Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері


-сабақ. Директорлар Кеңесінің мәжілісінде. Жиналыс, мәжіліс отырыс өткізуге байланысты құжаттар. Құттықтау, мадақтау, сынау, қанағаттанбау, ризашылық білдіру әдебі



бет16/20
Дата05.11.2016
өлшемі6,05 Mb.
#831
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

9-сабақ. Директорлар Кеңесінің мәжілісінде. Жиналыс, мәжіліс отырыс өткізуге байланысты құжаттар. Құттықтау, мадақтау, сынау, қанағаттанбау, ризашылық білдіру әдебі.



Тірек сөздер: мәдениет, сыпайылық, міндетті, уәде, сыйлы, ұстаным, тәрбиелі, қабілетті, талапты, ереже, талғам, көрсеткіш, тіл, сыпайылық, мәдениет, шебер, халық, байлық,сөйлеу,өнер, құнарлы, эстетикалық, эмоциялық, жетілдіру, ар, намыс, қылмыс, күнә, шырайлы, ізеттілік, инабаттылық, тәлім, қажеттілік, кешіру, қалыптасу, жақындық.
1-тапсырма. Хаттаманың жазылуын еске сақтаңыздар.

Хаттама

Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі және шешімдер хаттама арқылы құжатталады. Хаттаманы іс қағаздарын жүргізуге жауапты адам жүргізеді.

Хаттама кәсіпорын бланкісіне толтырылады. Хаттама - алқалы органдардың жиналыстарында, мәжілістерде, конференцияларды өткізу барысында, яғни қаралған, талқыланған, қорытындыланған мәселе, қабылданған шешім туралы мәлімет беретін құжат түрі.

Хаттаманың міндетті деректемелері мыналар: кәсіпорын атауы, құжат түрінің атауы, мәжіліс өткен күн, индекс, мәжіліс өткен жер, бекіту белгісі (егер хаттама бекітілуді қажет етсе), бас тақырыбы, мәтін, қолы.

Хаттаманың күні –бұл мәжіліс өткен күн. Бас тақырып – мәжіліс өткен ұйымның, мекеменің, бөлімнің атауы немесе алқалы (коллегиальный) басқару органының атауы.

Хаттама мәтіні кіріспе немесе негізгі бөлімнен тұрады. «Төраға», «хатшы», «қатысқандар» аты-жөні толық беріледі. Мысалы:




Хаттамадан көшірме.

Хаттамадан көшірме

5.02.2000 ж. № 10

Көкшетау қаласы


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-нің қазақ тілі кафедрасының кезекті отырысы.

Төрайымы: каф. Меңг. Б.К. Омарова

Хатшы: оқытушы Б.Қ. Шағырбаева

Қатысқандар: 16 оқытушы (тізімі келтіріледі)

Күн тәртібі:

1. Қысқы сессияның корытындысы және үлгермеуші студенттермен атқарылатын шаралар.

2. 1 семестрдегі оқу жүктеменің орындалуы

3. 1 семестрдегі оқу жүктемесін толық орындалды деп карастырылсын.

Төрайымы: қолы каф. меңг. Б.К. Омарова

Хатшысы: қолы оқытушы Б.К. Шағырбаева


Хаттама-жиналыстар, кеңестер мен мәжілістердің өту барысы туралы жазылатын іс қағаздарының түрі. Хаттама қаралған мәселелер бойынша баяндамашының, талқылауға қатысқан сөйлеушілер сөздерінің қысқаша мазмұны және алынған нақты қаулылардан тұрады.Хаттама қысқа мазмұнды немесе кең көлемді болуы мүмкін.

Қағаздың орта тұсына құжаттың аты, нөмірі, оның астына мекеменің, ұйымның, т. б. Алқалық топтың аты, жиналыс, мәжіліс, кеңестің болған күні, айы, жылы,жиналыс басқаруға сайланған төраға мен хатшының аты-жөндері жазылады. Оның төменгі жағына қатысқан, шақырылған адамдардың тізімі, күн тәртібіндегі мәселелер тізімі беріледі.

Одан әрі мәселенің қаралған реті бойынша қысқаша мазмұны (шығып сөйлеушілердің сөзі, қойылған сұрақтар, жауаптар)«тыңдалды», «шығып сөйлеушілер», «қаулы қабылданды» деген бөлімдердің реті бойынша жазылады.Соңынан жиналыс, кеңес, мәжілісті жүргізген төраға мен хаттама жазған хатшының қолы қойылады. Хаттама арнаулы қағаздарға да жазылады.



2 - тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Жоспар құрыңыздар.

Сөйлеу де өнер

Сөз этикеті әлеуметтік лингвистикалық құбылыс болғандықтан да оның өзіне тән қызметі тіл табиғатынан тілдің функцияларынан туындайды. Ал жалпы тілдің ең басты қызметі қарым -қатынас құралы болу. Сөз этикетінің арнаулы функциясының негізі сыпайылық білдіру функциясы болып табылады. Бұл ұжым мүшелерінің қарым-қатынасы, құттықтау, мадақтау, сынау, қанағаттанбау, ризашылық білдіру т.б .Қазақ тілінде сыпайылықты білдіру екі ыңғайда көрініс табады. Сөз этикетінде сіз, сен, ол кісі, біз (мен ,өзіңіз) т.б .есімдіктердің қолданылу ерекшеліктері мен осылар арқылы білдіретін мағыналар. Тіл үйренуді амандасу, рахмет айту, кешірім сұрау, комплимент айту тәрізді этикет сөзден бастайды. Бұлай болуы, әрине тегіннен-тегін емес, сөз этикетінің байланыс орнату, қарым-қатынасқа ұйытқы болу тәрізді өзіндік қызметі мен ерекшелігіне байланысты. Құттықтау, мадақтау,сынау, кешірім сұрау, жұбату, көңіл айту тәрізді этикет түрлерінде сезім-күйді білдіру функциясы өте айқын көрінеді. Мысалы, кешіріңіз, мүмкін болса, айып етпеңіз, қалауыңыз білсін,т. с. с.

Жеке кісінің мәдениеттілігі қоғамда алатын орнымен, білім дәрежесімен, өнерге қанықтығымен өлшеніледі.Солардың бәрін игеріп, игілікті іс-әрекетіне пайдалану кісіні тіл мәдениетіне жетектейді. Мәдениетті адамның көп қырлы сырының бір көрінісі-тіл мәдениетінің жоғары болуы.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Тілдің ең басты қызметі не?

2. Сыпайылық дегенді қалай түсінесіз?

3. Мәдениетті адамның сөйлеу мәнері қандай болу керек?


4-тапсырма. Өзіңізді тексеріңіз.


1.Қазақ халқында танымайтын кісіге «сен» демейді.

Дұрыс

Дұрыс емес

2. «Сіз» дегенді үлкен кісілерге айтады.








3. » Айналайын»-еркелетуді білдіретін сөз.







4.»Балақай» деп жасы үлкен кісіге айтады







5.»Мырза» -ресми қатынаста қолданылатын

сөз.








6.Әжей» деп өз әжесін айтады.







7.Ақсақал»-ресми қатынаста қолданылатын

сөз қатарына жатады.









8.Жастар үлкендермен қол беріп амандасады.







9.Қазақтар жақсы тілек айтуға,бата беруге мән

береді.








10.Жастар үлкендердің батасын алады.








5-тапсырма.

«Жақсы сөз-жарым ырыс» дейді қазақтар, сондықтан олар бір-біріне тілек айтуға мән береді.

Құттықтау;

-Сізді(сені) туған күніңмен,мүшелтойыңмен, жаңа жылыңмен, Наурыз мейрамыңмен, мерекеңмен құттықтаймын!(-мыз)

Тілек;

-Сізге бақыт,денсаулық,табыс, абырой тілеймін.(-міз)



-Ас дәмді болсын !

-Қайырлы түн. Қайырлы күн!

-Қайырлы таң!

-Жасың ұзақ болсын! т. б.


6-тапсырма. Досыңызды туған күнімен құттықтап жеделхат жіберіңіз.
7-тапсырма. Өлеңді жаттап,мәнерлеп айтып беріңіз.

«Сіз», «Біз» деген жылы сөз.


«Сіз», «Біз» деген жылы сөз Жақсылық билеп, жанды тез,

Жылытады жүректі. Оятады игі тілекті.

Біреуге біреу жақсылық, Баршаға жетер жақсылық,

Тілесе, әр кез жаны ашып, Қызғанбай бөліп алыңыз!

Осы бір шырын –тәттілік, «Сіз», «біз» деген жылы сөз

Тұрмай ма жанға жарасып! Жақсылықтың мейірі.

Баршаға керек жақсылық! Бір-біріне болып көз,

Жақсылық сүйер ханымыз, Кең болсын адам бейілі.

(Ө.Тұрманжанов)

8-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, ризашылық тақырыбында «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар» деген тақырыпта шығарма жазыңыз.
Ризашылық білдіру
Халық арасында ризашылық - алғыс, бата беру түрінде беріліп жатады. Біреудің көрсеткен еңбегіне, көмегіне, кішіпейілділігіне, азаматтығына алғыс білдіру -әдептілік, мәдениеттілік.Алғыс, баталар адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты беріліп отырған. Адамдар ризашылығын ерекше ілтипатпен, әдептілікпен білдіруге тырысқан. «Ризашылық-әдептің әліппесі»,-дейді А.Байтұрсынов.

«Алдын ойлаған азамат-елдің алғысын алар»-дейді халық даналығы.




9-тапсырма. Досыңызбен сұхбаттасыңыз, қазақ халқының әдет-ғұрып рәсімдерін еске түсіріңіздер.

-«Сіз» деген сөзді қазақтар кімге айтады?

-Жасы үлкен адамдармен әңгімені қандай сөзбен бастауға болады?

-Өзіңізден жасы кішілермен қалай сөйлесесіз?

-Ініңізді (қарындас, сіңіліңізді)еркелетіп көріңіз.

-Сынау, қанағаттанбау туралы не айтасың?


10-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыздар, бұлардың хаттамалық мәнде екеніне назар аударыңыздар.

Кеңеске қатысушылар өз ұсыныстарын.... .2.Күн тәртібіндегі мәселелер бірауыздан.... .3.Жиналыста доцент Г.Қ.Дәркенбаеваның есепті баяндамасы... .4.Мәжіліс төрағасының ұсынған жаңа бағдарламасын бекіту жөнінде... .5«Әйел және саясат» тақырыбына арналған Орталық Азия әйелдерінің үшінші халықаралық конференциясына АҚШ Президентінің зайыбы Хиллари Клинтон.... .


11-тапсырма. Студенттердің сессия қорытындысын талқылау жиынының хаттамасын жазыңыздар.
12-тапсырма. Қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз.

Хаттама-


Мәжіліс, отырыс-

Тізім-


Күн тәртібі-

Баяндама-

Қысқаша жазба-

Есеп-
Міндет-

Мәселе-

Ұсыныс-


Бірауыздан-

Қаулы қабылдау-

Мақұлдау-

Бекіту-


Ұсыну-
13-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Жетіспеген құжаттар туралы хаттамаға кіргізу керек. Оқу бөлімі келер айдың сағат санын сұрапты.Біздің бөлімге жаңа оқу жоспары туралы мәлімет түскен жоқ. Қазіргі заманда жақсы жерге жұмысқа тұру үшін бітірген оқу орнынан кепілдеме хат болуы керек.


14-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар.

Информацию о ходе зимней сессии систематически помещать в стенгазете.На повестке студенческого собрания стоят актуальные вопросы.Учитывая слабую подготовку студентов по иностранному языку,комиссия рекомендует проводить дополнительные уроки.


15-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыздар.

Біз сіздің шарттарыңызбен келіс.... келеді. Сізбен пікірлес... кел... Әңгімені бастықтың баста... кел... .Сіздің ұсынысыңызды жоғары бағалаймыз, бірақ кейбір мәселелерді талқыла... кел... .Не айт... кел...?

Сіздерге мына мәселе бойынша көмектес.. кел... тұр.Егер сіз қарсы болмасаңыз, менің бейсенбіде бар... кел... .

16-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
Бақыт Абыройлы

Қуаныш Өмірлі болуын тілеу

Денсаулық тілеу

Табыс


Абырой

17-тапсырма. Есте сақтаңыздар, жаттап алып, оқулықтың көмегінсіз жазып көріңіз.


Қарым-қатынасқа тірек сөздер, тіркестер;

-Танысуға рұқсат етіңіз.

-Өзімді таныстырайын.

-Сізге әріптесімді, досымды таныстыруға рұқсат етіңіз.

-Танысқаныма қуаныштымын.

--Мен де(қуаныштымын)

-Отырыңыз!

-Кешіріңіз!

-Рахмет.

-Сау болыңыз. Кездескенше.

-Кіруге рұқсат етіңіз.
18-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыз.

Басшы-глава

Жетекші-ведущий

Бірқатар-некоторый

Нақты-канкретный

Қорытындылау-заключить

Даму-развитие

Бағыт-направление


19-тапсырма. Мына мақал-мәтелдерді пайдаланып, әңгіме құраңдар.
Жақсы даудан жаман бітім артық.(Худой мир лучше доброй ссоры)

Нар тәуекел- ер ісі.(Риск-благородное дело)

Ақша ақшадан құралады.(Деньги к деньгам идут)

Бейқамдық бәлеге жолықтырар.(Беспечность приводит к беде)

Уәде-жанның азығы.(Уговор дороже денег)

Қарыздан құтылу-қайғыдан құтылу.(Кто заплатил долги, у того гора с плеч)

Білім алуға жұмсалған ақша—сақталған ақша.(Усилия, истраченные на образование, никагда не пропадут).
Тест сұрақтары

1. «Хаттамаға» кім қол қояды?



А .Төраға

Б.Төраға және хатшы


В.Хатшы

С.Баяндамашы

Д.Бастық

2.Бейвервальды тілдік қатынас қалай аталады?

А. Сөз этикеті
Б. Дұрыс сөйлеу

В.Мәдениетті сөйлеу

С.Дөрекі сөйлеу

Д.Тілдесу

3.Этикеттік қолданыстың қызметін ата?
А.Тұрақтылықты

Б.Әдептілікті

В.Қуанышты білдіреді

С.Жалпыға ортақ тіл қатынасы

Д.Мәдениеттілік

4.Жиналыстарда, кеңестерде, мәжілістерде қолданылатын құжат түрі

А.Көшірме

Б.Сенімхат

В.Хаттама

С.Өтініш


Д.Арыз

5. «Күн тәртібі» қай құжатқа тән?

А.Кепілхат

Б.Сенімхат

В.Қолхат

С.Өмірбаян

Д.Хаттама

6.« Қаулы қабылданды» тіркесі қай құжатқа тән?

А.Арыз

Б.Акт


В.Хаттама

С.Өтініш


Д.Өмірбаян

7. «Ұсыну»қалай аударылады?

А .Одобрить

Б.Утвердить

В.Предлагать

С.Выступать

Д.Слушать

8 . «Мәжіліс, отырыс»-қалай аударылады?

А.Задача

Б.Отчет


В.Заседание

С.Прилагать

Д.Список

9. «Тұжырымдама» қалай аударылады?

А.Заключение

Б.Гарантия

В.Ведущий

С.Условие

Д.Возможности

10 . «Кешірім сұраудың» түрін көрсет.

А.Шын ықыласпен

Б.Қуаныштымын

В.Айып етпеңіз

С.Армысыздар

Д.Қайырлы таң

11.Мақалдың мағынасын анықтаңыз.

Келінім саған айтам, қызым сен тыңда.

А. Білім туралы

Б.Ақыл-парасат туралы

В. Тәлім-тәрбие туралы

С.Үлкенді құрметтеу туралы

Д.Ынтымақ, бірлік туралы

12. «Салу» сөзі қай сөзбен тіркескенде тұрақты тіркеске айналады?

А.Қалам

Б.Би

В.Тас


С.Көйлек

Д.Сөз


13.Мақалдың екінші бөлімін табыңыз.

А.Еңбек-ырыстың бұлағы

Б. Еңбек-бақыттың шырағы

В.Білім –өмір шырағы

С.Жер-ырыстың кіндігі

Д.Ел-ердің тұрағы

14. «Қорқу» мәніндегі фразеологизмді табыңыз.

А. Салы суға кетті

Б. Санын соғып қалу

В.Аузына құм құйылу

С.Төбе шашы тік тұру

Д.Мұзға отырғызып кету

15.Қай тұрақты тіркес «шебер» деген мағынаны береді?

А. Тонның ішкі бауындай

Б. Ала жіпті аттамау

В. Он саусағынан бал тамған

С.Қара қылды қақ жарды

Д.Мұрнынан шаншылу

16. Қай тіркес «ұялу» мағынасын береді ?

А. Мұрнын шүйіру

Б.Табанын жалтырату

В.Кірерге жер таппау

С.Артына кір келтіру

Д.Жүрегі шайылу

17.»Тамырына балта шабу» тұрақты тіркесіне синонимді табыңыз.

А.Жою


Б.От жағу

В. Ұсталық

С.Жылыну

Д. Алдау

18.»Айнымаған» сөзі қай тұрақты тіркеспен сәйкес келеді?

А. Аузына шайнап салған

Б.Аузынан түсіп қалғандай

В.Жер түбінен жеті қоян тапқандай

С.Ит терісін басына қаптау

Д.Қой терісін жамылу

19.Синонимдік қатарды табыңыз.

А.Еңбекақы, жалақы, айлық

Б.Жұмыс, іскер, шаруа

В.Дүние, әлем, жер

С.Парақ, кітап, бет

Д.Көмек, керек, жәрдем

20.Көп мағыналы сөзді табыңыз.

А. Қарт


Б.Бас

В.Жауыз


С.Дала

Д.Қалта



СОӨЖ тапсырмалары

1. Сыпайылық білдіру функциясына қатысты этикеттік оралымдарға 15-16 мысал тауып жазыңыз.

2. Болашақ мамандығыңыздың этикасы туралы не айтар едіңіз?

3. Мадақтау, сынау, қанағаттанбау, құттықтау, ризашылық білдіру әдебі

туралы жаз.
СӨЖ тапсырмалары

1. Этикеттік қолданыстың сезім, күйді білдіру қызметіне қатысты мысалы,

а )тапсырылған жұмысты орындай алмадыңыз (кешірім сұрау формалары )

2. Директорлар Кеңесінің мәжілісінде. 10 жылдан кейін қандай болғым келеді? Тақырыбында эссе жазыңыз.


Бақылау сұрақтары

1. Мәдени мінез - құлық ережелері

2. Сөз этикеті деген не?

3. Қазақтың сыпайылығын , мінез-құлықтарын басқа ұлтпен салыстыру

арқылы түсіндіре аласыз ба?\
Глоссарий

Хаттама-жиналыстар,кеңестер мен мәжілістердің өту барысы туралы жазылатын іс қағаздарының түрі.

Мырза,ханым-ресми қарым –қатынаста қолданылады.

Қия өтпеу-сыйлау мағынасында айтылады.

Бәйек болу-сый көрсету , қошемет,құрмет көрсету.
Негізгі әдебиеттер

1. Іскерлік қазақ тілі. М.Атабаева,Р.Ибраева.Алматы,2000.

2. Сөз этикеті.З.Қобыланова.Алматы,2000.

3. Кәсіби экономика тілі. Н Ж Бекеева.Қ.И.Бектурғанова.Алматы,2003.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет