Құрастырушы : аға оқытушы Қ.Ж.Абдрахманова.
7-тақырып. Мамандыққа байланысты лексика. Компания( фирма) тұсаукесері. Отандық тауарлар көрмесінде.
Тірек сөздер, сөз тіркестері: тұсаукесер, көлік, лизинг, техникалық база, үздік тауар, көрме, кепілдік беру, келісім жасау, ипотека, акция, стартегиялық бағыт, көрме-конкурс,тапсырыс, жеңімпаз, байқау жеңімпазы, алтын сапа, донор қала, өнеркәсіп флагманы, жәрмеңке, биржа, делдал, сарапшы, қор т.б.
Мамандыққа байланысты лексика – тек белгілі бір кәсіп саласына байланысты қолданылатын сөздер. Олардың қолданылу аясы кең болмайды.Мамандыққа байланысты сөздерді негізінен сол маманның иесіболып келетін тұлғалар қолданады.Кәсіби лексикаға өндіріс, техниканың әр түрлі салаларында пайдаланылатын, алайда жалпы қолданысқа енбеген сөздер мен сөйлеулер жатады. Арнайы ұғымдардың ресми ,әрі ғылыми атаулары – терминдерден бөлекше профессионализмдер ауызекі тілде қатаң ғылыми сипатқа ие емес «жартыла ресми» сөздер ретінде қызмет етеді .
Экономикалық мамандыққа байланысты кәсіби сөздер кестесі
Қаржы
|
Есеп және аудит
|
Ақпараттық жүйе
|
Кеден ісі
|
Экономика
|
Әлеуметтік жұмыс
|
Қаржы
Бағалы қағаз
Қаржы саясаты
Қаржы құқығы
Қаржы ресурсы
депозит
|
Есеп
Аудит
Төлем-есептеу
Бағалау
Экономикалық талдау
Есептеуші
Тексеруші
|
Ақпарат
Жүйе
Есептеу
Компьютер
Интернет жүйесі
Электронды есептеу
Ақпараттық орта
|
Кеден
Бақылау
Тексеру
Бағалау
Кедендік шарт
Кедендік тапсырма
Кедендік ұйым
|
Экономика
Үнемдеу
Нарық
Салық
Ақша
Валюта
Сұраныс
Табыс
Кіріс
дағдарыс
|
Әлеуметтік қамсыздандыру
Зейнеткерлік төлем
Әлеуметтік жұмыс
Төлемақы
Зейнетақы
Жұмыспен қамту
|
Басқару
|
Экология
|
Әлеуметтік жұмыс
|
Статистика
|
Туризм
|
Кеден ісі
|
|
|
|
|
|
|
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Кәсіби сөздер дегеніміз не?
Олардың қандай түрлері бар?
Кәсіби сөздердің әдеби сөздерден қандай айырмашылығы бар?
Кәсіби сөздерді топтастырып айтыңыз.
3-тапсырма. Мамандыққа байланысты 1-кестені оқып шығыңыз. Сөздердің қолдану аясын, қызметін т.б. ерекшеліктерін есте сақтаңыз. 1-кестеге қарап, басқа да экономикалық мамандықтар бойынша сөздікті жалғастырыңыз. Өз мамандығыңызға байланысты сөздерді толықтырыңыз.
4-тапсырма.
«Қазақстан көлік лизингтік компаниясы»
АҚ тұсаукесері өтті
АСТАНА. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат.Наурыздың 13-де Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» АҚ тұсаукесері болып өтті. Оның құрылу мақсаты – Қазақстанның көлік саласын лизинг қолдану арқылы жаңа көлік құралдарымен қамтамасыз ету, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Министрліктің баспасөз қызметі. «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» жарғылық капиталы мемлекеттің 100 пайызды қатысуымен 2002 жылы құрылған «ҚазАвиаЛизинг» компаниясының жаңа аты. Соңғы екі жылда «ҚазАвиаЛизинг» АҚ әуе кемелері базасын жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 32 техника сатып алып, оның 20-сын қаржы лизинг келісімшарттары бойынша отандық әуежайларға өткізді. Кәсіпорынның жаңа тұрғыдан қайта құрылуына себеп болған жайт – қазіргі кезде көлік саласының барлық құрылымдарына да лизинг құралын қолдану арқылы техникалық базаны жаңарту қажет. Осыған орай, компания қызмет шеңберін кеңейтуде. Бүгінгі таңда, «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» өзінің алдына үш стратегиялық бағыт қойып отыр:
жер бетіндегі техника мен әуе кемелер лизингі,.
теміржол техника лизингі және автомобиль жолдары
техника лизингі.
ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» басшылығына дағдарыс кезінде компанияны қаржыландыру қиыншылығы жайлы ескерте отырып, оларға қажетті нормативтік-құқықтық база жасау туралы және компания жобаларын қаржыландырудың кепілдеме деңгейін қысқа мерзімде анықтау жөнінде тапсырма берді.
14.03.2009 / 12:42
5-тапсырма. Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беріңіз.
Қандай компанияның тұсаукесері өтті?
Қашан өтті?
Компанияның құрылу мақсаты қандай?
Компанияның жаңа аты қалай аталады?
«ҚазАвиаЛизинг» компаниясы қанша техника сатып алды?
Оны не үшін сатып алды?
Кәсіпорынның қайта құрылуына не себеп болды?
Олар алдына қандай стратегиялық бағыт қойды?
ҚР Көлік министрі кәсіпорынға қандай тапсырма берді?
6-тапсырма. Мәтін мазмұнын негізге ала отырып сұхбат құрыңыз.
Үлгі:
А... – Сіз бүгінгі тұсаукесерге қатыстыңыз ба?
Ж... –
А... – Сізге тұсаукесердің өту барысы ұнады ма?
Ж... –
А... – Сіз тұсаукесер кезінде өз пікіріңізді айттыңыз ба?
Ж... –
7-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Қазақшаға аударыңыз. Мазмұнын біліп алыңыз.
Тусау кесу
Тусау кесу (тусаукесер) – это древний обычай, пришедший с языческих времен, при котором малышу, делающему первые шаги, разрезают пеструю веревку, обвитую вокруг ног. Считается, что после этого обряда ребенок в прямом переносном смысле твердо идет по земле, и все сюрпризы жизни , хорошие и не очень ( поэтому веревка пестрая) встречает или преодолевает легко и уверено.
Осуществлять этот ритуал принято доверять самому взрослому, уважаемому человеку в ауле, достигшему многого, и умеющему много говорят, что малыш приобретет все самое лучше от него.
8-тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып сөйлемді жалғастырып жазыңыз.
ҚазАқпарат.Наурыздың 13-де...
Қазақстанның көлік саласын лизинг қолдану арқылы жаңа көлік құралдарымен қамтамасыз ету –
«ҚазАвиаЛизинг» –
Соңғы екі жылда «ҚазАвиаЛизинг» АҚ әуе кемелері базасын жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ...
Кәсіпорынның жаңа тұрғыдан қайта құрылуына себеп болған жайт–
Бүгінгі таңда, «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» өзінің алдына...
9-тапсырма. Тұсаукесер сөзіңің мағынасы туралы өз білгеніңізді ортаға салыңыз. «Тұсаукесер» туралы өлеңді еске түсіріңіз.
10-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі мәліметтерді толықтыра отырып, бір ресми құжат жазыңыз.
Презентация – это оригинальный способ привлечения внимания, создания позитивного мнения как к продукту, так и к самой компании. Бизнес-презентации включают в себя текстовую информацию, графику (фотографии и картинки), видеоинформацию, анимацию, звук. Бизнес-презентации записываются на CD-диски и раздаются потенциальным клиентам. Термин «презентация» прочно вошел влексикон современного бизнеса. Это представление какой-либо новинки,например, презентация нового продукта или презентация услуги, дляопределенной целевой аудитории, которое проводится с определенными намерениями.
Презентации, используемые в бизнесе можно классифицировать несколькими способами.
1. Презентации состоящие из слайдов, следующих друг за другом. Такие презентации выполняются с помощью программы PowerPoint, пользоваться данной программой может каждый школьник. Это самый простой тип презентаций по техническому выполнению.
2. Презентации в виде видео-ролика. Такие презентации можно назвать рекламным роликом. Обычно в них используются отснятые на видеокамеру небольшие сюжеты, а так же трёхмерная компьютерная графика.
3. Интерактивные презентации. Это самый популярный вид презентаций. Обычно они создаются с помощью программы Flash. Flash-презентация является оптимальным вариантом при размещении презентации в интернете.
2. В чём преимущество и польза бизнес-презентаций
1. Информативная ёмкость
2. Компактность
3 Эмоциональная привлекательность
4. Наглядность
5. Мобильность
6. Интерактивность.
7. Экономическая выгода
8. Многофункциональность.
9. Престиж
11-тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып, мына сөздердің қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз.
отечественный товар товар
спрос выставка
биржа номинация
конкурс экономический регион
озеленение контракт
золотая качества национальный фонд
экспорт приход
номинация халықаралық
12-тапсырма.
Лизинг баспасөз
тұсаукесер Компания
Капитал контракт
Келісімшарт производство
Кәсіпорын структура
Құрылым финансировать
Техникалық база кризис
Дағдарыс проект
Қаржыландыру залог
Нормативтік құқықтық база пресса
Жоба стратегия
Кепілдеме процент
Пайыз сюрприз
Тосынсый обычай
Дәстүр коммуникация
Коммуникация лизинг
Баспасөз капитал
Компания техникалық база
Стратегия нормативная правовая база
13-тапсырма. Төмендегі мамандыққа байланысты сөздерді топтастырып жазыңыз.
Қаржы, валюта, салық, экология, әлеуметтік жұмыс, ақпараттық жүйе, кеден, менеджмент, маркетинг, басқару, есептеуіш машиналар, банк,бағалы қағаздар,жарнама,есеп, статистика, бухгалтерлік есеп, несие, биржа, жергілікті басқару, калькулятор, аудитор, сервис, бағалау, есептеу техникасы, сапа, экономика,акция, интернет, табиғи ресурс, ғаламтор, қор, сауда.
14-тапсырма. Төменде «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Тұсаукесерінің негізгі мәселелері көрсетілген. Өз фирмаңыздың Тұсаукесерін қалай өткізер едіңіз?
Жоспар құрыңыз.
«Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры»акционерлік қоғамы қызметінің
ТҰСАУКЕСЕРІ Тұсаукесердің негізгі мəселелері:
• Ипотекалық кредиттерге кепілдік беру тəртібі немен реттеледі?
• Бас келісім қалай жасалады?
• Ипотекалық кредит бойынша Кепілдікті қалай алады?
«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры мұрындық болып, Астанада отандық тауар өндірушілердің форумы болып өтті . Шараға ұлттық компания мен даму институттары өкілдерінің, бизнес-ассоциациялар мен отандық тауар өндірушілердің, барлығы 600-ге жуық адамның басын қосқан. Сондай-ақ форум жұмысына «Самұрық-Қазына» АҚ төрағасы Қайрат Келімбетов, Вице-премьер, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, «Атамекен» одағы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қатысып, үкіметтің қолдауына үміткер кәсіпорын жетекшілерінің баяндамасын тыңдады.
Ұлттық компаниялардың отандық тауарларға деген сұранысы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң аясынан шығарылып, еркін жүзуге жіберілген болатын. Енді компаниялар мұндай үдерісті өз ережелеріне сәйкес ұйымдастыратын болды. Қазір сол ережелерге сәйкес, сатып алу процесін Ұлттық Қор тобына кіретін 260 ұйым атқаруда. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының төрағасы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, «бүгінгі таңда ұлттық компаниялардың тұтыну тауарларының тізімі анықталған. Оның ішінде негізгілері – электр энергиясы мен мұнай өндірісі, химиялық-металлургиялық салаға, машина жасауға қажетті тауарлар. Үкімет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді сәтті жүзеге асыру үшін осы сұраныстарды дұрыс қамтамасыз ету қажет».
Қор төрағасы Келімбетов мырза:
Отандық тауар өндірушілерге деген қолдау еселене түсетін болды. Ұлттық компаниялар мен даму институттары олармен серіктестікті жоғары деңгейге көтеру мақсатында жаңа жоспарлар қабылдаған. Оған сай, ұзақ мерзімді серіктестікке отыру арқылы үкімет «Қазақстанда жасалған» тауарлардың саны мен сапасын арттырмақ ниетте.
Қор төрағасының екінші көтерген мәселесі – отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшартқа отыру жайы. Осы мақсатта ұлттық компаниялар ағымдағы жыл ішінде жалпы алғанда 665 млрд. теңгеге келісім-шарт жасаған. Форум арқасында оның көлемін тағы 100 млрд. теңгеге ұлғайту көзделіп отыр. Аталған сома тек тауар өндірушілерге ғана емес, отандық экономикаға құйылған үлкен қолдау екені сөзсіз. Оны Қор төрағасы Келімбетов мырза да айтып өтті.
Сондай-ақ ол: «Ұлттық компаниялар Қазақстан экономикасының басты тірегі ретінде отандық экономиканы жаңарту функциясын атқаруы керек. Ал модернизация жаңа технологияларды игеру арқылы жүзеге асатыны белгілі. Осы мақсатта «Самұрық-Қазына» қоры ішінен арнайы инновациялық комиссия құрылып отыр. Ол өз кезегінде ұлттық компаниялар құрамындағы ғылыми-техникалық кеңестің басты үйлестірушісі болады», – деді.
Қазақстанда мемлекеттік тапсырысқа бөлінетін жылдық қаражат көлемі 14 млрд. АҚШ долларын құрайтын көрінеді. Оның жартысынан көбі құрылыс саласына бағытталған. Бұл – Вице-премьер Әсет Исекешевтің келтірген мәліметтері.
«Қазақстанда мемлекеттік сатып алу көлемі 14 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ресейде бұл көрсеткіш 120 млрд. долларға тең, ал Беларуссияда – 7 млрд. Сол себепті біздің сандар жайында жақсылап ойлану қажет. Қазір бірыңғай экономикалық аймақ құру жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Сондықтан бәсекеге қабілеттілікті артырып жатуға уақыт өте тығыз. Ал-ғашқы кезеңде ресейлік, беларуссиялық тауар өндірушілермен бәсекелес-тікке түссек, кейін ДСҰ-ға мүше боп кіргенімізде бүйірден қытай компаниялары кіргелі тұр. Сол себепті қазір «Самұрық-Қазына» қорының ұсынып отырған жәрдемі – отандық тауар өндірушілер үшін зор мүмкіндік», – деді Исекешев мырза.
Форум соңы жалпы сомасы 108 млрд. теңгеге тең көмір, темір бетон бұйымдары, радиотехникалық құрылғылар тасымалдау бойынша отандық тауар өндіруші 11 компанияның екіжақты ұзақ мерзімді келісім шартқа қол қоюымен аяқталды. Олар – энергетика, темір жол, көмір өндіру саласындағы ірі ойыншылар – «KEGOC» АҚ, «Локомотив» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС және т.б. Отандық тауарлардың делдалсыз сауда-саттығы жасалатын сауда биржасы құрылады. Енді кәсіпкерлер бұл жерден бидайдан бастап, мұнайға дейін таба алады. Мемлекет сауда биржасында сатылымға шығатын тауарлардың тізімін де анықтап қойыпты. Соңғы мәліметтерге қарағанда, отандық бидай мен цементке деген сұраныс артқан. Қазір аталған тауарлардың сауда-саттығын оңтайландыруды көздейтін ортақ алаң ашу жұмыстары қарастырылуда. Бұл өз кезегінде бағаның реттелуіне сеп болуы тиіс.
«Тұтынушылар мен саудагерлерге делдалсыз жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Бұл бәрі үшін тиімді. Жәрмеңкеде сауда ашық жүргізіледі. Өйткені барлық сауда-саттық декларацияланады. Яғни мемлекет қоржынына салық мол түседі деген сөз. Аталған жәрмеңкеде кез келген тауар түрі сатылады. Бұған қоса, ортақ баға белгілеу жүйесін енгізуге болады», - деді «ETS» сауда биржасының атқарушы директоры Сержан Мәдиев.
Оның сөзіне қарағанда, егер тауардың ең құрығанда 20 пайызы биржада сатылса, онда нарықта баға біршама реттелмек.
«Мысалы, қазір бидайдың нақты бағасын ешкім айта алмауы мүмкін. Ал барлық дамыған елдерде тауар биржада сатылады. Бұл өз кезегінде еркін нарықтағы бағаға сөзсіз әсер етеді. Биржадағы сауда аукцион түрінде болуы керек. Яғни сатушы да, сатып алушы да ұнаған тауарды қалаған бағасына сатады әрі сатып алады», - деп есептейді Мәдиев.
Сарапшылар ортақ сауда алаңын ашу үшін биржадағы сауда-саттыққа деген талапты күшейту керек деп пайымдайды. Ал мұндай алаңдар елімізде алдағы 3-5 жылда пайда болады деп жоспарлануда.
Ойтүрткіі3і.
Отандық тауар өндірушілердің жетістігіне баға беріңіз. Өз пікіріңізді қосыңыз.
Елімізде отандық тауарлар биржада сатылады. Басты әрекет: экономика, биржа, жәрмеңке, тауар.
15-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мазмұнын айтып,отандық тауарлар туралы не білетініңізді әңгімелеңіз. Отандық тауардың шетелдік тауардан өзгешелігі туралы не айтар едіңіз? Мамандыққа байланысты экономикалық терминдерді тауып, оны дәптерлеріңізге жазыңыз.
Үздік тауарлар көрмесі
2001 жылы «Қазақстанның үздік тауарлар көрме-конкурсы» жарияланды. Бұл көрмеде Қазақстанның Тәуелсіздігін паш ететін отандық тауарлар шығарылды. Аталған байқауға ең мықты деген 150-ден астам қазақстандық тауар өндірушілер қатысты. Олардың қатарында ұлттық саз аспабын жасаушы алматылық «Шертер» ЖШС үздік нәтиже көрсетіп, халықтың ықыласына бөленді.Серіктестік директоры Бақытжан Ділманов өз шеберлерімен домбырадан саз сырнайға шейін аспаптар жасап, еліміздің бірнеше аймақтарына шығарып жатқанын айтты. Шығыс Қазақстаннан келген ет, шұжық өнімдерімен аты шыққан «Швабские колбаски» серіктестігінің өнімдері барлық жанды тамсандырды.
Байқау комиссиясы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» , «Үздік азық-түлік тауарлары» сынды үш номинацияда жеңімпаздарды анықтады. Байқау жеңімпаздары «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтарымен марапатталды.
16-тапсырма. Сұхбатқа назар аударыңыз. Оқыңыз. Қала әкімінің қорытынды сөзін орысшаға аударыңыз.
Алматыда «Қазақстанның үздік тауарлары» көрмесі ашылады. Көрме «Атакент-Экспоның» халықаралық павилионында өтеді. Көрменің ашылу салтанатына Алматы қаласының әкімі ... , Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Комитетінің өкілі, «Нұр Отан» ХДП-сы облыстық филиалының басшылары қатысады.
Тілші: – ... мырза, бұл көрме қандай мақсатта ұйымдастырылып отыр?
... : – Қазақстанның үздік тауары» атты өңірлік конкурс- көрме Қазақстандағы кәсіпорындардың жұмысына ықпал ету, нарықты отандық тауарлармен қамту, сапалы және сұранысқа ие тауарлар шығару мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Тілші: – Көрмеге кімдер қатыспақшы?
... : – Көрмеге биылғы маусымда қаланың 85 өндіріс орны қатысуда.
Тілші: – Байқау қандай номинация бойынша өтеді?
... : – байқау үш номинация бойынша өтеді:
29 кәсіпорын өндірістік бағыт;
27 кәсіпорын халық тұтынатын тауарлар;
29 кәсіпорын азық- түлік тауарлары.
Тілші: – Сіз кәсіпорын тауарларымен жан-жақты таныстыңыз. Көрмеде қандай өндіріс тауарлары ерекше көрініс тапты?
... : – Алматы көрмесінде ауыр өнеркәсіптің флагманы болып табылатын АЗТМ-ның өнімдерінен бастап, жеңіл тауарларға дейін көрініс тапты.
«Біз қала тұрғындарының сұранысын қанағаттандырып отырған өндіріс орындарына қашан да қолдау көрсетуге тиіспіз. Ал Сіздердің міндеттеріңіз - жоғары марканы қолда нық ұстап, экспортқа өнім шығару. Алматы - еңбекқор, донор қала, ол республика бюджеті кірісінің 27 % -ын береді. Осы көрсеткішті біздің кәсіпорындар жүзеге асырып отыр.
Тілші: – Қазіргі дағдарысқа қарамастан Алматы қаласының өндіріс орындарының қанат жайып келе жатқанын білеміз. Енді қала бюджеті туралы не айтар едіңіз?
... : – Алматы қаласы өркен жайып келе жатқаны рас, ал бұл қала бюджетінің артуына ойдағыдай ықпал етеді. Бюджеттің өсуі үлкен мегаполистегі орын алған өзекті мәселелерді шешуге, энергетиканы, жылу трассаларын, су каналдарын жаңартуға бағытталған. Соңғы екі жыл ішінде энергетикаға мол қаржы бөлінді. 2010 жылы бюджет қаржысы 81 млрд. теңгені құрады. Бұдан өзге қаржы жолдарды жөндеуге, фонтандар мен аулаларды, жүргінші жолдарды ретке келтіруге де бөлінген. Жүргізіліп жатқан қомақты істердің арқасында қалалықтар демалатын гүлзарлар мен скверлер де көбейді, қала ерекше абаттанып, бұрынғыдан да гүлдене түсті.
Ахметжан Есімов көрмеге қатысушыларды құттықтап, олардың көрмеге ұсынған түрлі өнімдеріне ризашылығын айтып, жыл аяғында Астанада өтетін «Алтын сапа» байқауында жеңімпаз атануға тілектестік білдірді.
Достарыңызбен бөлісу: |