Міндеттері:
қатар жатқан қос сызықтың ортасымен кең адымдап жүруге үйрету. Түрлі
ырғақпен музыкаға сәйкес әртүрлі қозғалыстар жасау, ырғаққа сай жүру, қолдарын
қозғалтып алға-артқа жеңіл жүгіру. Допты бір-біріне домалатуға жаттығу, допты қос
қолдап серпіп итеру қабілетін қалыптастыру; көзбен мөлшерлеу, кеңістікте бағдарлау
қабілеттерін дамыту. Балалардың бойында қайырымдылық, дербестік, ойыншықтарды
күтіп ұстау сынды қасиеттер қалыптастыру.
Ойын:
«Секір-бұрыл».
Мақсаты:
секірген кезде бұрылу қабілетін нығайту.
Күтілетін нәтиже:
жасайды:
музыканың ырғағымен реттеу жаттығуларын, қолды еркін ұстап кең адымдап
жүруді.
түсінеді:
сандықтың қандай мақсатта пайдаланылатынын, музыкаға, ойыншықтың
образына сай қимылдауды, параллель қос сызықтың (ені – 15 см) ортасымен жүргенде
тепе-теңдікті қалай сақтау керектігін.
қолданады:
параллель қос сызықтың (ені – 15 см) ортасымен жүру, допты бір-біріне
домалату, бұрылыстармен секіру қабілеті.
Достарыңызбен бөлісу: |