаруы және оларды қабылдаудағы коллегиалдылық диалектикасы», «оларды жасап шығарудағы субкоординациялық және координациялық механизмдердің бірлігі». Басқарушы шешімдер қабылдау процестерінің барлық ерекшеліктерін төрт топқа бөледі. Бірінші және екінші топтар – бұл оларға жеке және топтық таңдау механизмдерінің қосылуы себепші болған ерекшеліктер. Үшінші топ – оларға басқарушы іс-әрекеттің жалпы сипаттамаларының әсер етуі себепші болған ерекшеліктер. Төртінші топ олардың жеке, топтық және іс-әрекеттік ерекшеліктерінің синтезінің нәтижесінде қалыптасатын, басқарушы шешімдер қабылдау процестерінің интегралды сипаттамалары. Ерекшеліктерді қарастыруды үшінші топтан бастаймыз.
Мененжерлік шешімдер қабылдау процестерінің іс-әрекеттік қасиеттерінің ең ортақ ерекшелігі болып шешім қабылдау мен басқарушы іс-әрекет түсініктерінің өзара шамаланғыштығы болып табылады. Мысалы, «жақсы басшы» және «батыл басшы» сөз тіркестері синонимдер деп есептеледі. Басқарушы шешімдер қабылдау процестері – кәсіптік шешімдердің ең күрделі типі. Бұл басқарудың негізгі және ең спецификалы функцияларының бірі және барлық өзге басқару функцияларын жүзеге асыру кезіндегі басты сәт.
Мененжерлік іс-әрекеттің құрылымында басқарушы шешімдер қабылдау процестері орталық, иерархиялық басты орын алып жатады. Ол нәтижелерді және процессуалдық мазмұнды анықтайды.
Мененжерлік шешімдер қабылдау процестерінің іс-әрекет құрылымында кеңінен кездесуі – олардың тағы бір ерекшелігі. Олар іс-әрекетті жүзеге асырудың барлық кезеңдеріне енгізілген, басқарушы іс-әрекеттің барлық құрылымы бойынша бөлінген. Бұл басқарушы шешімдер қабылдау процестерін оның «тесіп шығар» процестері ретінде түсіндіруге мәжбүр етеді.
Мененжерлік шешімдер қабылдау процестерінің алуан текті іс-әрекеттік міндеттер мен функцияларға кіруі олардың полифункционалдылығын анықтайды. Сондықтан олар осы міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін тиісті потенциалға ие болуға тиіс, бұған басқарушы шешімдер қабылдау процестерінің тағы бір ерекшелігі олардың полиморфизмі (түрлер мен формалардың алуан түрлілігі) ықпал етеді.
Объективтік факторлармен қатар, басқарушы шешімдер қабылдау процестері өзіне субъектілік және субъектаралық (тұлғааралық) тұрғыдағы факторлардың қосымша жүйесін де қосады. Басқарушы шешімдерді қол астындағылар жүзеге асырады, дәл осылар басшы үшін ақпарат алу арналары болып табылады; әлеуметтік қатынастар жүйесі басқарушы шешімдер қабылдау процестеріне әсер етеді.
Мененжер мәртебесінің маргиналдығы да басқарушы шешімдер қабылдау процестерінің іс-әрекеттік сипаттамаларына себепші болады. Басшы қабылдайтын шешімдер басқарып отырған құрылымның міндеттерін қанағаттандыруға, қол астындағылардың мүдделерін көрсетуге тиіс. Бір мезгілде басшы өзінің шешімдерінде жоғарырақ тұрған бастықтардың ұсыныс, жарлықтарын жүзеге асырып отыруға тиіс. Осы екіжақтылық – таңдау мақсаттары мен критерийлерінің сәйкес келмеу және қарама-қарсы болу феноменінің көзі – басқарушы шешімдер қабылдау процестерін жүзеге асырудың негізгі қиындығы.
Бір мезгілде бірнеше шешімдерді ойластыру қажеттігі басқарушы іс-әрекетке тән ерекшелік болып табылады және шешімдерге олардың дайындау мен қабылдаудың полипроцессуалды сипатын береді.
Мененжерлік шешімдер қабылдау процестерінің іс-әрекеттік қасиеттері сонымен қатар оларға жеке таңдау процестері ретінде тән болып келетін ерекшеліктерге де ие. Шешім қабылдау процесі бұл тұрғыдан алғанда іс-әрекетті ұйымдастырудың реттеуші, интеграциялаушы процестерінің бірі ретінде көрінеді және олардың негізгі психологиялық сипаттамаларына ие.
1. Мененжерлік шешімдер қабылдау процестері - процессуалдық-психологиялық құрамы бойынша кешенді, синтетикалық құрылымдар, құрамында психикалық процестердің (когнитивтік, эмоциялық, ерік-жігерлік, мотивациялық) барлық түрлері болады. Олардың басқарушы шешімдер қабылдау процестерінде көрсетілу шамасын салыстыруға негізделген классификация бар: интеллектуалды, ерік-жігерлі, эмоциялы шешімдер.
2. Мененжерлік шешімдер қабылдау процестері интегралдық процестердің бастапқы реттеуші бағытталғандық секілді аса маңызды ерекшелігін сақтайды. Басқарушы шешімдер, олардың автономиялық әсерін құра отырып, дербес міндет ретінде бөліп көрсетілетіндіктен, басқарушы іс-әрекетте ол айдан анық болып көрінбейді. Алайда шешімдер жүзеге асырылуы тиіс «басқа бір нәрсе үшін» қабылданады, сондықтан олар өзінің бағынышты сипатын сақтап қалады.
3. Мененжерлік шешімдер қабылдау процестерін жүзеге асырудың операциялық амал тәсілдерінің алуан түрлілігі. Іс-әрекет құрылымында бар барлық операциялық жүйе пайдаланылады.
4. Өзіінің құрамдас бөлік құрамы тұрғысынан алғанда басқарушы шешімдер қабылдау процестері интегралдық процесс ретінде көрініс табады. Оның тұрақты «бірліктері» (құрамдас бөліктері): ақпараттық негіз, ережелер, критерийлер, альтернативалар, тәсілдер, гипотезалар.
5. Мененжерлік шешімдер қабылдау процестері шшімдердің процессуалдық инварианты түсінігімен белгіленген, белгілі бір реттілікпен өтетін белгілі бір кезеңдерге, жүзеге асыру фазаларына ие. Бұл мәселені анықтау, таңдаудың міндеті туралы түсінік қалыптастыру, шешімді ақпараттық дайындау, сан көптеген альтернативалар қалыптастыру, альтернативаларды бағалау, шешім критерийін жасап шығару, таңдаудың өзі, шешімді нақтылау, оның жүзеге асырылуын бақылау, шешімді коррекциялау фазалары.
6. Мененжерлік шешімдер қабылдау процестерінде жеке таңдаудың тағы бір маңызды ерекшелігі - жоғары вариативтілік (жүзеге асыру жағдайларының өзгеруіне байланысты өзгергіштік) көрініс тапқан.
7. Мененжерлік шешімдер қабылдау процестерінің нормативті және нақтылы мазмұнының алшақтығы болуы мүмкін. Ол төмендегі қосымша себептердің әсер етуіне орай арта түседі:
1) мененжерлік шешімдер қабылдау процестері процедураларына нормативтік ұсыныстар мен талаптардың күрт артуына орай, бұл оларды шешімдердің барысында есепке алуды мүмкін емес етіп тастайды;
2) осымен байланысты көпжақтылыққа, ал көбінесе нормативтік ұйғарымдардың үйлеспеушілігіне орай;
3) нормативтік ұйғарымдардың немесе олардың осылайша жалпы қорытылуының болмауына орай, бұл оларды пайдалануды мүмкін емес етеді.
Мененжерлік шешімдер қабылдау процестеріне топтық факторлар әсерін тигізеді. Әсер ету екі негізгі түрде: тікелей және жанама болады. Бірінші тип коллегиальды түрде қабылданған шешімдерге тән, екінші тип жеке шешімдерге (басшының қол астындағылармен тікелей қатынасынсыз, бірақ олардың ұстанымдары мен пікірлерін ескере отырып) тән.
Мененжерлік шешімдер қабылдау процестерінің тотпық түрде болуының негізгі себебі – жеке түрмен салыстырғандағы оның үлкен мүмкіндіктері. Топ көлемінің артуы шешімдер қабылдау процестеріндегі оның потенциалының автоматты түрде артуына алып келмейді. Бұл кезде екі негізгі феномен пайда болады:
1. «Когнитивтік супераддистивтілік» феномені (топтық факторлар оңды әсерін берген кезде топтың іс-әрекетінің тиімділігі оның жекелеген мүшелерінің мүмкіндіктерінің қосындысына қарағанда жоғарырақ).
2. «Когнитивтік инфрааддистивтілік» феномені (топтық факторлар теріс әсерін берген кезде топтың іс-әрекетінің тиімділігі оның жекелеген мүшелерінің мүмкіндіктерінің қосындысына қарағанда төменірек).
Рольдік дифференциация механизмі коллегиальды басқарушы шешімдердің жаңа қыры болып табылады. Аталған топтың әртүрлі мүшелері шешім шығаруда өздеріне белгілі бір рольдерді қабылдайды, бұл олардың шешімге қатысуының түрлерінің, сипатының және шамасының айырмашылықтарынан көрінісін табады. Бірлескен шешімге қатысушылардың типтері – «сыншы», «эрудит», «идеялар генераторы» және т.б. Бұл механизм шешім шығарудағы жағдайлық көшбасшы құблысымен ілесе жүреді.
Мененжерлік шешімдер қабылдау процестерінің іс-әрекеттік, жеке және топтық ерекшеліктері өзара тығыз байланысты. Олардың синтезінің арқасында басқарушы шешімдер заңдылықтарының тағы бір категориясы – олардың интегралды жалпылама сипаттамалары категориясы туындады. Бұл ретте басты роль жалпы алғанда иерархияға және жекелей алғанда шешімдер шығарудың иерархиялық ұйымдастырылуына тиесілі. Шешім шығарудағы «ақтық сөз» басшыға тиесілі, бұл тұрғыдан алғанда ол әрқашан жеке. Бірақ бұл механизм, екінші жағынан алғанда, топтық таңдауды ұйымдастыру құралы болып табылады. Ол басқарушы шешімдер қабылдау процестерінің жаңа ерекшеліктерінің пайда болуына алып келеді.
Шешімнің маңызды қасиеті – оның жүзеге асырылғыштығы. Бірлескен шешімдердің негізгі қиындығы – жеке басымдылықтарды (позицияларды, критерийлерді және т.б.) агрегациялау міндеті. Осы шешімді шешуге мүмкіндік беретін маңызды амал болып топты иерархияландыру механизмі көрініс табады, осының нәтижесінде топ паритеттік мәртебесінен айырылады. Топтық таңдаудың міндеті келісу арқылы емес, жеке бас ықыластарын басшының вариантына бағындыру арқылы шешіледі.
Иерархия принципінің әсер етуімен басқарылатын жүйедегі билік қатынастар жүйесі себепкер болған, факторлардың жаңа тобы іске қосылады. Бұл – мәжбүрлеу, басып тастау, бақылау, санкция беру және т.б. феномендері. Олар шешім қабылдаудың мазмұнын және динамикасын анықтайды. Басшының билігімен қатар «қол астындағылардың билігі» ретінде белгіленетін құбылыс бар; олардың ара қатынасы «биліктердің балансын» құрады. Бұл барлық шешім қабылдау процесінің қуатты факторы, салмақты, тиімді шешімдер қабылдаудың маңызды шарты.
Шешімді жасап шығару үшін басшының өзі өз еркімен адамдар шеңберін анықтай алады. Бұл – иерархиялық ұйымдасқан жүйелердегі басшының жаңа функциясы: шешімдеодің «субъективтік базисін» қалыптастыру функциясы. Ол шешім шығару жөніндегі бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруға байланысты нақтыланады. Бұл – инициациялаушы, бағалаушы, санкция беруші, итермелеуші, мотивациялық-ынталандырушы, үйлестіруші, арбитраждық, коррекциялық функция.
Менеджменттегі шешімдердің ақпараттық негізі - айтарлықтай дәрежеде басшылар тікелей (объективті) емес, екінші реттік түрде алатын мәлдіметтер, және де сондықтан олар алуан түрлі деформацияларға ұшырап отырады. Бұл басшы шешімінің ақпараттық негізінің толық еместігіне және бұрмаланғыштығына алып келеді. Ақпарат жинау салыстырмалы түрде автономиялы және күрделі міндет бола бастайды.
Жүзеге асырылу тұрғысынан алғанда, басқарушы шешімдер қабылдау процестері де жаңа психологиялық ерекшеліктермен сипатталады. Олар көбінесе басшының өзінің емес, қол астындағылардың іс-әрекетінде жүзеге асырылады, сондықтан шешімдер жасап шығару қиындай түседі және басқа функциялармен толықтандырылады. Бұл – шешімнің негізділігіне смендіру, оны орындаушыларға дейін жеткізу, алдыңғы шешім сәтсіз болған жағдайда жаңа шешімді инициациялауға дейінгі т.б. функциялар.
Шешімдер коллегиальды қабылданады, бірақ олар үшін жауапкершілік персоналанған сипатқа ие, ол жауапкершілікті басшы алады. Жауапкершілік феномені өзіне үш негізгі: тұлғалық, іс-әрекеттік және топтық құрамдас бөлікті қосатын белгілі бір құрылымға ие болады. Олардың арасында әртүрлі қатынастар қалыптасады, бұл шешім қабылдау процесінен көрінісін табады.
Менеджменттегі шешімдер тек бір аспектте ғана басқарушы ретінде сипатталады. Шындығына келгенде, осындай шешімдердің елеулі бөлігі атқарушылық та болып табылады. Олар бұларға ұйымның кез келген тобы енгізілген, жалпырақ тұрғыдағы ұйымдық құрылымдар тарапынан болған талаптар мен ұсыныстарды жүзеге асыруға тиіс. Сондықтан басқарушы шешімдер қосымша – метаұйымдық факторлармен байи түседі. Директивті бола отырып, олар көбінесе маңыздылығы бойынша ұйымішіндегі факторлардан асып түседі. Бір мезгілде басқарушы да, атқарушы да шешімдер шығару қажеттігі басшының маргиналдық мәртебесінің көрінісі болып табылады – бұл оның шешім қабылдау барысындағы жүріс-тұрысына қарама-қайшылық береді.
Иерархия жағдайларында шешім жасап шығарудың сан көптеген негативті феномендері мен қиындықтары туындайды: шешім жасап шығару уақыты мен «құнының» арта түсуі; иерархиялық шешімдер жағдайларында топ мүшелерінің креативтілік шамаларының төмендеуі; осындай шешімдердің стереотиптілігі, олардың инерциялығы мен консерватизмі; шешімдердің ақпараттық базисінің бұрмалануы; орындалу қиындықтары және оның жалпылама сипаты; шешім жасап шығаруға топ мүшелерінің бір бөлігі тарапынан қарсы әрекеттердің пайда болуы. Осы құбылыстардың көріну шамасы иерархияның «тереңдігіне» және оның қатаңдық дәрежесіне тура пропорционал. Бұл феномендер иерархия және коллегиальды шешімге жеке үлестерді блокадалау жағдайларында топ потенциалының «қатыруылу» түсініктерінде жалпыланады. Басшының басты міндеті – ұжымдық шешімге тартылған топ потенциалын «жібіту».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет