Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі



бет9/13
Дата04.11.2016
өлшемі2,57 Mb.
#340
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

4.2. Қазақтың музыкалық өнері

Кез келген ұлттық мәдениетті дамыту үшін оның өткен кезеңдеріндегі формаларын түсіндіретін аналитикалық ойлану әдістері қалыптасуы қажет, өйткені бүгінгі мәдениетте өткен ғасырлардың әсері мен оның көпғасырлық мұрасы көрініс табады. Келешектегі қазақтың музыка өнеріне қазіргі музыкалық мәдениеттің қай формалары кіретінін болжау қиын, бірақ сонда да келешекте көне дәстүрлер маңызды рөл атқаратыны белгілі, өйткені олар уақыт шыңынан өткен рухани құндылықтар болып танылады.

Музыка өнерінің хронологиялық ауқымы туралы археологиялық мәліметтер хабар береді, олардың деректері бойынша Орта Азия мен Қазақстан жерлеріндегі музыка мәдениетінің тамырлары көне кезеңдерде бастау алады. Қазақстанның жерінде ХХ-ХХV ғасыр бұрын салынған петроглифтер табылған. Оларда бірнеше музыкалық аспаптарда ойнап және билеп тұрған адамдардың мүсіндері салынған. Б.д.д. дейін І ғасырда көне Хорезм, Соғда, Бактрия және Парфия мемлекеттері кезінде сол уақытта кең тараған музыка аспаптарының суреттері табылған. Осыған қарағанда қазіргі кезде Орта Азия мен Қазақстандағы көптеген ұлттық музыка аспаптары түрікмен, қырғыз, өзбек, қазақ және т.б. халықтардың қалыптасуына дейін пайда болған екен. «Археологиялық ескерткіштердің арасында (қабырғаға салынған суреттер, жазулар, терракота) екі мың жыл бұрын қолданылған шертіп ойнайтын екі ішекті аспаптың суреті ерекше назар аудартады. Археологиялық екі ішекті аспаптар – қазақтың домбырасы мен қырғыздардың комуз аспаптарына өте ұқсас болып келеді» (Виноградов В. Музыкалық археология туралы //Кеңес музыкасы, 1971, № 5, 89-б.). Ішекті аспаптар Орта Азия жерінде пайда болып, осы жерден басқа халықтарға жайылған. Қазақтың қобызына ұқсас аспаптар қазіргі виолончель, скрипка мен альт аспаптарының «ата-бабасы» болғаны мүмкін.

Музыка мәдениетінің өркендеу кезеңі Орта Азияда орта ғасырларда көрініс тапқан. Ол кезде орындаушылық өнермен қатар сол кездегі батыс еуропалық теориясының деңгейінен аса дамыған орта азиялық ғалымдардың музыкалық-теориялық ғылыми трактаттары пайда болған. Бұл дәуірде әл-Фараби (870-950 жж.), Ибн Сина (980 ж. қайтыс болған), Сафиэд-Дин (1414-1452) музыка теортиктері өмір сүрген. Олар грек философиясының негіздерін меңгеріп, музыканы математикалық әдістермен зерттейтін. «Музыка дегеніміз – цифрлық қарым-қатынасы бар әр түрлі дыбыстар мен интервалдардың байланысы», - деп әл-Фараби өзінің музыка туралы трактатында жазған («Араб музыкасы» атты Ж. Рауненің орысша аудармасынан келтірілген сілтеме. Қолжазба Ташкенттің мемлекеттік консерваториясының кітапханасынан алынған. 45-б..).

Жалпы Орта Азия музыка мәдениетінің бір бөлігі ретінде қазақтың музыка мәдениетін қарастыра отырып, оның басты өмір салты көшпелі түрінде өткенін ескеру қажет. Өйткені қазақтарға дейін өмір сүрген тайпалар да көшпелі шаруашылық түрін ұстанатын. Сондықтан қазақ музыкасын зерттеу үшін номадизмнің әлеуметтік-тарихи белгілерін талдап, оның ерекше эстетикалық белгілеріне және өнердің дамуындағы ерекше заңдылықтарына назар аудару керек.

Қазақстан жерінде номадизм тарихы VIII-V ғасырларда басталады, бұл кезде алғашқы этномәдени типтегі тайпалар қалыптасып, көшпелі өмір салтын ұстана бастайды (Марғұлан Ә., Әкішев К., Қадырбаев М., Оразбаев А. Орталық Қазақстанның көне мәдениеті. – Алматы, 1966, 70, 288-бб.). Адамзаттың тарихында номадизмнің қалыптасуы прогрессивтік қадам болды, өйткені оның бірқатар жағымды және қолайлы жағдайлары шекаралас жерлерде тұратын, жер шаруашылығымен айналысатын елдердің және қала мәдениетінің элементтерін тартатын.

Заңды түрде маңызды мәселе көтеріліп тұр: номадизм осы жерлерге келгенде осында бұрын болған көркемдік әрекеттердің түрлерін сақтап қалды ма, әлде керісінше, өзімен бірге осы жерлерге көркемдік мәдениеттің жаңа формалары мен құралдарын әкелді ме? Адам болмысының негізін құрайтын еңбектің формалары мен түрлері өзгерсе, оның қоғамдық сана мен қоғамның идеологиясы да өзгеретіні мәлім. Көшпелілердің өнері жаңа әлеуметтік дүниенің нәтижесінде пайда болғандықтан оның жаңа өмірлік қажеттіліктеріне сай қасиеттері қалыптасу керек еді. Көшпелілердің сапасы жағынан жаңа қоғамдық жүйесінде өнердің түрлері олардың көшпелі өмірге сай жағынан таңдалады. Сондықтан номадтардың эстетикалық дүниесінде негізінде өнердің идеалды және затқа байланбаған түрлері дамыған. Қазақтар мен олардың аталарында ол поэзия мен музыка болды.

Музыка мен поэзияға қоғамның қойған мақсаттары көп функционалды болғаны соншама, халықтың рухани күштері осы аталған өнердің түрлерінің дамуына мақсат қойды. Поэзия мен музыканың мазмұны философиялық өмірді жырлау мен адам мен табиғаттың біртұтастығынан туындайды. Отырықшы жер шаруашылығымен айналысатын халықтардың коллективизміне сай табиғатқа қарсы шығатын пафостың керек еместігі көшпелі өмір салтында табиғат пен адамның тепе-теңдігін жырлайды.

Мусикалық өнерлердің (музыка және поэзия) қазақтың жалпы ұлттық мәдениетінің жүйесінде ерекше әлеуметтік-тарихи орны туралы сөз қозғасақ, халық үнемі қозғалыста болып, көптеген шақырым жерлерге көшіп жүргенде мүмкіндігінше өзінің қоғами өмірін ұйымдастыруға тырысатын. Көшпелі өмір салтының жағдайында рулық, тайпалық және одан да ірі ұйымдар құрылып, олар дұрыс тіршіліктің басты шарты ретінде ұйымдастырушылық пен жалпы мақсаттылықты ұстанатын. Ғасырлар бойы қазақ қоғамында тәрбиелі функцияны атқаратын белгілі салттар мен ғұрыптар жүйесі қалыптасқан. Ұрпақтардың арасындағы сабақтастықты орнататын құрал ретінде музыкалық-поэтикалық өнердің ішінде эстетикалық құндылықтар қалыптасқан.

Қазақ даласын А.В. Затаевич «ән теңізі» деп атаған. Шынымен, ұзатылып бара жатқан қыз әдетте өз «сыңсуын» өзі шығарып, айтатын. Еш бір жас жігіт өзінің сүйгеніне махаббатын қарапайым күнделікті әңгімелесетін жай ғана прозалық формада айтпай, арнайы сұлу ән шығаратын. Үйлену салтының тойларында ғұрыптық әндердің орындалуы музыкалық-поэтикалық спектакльдерге айналатын. Адам қайтыс болғанда да ән айтылатын. Егер қартайған кісі өзінің артынан ән шығаруға қабілеті жететін адамды көрмесе, өз «жоқтауын» өзі шығарып, жақындарына оны айтуға өсиет қалдыратын.

Әр мәдениетте заңдылықты түрде болатын өркендеу және ыдырау кезеңдерін қоса қазақтың ауызекі музыкалық мәдениетінің нұсқалары оның анық тарихи эволюциясы туралы мәліметтер бере алмайды. Жазуы болмаған музыкалық мәдениетінің құрамында байырғы көне қабаттарын зерттеп, олардың қалдықтарын да табуға болады, бірақ жалпы алғанда музыкалық және музыкалық-поэтикалық тілдің эволюциясы көбінесе бірте-бірте жоюлуға және ұмтылуға жақын болған.

Қазақтың ұлттық музыкасының өркендеу және ыдырау кезеңдері туралы объективті түрде археологиялық және этнографиялық деректер мәлімдейді. Олардың мәліметтері бойынша, ХІХ ғасырға дейін қазақ қоғамында әр түрлі ысқышты, плекторлық, үрлемелі, ұрмалы аспаптар кең таралған. Олардың жоғалуының себебі осы уақытта дәстүрлі музыка мәдениетінің ыдырауымен байланысты болған. Бұрынғы әлеуметтік институттардың бұзылуына және олардың бағыттарының өзгеруіне апаратын жаңа тарихи ықпалдардың әсерінен номадизм капиталистік мемлекеттердің бұрын болмаған экономикалық өсуіне қарсы тұра алмайтын болды. Күшті өнеркәсіптік елдермен жан-жақты қарым-қатынастарды құрып, көшпелі даланың негізгі өмір салты көптеген ғасырлар бойы қазақ қоғамының негізгі экономикалық түпнегізі болған көшпелі мал шаруашылығы ыдырай бастайды. Өзінің функционалдығын жоғалта бастаған әлеуметтік институттармен қатар ғұрыптардың музыкалық-эстетикалық формалары азайып, қазақтардың музыкалық тұрмысының құрамдас элементтері қолданыстан шыға береді.

Бірақ жалпы халықтың рухани талпыныстарымен пайда болған мәдени мұра тарихи сахнада өзінің қайталанбас түрінде сақталып қалады. Номадтардың музыкасы да өшпейді, өйткені халық музыка өнерінің керемет өнегелі-этикалық күшіне сенетін. «Қазақтардың музыкасы жоғары деңгейде дамыған ғажайып бай және әр түрлілігімен сипатталады, оның кейбір белгілері жаңа батыс-еуропаның кәсіби музыкасына ұқсас болса да, тікелей пайдалану кездеспейді. Қазақ музыкасының мәселелерін зерттеу келешек ғалымдардың еңбегі деп ойлаймын», - деп ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ музыкасы туралы К. Квитка жазған (Квитка К. Кеңес Одағында пентатониканың этнографиялық таралуы. – П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы. Халық шығармашылығы кабинетінің мұрағаты, инв. № 4/58, 25-26 бб.).

Осындай беделі жоғары салыстырмалы музыкатану саласының маманының бағасы сол дәуірдегі дәстүрлі қазақ музыкасының шынайы көрінісіне сәйкес болып келеді. Аталған дәуірде көптеген музыкалық аспаптардың, стильдердің, формалардың, музыкалық мәнерлеу тәсілдерінің қолданыстан шығуымен қатар қазақтың әншілік және аспаптық өнері өркендей бастайды, халықтың арасында көрнекті композиторлар пайда болады. Сақталып қалған музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, т.б.) мен әндер барлық ең жарқын әрі қайталанбас белгілерді қамтып, дамытады.

Қазақ музыкасының ұлттық өзгешелігінің табиғатын анықтау үшін оның мусикалық өнерлердің басқа түрлерімен қарым-қатынастарында оның орнын, мағынасын түсіну де қажет. Солардың ара қатысын талдау барысында қазақтың дәстүрлі музыкасы оны фольклорлық деп атаудың мағынасына толық сәйкес келмейді, өйткені ол көне заманның өнері тәрізді поэзия мен биден ажырамас болып табылады («мусикалық кешеннің» біртұтастығы). Бұрынғы зерттеулер бойынша кез келген халықтың фольклорындағы музыкалық өнер би немесе поэзияда қолданатын функциялары бар жерлерде ғана кездеседі. Бірақ, сөз бен бидің сүйемелдеуі ретінде, соларға тәуелді рөл атқарғанда, музыкалық өнер өз бетімен дами алмайды, оның нәтижелері музыкалық мәнерлеудің құралдарын қолдану деңгейінде ғана көрініс табады.

Ал қазақтарда музыка би өнерінің сүйемелдеуі болмаған (немесе толық түрде болмаған), сондықтан оның негізі жарқын, өзгеше, биге тән жылдамдылық пен қимылға байланысты өлшемдік-ырғақтыққа тәуелсіз болып келеді. Өлшемдік-ырғақтық негіздің белсенділігі мұнда жылдамдылықты құруға, шығарманың түгел биге айналуына бағытталмаған, оның барлық музыкалық даму құралдары әнші демінің музыкалық энергиясының ағымын нығайтуға арналған. Қазақ музыкасында әуеннің басымдылығы уақыттың созылуы мен динамикалық компоненттерге әсер етеді. Ән мәдениетінде кең және еркін дауыстың деміне музыкалық дыбысқатарлық белгілермен қатар әннің поэтикалық мәтіні де тәуелді болады.

Ал қазақтың аспапты музыкасы сөздің әсерінен босап, «таза» музыкалық көркемдік логикаға құрылған. Әуеннің жоғары дамыған жетістіктері мен жеке аспаптық музыка тілінің өзара байланысы туралы Б. Асафьев айтқан, оның пікірінше, «қазақ әндері мен аспаптық импровизацияларының құрылымында симфониялық дамудың сарқылмас бұлағы жатыр. Бұл құрылымның табиғаты жоғары дамыған, үйлесімді, әрі лүпілдеп тұрған материал» (Асафьев Б. Қазақтың халық музыкасы туралы //Қазақстанның музыка мәдениеті. – Алматы, 1955, 9 б.).

Қазақтың дәстүрлі музыкасын жалпы бағдарламалы деп айтуға болады. Воклдық музыкаға ол толығымен тән, кез келген поэтикалық шығармашылық музыкалық сүйемелдеуімен өтеді. Өткен ғасырлардағы дәстүрлі мәдениетінде музыкалық сүйемелдеусіз орындалатын көлемді эпикалық жырлар кездеспейді. Осыған қарағанда ғасырлар бойы музыкада бағдарламалықтың белгілері қалыптасты деуге болады. Қазақтың аспаптық музыкасында да бағдарламалықтың белгілері көрінеді. Көбінесе аспаптық шығарманың мазмұны мен сол күйде бейнеленетін оқиғалар алдын ала айтылатын күйдің аңызында баяндалады.

Кейде қобыз немесе домбыраға арналған шығармалардың арасында сөзбен түсіндіруді қажет етпейтін, форманың ішкі даму заңдылықтарына құрылатын шығармалар кездеседі. Олар көбінесе жалпы философиялық түрде аталады. Мысалы, «Өмір», «Жігер», «Ғашықтық», «Шабыт», «Әуен», т.б. Мұндай шығармаларды орындау алдында ешқандай сөзбен түсіндіру қажет болмайтыны – бұл пьесалардың жоғары кәсіби деңгейін білдіреді.

А.В. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйлері» атты атақты жинақтарында ХХ ғасырдың басындағы музыка мәдениетінің болмысы қамтылған. Олардағы нұсқалардың үштен бір бөлігінің авторлары бар. Оған қарағанда, қазақтың көшпелі өмірінде халықтың кәсіби тұлғалары - ақындар, өлеңші, жырау, жыршы, күйші, қобызшы, бақсы және т.б. әр түрлі қоғамдық шараларға қатысып, ауыл аралап, халықта кең танылатын болған.

Тарихта қалыптасқан кәсіби типтердің әр қайсысының мектептері мен стильдері болатын. Әр мектеп өз талаптарын сақтап, кәсіби деңгейін белгілейтін. Ұстаздарының ең жақсы жетістіктерін сақтап келесі ұрпақтарға жеткізу талпынысы халықтың есінде бұл шығармалар көпке дейін сақталатынын түсіндіреді. ХІХ ғасырда өмір сүрген көрнекті композиторлардың (Құрманғазы, Дәулеткерей, Ақан сері, Біржан және т.б.) шығармаларымен қатар, қазіргі уақытқа дейін халықтың арасында көптеген ғасырлар бұрын өмір сүрген авторлардың (Қорқыт, Асан қайғы, Қазтуған жырау, т.б.) шығармалары да сақталған.

Қазақтың қоғамында сан алуан музыкалық мектептердің қалыптасуы музыкалық диалекттермен де байланысты болған. Мысалы, Батыс Қазақстанның әндері мен күйлерінің формасы, интонациялық элементтерінің Шығыс Қазақстанның кәсіби шығармаларынан өзгешелігі бар. Өйткені кәсіби шығармашылықтың өзі халықтан шығып, жергілікті және аймақтық ерекшеліктерді қамтиды.

Музыкалық фольклор мен кәсіби мектептердің аймақтық ерекшеліктеріне көпке дейін ғалымдар назар аудармаған. Ал қазақтың музыкалық тілінің локальдық ерекшеліктерінің үрдістерін зерттеуде жалпы музыка мәдениетінің тарихи қалыптасу процесстерін анықтауға болады. Қазақтың музыка тілінің локальдық ерекшеліктері әр түрлі жолдармен қалыптасқан. Біріншіден, әр түрлі тайпалар бірге қосылғанда, олардың әр қайсысының өзіндік белгілері сақталған. Екіншіден, музыка тілінің локальдық ерекшеліктері әр түрлі тарихи себептердің салдарынан бір халықтың ішінде қалыптасуы да мүмкін болған. Осы тұрғыдан үйсіндерді, адайлардың, наймандардың және т.б. музыкалық белгілерін тауып, олардың бір бірімен тарихи қарым-қатынасын қарастырсақ, қазақтың көптеген өзгешеліктерін түсінуге болады, олар қоғамның ішіндегі рухани құндылықтарының дамуын көрсетеді.

Қазақтың ұлттық музыка өнері ғасырдан-ғасырға дәуірлеп келе жатқан сарқылмас өнер. Уақыт зымырап, жылдар жылжып өткен сайын тамырын тереңге тартып, өрісін кеңейтіп, барынша даму үстінде. Бұған барша халықтың көзі әбден жетіп отыр.

Қазақтың ұлттық музыка өнері сонау ұлттық ауыз әдебиетінен басталған фольклорлық-этнографиялық өнерден бастау алып қанатын кеңге жайған, құлашын шыңға шарықтатқан өнер.Қазақ халқының ұлттық музыкасының өзіндік дәстүрлі, салттық қасиеттері жеткілікті. Соның нәтижесінде қазақ елінде мазмұнды, мағыналы, айтар ойы бар құнарлы музыка мәдениеті қалыптасты.

Ән мен күйлердің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнда халық өмірінің әр замандағы тарихи кезеңдердегі тыныс-тіршілігін, салт-сананың, әр түрлі оқиғалардың сырын астарлап көркем баяндайтын ғажап көріністері елестейді. Ұлттық музыка рухани өмірдің өзегінен, қоғамдық іс-әрекеттердің өзара қарым-қатынастарынан, адам баласының күнделікті тұрмысынан айшықты орын алады. Көбінесе, көшпенділер дәуірінде, тіпті бүгінгі күнде де тарихи ұлттық дәстүріміз жалғасып келеді. Мәселен, малшы қауымы көктемгі төл алудан бастап жайлауға көшерде, одан соң күздікке қоныс ауып соңынан қыстауға баруының өзінде «қоныс құтты болсын!», немесе «көш байсалды болсын!», т.б. құтты сөздерді айтады. Сонда әрбір маусымның айтулы күндерінде, жыл басы Наурыздан бастап «Ораза айт», «Құрбан айт», «Жарыс қазан», «Шілдехана», «Бесікке салу», «Шашын алу», «Тұсауын кесу», «Сүндетке отырғызу», қыз айттырғанда «Сырға салу», «Келін түсіру», «Келіннің бетін ашу», т.б. осындай айтулы оқиғалардың барлығына да ақ тілек айту, бата беру, ырым жасап, тілек білдіру сәттерінде ән айтылады, күй тартылады, би билейді. Соның барлығы музыкамен сүймелденеді. Шалғайдағы ауыл адамдарын жиын-кеңестерге, тойға, қонаққа шақыру, жақсы жаңалық хабарларды жеткізушілер ән әуенімен орындап отырған.

Аты аңызға айналған Қорқыт (8,9 ғасыр) бабамыздың қоңыр қобызының үні, 15 ғасырда өмір сүрген Қазтуған мен Асан қайғы (Сәбит Хасан) қазақтың өткен ғасырлардағы музыка мәдениетінің дүлдүл өкілдері екені белгілі. Бертін келе Біржан сал Қожағұлұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Ықылас Дүкенұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейіс келіні, Ақансері Қорамсаұлы, Мұхит Мерәліұлы, Әсет Найманбайұлы, тіпті Қазанғап, Тәттімбет, Сармалай, т.б. әндері мен күйлері жоғары деңгейдегі көркемдік мазмұнымен халық музыкасының классикалық қорына қосылғанын халық жақсы біледі.

Жүздеген жылдар өткенімен әншілердің, күйшілердің сүбелі туындылары ешқашан ұмытылмайды, керісінше, халық арасында сары алтындай сақтала береді.

Музыка әлеміне дендеп мән берсек ең алдымен адамның көңіл-күйін білдіретін өте сыршыл өнер. Музыкалық шығарманың мәйекті мазмұнында адам баласының сезімі, ақылы, ойы және уақыт тынысынан мазмұндама беретінін табиғаттың сұлу көріністерінен де жан-жақты белгі беріп отырады. Мұның өзі адамның мінез-құлқынын айшықты баяндап қана қоймай қал-ахуалын, жағдайын әуенмен ашуда адам таңғаларлық ғажап жағдай тудырып отырады. Қоғамның ісін адамның халық алдындағы атқарған қызметінен де нақтылы сезімге толы сыршыл бейнелеуде музыканың атқарар рөлі ерекше және мүмкіндігі мол.

Музыка өнерінің тәрбиелік, өнегелік мәні де күшті. Музыка өнерінде бірнеше негіз бар. Ең алдымен музыканы шығарып, өмірге әкелу, одан соң сол музыкалық туындыларды (ән, күй, балет, опера) орындау және сол туындыларды тыңдап отырған өнерсүйер халықтың қабылдауы.

Қазақтың ұлттық музыка өнері ғасырдан-ғасырға дәуірлеп келе жатқан сарқылмас өнер. Уақыт зымырап, жылдар жылжып өткен сайын тамырын тереңге тартып, өрісін кеңейтіп, барынша даму үстінде. Бұған барша халықтың көзі әбден жетіп отыр.

Қазақтың ұлттық музыка өнері сонау ұлттық ауыз әдебиетінен басталған фольклорлық-этнографиялық өнерден бастау алып қанатын кеңге жайған, құлашын шыңға шарықтатқан өнер.Қазақ халқының ұлттық музыкасының өзіндік дәстүрлі, салттық қасиеттері жеткілікті. Соның нәтижесінде қазақ елінде мазмұнды, мағыналы, айтар ойы бар құнарлы музыка мәдениеті қалыптасты.

Ән мен күйлердің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнда халық өмірінің әр замандағы тарихи кезеңдердегі тыныс-тіршілігін, салт-сананың, әр түрлі оқиғалардың сырын астарлап көркем баяндайтын ғажап көріністері елестейді. Ұлттық музыка рухани өмірдің өзегінен, қоғамдық іс-әрекеттердің өзара қарым-қатынастарынан, адам баласының күнделікті тұрмысынан айшықты орын алады. Көбінесе, көшпенділер дәуірінде, тіпті бүгінгі күнде де тарихи ұлттық дәстүріміз жалғасып келеді. Мәселен, малшы қауымы көктемгі төл алудан бастап жайлауға көшерде, одан соң күздікке қоныс ауып соңынан қыстауға баруының өзінде «қоныс құтты болсын!», немесе «көш байсалды болсын!», т.б. құтты сөздерді айтады. Сонда әрбір маусымның айтулы күндерінде, жыл басы Наурыздан бастап «Ораза айт», «Құрбан айт», «Жарыс қазан», «Шілдехана», «Бесікке салу», «Шашын алу», «Тұсауын кесу», «Сүндетке отырғызу», қыз айттырғанда «Сырға салу», «Келін түсіру», «Келіннің бетін ашу», т.б. осындай айтулы оқиғалардың барлығына да ақ тілек айту, бата беру, ырым жасап, тілек білдіру сәттерінде ән айтылады, күй тартылады, би билейді. Соның барлығы музыкамен сүймелденеді. Шалғайдағы ауыл адамдарын жиын-кеңестерге, тойға, қонаққа шақыру, жақсы жаңалық хабарларды жеткізушілер ән әуенімен орындап отырған.

Аты аңызға айналған Қорқыт (8,9 ғасыр) бабамыздың қоңыр қобызының үні, 15 ғасырда өмір сүрген Қазтуған мен Асан қайғы (Сәбит Хасан) қазақтың өткен ғасырлардағы музыка мәдениетінің дүлдүл өкілдері екені белгілі. Бертін келе Біржан сал Қожағұлұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Ықылас Дүкенұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейіс келіні, Ақансері Қорамсаұлы, Мұхит Мерәліұлы, Әсет Найманбайұлы, тіпті Қазанғап, Тәттімбет, Сармалай, т.б. әндері мен күйлері жоғары деңгейдегі көркемдік мазмұнымен халық музыкасының классикалық қорына қосылғанын халық жақсы біледі.

Жүздеген жылдар өткенімен әншілердің, күйшілердің сүбелі туындылары ешқашан ұмытылмайды, керісінше, халық арасында сары алтындай сақтала береді.

Ауылдарды аралап жүретін әнші-өлеңші (әншілер), күйшілер, ақындар мен жыршылар ертеден дәстүрлі музыка өнерін таратушылар болып саналады. Жаңа кезеңде музыка өнерінің дамуына ХІХ–ХХ ғасырлар ортасындағы белгілі халық композиторлары мен әншілерінің, композитор-аспапшылардың әсері ерекше болды. Олардың арасында қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу-Мұса Байжанов, Дәулеткерей Шығаев, Құрманғазы Сағырбаев, Ықылас Дүкенов, Мұхит Мералиев, Балуан-Шолақ, Ақан-Сері, Тәттімбет, Мәди, Қазанғап, Дина Нүрпейісова, Кенен Әзірбаев және басқаларды атауға болады.

ХХ ғасырда қазақтың музыка өнері жаңа музыкалану мен жанр формаларымен ерекшеленді. Аз ғана уақыттың ішінде республика еуропалық классикалық музыка-операның, симфонияның, балет инструменталды концерті, кантатаның, ансамбльдің, оркестрлік және хор орындаушылық түрлерінің жанрлық арсеналы жаңа кәсіби композиторлық мектептің негізін қалады. ХХ ғасырдың 30-40-жылдарында ұлттық мазмұндағы органдық синтездің және еуропалық форма негізінде қазақ опера өнерінің классикалық туындылары жарық көрді, олар – Е.Брусиловскийдің «Қыз жібек», А.Жұбановтың, Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» және басқа опералар.

Қазақтың халық әндерін мәтіндік жалпылығына және музыканы айту мәнеріне қарай эпикалық, еңбек, отбасы-тұрмыстық, балалар, лирикалық, тарихи, әлеуметтік наразылық тағы сол сияқты әндер деп бөлуге болады. 60-70-жылдары республикада еуропалық инструменталды музыканың ең күрделі жанрларының бірі – Г. Жұбанова, К.Қожамяровалардың классикалық туындыларына жақын симфоникалық күй туды. Ұлттық аудиторияның ерекше ықыласына бөленген қазақтың монодикалық музыкасының оркестрі мен хоры болды. Ерекше кең таралған музыка ежелгі музыкалық аспаптармен орындалатын «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрін атап өту керек. Бұл ұжымның айрықша, қайталанбас бейнесін дирижер, композитор, жетекшісі және домбырашы Н.Тілендиев жасаған еді.

Орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қатар республикада музыкаландырудың дәстүрлік формалары дамып, бұқаралық музыканың формалары (рок эстрада, джаз) қалыптасуда, фольклор мен Қазақстан халқының ауызша кәсіби дәстүрлері де дамып жатыр. Республикада түрлі көркем салаларды орындаушылық ұжымдар жұмыс жасауда – мемлекеттік симфоникалық оркестр, Құрманғазы атындағы қазақ халықтық аспаптар оркестрі, мемлекеттік үрлемелі оркестр, хор, халық билерінің ансамблі, Г.Жұбанова атындағы мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамблдер, үрлемелі және джаз оркестрлері. Қазақстан – Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Г.Есімова, Ә.Дінішев, Г.Қыдырбекова, А.Мұсаходжаева, Ж.Әубәкірова және әлемдік музыка мәдениеті жұлдыздарының бесігі саналатын М.Бисенғалиев, Э.Құрманғалиева, апалы-сіңлілі Нақыпбековтер, И.Мұратбекова, Қ.Жолдыбаева, Т.Ержанова сияқты халықаралық деңгейдегі орындаушылар отаны. Бүгінгі күні екі опера және балет театры, мемлекеттік филормония, ұлт аспаптар академилық оркестрі, бидің академиялық театры, би және аспаптар ансамбльдері және басқалар жемісті еңбек етуде. Қазақтың кәсіби балет өнері ХХ ғасырдың 30-жылдарында Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театрында болған «Айман-Шолпан», «Шұға», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қамбар-Назым» және т.б. қойылымдардан бастап дами бастады. Мемлекеттік академиялық би театрының репертуарында (1967 ж негізі қаланған, көркемдік жетекшісі халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Б.Аюханов) классикалық балет миниатюралар, «Шопениана», «Кармен-сюита», «Болеро», «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу», «Шыңғыс хан», «Қыз Жібек» сияқты басқа да ұлттық, әлемдік хореографиялық бір актілі балеттері болды. «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының «Гүлдер» мемлекеттік би ансамблінің негізін қазіргі эстрадалық хореографиялық билері құрайды.

Сонымен бірге республикада – 14 облыстық филормония бар. Олардың негізгі мақсаты қазақ халқының дәстүрлі, академиялық және классикалық музыкасын қашық ауылдарда насихаттау.

Ұлтымыздың бүкіл рухани игілігі ХХ ғасырға дейін жазбасыз түрде дамып, ауыздан-ауызға, әкеден-балаға, ұстаздан - шәкіртке, өткеннен болашаққа жеткізіліп отырған. Шаруашылықтың көшпенді және көшпенді емес түрі ұлттық аспаптардың, музыкалық дәстүрлердің ерекшеліктерін, қазақ қоғамының өмірі мен тұрмысының, сөздік және ақындық көркемөнердің біртұтастығын көрсетеді. Музыка өзінің алғашқы кезеңінде ескі көшпелі қоғамның қажеттілігінен туып, ірі діни және тұрмыстық салт-дәстүрлермен біртұтас дүниеге айналды. Қазақ этносының қалыптасу кезеңінде пайда болған ірі эпикалық баяндаулар - жыраулар орындауындағы жырлар әртүрлі дәстүрлермен байланысты болды. Халық жадында жүзден аса эпос сақталған, олар мың өлең жолынан тұрады, қылқобыз немесе домбыра арқылы орындалған. Халық шығармашылығының сүйікті жанры, батырлық және лирикалық-тұрмыстық эпостар қатарында "Қобыланды", "Алпамыс", "Ер-Тарғын Қамбар", "Қыз-Жібек", "Қозы-Көрпеш - Баян сұлу", "Еңлік және Кебек" жырларын айтуға болады. Бұлар қазақ тарихына қатысты нақты оқиғаларды аңыз, мифологиялық түрде жеткізеді. Халық музыка аспаптарының көне үлгісі ретінде кейін пайда болған күй де - өзінің бастапқы кезеңінде магиялық міндеттерді атқарған. Екі дәстүрдің - эпикалық және аспаптық дәстүрдің шығуы халық санасында атақты әулие -Қорқыт есімімен (бірінші жырау және шамаң "күй атасы" және қыл-қобызды жасаушы алғашқы шаман есімімен) байланысты. Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра-қобыздық күйлер - "Қорқыт", "Желмая", "Тарғыл тана", "Елімай", "Ұшардың ұлуы" сияқты және т. б. шығармалар қалдырды. Олардың бір бөлігі дыбысты беру сипатымен ерекшеленді және табиғаттың табиғи дауыстарын, өмір, өлім, тұрмыс туралы философиялық ойларды берген.

Барлық шығармаларда, бір күйден екінші күйге көшкенде музыкалық әуендер бір немесе бірнеше рет қайталанады. Көк тәңіріне, рухтарға бағытталған бұл дыбыстар қобыз үнінде тірілгенде жаңа реңк алады. Домбыра мен сыбызғы аспаптарының даму тарихыда ғасырлар қойнауына кетеді. Домбыра аспабын оқушыларға үйрету керек, оны үйретудің әдіс-тәсіл жолдары мыналар: көрнекті құралдарды көп пайдаланып, аспаптардың түрлерін көрсету, сурет-бейнелер, күйтабақ, үнтаспалар арқылы, не болмаса мұғалім ауызша белгілі бір әуен негізінде оқушыларға өлең сөзінің ырғағымен орындату, т.т.

Домбыра тартуды үйрету ауыз әдебиетін дамыта оқыту болып табылады. Оқушыларды еңбекке үйрету жолы қазіргі таңда өте нашар үлгіде болып отыр. Домбырада ойнау еңбектің үлкен түрі деуге болады. Аспаптық басты мақсаты: біріншіден ойнауға үйретсе, екіншіден, домбыраны қағу мен пернесін басуға үйретеді, үшіншіден, дыбысы мен сөз саптауларына мән беріп ойлау жүйесін дамытады. Ал, өлең сөздері мен музыка үні есте ұстау қабілетін жетілдіріп, санасын оятады. Демек, домбыра тарту еңбек пен ой жүйесін дұрыстауға, үнін естіп сөз құрауға, жаттаған өлеңдерін мәңгі жадына үстауға жетелейді. Сонымен қатар оқушыларға сабақ берген кезде-ақ қағазға белгілі бір тақырыпта сурет бейнесін салып, оны музыка тілімен байланыстыра айтса, тіл байлығын дамытуға көмегі тиеді.

Ерте заманда неге бір адам бойында бірнеше қасиет болған, себебі олар музыканы түсініп, орындай әрі оны тыңдай білген. Қорқыт, Әл Фараби, Абай, Махамбет, Біржан, Мұхит, Құрманғазы, Тәттімбет, Сәкен, Ахмет, т.б. олар елі мен жері, тілін мен діні, рухани мәдениеті үшін барлық ой-қиялын жұмсады. Сол бабалар салған жолмен домбыраны тартып, оны үйде ұстау керек. Көзі ашық, көкірегі ояу, сезімі мен талғамы, психологиясы мен жан-дүниесі таза сезімтал жан музыка арқылы өзін де, өзгені де тәрбиелей алады.

Өлең сөзін – ақын, әнін – сазгер жазады, орындаушы – сол туындыны жеткізуші, көркемдеп үйлестірушісі бар, бір әннің сонында төрт адам жүріп орындайды. Ал ерте заманда бәрі бір адамның бойында ғана болған. Махамбет-батыр, ақын, сөзгер, орындаушы, Абай – ағартушы, сөзгер, ақын, сыншы, философ, психолог болды. Солар сияқты азамат тууы үшін домбыра аспабының рөлі орасан зор.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, домбыра – тілдің негізін салушы әрі жеткізушісі. Сондықтан оның қазақ үшін киелі аспап екенін мойындай отырып, мектептердің оқу жоспарына енгізіп, нағыз қазақтың ұлы перзенттерін даярлауга тиіспіз.

Домбыраның пайда болуы туралы мынадай археолгиялық қазбалар мәлімет береді: ежелгі қала Хорезмді қазғанда екі шекті аспапта ойнап тұрған музыканттардың терракотты бейнелері табылған. Ғалымдар екі мың жыл бұрын Хорезм қаласынан табылған екі шекті аспаптардың қазақ домбырасымен ұқсастығын және оның Қазақстан территориясында тұрған ертедегі көшпенділердің қолданған аспаптарының бірі деп бағалайды. Домбыра және сыбызғылық музыканың көне үлгілеріне құстар мен жануарлардың атауларымен күй-аңыздар жатады - "Аққу", "Қаз", "Нар", "Ақсақ қыз", "Ақсақ құлан" батып бара жатқан балалар мен аңдар туралы -"Жорға аю", "Зарлау", "Жетім қыз" және т. б. күй - аңыздар. Бұлар ерте кездегі діни сенім -нанымның, әдет-ғұрыптың жаңғырығын осы күнге дейін алып келген. 19 ғ. таман ғана қазақ музыкасы өзін шектеген дін мен дәстүрлерден арылып, дербес көркемдік шығарма ретінде дами бастаған. Бұл кезең - шын мәніндегі ұлттың рухани жаңаруы, аспапты, әндік, ақындық өнер сияқты негізгі халықтық өнердің даму кезеңі болды. Қазақстанның байтақ территориясында әртүрлі дербес кәсіби композиторлық және орындаушы мектептер пайда болды, әрбір аймақ өз ерекшелігін сақтап отырды. Мысалы, Батыс Қазақстанның территориясы домбыралық күй -төкпені дамытудың орталығы болып есептелсе, Сарыарқа аймағы (Орталық Қазақстан) -әндерді орындаудың орталығы, оңтүстік - батыс аймақ (Қармақшы ауданы) эпостық жырды баяндаудың бай тәжірибесін сақтаған, ал Жетісу өңірі - айтыс дәстүрін -айтысушы ақындардың жарыс өнерін дамытады. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина, Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Естай, Ыбырай, Нартай, Мәди, Мұхит, Абай, Кенен Әзірбаевтың есімдері тек қазақ мәдениетіне ғана емес, әлемдік музыка мәдениетіне енді. Бұлар - қазақ музыка мәдениетінің шоқ жұлдыздары болып табылады. Олар халықтық музыканы дамытты, дербестіктерін сақтады, халық арасында үлкен құрметке ие болды. Үздіктердің ішіндегі үздігін халық - сал, сері деп атаған. 19 ғасырдағы кәсіби музыканттардың шығармашылық қызметі орындаушылық және 1x1 композиторлық саламен ғана шектеліп қойған жоқ, олар көркемдік баяндаудың барлық түрін -поэтикалық импровизация, шешендік өнер, нәзік вокальдық техника, музыкалық аспаптың құлағында ойнау, театр мен цирктік өнер ойынының элементтерін қамтиды, бұл Батыс Европаның орта ғасырлық музыканттары - жонглерлер, трубадурлар, труверлер, мейстер - миннизингерлермен ұқсастығы бар. 20 ғ. қазақ музыкалық мәдениеті жаңа әуендік және жанрлық түрімен байыды. Аз ғана кезеңдік тарихи уақытта Республика европалық классикалық музыканың көпдауыстылығы мен жанрлық арсеналын игерді. Бұл - опера, симфония, балет, аспаптық концерт, кантата, ораториялық, ансамбльдік, оркестрлік, хорлық орындау түрлері.

Шығармашылықтың жазба түрінде қалыптасқан жаңа кәсіби композиторлық мектебі құрылды. Ұлттық мазмұндағы синтездік іріктеу және 20 ғасырдың 30-40 жылдарындағы европалық түрді таңдау нәтижесінде қазақ опералық өнерінің классикалық шығармалары - Е. Брусиловскийдің "Қыз Жібек", А. Жұбанов, Л. Хамидидің "Абай", М. Төлебаевтың "Біржан-Сара" опералары дүниеге келді. Олардың драматургиялық және музыкалық негізі - қазақ фольклоры мен ауызша кәсіби музыканың шексіз мүмкіндігі арқылы жасалған. Опералық театр сахнасы 19 ғ. ақындары Біржан мен Сара арасындағы қызу айтыс, той дәстүрі. 19 ғасырдағы ұлт - азаттық көтеріліс батырының әндері, ақын және күйші Махамбеттің және ән -жоқтаулар орындалатын аренаға айналды. 60-70 жж..

Республикада европалық аспапты музыканың күрделі жанры-симфониялық музыка өнері өте жақсы дамыды. Ғ.Жұбановның, Қ.Қожамьяровтың симфониялары, симфониялық күй-жаңа жанрлық синтез осылай пайда болды. Ұлттық аудитория қазақтың монодикалық музыкасының оркестрлік және интерпретациясын ерекше қабылдады. "Отырар сазы" фольклорлық-этнографиялық оркестр көпшілікке жақсы танымал өнер ұжымына айналды. Б. Сарыбаев сияқты ғалым -фольклоршы қайта әкелген қазақ музыкалық аспаптары оның құрамына кірді. Күйлердің оркестрлік орындалуында батырлардың бейнелері, бәйге аттарының шабысы, кең даланың бауыры жазылған бейнесі, халықтық мейрамдар кезіндегі шерулер - барлығы бір арнаға тоғысады. Бұл ұжымның нақты бетінің танылуына осы ансамбльдің жетекшісі және дирижері, композитор және домбырашысы Н. Тілендиевтің аса көп еңбегі сіңді.

Қазақстанның қазіргі даму барысында музыка мәдениетінің көп тармақты құрылымы қалыптасты. Республикада Европалық жанрдағы орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қоса, әуенді шығарудың жаңа дәстүрлі, әлемдік көпшілік музыка (рок, эстрада, джаз) және әлемдік концессиялардың діни музыкасы, Қазақстанды мекендеген халықтардың - ұйғырлардың, кәрістердің, немістердің, дұнғандардың орыстардың,татарлардың ауысша кәсіби фольклоры негіз салды. Республикада әртүрлі көркемдік профильдегі орындаушы ұжымдар - Мемлекеттік симфониялық оркестр, Құрманғазы атындағы қазақтың халық аспаптар оркестрі, хор капелласы, халық би ансамблі, Мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамбльдер, үрмелі және джаздық оркестрі пайда болды. Қазақстан -әлемдік масштабтағы классикалық музыканы орындаушылар отаны. Ол - Е. Серкебаев, Б. Төлегенова, Ғ. Есімов, Ә. Дінішев, Г. Қадырбекова, А. Мұсаходжаева, Ж. Әубәкірова, шетелдердегі қазақ музыкалық диаспорасының жұлдыздары - М. Бейсенғалиев, Э. Құрманғалиев, ағайынды Нақыпбековалар.

Бүгінгі күні Республикада к. Байсейітова және А. Жұбанов атындағы арнаулы балалар мектебі, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясы, Астанадағы Ұлттық музыка Академиясы, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы, Қазақконцерт, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер Институты және басқа да музыкалық - біліми, ғылыми және мәдени мекемелер бар. Жыл сайын біздің тәуелсіз республикамыз "Жігер", "Алтын алма", "Жаңа музыка күндері", "Азия дауысы" халықаралық сайысын, ал халық музыканттарын - дәстүрлі музыканың халықаралық фестивалін, жас орындаушылар фестивалін ұйымдастырады. Музыка бүгін мен болашақты, өткенді жалғастырушы алтын буын міндетін атқарып отыр.
5. Бейнелеу өнері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет