Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»



бет90/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2
Математика ДК есебі 2019, P7.04 - kk - 10100602474786, 11-ДЖТ, Тема Законы, закономерности и принципы менеджмента-melimde.com
Бушмин Алексей Сергеевич (1910-1983)
Орыс ғалымы. Негізгі еңбектері: “Әдебиеттану методологиясын жасаудың жағдайы мен міндеттері”, “Әдебиеттану бойынша зерттеулердің методологиялық мәселелері”. ??
Веселовский Александр Николаевич (1838-1906)
Әдебиет теоретигі және тарихшысы. Негізгі еңбектері: “Вилла Альберти. ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы италия өміріндегі қоғамдық және әдеби өзгерістерді сипаттау үшін жаңа материалдар”, “Соломон мен Китоврас жайындағы славян аңыздары және Морольф пен Мерлин жайындағы батыс аңыздары”, “Тарихи поэтика”. Мәтін ғалымның “Тарихи поэтика” зерттеуінен алынды.
Выготский Лев Семенович (1896-1934)
Орыс ғалымы. Көркемөнер, шығармашылық психологиясына байланысты күрделі зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Мінез тарихы бойынша этюдтер”, “Көркемөнер психологиясы”. Мәтін ғалымның “Көркемөнер психологиясы” зерттеуінен алынды.
Гегель Георг Вильгельм Фридрих (1730-1831)
Немістің ұлы философы. Әдеби даму, көркемдік әдіс, әдеби жанрлар т.б. арналған күрделі зерттеулердің авторы. Көркемөнер және әдебиет саласындағы негізгі еңбегі: “Эстетика”. Нұсқалыққа енген мәтін “Эстетика” еңбегінен алынды.
Гете Иоганн Вольфанг (1749-1832)
Неміс ақыны, жазушысы, ойшылы. Әдебиеттану саласында эпикалық және драмалық поэзия, театр, Шекспир, әдеби стиль туралы зерттеулер жазған. Нұсқалыққа енген үзінді “Табиғатқа жай еліктеу, мәнер, стиль” еңбегінен алынды.
Дәдебаев Жаңғара (1948)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. М.Әуезов, көркем шығармадағы тарихи шындықтың бейнеленуі, қазіргі әдебиет туралы еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “Өмір шындығы және көркемдік шешім”, “Қазақ тарихи романы: дәстүр мен жаңашылдық”. Мәтін ғалымның “Өмір шындығы және көркемдік шешім” монографиясынан алынды.
Досмұхамедов Халел (1883-1937)
Қоғам қайраткері. Қазақ фольклортану ғылымының негізін салушылардың бірі. Халық ауыз әдебиетіне, қазақ әдебиетінің тарихына қатысты еңбектердің авторы. Негізгі еңбегі: “Аламан”. Мәтін қаламгердің “Аламан” кітабынан алынды.
Егеубай Асқар (1950)
Филология ғылымдарының докторы, ақын, аудармашы, зерттеуші. Көне түркі әдебиетінің поэтикасы жайындағы зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі”, “Құлабыз”. Мәтін ғалымның “Құлабыз” кітабынан алынды.
Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы (1937)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Көне түркі әдебиетін, ХІХ және ХХ ғасырлардағы ақындық дәстүрді, Жамбыл шығармашылығын зерттеуші. Негізгі еңбектері: “Асыл арналар”, “Орхон ескерткіштері”. Мәтін ғалымның “Орхон ескерткіштері” кітабынан алынды.
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (1893-1938)
Қазақтың ұлы ақыны, жазушы, аудармашы, сыншы. “Алқа” бағдарламасының авторы. Әдебиеттану саласында “Ақан Серінің сөздері”, “Базар жырау” еңбектерін жазған. Нұсқалыққа енген мақала ақынның үш томдық шығармалар жинағының 3-томынан алынды.
Жұбанов Құдайберген (1899-1938)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Көрнекті қазақ ғалымы, тілтанушы және әдебиетші. Әдебиет мәселелеріне, Абай шығармашылығына қатысты еңбектер жазған. Нұсқалыққа енген ғалымның бұл мақаласы “Абай тағылымы” жинағынан алынды.
Жұмалиев Қажым (1907-1969)
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҒА академигі, жазушы. Фольклорға, Махамбет Өтемісұлы, Абай шығармашылығына, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихына, әдебиет теориясына қатысты еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “Қазақ эпосы және әдебиет тарихының мәселелері”, “Әдебиет тарихы және Абай поэзиясының тілі”, “ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті”, “Әдебиет теориясы”. Мәтін ғалымның “Стиль - өнер ерекшелігі” кітабынан алынды.
Кәкішұлы Тұрсынбек (1927)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Әдеби сынның тарихына, кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетіне, М.Жұмабаевтың, С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына қатысты зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Оңаша отау”, “Қазақ әдебиеті сынының тарихы”, “Мағжан – Сәкен”. Мәтін “Әдебиеттану” (құрастырған С.Мақпырұлы) жинағынан алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет