Оқытушы бақылауымен студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар:
|
|
Л5.1
|
Сұрақ №1
|
Мектептің жоғарғы сатысында биология пәндерінде тест тапсырмаларын қолдануда биологиялық білім беру қызметтерінің толыққанды орындалуының проблемасы.
|
Л6
|
Студенттің өзіндік жұмысына сұрақтар :
|
|
Л6.1
|
Сұрақ №1
|
Мектептегі биология курсынан өткізілетін сабақтарды тірі табиғат бұрышындағы, оқу- тәжірибелік учаскедегі жұмыстармен байланыстыру жолдары
|
Л6.1.1
|
СӨЖ-ге тапсырма
|
СӨЖ дайындау
|
Л6.1.2
|
Бақылау түрі
|
СӨЖ-ді қорғау
|
Л6.2
|
Сұрақ № 2
|
Биологиялық білім берудің жалпы білім беретін мектептегі мазмұнын іріктертеудің тізбекті принципі.
|
Л6.2.1
|
СӨЖ-ге тапсырма
|
СӨЖ дайындау
|
Л6.2.2
|
Бақылау түрі
|
СӨЖ-ді қорғау
|
Л6.3
|
Сұрақ № 2
|
Жалпы білім беретін мектептерге биология курсы арналып жарық көрген авторлық оқу бағдарламалары мен оқу әдебиеттері.
|
Л6.3.1
|
СӨЖ-ге тапсырма
|
СӨЖ дайындау
|
Л6.3.2
|
Бақылау түрі
|
СӨЖ-ді қорғау
|
Л7
|
Сабақты бақылау түрі:
|
Тест
|
Л7.10
|
10
|
1.Биология пәніне арналған сыныптан тыс мектептен тыс жұмыстардың жүйеленуі?
2.Сыныптан тыс мектептен тыс өтізілетін жұмыстардың түрлері қандай?
3.Оқушылардың үй жұмыстарының түрлері қандай?
4. Оқушылардың ақпарат жүйелерімен кітапханаларда орындайтын жұмыстары?
|
Л8
|
Ұсынылатын әдебиеттер:
|
|
Л8.1
|
Негізгі әдебиеттер:
|
|
Л8.1.1
|
1
|
Мягкова А.Н., Комиссаров Б.Д. Жалпы биологияны оқыту методикасы.- Алматы, 2007.
|
Л8.1.2
|
2
|
Биология. Жалпы орта білім беретін мектептің 6-7- сыныптарына арналған бағдарламалар.- Алматы,2010. Қ.Ә.Жұмағұлова, К.Ж. Жүнісова, Р.С. Сәтімбеков, Ізбасарова Р.Ш.
|
Л8.1.3
|
3
|
Биология. Жалпы орта білім беретін мектептің 8-9- сыныптарына арналған бағдарламалар.- Алматы, 2010 Қ.Ә. Жұмағұлова, Р.Сәтімбеков, Р.Ш. Ізбасарова.
|
Л8.2
|
Қосымша әдебиеттер:
|
|
Л8.2.1
|
1
|
Биология. Орта жалпы білім беретін мектептің 10-11- сыныптарына арналған бағдарламалар.- Алматы, 2006. Қ.Ә. Жұмағұлова, Р.Сәтімбеков, К.Ә.Жаңабердиева
|
Л8.2.2
|
2
|
Сонин Н.И., Захаров В.Б., Қисымова А.Қ. Биология пәні бойынша жалпы білім беретін мектептің 6-11 сыныптарына арналған бағдарламалар- Программы по биологии для 6-11- классов общеобразовательных школ. Алматы, 2010.
|
Л8.2.3
|
3
|
Конюшко В.С., Павлюченко С.Е., Чубаро С.В. Методика обучения биологии.- Мн., 2004.
|
Л9
|
Қосымша (ТСО, қызметті танудың жандандыру әдістері, көрнекі жәрдемақы, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)
|
|
Л10
|
Тарау нөмірі
|
3
|
Л11
|
Тарау атауы
|
Сабақ- оқытудың негізгі формасы. Биологияны оқытудың материалдық- техникалық базасы, биологияны оқытудың технологиялық негіздері.
|
43 – сабақ (Зертханалық сабағы -15)
Лаб1
|
Тақырыбы:
|
Оқушылардың биология курсынан игеретін білім-біліктер, құзыреттіліктер жүйесін бағалау технологиялары
|
Лаб1.1
|
№___ сабақ
|
43
|
Лаб1.2
|
№___ зертханалық сабағы
|
15
|
Лаб2
|
Оқу-зертханалық жабдықтар тізімі:
|
Дербес компьютер, электрондық кесте бағдарламасы, Паскаль программалау тілі.
|
Лаб3
|
Мақсаты :
|
Студенттерге оқушылардың биология курсынан игеретін білім-біліктер, құзыреттіліктер жүйесін бағалау технологияларының түрлерін сараптап қолдану үрдістерін қалыптастыру.
|
Лаб4
|
Сабақ пререквизиттеріг, постреквизиттерін көрсету керек
|
|
Лаб5
|
Қысқаша теорилық мәлімет:
|
Оқушылардың білімін тексеру әдістері
Сабақ беру үрдісіндегі пысықтау.
Білім тексерудің тәрбиелік мәні.
Білім тексеруге қойылатын талаптар.
Білім тексеру тесттерінің түрлері.
Мұғалім жаңа метериалды сабақта оқыту кезінде өткенді жүйелі түрде пысықтауға көңіл бөледі. Бұл оған оқушылардың білімін тексеруіне, биологиядан негізгі түсініктер мен ұғымдардың қалыптасу барысын қадағалауына, олардың меңгерген білімдерін тиянақтап, құбылыстар арасындағы жаңа байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан пысықтау білімді жақсы меңгертіп, қалыптастыруда өткен материалдарға сүйенеді. Пысықтау оқытылатын объектілер мен құбылыстарды жаңа байланыстарды қарастырып, оларды тереңірек ой елегінен өткізуге, одан әрі жүйеге келтіріп, жинақтап қорытындылауға көмектеседі.
Пысықтау өткен материал бойынша және бұрын оқытылған тақырыптар бойынша да жүргізіледі. Білім тексерудің мақсаттары: оқушылардың білімін тексеру, негізгі ұғымдар мен түсініктердің қалыптасу деңгейін тексеру, оқушыларды бағалау.
Пысықтау бірнеше түрге бөлінеді: алдын-ала, ағымдағы, жүйелі, қорытынды.
А) Алдын-ала тексеру- оқу жылының алғашқы күндері бұрынғы білімдері сұрақ-жауап арқылы тексеріледі. Алдын-ала тексерудің мақсаты: жаңа материалды игеруге қажетті білім деңгейін анықтау болып табылады. Мұндай тексерудің нәтижесінде мұғалім оқушылардың білімдегі олқылықтарын байқап, тексеріп дер кезінде анықтап, қосымша сабақ кеңес ұйымдастырылып алады.
Ә) Ағымдағы тексеру- тақырыпты өткен сайын әртүрлі әдістермен оқушылардың білімін тексеру. Күнделікті тексерудің мақсаты- мұғалім күнделікті жұмыс барысында пән бойынша әрбір оқушының білім және дағдысын жекелей тексереді.
Б) Жүйелі тексеру- өтілген тараудан кейін әртүрлі көрнекіліктерді пайдаланумен тығыз байланысты жаңа тапсырмалардан, жаттығулардан, сурақтардан құрастырып, сөзжұмбақ, венн диаграммасын, перфокарта қолдануға болады. Оқушыларға оқытылатын обьектілердің негізгі қасиетін ашып көрсетіп, есте сақтайтын негізгі қасиеттерге, материалдарға көңіл бөлінеді. Диафильмнен жеке кадрлар көрсетуге болады.
В) Қорытынды тексеру- тоқсан, жарты жыл, жыл соңында белгілі мерзім ішінде негізгі алған білімдерді тексеру(сынақ, тест, емтихан т.б.). Пысықтау кезінде өтілген материалдарды жинақтап, қорытындылаған кезде оқушылардың тікелей бақылауларын, жүргізілген тәжірибе қорытындыларын, нәтижелерін, осы тақырып бойынша оқыған кітаптарынан алған мәліметтерін кеңінен пайдаланған жөн.
Білім тексеруді дұрыс ұйымдастыру, мұғалімге бүкіл сыныптың оқушыларының түсініктері мен ұғымдарының қалай қалыптасатынын үнемі көріп, біліп, бағалап отыруына, ал оқушыларға оқу материалын меңгеру кезінде алға қарай жылжитынын көреді. Тексеру нәтижесінде оқушылар білімінің обьективті бағасы жинақталады, ал оның тәрбиелілік мәні зор. Биологиядан білімді, іскерлікті, дағдыларды тексеруді ұйымдастыруға қойылатын талаптар мына төмендегідей:
А) оқушылардың білімін жеке тексеру, мұғалім оқушылардың даму деңгейлерін ескереді;
Ә) мұғалімнің оқушылардың білімін тексеруге ұқыпты түрде дайындалуы, сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оның мақсатын, түрлерін, жеке формаларын, әдістерін анықтау;
Б) оқушылардың білімін тексеру үшін әртүрлі сұрақтар, дидактикалық материалдар, деңгейлік тапсырмаларды сапалы дайындау.
Білім тексеру кезінде оқушыларға ұсынылған сұрақтар, тапсырмалар ойды оятып, олардың танымдық қабілетін, ой- өрісін дамытып, мәселені талдап, қорытып, салыстыруға мәжбүр ететін болуы керек.
Білім тексеру кезінде түрлі көрнекіліктерді тиімді пайдаланған жөн. Мысалы: кестені коллекциямен, гербарийді суретпен байланыстыру. Тексеру кезінде әртүрлі тәсілдер қолданылады: ауызша және жазбаша. Ауызша тексеру- жаппай әңгімелесу мұғалім оқушыларға жаппай сұрақ қояды, сұрақ- жауап түрінде де жүргізіледі. Мұғалім бұл кезде бүкіл сыныппен жұмыс жасайды.
Оқушылардың білімін биологиялық диктант, перфокарта, венн диаграммасы, кеспе қағаздар, сызба- нұсқалар толтыру, карталар сызу түрінде жазбаша тексеруге болады. Табиғатқа саяхат кезіндегі көргендерін есеп түрінде жаздырады. Мұғалім тоқсандық немесе жылдық баға қойған кезде мектеп оқушысының биология сабақтарындағы күнделікті жұмысы, оны ауызша сұрау, теориялық білімдерінің жалпы деңгейі және оларды іс-тәжірибеде қолдана білу керек.
|
Лаб6
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |