Дуйсебекова Жайнагул Мураткызы Ауызша тілдің жүйесі мен құрылымын меңгерту арқылы филолог-студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесі



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата10.04.2020
өлшемі4,55 Mb.
#62177
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
disert-duysebekova Ауызша тил мен жуйеси


   
 
   
1.3  Филолог-студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастырудың 
когнитивтік және лингвоәлеуметтік тұжырымдамасы 
   
Зерттеу  нысанымыз  –  болашақ  филолог-мұғалімдер,  яғни  қазіргі  жастар 
болғандықтан,  ауызша  сөз  мәдениетінің  бүгінгі  жайын  айтқанда,  солардың 
ауызша сөз мәдениетіне назар аударған дұрыс.  
   
Сөз мәдениеті көбінесе филологиялық тұрғыдан зерттеліп келген еді. Орыс 
тіл білімінің өкілі профессор В.Костомаров: «Сам язык не может быть хорошим 
или  плохим.  Он  таков,  каковы  мы  есть.  Значит,  спасать  надо  не  язык,  а  нас 
самих»  [154,  с.15]  деген  екен.  Сондықтан  ауызша  сөз  мәдениетін 
қалыптастырудың  әдістемесін  жасағанда  когнитивтілік  қағидатын  ұстанған 
дұрыс. Ал студенттер белгілі бір әлеуметтік топ болғаны үшін, оны әлеуметтік-
когнитивтік аспектіде қарастырған жөн.  
   
Сөз мәдениеті мен когнитологияның байланысын ғалым Н.Уәли былайша 
түсіндіріп кетеді: «Когнитология ғылымының зерттеу нысанына адамның ақыл-
ойы,  ойлауы  т.б.  жатады.  Адамдардың  күнделікті  іс-әрекетімен  байланысты 
білім, таным процесі. Адам санасы ақиқат дүниені қабылдаушы, өңдеуші жүйе 
ретінде қарастырылады. Адам санасында ақпарат жинақталады, сақталады және 
өңделіп,  қажет  кезінде  қолданылады.  Міне,  санада  болып  жататын,  өтіп 
жататын  күрделі  бұл  әрекеттерді  физикалық  тұрғыдан  байқауға,  байыптауға 
болады.  Өйткені  адам  санасындағы  әрекеттер,  ең  бірінші,  тілмен байланысты. 
Мұндайда  тілдің  басты  назарда  болатыны  да  сондықтан.  Бір-бірімізді  түсіну 
үшін тіл қаншалықты деңгейде ойымыз бен сезімімізді дәл, толық жеткізіп тұр? 
Сөз  мәдениетіне  қатысты  осы  сұраудың  жауабын  табуға  когнитивтік 
лингвистика көмектеседі» [5, б.48]. 
   
Тілді  когнитивтік  тұрғыдан  зерттеудің  маңызы  ғалым  О.Жұбаеваның  да 
еңбектерінде  кездеседі:  «Бүгінгі  таңда  адам  факторы  өзекті  болуына 
байланысты тілді когнитивтік тұрғыдан зерттеуге ерекше көңіл бөлініп келеді. 
Мұнда тілдің объективті (сөз субъектінің адресатқа ойын жеткізуі, хабарлауы) 
және  субъективті  (адамның  тілдегі  бейнесі)  жағына  ерекше  мән  беріледі. 
Когнитивті тіл білімінің дамуына байланысты тіл мен ойдың арақатынасы жаңа 
қарқынмен  зерттеле  бастады.  Когнитивті  тұрғыдан  алғанда,  тіл  мен  ойлау 
адамның  танымдық  қызметінің  нәтижесі  болып  табылады.  Бұл  бағыттағы 
зерттеулер  тілдің  ақиқат  болмыс  туралы  білімді  сақтап,  жеткізуші  ретіндегі 
қызметін  ескере  отырып,  тілдік  категориялар  мен  олардың  құрылымдарын 
жаңаша  сипаттауға  мүмкіндік  береді»  [155,  б.97].  Ғалымның  айтуынша, 
когнитивтіліктің  тілге  қатысы  сонау  А.Байтұрсынұлының  жазғандарынан 
бастау  алады.  Расында,  А.Байтұрсынұлы  еңбектерінде  тіл  мен  сана,  тіл  мен 
ойлау,  тіл  мен  таным,  тіл  мен  ұғым  мәселелері  кеңінен  баяндалады.  Дәлел 
ретінде  оның  атақты  мына  сөзін  келтірсек:  «Сөз  өнері  адам  санасының  үш 

75 
 
негізіне  тіреледі:  1)  ақылға,  2)  қиялға,  3)  көңілге.  Ақыл  ісі  –  аңдау,  яғни 
нәрселердің  жайын  ұғыну,  тану,  ақылға  салып  ойлау,  қиял  ісі  –  меңзеу,  яғни 
ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, 
суреттеп  ойлау;  көңіл  ісі  –  түю,  талғау.  Тілдің  міндеті  –  ақылдың  аңдауын 
аңдағанынша,  қиялдың  меңзеуін  меңзегенінше,  көңілдің  түюін  түйгенінше 
айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адам табылса, тіл шама-қадарынша 
жарайды.  Бірақ  тілді  жұмсай  білетін  адам  табылуы  қиын.  Ойын  ойлаған 
қалпында,  қиялын  меңзеген  түрінде,  көңілдің  түйгенін  түйген  күйінде  тілмен 
айтып,  басқаларға  айтпай  білдіруге  көп  шеберлік  керек»  [156,  б.343]. 
Осылайша,  ғалым  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастырудың  когнитивтік 
тұжырымдамасын жасап кеткендей.  
   
Когнитивтілік,  яғни  сырттан  қабылданған  ақпаратты  қабылдап,  оны 
қорыта алу қабілеті жеке тұлға үшін аса маңызды болып саналады. Ауызша сөз 
мәдениетін  дамытуда,  филолог-студенттің  тілдік  құзыреттілігін  жетілдіруде 
когнитивтілік  үлкен  рөл  атқарады.  Тіпті  қазіргі  білім  беру  философиясын 
зерттеушілер  когнитивтілік  қағидатының  оқыту  теориясы  мен  практикасында 
аса маңызды екендігін айтады.  
   
Тіл  табиғатының  когнитивтілік  қырын  зерттеу  антропоөзекті  бағыттың 
жеке дара ғылыми парадигмасына айналды. Себебі тіл әлемді танудың шарты 
мен құралы ретінде дәл осы когнитивистиканың аясында қарастырыла бастаған 
болатын.  Когнитивтік  тұрғыдан  сөйлеу  тілінің  дамуы  мен  оның  онтогенезін 
төмендегідей кестемен көрсетуге болады: 
 
Кесте 16 – Сөйлеу тілінің дамуы және оның онтогенезі 
 
Сөйлеу тілінің когнитивтік онтогенезі 
Сөйлеу тілінің дамуы 
Кезең атауы 
Жасы 
Жетекші 
механизм 
Кезең атауы 
Жасы 
Эмоционалды-
сөздік 
Туғаннан 6-7 
жасқа дейін 
сөйлеудің дамуы 
Вербалды тілге 
дайындық 
1 жасқа 
дейін 
Тілді бастапқы игеру 
1-ден 3 
жасқа дейін 
Қарым-қатынас 
үдерісіндегі тілдің 
дамуы 
6-7 жасқа 
дейін 
Когнитивті 
6-7 жастан 14-
15 жасқа 
дейін 
интериоризация 
Жазба тілді игеру 
6-дан 11 
жасқа дейін 
Құндылыққа 
бағдарланған  
14-15 жастан 
18-19 жасқа 
дейін 
интериоризация, 
рефлексия 
Монологқа 
негізделген тілдің 
дамуы 
11-ден 19 
жасқа дейін 
Мағыналық  
18-19 жастан 
бастап 
рефлексия, 
сөздің 
мағыналық 
қырына мән 
беру 
Сөз құрылысының 
өзгеруі 
20 жастан 
бастап 
 
   
М.Лабащук  аталған  кезеңдік  бөліністі  дамыта  келе,  сөйлеу  тілі 

76 
 
онтогенезінің тұлғаға бағытталған концепциясын жасаған болатын [157]: 
 
Сурет 13 – М.Лабащук концепциясындағы сөйлеу тілінің онтогенезі 
   
   
Көріп  отырғанымыздай,  адамның  сөйлеу  тілі  физикалық  –  МЕН-інен 
әлеуметтік  –  МЕН-іне  дейін  күрделі  үдерісті  басынан  өткізеді.  Әр  кезеңнің 
өзіндік  айырмашылықтары  болғандықтан,  ол  міндетті  түрде  адамның 
когнитивтік  санасына  әсерін  тигізеді.  Ауызша  сөз  мәдениетін  дамыту 
барысында  әрбір  кезеңдегі  ерекшеліктерді  ескерген  жағдайда  ғана  жақсы 
нәтижеге қол жеткізуге болады.  
   
Когнитивтілік  когнитивті  лингводидактиканың да негізіне  айналып,  тілді 
оқыту 
теориясында 
кеңінен 
қолданыс 
тауып 
келеді. 
Когнитивті 
лингводидактикада  кез  келген  нәрсені  үйреткен  кезде  білім  алушының  тек 
физиологиялық  ерекшеліктерін  ескеріп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  оның 
психологиялық,  соның  ішінде  когнитивтік  санасы  да  назардан  тыс  қалмау 
керектігі  айтылады.  Ғалымдар  жоғары  оқу  орнында  білім  алушылардың 
когнитивтік санасына келесідей сипаттама береді [158, б.136]: 
 
Кесте 17 – ЖОО студенттерінің когнитивтік санасының сипаттамалары
 
 
Белсенділігі жоғары білім алушылар 
Белсенділігі төмен білім алушылар 
Метакогнитивтік сипаты: 
1.  кез  келген  нәрсені  үйренудің  белгілі  бір 
мақсаты болады; 
2. саналы түрде білім алуды көздейді; 
3. нені үйрену керектігін болжай алады; 
4. өз білімін іс жүзіне асыра алады; 
5. оқу үдерісін басқара алады; 
6.  жинақы  және  өз  уақыттарын  тиімді 
пайдалана алады. 
1. оқуға деген ынтасы тұрақсыз; 
2. алаңдаушылық басым; 
3.  өз  мүмкіндіктеріне  талдау  жүргізу 
қиынға соғады; 
4.  жасаған  қателіктерінен  сабақ  алуды 
көздемейді; 
5. 
ұйымдастырушылық 
қабілеттерін 
көрсете алмайды; 
6.  қандай  да  бір  жауапкершілікті  алудан 
қашады. 
Таза когнитивтік сипаты: 
1.  өз  білімін  бекітуге,  басқа  да  салалармен 
байланыстыруға тырысады; 
1. 
себеп 
пен 
салдар 
арасындағы 
арақатынасты ажыратуда қиналады; 

77 
 
17-кестенің жалғасы 
 
2.  оқуда  кездескен  қиындықтарды  шешуден 
қорықпайды. 
3. тұтас алған білімін талдай алады. 
2.  бөлшекті  бүтінге  немесе  керісінше, 
бүтінді бөлшекке айналдыра алмайды; 
3.  өзектілікті  анықтап,  қорытынды  жасау 
қиындық келтіреді. 
Эмоционалды сипаты: 
1. қобалжу секілді сезімдерін басқара алады; 
2.  кез  келген  істің  жағымды  тұсын  таба 
алады; 
3. саналы тәуекелге барады. 
1. өз-өзіне деген сенімділігі төмен; 
2.  сәтсіздіктен  қорыққандықтан,  тапсырма 
орындаудан да қашады; 
3. тәуекелге барудан бас тартады. 
Әлеуметтік сипаты: 
1. басқалармен бірігіп жұмыс істей алады; 
2.  өзге  білім  алушылармен  келісімге  келе 
алады. 
1.  топтық  және  жұптық  жұмыстардан 
қашады; 
2.  басқалардың  және  өзінің  жұмысын 
бағалауда қиналады. 
 
   
Ауызша сөз мәдениетін меңгерту мен жетілдіруде де жоғарыда көрсетілген 
сипаттамаларды  ескеру  өте  маңызды.  Тапсырмалар  да  белсенділігі  жоғары 
білім  алушылардың  қабілеттерін  шыңдап,  белсенділігі  төмендердің  үлгерімін 
арттыратындай,  білім  алушылардың  ойлау  қабілеттерін  ашып,  дамытатындай 
болуы тиіс.«Ойы байдың – сөзі бай. Дұрыс ойлай білген адам дұрыс сөйлей де 
білетіні даусыз. Бұл мақсатта қазіргі білім беру жүйесінің талабы: студентті өз 
бетімен білім алуға тәрбиелеуі, кез келген жағдаяттан шығудың жолын табуға 
бағыттауы,  сыни  ойлауды  қалыптастыруы  маңызды.  Осыған  орай  студенттің 
когнитивтік-танымдық  белсенділігін  арттыратын  оқытудың  тиімді  әдістерін 
қолдану  қажет.  Сонымен  бірге  студенттерде  болатын  танымдық  кедергілерді, 
оларды жоюдың жолдарын білу де маңызды деп ойлаймыз» [6, б.57-58]. 
   
Психологиялық және педагогикалық еңбектерде танымдық кедергілер алға 
қойған  мақсатқа  жету  кезінде  пайда  болған  санадағы  қиындықтар  ретінде 
сипатталады. Алайда танымдық кедергілер мотивациялық оқу факторы да бола 
алады. Аталған бағытта жазылған теориялық еңбектердің негізінде жоғары оқу 
орнында  оқитын  білім  алушылардың  (соның  ішінде  филолог-студенттердің) 
оқу барысында кездесетін танымдық кедергілерінің пайда болу кезеңдерін атап 
өтейік: 
   
Бірінші  кезең  оқудың  алғашқы  жылында  болады.  ЖОО-да  оқытылатын 
пәндер мектептегі пәндерден кәсіби бағытқа ие болуымен ерекшеленеді. Яғни 
кешегі  мектеп  оқушысы  жаңа  білім  беру  жүйесімен  танысады,  оған 
бейімделуіне тура келеді. Сондықтан сөз мәдениетіне қатысты пәндерді бірінші 
курста қою қаншалықты орынды деген сұрақ туындайды. 
   
Екінші  кезеңіндегі  танымдық  кедергілер  оқу  және  педагогикалық 
практикадан өту барысында кездеседі.  Мысалы, біздің жағдайымызда филолог-
студент педагогикалық дискурстың шынайы өмірдегі қолданысымен бетпе бет 
жолығады.  
   
Үшінші  кезеңі  студенттердің  бітіру,  яғни  дипломдық  жұмыстарын  жазу 
кезіне  сәйкес  келеді.  Бұдан  шығатын  қорытынды:  ауызша  сөз  мәдениетін 
оқытуда  білім  алушыларда  болуы  мүмкін  танымдық  кедергілерді  де  ескере 

78 
 
отырып меңгерткен жөн.  
   
Зерттеу нәтижелері тұлғаның когнитивтік санасындағы өзгерістер тек оқу 
кезіндегі үдерістерден ғана емес, сонымен қатар білім алушының әлеуметтік – 
МЕН-інің  даму  кезеңдеріне  де  байланысты  екенін  көрсетіп  отыр.  Әрбір  адам 
сөз  мәдениетінің  белгілі  бір  деңгейінің  иесі  болып  табылады.  «Біз  қазақ 
тіліндегі  сөздердің  бәрін  білгеніміз  қазақ  тілін  қолдану  болып  табылмайды. 
Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді 
және  сол  сөздерді  сөйлем  ішіне  орын-орнына  дұрыстап  қоя  білуді  айтамыз. 
Әркім  әр  сөзді  өзінше  қолданады,  өзінше  тұтынады»  [156,  б.321].  Сондықтан 
бірқатар 
социолингвистикалық 
және 
филологиялық 
зерттеулерді 
қорытындылай  келе,  сөз  мәдениеті  деңгейі  иелерінің  келесідей  түрлерін 
ұсынған жөн: 
   
Элитарлы деңгей. Бұл түрінің мынадай ерекшеліктері бар: 
     - әдеби тілдің барлық функционалды-стильдік тармақтарын меңгеру; 
     - 
әдеби  тілдің  фонетикалық,  лексикалық,  грамматикалық  және 
синтаксистік нормаларын сақтау; 
     - қарым-қатынастың этикалық нормаларын сақтау; 
     - сөздің қатысымдық сапаларын білу және сөйлеуде оларды ескеру; 
     - жазба тілде орфографиялық және пунктуациялық ережелерге бағыну; 
     -  өз-өзіне  сенімсіз  болған  жағдайда  қазақ  тілінің  сөздіктері  мен 
анықтамалықтарымен жұмыс жасай алу; 
     - сөздік қордың бай болуы;б. 
     - кез келген қарым-қатынас жағдайында дұрыс сөйлеуге ұмтылу; 
     - үнемі өзінің сөз мәдениетін шыңдауға деген талпыныстың болуы. 
     Орта деңгей. Оның келесідей сипаттарын атай аламыз: 
     -  әдеби  тілдің  функционалды-стильдік  тармақтарының  кейбіреуін 
(қажеттісін) меңгеру; 
     - әдеби нормалары туралы түсініктің болуы, оны сақтауға тырысу. 
     -  кейде  ауызша және  жазба  тіл  формаларының  қолданылу  ерекшеліктерін 
білмей қалу; 
     - қарым-қатынастың этикалық нормаларын сақтау; 
     -  сөздің  қатысымдық  сапаларының  негізгілерін  білу  және  оны  сөйлеу 
барысында ескеруге тырысу; 
     - жазба тілде орфографиялық және пунктуациялық қателер жіберу; 
     - сөздік қордың жеткілікті деңгейде болуы; 
     -  жекелеген  жағдаяттарда  кірме  сөздер,  жаргон,  термин  мен  кәсіби 
сөздерді қолдануда қателіктер жіберу; 
     -  жалпы  өзінің  тілді  игеру  деңгейіне  көңілі  толады,  кейде  өз 
коммуникативтік дағдыларын жақсарту керектігін сезіну; 
     -  бұқаралық  ақпарат  құралдары  өкілдерінің,  филологтардың  сөйлеу  тілін 
өзіне «үлгі сөз» ретінде қабылдау. 
     Ортадан төмен деңгей. Бұл түрінің келесідей ерекшеліктері бар: 
     - барлық жағдаятта ауызекі тұрмыстық сөйлеу тілі жүйесін қолдану; 
     -  әдеби  тіл  нормалары  туралы  түсініктің  болуы,  дегенмен  оны  сақтауды 
өзіне міндет етіп қоймау; 

79 
 
     - сөздің қатысымдық сапаларын ескермеу, бірақ қажетті кезде оны ұтымды 
пайдалана алу; 
     - жазба тілде орфографиялық және пунктуациялық қателер жіберу; 
     - сөздік қордың жетімсіздігі байқалады; 
     -  жекелеген  жағдаяттарда  кірме  сөздер,  жаргон,  термин  мен  кәсіби 
сөздерді қолдануда қателіктер жіберу; 
     -  «үлгі  сөз»  ретінде  отбасы,  достар,  кейде  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
өкілдерінің тіліне қарап бой түзеу. 
     Төмен деңгей. Аталған түрінің сипаттары мынадай: 
     - әдеби тіл нормаларын мүлдем сақтамау; 
     - барлық жағдаятта ауызекі тұрмыстық сөйлеу тілі жүйесін қолдану; 
     - ауызша және жазба тіл жүйесін ажырата алмау; 
     - сөздің қатысымдық сапаларын ескеруге тырыспау; 
     -  кейбір  жағдайларда  қарым-қатынастың  этикалық  нормаларын  мақсатты 
түрде бұзу; 
     - жаргон, варваризм, дөрекі, былапыт сөздерді есепсіз қолдану; 
     - жазба тілде орфографиялық және пунктуациялық қателерді көп жіберу; 
     - сөздік қордың аздығы айқын байқалады; 
     - өзінің тілдік дағдысын жақсартуға деген қызығушылықтың болмауы; 
     - 
элитарлы  сөйлеу  деңгейін  қажетсінбеу,  кейде  мойындамау 
жағдайларының кездесуі; 
     - «үлгі сөз» ретінде отбасы, достардың сөйлеу тіліне еліктеу. 
     Біздің  эксперименттік  зерттеуіміздің  нәтижесінде  филолог-студенттердің 
басым  бөлігі  сөз  мәдениетін  игерудің  ортадан  төмен  деңгейіне  жататындығы 
анықталды.  Кейбір  студенттер  тіпті  өз  бойынан  төмен  деңгейге  тиісті 
сипаттарды тапқан болатын.  
     Қазіргі  кезде  жастардың  ауызша  сөз  мәдениетін  игеруіне  әсер  ететін 
факторлар  бар.  Ол  факторларды  макро  және  микродеңгейдегі  деп  екі  үлкен 
топқа ажыратуға болады.  
 
 
 
Сурет 14 – Жастардың ауызша сөз мәдениетін игеруіне әсер ететін факторлар
 
 
   
Аталған  факторларға  қысқаша  тоқталып  өтейік.  Ауызша  сөз  мәдениетін 
игеруге  әсер  ететін макродеңгейдегі  факторлардың біріншісіне  сөйлеу  тілінің 
стильдік  бедеріжатады.  Оған  ғалым  Н.Уәли  былайша  түсінік  беріп  өтеді: 
«Сөзді алдын ала кесіп-пішіп, елеп-екшеп, талғап-таразылап ой елегінен өткізіп 
жатпаймыз.  Сөйлеу  тілінде  сөзді  машықтанған  (автоматты)  түрде  жұмсай 
береміз.  Сөздің  ақиқат  өмірдегі  зат,  құбылыс,  қимыл,  қимылдың  орындалу 
Макродеңгейдегі факторлар: 
сөйлеу тілінің стильдік бедері, идеология, БАҚ, өмір сүру салты, ауызша сөз
мәдениетіне деген қажеттілік
Микродеңгейдегі факторлар: 
субмәдениет, референтті топ, сөйлеу жағдаяты, білімі

80 
 
тәсілі,  заттың  сыны,  сапасын  (денотаттарды)  меңгеруі,  тікелей  солардың 
таңбасы  болып  жұмсалуын  сөйлеу  тілінің  бедері  деп  атаймыз»  [137,  б.174]. 
Сөйлеу  тілінің  стильдік  бедері  әр  ұлтта  түрліше  болуы  мүмкін.  Басқаша 
айтқанда,  сөйлеу  тілінің  бедері  қаратпа  сөз,  амандасу,  қоштасу,  құттықтау, 
көңіл айту, тілек айту, бата беру секілді әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз 
әдебінен көрінеді. Оларданхалықтың когнитивтік санасының көрінісін байқауға 
болады. Оған дәлел ретінде сөйлеу этикетіне жататын сөздердің бірі амандасуға 
қатысты сөз легінен бірнеше мысал келтірейік: 
   
-  қазақтарда:  «Сәлеметсіз  бе?»  –    басымдық  амандық,  есендік,  саулық 
сұрауға беріледі. Бұрын «Мал-жаның аман ба?» формасы да жиі қолданылған. 
Мұнда халықтың тұрмыс-тіршілігіне қатысты танымдық ерекшелік байқалады; 
   
- орыстарда: «Здравствуйте!» – басымдық денсаулық тілеуге беріледі; 
   
-  америкалықтарда:  «How  are  you?»  (Қал-жағдайың  қалай?)  –  басымдық 
жағдайдың прагматикалық қырына беріледі; 
   
-  танзаниялықтарда:  «Нujambo!»  (Аяғыңызға  жығылдым!)  –  ұзақ  уақыт 
бойы отар ел болудың тілдегі көрінісі байқалады; 
   
- тай халқында: «สวัสดี» (Қарныңыз тоқ па?) – халықтың санасында адамға 
деген қамқорлық оны тамақтандыруында көрінеді. 
   
Осылайша, ұлттық құндылықтарды, оның ауыша сөйлеу тіліндегі стильдік 
бедерін  бойына  қаншалықты  сіңіре  алуына  байланысты  тұлға  сөз  мәдениеті 
деңгейлері  иелерінің  бірі  атанады.  Алайда  қазір  ұлттық  құндылықтардан 
алыстап  бара  жатқандықтан,  ол  тілімізден  де  көрініс  тауып,  тілді  сезінбеу, 
жасандылықпен сөйлеу секілді құбылыстарға бой алдырып жүрміз. Сондай-ақ 
«әрбір  жаңа  ұрпақ  ана  тілін  меңгерумен  қатар  ұлттық  сипат,  дүниетаным 
көрініс  тапқан  мәдениет  кешенін  де  қабылдайды.  Тіл  ғалам  мен  мәдениетті 
бейнелеумен  қатар  сөйлеушісін  қалыптастырады,  оның  салт-дәстүрін, 
дүниетанымын,  ділін,  ұлттық  сипатын  айқындайды.  Әр  халық  мәдени,  тарихи 
даму  барысында  қоршаған  ортамен  тығыз  байланыста  әлем  туралы  білімін 
жинақтап,  сақтайды,  вербалды  сана,  ерекше  мәдени  код  түрінде  тіл  арқылы 
ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізіп  отырады.  Жастардың  үлкендердің  сөзін  түсіне 
алмауы немесе ақын-жазушылардың шығармаларын түсіне алмауы этномәдени 
кодты игере алмау салдарынан туындайды» [155, б.100]. 
   
Сөз мәдениетінің қалыптасуына ықпал ететін макрофакторлардың бірі – ол 
идеология. Идеологиялық көзқарастардың тілдегі көрінісі бірден байқалмайды. 
Ол  халықтың  немесе  тұлғаның  санасына  әбден  сіңгеннен  кейін  ғана  тілінде 
белгілі  бір  сөздер,  штамптар,  клише  сөздер,  сөздің  астыртын  мағыналары 
арқылы  шыға  бастайды.  Мысалы,  қазір  демократиялық  көзқарастар, 
демократиялық сөйлеу мәнері біздің қоғамымызда жастардың тілінде енді ғана 
көрініс тауып келеді. Сол секілді адамдардың дінге көптеп бет бұра бастауы да 
олардың сөйлеу тілінен байқалып жүр (сөйлеу барысында машаллах, иншаллах 
т.б. сөздерді қосып сөйлеу). Қалай дегенмен де, идеология қашан да күшті қару 
болғандықтан, оның біздің сөйлеу тілімізге де әсері мықты болмақ. 
   
Макродеңгейдегі  факторлардың  келесі  түрі  –  бұқаралық  ақпарат 
құралдары болып табылады. Француз әлеуметтанушысы А.Моль осыдан отыз 
жыл  бұрын  өзінің  еңбегінде  адамдардың  санасының  «құранды»  (мозаичная)  

81 
 
санаға  айналып  бара  жатқанын  айтып  кеткен  болатын.  Ол  құранды  сананың 
қалыптасуына  көбінде  БАҚ-тың  әсері  болып  жатқанын  да  айтқан:  «Қазір 
адамдардың білімі мен танымы кездейсоқ, бір-біріне байланыссыз бөліктерден 
құралады.  Ол  тұлғаның  санасына  өз  әсерін  тигізбей  қоймайды»  [159,  б.45]. 
Расында  да,  адам  ойындағы,  санасындағы  шашыраңқылық  оның  тілінен  де 
көрінеді. Қазір жастардың арасында өз ойының бас-аяғын құрап, жинақтап айта 
алмау, талдау жасай алмау секілді жағдайлар жиі ұшырасады. 
   
Тұлғаның  ауызша  сөз  мәденетінің  қалыптасуына  оның  өмір  сүру  салты 
да  өз  әсерін  тигізеді.  Өмір  сүру  салты  дегенде,  біз  адамдардың  қалада  немесе 
ауылды  жерде  тұруы  позициясынан  келіп  отырмыз.  Қала  тұрғындарының 
сөйлеу тілі өзінің кірме, термин, кәсіби сөздердің көп болуымен ерекшеленеді. 
Сонымен  қатар  қала  тұрғыны  бір  күнде  бірнеше  коммуникативтік  рөлге  ене 
алатындығын  байқаймыз  (үй-іші,  қоғамдық  көлік,  жұмыс  орны,  достары, 
таныстары, көршілері т.б.). Ал зерттеу жұмысы барысында ауылда туып-өскен 
студенттердің тілінде жергілікті сөйлеу тілінің әсері көп болатындығы, сөзінің 
эмоционалды-экспрессивтілігі  басым  болатындығы  анықталды.  Демек, 
адамның өмір сүру салты да оның тілінен көрініс табады. 
   
Сөз  мәдениетінің  қалыптасуына  ықпал  ететін  макрофакторлардың 
соңғысы  –  ауызша  сөз  мәдениетіне  деген  қажеттілік.  Бір  өкініштісі,  қазіргі 
таңда қоғамымызда өз ана тілінде сауатты сөйлей, жаза білу құндылықтардың 
қатарынан  алыстап  барады.  Мысалы,  қайда  барсақ  та:  «Оның  шет  тілін  білу 
деңгейі жоғары»,  «Ағылшын  тілін  өте  жақсы біледі»  т.б. сияқты  мақтауларды 
жиі естиміз. Сондай-ақ орыс тілінде өз ойын еркін жеткізе алу – сауаттылықтың 
белгісі  ретінде  көрінеді.  Адамдардың  өз  ана  тілінде  сөйлеу  мәдениетін 
көтеруден  гөрі  кезекті  IELTS  деңгейін  алып  шығуын  құндылық  деп  санауы  – 
қазақ  ауызша  сөз  мәдениетіне  деген  қажеттіліктің,  қызығушылықтың  аз 
болуының  көрсеткіші.  Осыған  орай,  50-ге  жуық  9-11  сынып  аралығындағы 
оқушылардан  «Қазақ  ауызша  сөз  мәдениетін  дамытқыңыз  келе  ме?»  деген 
анонимді  сұраққа  жауап  алынған  болатын.  Нәтижесінде  басым  көпшілігі 
«Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сөйлеу  тіліме  көңлім  толады,  оны  әрі  қарай 
дамытудың  қажеттілігін  сезінбеймін»  деген  жауапты  таңдаған  болатын. 
«Неліктен  сезінбейсіз?»  дегенге:  «Қазақ  тілінде  үйде  ғана  сөйлесемін,  ал 
сабақты  кітап  бойынша  айтып  бере  саламын»,  «Ата-анам  қазақ  тілін  емес, 
орыс,  ағылшын  тілдерін  оқуды  талап  етіп  отыр»,  «Менің  болашақ 
мамандығыма  ағылшын  тілі  керегірек»,  «Таза  қазақ  тілінде  сөйлесем,  маған 
біртүрлі  қарайды»  сияқты  жауаптар  алынды.  Демек,  қазақ  ауызша  тілінің 
зерттелуі  мен  әдістемесінің  жасалуы  осы  бір  факторға  да  байланысты.  Қазақ 
ауызша сөз мәдениетіне деген қажеттілікті айтқанда қазіргі кезде қоғамымызда 
орнаған  көптілділікке  де  соқпай  кетуге  болмайды.  Көптілділіктің  адамның 
когнитивтік  санасына  әсері  қандай?  Оның  өз  ана  тілінде  сөз  мәдениетінің 
дамуына  ықпалы  бар  ма?  Ағылшын  тілі  қоғамымызға  енді  еніп  келе 
жатқандықтан,  әзірге  әбден  бойымызға  сіңіскен  қостілділік  туралы  айтайық. 
Қарым-қатынас  жағдаяттарында  екі  тілді  еркін  пайдалана  алатын  адамды  біз 
қостілді деп атаймыз. Қостілділіктің бірнеше түрлері бар. Мысалы, сөйлеушінің 
өз ана тіліне қатыстылығы жағынан  координациялық және субкоординациялық 

82 
 
деп  ажыратсақ  болады.  Субкоординациялық  түрінде  екінші  тіл  толығымен 
адамның  өз  ана  тіліне  бағынышты.  Яғни  адамның  бастапқы  ойы  ана  тілінде 
туындайды  да,  кейіннен  қажет  кезінде  санасында  сол  ой  екінші  тілге 
аударылады.  Ал  біріншісі  толығымен  сол  тілде  ойлауды  да,  сөйлеуді  де 
қамтиды.  Тілді  адам  санасының  қабылдауына  байланысты  қостілділік 
рецептивті  және  өнімді  болады.  Рецептивті  түріне  ие  адам  екінші  тілді 
көбінесе  жазба  мәтіндер  арқылы  қабылдайды,  тіпті  кейде  өзі  де  жазбаша 
мәтіндер  құрастырады.  Ал  ойын  ауызша  жеткізуге  келгенде  біраз  қиналады. 
Оған кейбір ғалымдар өзге тілде ән айтатын әншілерді де жатқызады. Мысалы, 
әнші  ағылшын  тілінде  әнді  жақсы  орындайды,  алайда  өзі  ол  тілде  сөйлеуге 
қиналады, тіпті білмеуі де мүмкін. Ал кейбір зерттеушілер мұны қостілділікке 
мүлдем жатқызбайды [13, б.101]. Өнімді түрінде сөйлеуші екінші тілде ауызша 
да,  жазбаша  да  өз  ойын  еркін  жеткізуге  дайын  болады.  Қостілділіктің  пайда 
болуына  байланысты  табиғи  және  жасанды  типтері  де  кездеседі.  Жасанды 
түрінде  адам  екінші  тілді  саналы  түрде  оқу  барысында  меңгереді.  Ал  табиғи 
түрі  сөйлеуші  санасы  үшін  аса  қауіпті.  Біздің  еліміздегі  орыс  тіліне  қатысты 
мәселелер де қостілділіктің табиғи түрінің жүзеге асуына байланысты туындап 
отыр.  Біздіңше,  қазақ  ауызша  сөз  мәдениетінің  жастар  арасында  аса  кең 
таралмай  жатуының  себебі  де  осыда.  Мысалы,  қазір  мынадай  жағдайды  көп 
кездестіреміз:  білім  алушы  өз  ойын  ешбір  бөтен  сөзді  қоспастан,    таза  қазақ 
тілінде жеткізеді. Айтқан сөйлемі грамматикалық құрылысы жағынан да дұрыс 
құрылған.  Бірақ  неліктен  ол  білім  алушының  сөзін  біздің  қазақы  санамыз 
қабылдай алмай, бөтенсітіп тұрады? Өйткені оқушы немесе студент санасында 
әуелгі  ойын  орыс  тілінде  құрып  алған  да,  оны  тек  акустикалық  кодқа  түсірер 
кезде  қазақшаға  аударған.  Оны  білім  алушылардың  өздері  де  растайды.  Яғни 
екінші  тіл  біздің  қолданылуы  доминант  ретінде  санамызда  бала  кезімізден 
бастап  бірте-бірте  ана  тілімізді  ығыстыра  бастайды.  Осыдан  «Біз  қай  тілде 
ойлансақ, сол тілдің құлымыз» деген сөз бекерден қалмаса керек.  
   
Көп тілді білу адамды рухани жағынан байытады, жаңа білім алу көздерін 
табуға көмектеседі дейміз. Әрине, оны біз жоққа шығара алмаймыз. Дегенмен 
өзге  тілді  меңгеру  барысында  әрбір  адам  өз  ана  тіліне  сонысымен  нұқсан 
келтіріп  алмауын  ойлануы  керек.  Тіпті  белгілі  ғалым  В.Аракиннің  (ғалымның 
өзі де көптеген еуропа және кейбір түркі тілдерін білген) айтуынша, адам басқа 
тілді  үйренген  кезде  өз  ана  тіліне қорғаныш  қабатын  түзе  алады.  Яғни  екінші 
тілдің  когнитивтік  санасының  белгілі  бір  деңгейлеріне  өтуіне  жол  бермейді 
[160, б.56]. 
   
Аталғандар  белгілі  бір  әлеуметтік  топ  деңгейіндегі  ауызша  сөз 
мәдениетінің қалыптасуына әсер ететін макродеңгейдегі факторлар болса, одан 
тыс  жеке  тұлғаның  ауызша  сөз  мәдениетіне  ықпал  ететін  микродеңгейдегі 
факторлар  да  бар.  Олардың  біріншісіне  субмәдениеттіатай  аламыз. 
Субмәдениет (лат. sub —  төменгі, нем. kultur —  мәдениет)  –    ірі  мәдени 
құрылым  ішіндегі белгілі бір  топтар, бірлестіктер  мәдениеті  дегенді  білдіреді. 
Субмәдениет  көбінде  қоғамда  өктем  болып  тұрған  мәдениет  пен әлеуметтік 
құрылымға оң  немесе  теріс  қатынас  нәтижесінде  пайда  болады.  Қазіргі 
жағдайда  субмәдениет  үлкен  аймақтық,  ұлттық  мәдени  құрылым  негізінде 

83 
 
пайда  болып,  сол  мәдениеттегі  классикалық  дәстүрден  тысқары  тұрады. 
Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әртүрлі жас ерекшеліктеріне байланысты 
топтар,  бейресми  бірлестіктер  т.б.  құрайды[161].  Қазіргі  қоғамда  жастардың 
ауызша  сөйлеу  тіліне,  әлеуметтанушы  ғалымдардың  пікірінше,  көптеген 
субмәдениеттің ықпалы көрінеді. Олардың ішінде ең ірілері ретінде белгілі бір 
музыка ағымына, әртүрлі қызығушылықтарға байланыстыларын атауға болады 
екен [162]. 
   
Жастардың  ауызша  сөз  мәдениетіне  референтті  топтардың  өзіндік  әсері 
бар.  Адам  өмірінде  оған  қарап,  бой  түзейтін  адамдары  болады.  Сол  адамдар 
референтті топты құрайды. Біздің зерттеуімізде филолог-студенттердің ауызша 
сөз мәдениетін дамытуда әсер ететін референтті топ өкілдері ретінде олардың 
отбасын,  достарын  және  оқытушыларын  атай  аламыз.  Референтті  топтардың 
әсерін  мынадан  да  көре  аламыз:  оқу  барысында  қалыптасқан  әр  студенттік 
топтың  өзіндік  сөйлеу  мәнері,  мәдениеті  болады.  Оны  сол  топтағы 
көшбасшылар қалыптастырады. Мысалы, бір топтың студенттері өз ойын еркін 
жеткізуге  бейім  тұрса,  екінші  топты  сөйлетудің  өзі  қиынға  соғады.  Сөйлеуі 
қиын топтың ішінде белсенді студенттер болса да, 3-4 курсқа қарай олардың да 
қалыптасқан үрдіске төселетіндері байқалған.  
   
Біз  жұмысымыздың  басында  макродеңгейдегі  референтті  топ,  сөйлеу 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет