III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.Ойыншықтарды күтіп ұстау
қажеттігін балалардың есіне салады.
Релаксация: «Бұзылған қуыршақ». Балалардың тыныс алуы мен демін сыртқа шығаруына
назар аударады.
Ойыншықтарды қайтадан балаларға айналдырады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
№56
Білім беру саласы:
Денсаулық. Әлеумет
Бөлімі: Денешынықтыру
.
Тақырыбы:
Сиқырлы дорба
Мақсаты:
Секіру және допты бір-біріне лақтыру дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
бірнеше сызықтан керекпен секіруді, бір уақытта екі аяқпен екпінмен
итерілуді, денені алға еңкейтпей, жерге аяқтың ұшымен түсуге үйетуді жалғастыру.
Музыкаға сай түрлі ырғақпен әртүрлі қозғалыстар жасау қабілетін жетілдіруді әрі қарай
жалғастырамыз: тізені жоғары көтеріп ырғақпен жүру, бір қалыпты отырып-тұру
жаттығуларын орындау. Допты бастан асыра ұстап, қос қолдап лақтыруға жаттықтыру.
Ойлау қабілетін, зейінін, есту арқылы қабылдау және көзбен мөлшерлеу қабілетін
дамыту. Ынталылық пен ыждағаттылыққа, өз-өзіне сенімділікке баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |