Дп 042 09-2016 №1 басылым


Жеке тұлғаның дамуы дегенiмiз



бет44/91
Дата06.02.2022
өлшемі333,09 Kb.
#48118
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   91
Жеке тұлғаның дамуы дегенiмiз, ең алдымен, оның қасиеттерi мен сапасындағы сандық өзгерiстер процесi. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейедi, яғни оның кейбiр дене мүшелерi мен нерв жүйесi өседi. Оның тiлi шығып, сөздiк қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтiк-тұрмыстық және моральдық бiлiктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретiнде дамуындағы ең бастысы – оның бойында болып жатқан сапалық өзгерiстер (танымдық, сезiм, моральдық-жiгерлiлік т.б.). Мiнез-құлықтың реактивтi формалары белсендi түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттiлiкке айналады, дербестiк пен өз мiнез-құлқын билей алу қабiлеттiлiгi артады. Осы және басқа да өзгерiстер адамның жеке тұлға ретiнде даму процесiн сипаттайды.
Сондықтан, даму дегенiмiздi адамның анатомиялық-физиологиялық жетiлуiндегi, оның жүйке жүйесi мен психикасының дамуындағы, содай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетiндегi дүниетанымы, өнегелiлiгi, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенiмдерiнiң кеңеюiндегi орын алатын сандық және сапалық өзгерiстердiң өзара тығыз байланысты процесi деп түсiнген дұрыс. Адамның дамуына iшкi және сыртқы, меңгерiлетiн және меңгерiлмейтiн факторлар әсер етедi, олардың арасында мақсатты тәрбие мен бiлiм беру жетекші рөл атқарады.
Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның “қалыптасуы” терминi жиi қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесi дегендi және оның пайда болып, тұтастыққа, бiр қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын бiлдiредi. Қалыптастыру (қалыптасу) дегенiмiз – бiр нәрсеге пiшiн (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бiр түр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәнi өте зор – баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшелiктердiң жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетiндегi тiршiлiктiң тарихы және белгiлi бiр түрдiң (бiздiң жағдайымызда – адамның) өмiрiнiң тарихын анықтайды.

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет