Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»



бет11/23
Дата04.11.2016
өлшемі6,01 Mb.
#125
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

Қ.Рүстемова

Көркем туындыдағы тартысқа қатысты


терминдер және олардың сипаты
Көркем туындыдағы конфилкт қазірде “конфликт”, “коллизия”, “ситуация” сияқты терминдермен белгілі дәрежеде байланыстылығымен танылады.

Конфликт және коллизия бір-біріне тым жақын аталуымен қатар, ең басты екі тенденция ретінде де айқын аңғарылады. Олар – бұлардың толық бір-бірімен үндестігі және толық қарама-қарсы қойылатындығы. Бұл жерде маңызды еңбек қатарындағы “Әдебиет теориясы: Тарихи негіздегі маңызды мәселелер” кітабындағы айтылған пікірді ескермей кетуге болмайды. Конфликт мен коллизияның байланыс негіздері былайша көрсетіледі: Бұл екі термин бір-бірін ауыстыра алады, олардың біріншісі “сәл тарлау мәнге ие” және “эстетикалық көзқарас тұрғысынан нақтылық жағы кемшін”. Нағыз “кең” түрдегі және спецификалық-эстетикалық көзқарасты анық танытатын термин “коллизия”.

“Эстетикалық” өлшем тұрғысынан “коллизия”, “конфликт” терминдері “коллизияның” пайдасына қызмет ететіндей көрінеді. Бұл концепцияны алғаш айтушылардың қатарындағы А.Бочарев конфликтіні нысанаға алынған өмірлік материалдар ауқымында мүмкіндігі аз деуге болады дейтін тұжырымға келеді. Әңгіме мынада: коллизия “өмірлік ситуация” үшін нақты әрі бір қырлы мәнге ие. Бұл жерде А.Бочаров В.Кожиновтың дәлелдеу тәсілдерін қайталайды: “Коллизия” терминін “өмірлік ситуациямен” ауыстыруды ұсына отырып, жаңа мәселелерді көтереді. Егер “коллизия” туындыдағы өмірлік ситуацияны бейнелесе, мұндай жағдайда ситуацияның өзі эстетикалық тұрғыдағы көркемдік ойлау болып табылады.

Аталған терминдердің өзіндік сипаттары мен өзара тығыз байланыстылығы оларды қарастыруда күрделі жағдай туғызады. Бұлардың қолданылу кеңістігіндегі айырмашылықтарды көре білу белгілі дәрежеде қиындық та туғызады. Әрқайсысының алдында шығарманың құрылымы мен ұйымдастырылуында атқаратын өзіндік жеке міндеттері бар. “Ситуация”, “коллизия”, “конфликт” өзара байланысу әрекеттерінде өзіндік тарих пен даму заңдылығына ие. Біріншіден бұл дамудың көп аспектілері Гегельде қарастырылған.

Гегель тұжырымы бойынша, ситуация туындыдағы коллизияны тарқататын, анықталған хал-жағдай. Ол ситуацияны конфликт тудыратын, “өзіне әлемнің қозғалыссыз халін сіңіру” және “өзіне нақты әрекеттің акциясы мен әсерін жасыру” аралығындағы өтпелі кезеңі деген диалектикалық көзқарасты негіздеді. Гегельдің пікірінше, ситуация осы екі басты жағалауға қатысты бола отырып, өзіне екеуіне де тән сипатты да жинақтайды. Бізше айтқанда “бір белдеуден екінші белдеуге өтеді”.

Ситуацияның әрбір түрін Гегель “тұрақтылық”, “әрекет” сияқты белгілермен түсіндіреді.

Ситуацияның бірінші түрін философ “ситуациядан тыс ситуация”, басты белгісі “өз ішіндегі бұлыңғырлық”, “жалпылық” ретінде сипаттайды. Гегельдің айтуынша, бұл жол, мұнда толық анықталған сипат және тұрақтылық болғанымен, суреткердің даралық тұлғасының қалыптасуына аз ықпал етеді.

Ситуацияның екінші түрі “жалпылықтан арылған кезде пайда болады,” мәні нақтыланып, өзіндік дара сипатқа ие болады. Гегель оны бастапқы кезеңде “тұрақты қарапайымдылық қалыпта болатынын анықталған ситуация”, яғни “ешкімге, ешнәрсеге қатыссыз тыныш ситуация” деп көрсетеді. Яғни, характерлі сипаты бар болып табылатын өзінің анықталғанына, нақтылығына қарамастан өз ішінде дифференциялық әрекеті жоқ және қарама-қайшылыққа ыңғай бермейтін ситуация. “Бұл алғашқы даралық белгі әрі қарай жалғасын таппайды, сонымен бірге, ешқандай дұшпандық қарама-қайшылықта болмайды, қарама-қарсы жауап әрекетін танытпайды, өзімен өзі болады”, деп түсіндіреді Гегель.

Ғалым өз ойын ежелгі грек скульптурасына /мысалы, Милос Венерасына/ сілтеме жасай отырып, барынша таныта түседі. Яғни қаһарман не құдайдың ерекше характеріне емеурін жасаса да оны басқа құдайлармен байланыстырмайды, және олармен қарама-қайшылыққа түсірмейді.

Қандай жолдар арқылы ситуациядан коллизия туындайды? Егер ситуация өзімен бірге “қозғалыс сәтін” жарияласа, онда бұл жерде қайсыбір кезеңде оның ары қарай нығая түсетінін және екіге жіктелетінін, өз тараптарынан шұғыл түрде бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетінін түйсінуге болады.

Көрсетілген екіге бөлінудің диалектикалық негізін Гегель өзінің “Логика ғылымында” былайша түсіндіреді. “Ешнәрсе де ғұмырлық емес, тек ол өзінің жағымды жақтарын анықтаса, сол сәтте жағымсыз белгілерін де танытады, бір-бірін сүйемелдейді, егер олар өздігінен қарама-қайшылық сипатқа ие болмаса, онда негіз де, әрекет те, қарама-қайшылық та жоқ болады”. Бұл ойлар, байқап отырсақ, өмірлік жалғасы бар болып табылатын ситуацияға жетелейді (егер ол коллизияға байланысты болса).

Сонымен, коллизия, Гегель түсіндіруінше, анықтылықтан екіге жіктелу дәрежесіне дейін жететін ситуациядан туындайды. Тәртіп бұзған ситуация сияқты, коллизия өзінің сапасын сақтап қала алмайды.

Ситуация туралы Гегель пайымдауындағы ұстаным жете үңілуге тән, бұл оның шығармашылық дамуының жалғасы. Кейінгі уақытта гегельдік “ситуация” терминінен бөлек түсіндіру бой көрсетті. Бұл бағыттың басында Р.Ингарден тұр. Ол эстетикалық ситуацияны туындаған және енді туындайтын құбылыс арасындағы байланыс, шығарманы “тудырушы” мен оны тұтынушы – оқырман арасындағы байланыс негізінде қарауды ұсынады. Ұқсастыра түсіндіру әдеби талдауды бөгде көзқарасқа алып кететінін ескерген жөн.

Ситуацияға қатысты гегельдік ұстаным сюжеттің кез келген сәтінде әрекет иелері арасындағы қарым-қатынас пен байланысты қадағалауда жақсы нәтиже беруі екіталай. Мұндай жағдайда ситуация міндетті түрде сюжетпен және персонажбен ара қатынаста болады. Ол сюжетсіз туынды сияқты бола алмайды. Ситуациялар арасын “статикалық” және “сюжеттік” деп айыру олардың бір-біріне тәуелділігіне қатысты тұрғыда немесе сюжеттік-композициялық құрылымның басқа қырынан келгенде де тым шартты.

“Сюжетті ситуация” сондықтан да үнемі біркелкі қалпын сақтай бермейді, одан нығайып, жетілген ситуацияға тезірек бұрылу мүмкіндігі бар. Ол болашақта конфликтінің өрістеуіне жол ашады.

Даму үстіндегі ситуация “конфликт” категориясымен тығыз байланыса алады. Егер бұл пікірмен келіссек, ситуация әрекетін бағамдау бағытында алдыңғы орында оның өз дамуындағы кезекті кезеңдермен байланысы тұрады. Яғни, жалпы түсінікті тиянақтайтын сюжеттік-композициялық және характерлік белгілер кейін ысырылады. Г.Н.Поспелов пікірінше, ситуация – бұл “қандай да бір жете түсінетін және жоғары талғамды жазушы үшін әлеуметтік характерлер ара қатынасы”.

Конфликт қаншалықты дәрежеде ситуацияның екіге жіктелуінің көрінісі ретінде сипатталса, онда ситуацияның “өмірдегі және өнердегі драмалық конфликт дамуындағы жағдай мен себептердің айқын жиынтығы екендігі” нақты дәлелдеуді қажет етеді. Әдебиетке үйлестіре қарағанда ситуация – бұл суреткердің көркем туындыда жаңғыртуындағы себеп пен жағдайдың, коллизия тудыруға мүмкіндігі бар позициялардың (оның негізі – конфликт) жиынтығы. Байланыс тәсілдеріне тән жаңа коллизия мен конфликт тудыру мүмкіндігі бар ситуацияны “тарамдалып кетуден” алдын-ала сақтандыру орынды.

“Конфикт” және “коллизия” терминдерін қарастыруда, ситуацияны мейлінше түсіндіруге ұмтылған Гегельдің көмегі мейлінше аз екенін айтуға болады. Бұл жерде Гегельдің “конфликт” мен “коллизияның” ізіне түсіп, тереңдей зерттелмегенін еске алған жөн. Ғалым коллизияның негізінде бұзушылық, бұзушылық болғанда “сол бұзушылық қалпын сақтап қалуға қабілетсіз, жойылып жоғалуға бейім” бұзушылық жатқанын белгілеп көрсетеді. Мұндай дәлелдеме “коллизия” терминінің өз бетінше әрекет етуін болдырмайды. Гегель “бір ғана коллизияның өзі әлі де әрекет емес, ситуацияға тән әрекеттің қарапайым сылтауы ғана” екенін алдын ала ескертеді. Бұл жерде келесі терминді түсіндіруге дайындық айқын аңғарылады.

Философтың төменде келтірілген тұжырымдарын салыстыра келгенде, ізденіс бағытындағы келіспеушіліктің туындайтынын көруге болады:

1. “Драмалық әрекет қаншалықты белсенді түрде әрі қарай сол конфликтіні туындата түсетін ситуациямен тоқайласатын айқын коллизияны негіздейді”.



  1. Шығармадағы “коллизия” күрес пен тартысты, екіге бөліну, оқиға-

лардың жанды қақтығысын ашып көрсетеді.

Сол сияқты Гегельдің терминологиялық зерттеудегі айнымалы пікірін біресе екі терминнің сәйкес тұстарын қамти қарастырып, біресе сапалы-дистанциялық айырмашылықтарын көрсете отырып, “коллизия ” және “конфликт” терминдерінің неғұрлым дәл түсініктемесін беруге ұмтылуымен сипаттаймыз.

Қазіргі ғылымда да бұл екі терминді ұқсастыра қарастыру басым, ішінара олардың өзіндік мазмұнын түсіндіруге талпыныс жасау да аз емес. “Коллизия” концепциясы әдебиет кеңістігі, ал “конфликт” өмір кеңістігі. Бұл пікір А.Зисьтің “Өнер және эстетика” кітабында айтылады. Және де олардың қарама-қайшылық сипаттары бар, яғни “коллизия” – шындықтың көрінісі, “конфликт” – көркем туындының компоненті деген пікір А.Карагановтың “Характер және жағдай” кітабында келтіріледі.

М.Суркин анықтаудың мына жолын ұстанады: Коллизия - әсерлі драматизмнің көрінісі, ал, конфликт “үстем драматизм”, “коллизияның шешімі”.

С.Владимировтің пайымдауынша, “конфликт” - коллизия дамуының ұштала түскен дәрежесі.

“Конфликт” тартыстың ең жоғарғы шегінде туындайды. Ол сол тартысқа байланысты болады және оны ситуациядан дамып шығатын айқын коллизияға дайындайды. (Туындыдағы коллизияның алғы шарт ретіндегі қызметін бұл жерде тағы айта кеткен жөн). Әр ситуация өз ішінде өнімді, өз дамуына жол ашатын динамикалық әрекетте негізделген туындыдағы коллизияның алғы шарты қызметін атқаратынын атап көрсеткен жөн. Ситуация өзінің жіктелуіне, қозғалысына, қақтығысына көп немесе аз әсерлі “дүмпуі” ерекше белгісі туындыда сезіле бастағанда, коллизияға айналады деп айтуға болады. Дәл осы уақытта ситуация ретінде коллизия – жағдай мен шарттың жиынтығы, өзіне даму сипатын жинақтаушы, сонымен бірге, екіге жарылу, қозғалыс, пішіннің дамуы және жаңалық ашу.

“Коллизия” туындыда ситуациядан бастау алып, қозғалысқа түсетін және әрекет етуші қарама-қайшы идеялардың, характер мен оқиғаның, көзқарас пен сезінудің, пікірдің бейнелі түрдегі көрінісі.

В.Шкловский осы сипаттарды талдай келе былай деп жазады: “Дәл қазіргі көркем туындының міндеті – жақсы ойластырылған ситуациядан, тапқыр коллизиядан алғашқы конфликт әрекеті көмегімен зерттеуге көшу”.

Бәрінен бұрын келесі пікірді қуаттау дұрысырақ: “Коллизия” – бұл дамудың қайшылығы, қарама-қарсы қоюшылық, сонда “конфликт” ретінде шегіне жеткен шиеленіс, күрес. Принципті түрде конфликтінің ұқсас түрлерінің күшеюуі оның жеке сипатқа ие болған бір түрі ретінде жиі көрініс береді.

Біздің алдымызда жете баға берілмей қалған мәселелер мыналар – эстетикалық көп мәнді “көркем конфликт” категориясынан қалатыны өте аз: алдыңғы қатарда ұсынылатын толғаныс, сезіну және “қорқынышпен күресу” сияқты тек сыртқы схема.

Бұдан басқа конфликтінің тікелей қақтығысытарымен тоқтаусыз ара-қатынасы, шегіне жеткен өткірлік өзіне тағы бір қауіпті туындатады: мәселенің шиеленісуіне жағдай туғызады, егер көзге ұрып тұрған конфликт тасада қалса, онда шынымен конфликтілі туындыдан бас тарту керек болады. Мұндай жағдайда қазіргі әдебиетте “конфлитісіз сектор”, яғни “ішкі үнді тұншықтыру” тенденциясы айтарлықтай бел алар еді. Дәл осы жағдайда конфликтіні анық қызған сәтінде қабылдайтын зерттеушілер тұжырымдарын келтіруге болады.

“Конфликт – бұл тартыс диалектикасы, бір-біріне әсер етуші күштердің бірлігі мен күресі”.

“Конфликт – адамдардың көзқарасы мен сезімдерінің, мақсаты мен қызығушылықтарының ширыққан қақтығысы”. Бұл тәрізді ұқсас терминологиялық күрделі пайымдардың ғылыми талапқа толық сай келуі екіталай.

Туындаған қайшылықтардан шығудың жолы ретінде келесі пікір ұсынылады: көркем шығармадағы “конфликт” категориясына әр қырынан келу керек. Бір жағынан, дұрыстықты мойындау, коллизия мен конфликт арасындағы айырмашылықты түсіндіру, конфликтіні “үстем драматизм”, “шиеленісу дәрежесі” сияқты тұжырымдар аясында қарастыру. Екінші жағынан, бұл тар ойлау шеңбері жалпының бір бөлігі, өзіне эстетикалық сипатты кең түрде жинақтайтын көркем конфликтіні толық мінездеп бере алмайды. Көркем конфликт өте-мөте “конфликтілі” болып қана қоймай өзінің “коллизиялық” түрін іске асыруы керек.

Сонымен, “коллизия” мен “конфликтінің” ситуацияға қатысы туралы тар ойлау шеңберінен шықсақ, мәселе айқындала түспек. Нәтижесінде мынадай тұжырымға тірелеміз: “коллизия” “конфликтіні” даярлайды оны анықтайды, “конфликт” көрінісіндегі ең маңызды түр болады. Әрбір коллизияның жеке конфликтілік ширығуды танытуы міндетті емес. Кейбіреуі конфликтінің әлі тарамдалмаған түрін көрсетуі мүмкін. Коллизия, сонымен бірге, конфликтіні анықтап, нақтылай танытады, егер автор алдына осы мақсатты қойып, шешуге рұхсат етсе, оны күшейтіп, өрістетеді.

Көркем конфликт – бұл коллизияда тарқатылатын (идеялық-бейнелілік құрылым тұрғысынан), идеялар, характерлер, оқиғалар мен көзқарастар, сезімдер қайшылығынан туындайтын, идеялық-бейнелілік көпқабатты компонент. Көркем конфликтіні қабылдаудағы осы түсінік бірден-бір дұрыс түсінік ретінде әдебиеттің даму тарихын нығайта түсері сөзсіз.

Конфликтінің теориялық аспектілерін зерттеудің әлсіздігі “ситуация”, “коллизия”, “конфликт” терминдеріне қатысты, дәл сипаттама беруде анық аңғарылады. Тартысқа қатысты аталмыш терминдер әлі де болса терең, жан-жақты қарастыруды қажет етеді.

ӘДЕБИ ЖАНР
Ш.Уәлиханов

Қазақ халық поэзиясының

түрлері жөнінде
Шексіз әлемде шарықтаған жыр, бірде, қоналқаға Сыр өзенінің арғы жағындағы қарақалпақтар қонысына келіп қонады. Бұрынды-соңды естіп-көрмеген құтты қонақтың хабары атқан оқтың жылдамдығындай шартарапқа тарайды. Сансыз көп қарақалпақтар жыр қонған ауылға жиналып, ғажап қонақты ақшамнан таң сәрісіне дейін құмарта тыңдасады. Жыр қонақтың бұлбұлша сайраған мыңдаған өлеңдері мен әндерін, аңыздары мен жыр-дастандарын сансыз көп қарақалпақтар естерінде сақтап қалады. Ол кездерде туыстас тайпалар бірге көшіп-қонып жүреді екен. Сыр өзенінің жоғарғы жағында тұратын қазақтар мен түркімендер Жыр қонақтың ғажап даусын естуге, алыстан түн ортасында жетеді, тамашаның соңына ғана ілігеді.

Жыр дегеніміз - рапсодия. Ал жырламақ деген етістік тақпақтап айту дегенді білдіреді. Барлық далалық жырлар қобыздың сүйемелдеуінде тақпақтап айтылады. Негізінен, жырлардың мазмұны бұрында өткен белгілі халық батырларының өмірі мен қаһармандық іс-әрекеттері болып келеді. Бұл тұста бір назар аудара кететін жәй, шығармадағы батырдың өмірі мен ерліктеріне байланысты оқиға қара сөзбен әңгімеленіп келеді де, ал өлең-жыр жолдары шығарма кейіпкерлері немесе негізгі қаһарман сөйлегенде ғана басталады.

Қазақтар арасында маған белгілі тағы екі жыр бар, оның бірі – “Еркөкше батыр мен Ерқосай”. Бұл жырда уақ руынан шыққан Еркөкше батыр мен оның баласы Ерқосай батырдың қуатты қыпшақ тайпасымен күресіндегі ерліктері суреттеледі. Осы дастанда қызығарлық нақтылы деректілік жоқ, оқиғаға қатысты батырлардың аттары да бізге белгісіз, солай бола тұрғанымен, өлең құрылысы мен жағымды дыбыс ұйқастылығымен адамды баурап әкетеді. Жыр-дастан оқиғасының қызықты іс-әрекеттерімен алмасуы тыңдаушысын үнемі ширықтырып ынтықтырады да отырады, бір қызығы, шығарманың алғашқы бөліміндегі негізгі қаһарман ұрыста денесінде сау-тамтығы қалмай жараланып, қаза табады, демек жеңіледі. Оның баласы Ерқосай әкесінің өлімі үшін қыпшақтардан кек алады. Жыр-дастанның бұл бөлімі, ертедегі көшпелі ел жауынгерлерінің ұрыс жүргізудегі әдіс-айлаларын рет-ретімен ұғымды суреттеуімен қызғылықты.

Менің кезімде осы жыр-дастанды есінде толық сақтаған бір-ақ адам бар еді. Ол Көкшетау округіндегі Қойлы Атығай болысының тұрғыны Арыстанбай болатын. Өкінішке орай, осы қызғылықты жыр-дастанды одан жазып ала алмадым.

Ендігі бір жырдың аты “Орақ батыр”. Бұл жырда Орақ батырдың бастан кешкен тағдыры әңгімеленеді. Орақ батыр қарауыл руынан, Россияға жорыққа аттанады, орыстардың қолына түседі, тұтқында абақтыда 10 жыл отырады, содан соң үйленіп, бала-шағалы болады, бірақ туған жерге, елге деген сағыныш маза бермейді, ақыры еліне оралады.

Біздің елде Орақ әулетіндегілер бар тәрізді. “Орақ батыр” жырын көптеген қазақтар білгенімен, жыр толық емес, үзік-үзік қана... Осы жыр-дастанның толық нұсқасын мен Кіші жүздік жырау Нұрымбайдан естідім. Нұрымбай алшын руынан, бірақ қыпшақтар ішіндегі Ахмет Жантөрин сұлтанның қонысында тұрады.

Жыр-дастандарда кездесетін өлең машықтарынан түсінік беру үшін, мысалдар келтірмекпін. Тоқтамыстың тоғыз батыры Едігені қуып жетіп, сонда Кенжанбайдың Едігеге айтқаны:
Ай Едіге, сен енді қайт сана.1

Қайтып Еділ өт сана.

Еңсесі биік боз орда,

Еңкейіп сәлем бер сана.

Еріні жұқа сары аяқ,

Ер сарқытын іш сана.

Жауырындары жақталы,

Түйме бауы тартпалы,

Ал қара кіс үстіңе

Тон береді ки сана.

Көк ала жорға ат мініп,

Көк дабылпаз байланып,

Тұтам бауы сом алтын,

Ақ сұңқар құс береді,

Көл айнала чүй сана! –
деп ары қарай жалғаса береді.

“Едіге” жыры ХІҮ ғасыр соңындағы оқиғаларға қатысты, бірақ ХҮ ғасыр басында құрастырылған. Бұл жыр-дастандағы ескі сөздер мен сөз тіркестері құбылысынан байқалады. Ондай сөздер мен сөз тіркестері қазіргі тілде жоқ. Ең бір таңқаларлық жай, бүкіл жырда бірде-бір парсы, араб сөзі кездеспейді. Мұсылман дінінің қанат жаюы салдарынан, қазіргі, күнделікті сөйлеу тіліміздің өзінде парсы, араб сөздері қаптап кетті.

Соңғы кезде, менің дала кезген кезімде жыр поэзиясының қалыс қалып бара жатқанын байқауға болады. Жырдың бар болмысы, қобыздың өзі сияқты, тек бақсылар иелігіне айналды. Солар ғана жыр болмысының өлеңдк сипатын сақтап, жындарын шақырғанда айтады. Жыр болмысының негізі мен қобыз тарту, өнердегі сәндік үлгіден, атақты Жанақ жырау өлгелі, шеттей бастағанын ашып айту қажет. Жанақ қаракесек ішіндегі қамбардан, олар қазір Қарқаралы округіне қарайды.

Қазіргі кезде бар, суырып салма ақындар ескі жырлардың әуенін де, сөзін де айтқанымен, екі шекті домбырамен сүйемелдейді.

Қобыз екі шекті альт іспеттес, шегін аттың қылынан жасап, ысқымен тартады. Қобыздың біздегі басқа шекті аспаптардан өзгешелігі, оның бетінде қақпағы болмайды, негізі дөңгелек, мойны созылыңқы, оған шегін тартып жеткізу мүмкін емес, қобызда флажолетпен2 әр түрлі екі үн алады. Дыбысы кереметтей болмаса да, бұл өзі күрделі де, өте жақсы аспап.

Домбыра мен жаңаша өлеңдер, ескі жырлар мен қобызды ығыстырып тастады. Қырда қазір мынадай поэзияның түрлері бар:



  1. Жыр, мен осыған дейін сөз еткен.

  2. Жылау – жоқтау өлеңі. Әйелдер жанынан суырып салып айтады. Шумақ, тармақ көлемі жырлардікіндей болып келеді. Барлық жылаулардың, адам жанын тебірентерлік ең жақсысы, ең әйгілісі Орта жүзде, ол: Айғаным Уәлиеваның 1833 жылы шешектен өлген үлкен ұлы Мамекені жоқтап жылауы, және кейіннен суырып салма деген атағы шыққан әнші әйел 14 жасында, өлген күйеуін жоқтап айтқан жылауы.

  3. Қайым өлең, сұрақ пен жауаптан құралатын, тойларда жас қыз бен жігіттің бір-бірімен айтысатын төрт шумақты өлеңі, алдыңғы екі тармағы төртінші тармақпен ұйқасады. Кейде бұл – қайым өлеңдер жұмбақ, эпиграммалар, әзіл-қақтығыс, тіпті ұятсыз сөздерге дейін кетіп қалатын кездері болады.

  4. Қара өлең - әдеттегі, үйреншікті өлең, бұл өлең төрт шумақты, әр шумақта жеке-жеке ой жатады. Сондай-ақ, бұл өлең дауысқа негізделеді. Көбінесе, төрт шумақты өлеңдер мағынасыз болып келеді.

  5. Өлең. Бұл форма, қазіргі кезде барлық жаңашыл ақындар тарапынан суырып салма өлеңдерге де, поэмаларға да, әсіресе Орынбай өлеңдеріне қатысты көбірек айтылады. Өлеңнің жаңа түрін: Орынбай қарауыл ішіндегі атеке - ...тармағынан, атығайдың жаңа қырғыз тармағынан шыққан Шөже ақындар насихаттап, салт-санаға дарытушылар болды. Шөже ақын үнемі Әбілқайыр Ғаббасов сұлтанның жанында болатын-ды. Осы өлеңдердің тақырыптарының көбісі діни сарында айтылады. Қазір олар Сейіт Баттал қожа3 ерлігін, Зылиха мен Жүсіп махаббатын, Ибраһим өмірін, т.б. жырлап жүр. Осы жырлар идеясының көрсоқырлығымен және адам нанғысыз қарадүрсін мазмұнымен ішті пыстырады.

Бұл өлеңнің кәлпін өздері үйреніп қалған суырып салма өлеңге де сәйкестеп, қолайы келгенде айта береді. Әйгілі “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” поэмасын, өлең формасында, маған Жанақ ақын айтып беріп еді.

Өлең деген, бұған дейін жоқ поэзияның ерекше формасының және атаудың қазақ даласына тарай бастағанына 50 жылдан асқан жоқ, бұл Қазан мен Тобыл татарларына қырға жол ашылғаннан кейін келген жаңалық. Ертеректе, татар қашқындарын қазақтар қойша матап, Қытайға, Бұхараға, Ташкентке апарып сатып жіберуші еді. Ал енді мұсылман дінінің арқасында татардан шыққанда қырда, дін үшін қасірет шеккен исламның мызғымас сақшысына айналды. Татар поэзиясының формалары қазақтардың гармониялық дыбыспен ойға тұнып тұрған дәстүрлі батырлық жыр поэзиясының формаларын ығыстыра бастады.

Өлең төрт шумақтан тұрады, алғашқы екі шумақ және төртінші шумақ силлабикалық жүйеде бір ұйқасқа бітеді, үшінші шумақ ұйқаспайды. Мысал үшін, біздің ориенталистерге бүкіл шығыс поэзиясындағы көлем мен өлшем тұрғысынан тек араб өлшемі ғана ыңғайлы деген пікірге дәлел ретінде “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырының төрт шумақты жырының біріншісін ұсынамын.

Мекен іздеп жігіттер кел кетелі

Арасында Көктөбе белгі етелі.

Азаматтар, ерінбей тыңдасаңыз,

Қозы Көрпеш – Баянды тербетелі...
1. Татардан тарайтын барлық жергілікті сөйлеу тілінде де, немесе оқымыстылардың түркі тілі түбірінен деп жүрген “игит” – жігіт сөзі әр түрлі елдерде, әр түрлі айтылуымен қоса, әр түрлі мағынасы бар. Кавказда, Анатолидағы күрттерде бұл сөз: желікпе, азамат (жігіттің жігіті), шабандоз; Константинопольде де - әскери ақыл-айла, атты әскердегі тапқырлыққа байланысты да, сондай мағына береді. Орта Азиядағы көшпелі татар тайпаларында “жігіт” сөзі – бозбала, азамат (жігіттің жігіті). Жігіт атауына байланысты жас мөлшері нақтыланбайды. Себебі, қырда 80 жасқа дейін бала. Жігіт атауы тұрғылықты қазан және тобыл татарлары арасында айтылмайды. Олар жігіт атауының орнына малай (малой) – бұл сөздің мағынасы жарым-пірказшік, жартылай құл.

2. Азаматтар мен шоралар атаулары қазақтың ескі жыр-дастандарында жиі ұшырасады. Азамат атауы ерікті, өз билігі өзінде; басында үйі, қасында әйелі, алдында малы бар, әкесінен еншісін алып, бөлек шыққан адам. Шора – азамат сөзінің баламасы, бұл сөз жеке дара мағынасымен ерекшеленеді, демек, азамат сөзінсіз-ақ қолданыла береді. Ал енді шора азамат – таза әскери мағынадағы сөз, бұл екі сөз қосылып орыстың товарищ4, дружина – жасақ, сарбаз сөздерінің мағынасын береді.

3. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” атты тамаша жыр Орта Азиядағы татар, монғол тектес барлық тайпаларда бар. Бірақ жырдағы оқиғаның болған жері мен уақыты барлық жерде бірдей емес, өзгертіліп айтылады. Профессор Эрдманн “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырына түсініктеме жазып, парсы тілінде басып шығарды, парсы тілін білмегендіктен, ол нұсқаны мен оқи алмадым. Сонан соң “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырын белгісіз біреу башқұрт тілінен аударып, аз данамен Орынборда бастырыпты.

Қазақ даласында “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жыры, өлеңдер арасында, ауызша айтылатын аңыз-дастан ретінде кездеседі.

Қазақ поэзиясындағы жаңа қондырғы-форманың мәні мынада: өлең-ән, жаңадан жаннан шығарылған немесе атақты бір әнші-ақынның бұрында шығарған өлеңдері домбыраның, қобыздың, ым мен дене қимылдарының сүйемелдеуімен айтылып, ел арасына тарайды, кейбір өлеңші-ақын өз тарапынан сол өлеңге кіріспе және қорытынды сөз қосып отырады. Жоғарыда біз мысалға келтірген аудармадағы алғашқы төрт шумақ Жанақ өлеңдеріне жатады. Ол жыр-өлеңдегі Жанақтың шыққан тегі қаракесек ішіндегі қамбар екендігі нақтылы болып келеді де, жыр-өлеңнің әрі қарай таза аңыз күйінде, ескі замандарда айтып кеткен белгілі жыраулардың жырына ұласады.

Қазақтардың ең тамаша жыр-дастаны – “Едіге”, бұл – сол Идиге, Эдеку және Идигей, Тоқтамыстың жорығындағы Бек – mаnаb5, түменбасы, Ворскледе Витовты тасталқан еткен, төрт ханның тұсында Орданы еркінше билеген құдіретті адам. Орақ, Ер Көкше6 Ер Қосай7 басқа батырлық жырлардың кейіпкерлері – бұлар ноғай дәуіріне жатады. Бірақ ноғай дәуіріндегі жырлар батырлық жырлардай емес, ру-тайпа тартыстары мен хандар айқасы. Тоқтамыс билігінен кейінгі – аласапырандағы батырлар барымтасымен ғана қызғылықты. Қазақ поэзиясындағы мадақ, жаттау8, жылау: - ерін жоқтаған әйел немесе баласын жоқтаған ана өлеңі, осы суырып салып айтатын өлеңдердің белгілі бір ұйқасы, қалыпы болады. Бұл өлеңдер көне Грециядағы Гомердің рапсодиялары тәрізді, жыраулық кәдеге берік ақындар арқылы ұрпақтан – ұрпаққа, рудан-руға жалғасып, халық арасында кеңінен тарайды. Осы өлеңдерді халық өте жоғары бағалайды. Бұл өлеңдерді айтушы ақындар елдің сүйіктісі, сұлтандар мен билер арасында беделді, сондықтан да олар өздерінің атақ-даңқымен-ақ ауқатты тұрмысқа қолдары жетіп жүр. Қазіргі кезде осы ақындар немесе қырда көбейіп кеткенімен, олардың көбісі суырып салма, ал дәстүрлі ескі жыр-дастандар жаңа ұрпақтарға небір белгісіз себептермен жылдан-жылға айтылмай қалып бара жатыр. Ескі жыр-дастандарды білетіндердің өзі де аз қалды. Ескі жырларды жинау да қиын, қанша тырысқаныммен “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырын толық жинай алмай-ақ қойдым. “Едіге”, “Орақ” жырларының аздаған үзінділерін ғана таптым, келешекте барлық ескі жыр-дастандарды табуға үміттенем, жақында ескі жыр-дастандарды білетін бір жыраумен таныстым.

Ескіден келе жатқан түркі аңыздары мен жыр-дастандары, әсіресе қазақтардың үш жүзін құрайтын ру аттары, мынандай ойға қалдырады: қазақтар9 ертеден келе жатқан қазақ сөзі және қазақтық қауым дегенді негізге алып сендіргенімен, түркі халқы санатында көне халық емес10...

В.Г.Белинский




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет