Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы (1937)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Көне түркі әдебиетін, ХІХ және ХХ ғасырлардағы ақындық дәстүрді, Жамбыл шығармашылығын зерттеуші. Негізгі еңбектері: “Асыл арналар”, “Орхон ескерткіштері”. Мәтін ғалымның “Орхон ескерткіштері” кітабынан алынды.
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (1893-1938)
Қазақтың ұлы ақыны, жазушы, аудармашы, сыншы. “Алқа” бағдарламасының авторы. Әдебиеттану саласында “Ақан Серінің сөздері”, “Базар жырау” еңбектерін жазған. Нұсқалыққа енген мақала ақынның үш томдық шығармалар жинағының 3-томынан алынды.
Жұбанов Құдайберген (1899-1938)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Көрнекті қазақ ғалымы, тілтанушы және әдебиетші. Әдебиет мәселелеріне, Абай шығармашылығына қатысты еңбектер жазған. Нұсқалыққа енген ғалымның бұл мақаласы “Абай тағылымы” жинағынан алынды.
Жұмалиев Қажым (1907-1969)
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҒА академигі, жазушы. Фольклорға, Махамбет Өтемісұлы, Абай шығармашылығына, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихына, әдебиет теориясына қатысты еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “Қазақ эпосы және әдебиет тарихының мәселелері”, “Әдебиет тарихы және Абай поэзиясының тілі”, “ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті”, “Әдебиет теориясы”. Мәтін ғалымның “Стиль - өнер ерекшелігі” кітабынан алынды.
Кәкішұлы Тұрсынбек (1927)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Әдеби сынның тарихына, кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетіне, М.Жұмабаевтың, С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына қатысты зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Оңаша отау”, “Қазақ әдебиеті сынының тарихы”, “Мағжан – Сәкен”. Мәтін “Әдебиеттану” (құрастырған С.Мақпырұлы) жинағынан алынды.
Кенжебаев Бейсенбай (1904-1986)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Көне түркі әдебиетіне, қазақ хандығы тұсындағы, ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихына, Абай, С.Торайғыров, М.Әуезов шығармаларына қатысты еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері”, “Әдебиет белестері”, “ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті”. Нұсқалыққа енген зерттеу ғалымның “Әдебиет белестері” кітабынан алынды.
Кожинов Вадим Валерианович (1930-2000)
Орыс сыншысы, әдебиеттанушы ғалымы. Басты еңбектері ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетінің тарихы, әдебиет теориясы мәселелеріне арналған. Негізгі еңбектері: “Романның шығуы”, “ХІХ ғасырдағы орыс лирикалық поэзиясы туралы кітап”. ??
Қабдолов Зейнолла (1927)
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҒА академигі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы. Әдебиет теориясына, М.Әуезов, қазіргі қазақ әдебиетіне байланысты зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Сөз өнері”, “Әуезов”. Үзінді ғалымның “Сөз өнері” оқулығынан алынды.
Қаратаев Мұхаметжан Қожаспайұлы (1911-1995)
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҒА академигі, жазушы. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті, әдеби сын мәселелерін зерттеген. Негізгі еңбектері – “Қазақ прозасында социалистік реализмнің қалыптасу жолдары”, “Эпостан эпопеяға”, “Асулар алда”. Мәтін ғалымның “Ізденіс іздері” жинағынан алынды.
Қасқабасов Сейіт Асқарұлы (1940)
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҒА корреспондент-мүшесі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, фольклортанушы ғалым. Негізгі еңбектері: “Қазақтың ертегіден тыс прозасы”, “Золотая жила”, “Колыбель искусства”. Нұсқалыққа енген мәтін “Қазақтың халық прозасы” монографиясынан алынды.
Қирабаев Серік Смайылұлы (1927)
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҒА академигі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. ХХ ғасыр басындағы және кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетін, С.Көбеев, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин шығармаларын зерттеуші. Негізгі еңбектері: “Сәкен Сейфуллин”, “Жүсіпбек Аймауытов”, “Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті”, “Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері”. Нұсқалыққа енген бұл мақала ғалымның “Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері” кітабынан алынды.
Қожакеев Темірбек (1926)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ әдебиетіндегі сатира жанрларына, журналистика тарихы мен теориясына қатысты еңбектерінің авторы. Негізгі еңбектері: “Сатира – күштілер қаруы”, “Сатиралық жанрлар”, “Көк сеңгірлер”. Нұсқалыққа енген үзінді ғалымның “Сатиралық жанрлар” монографиясынан алынды.
Қоңыратбаев Әуелбек (1905-1986)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Фольклорға, көне түркі әдебиетіне, ХҮ-ХХ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихына, әдебиет теориясына қатысты зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Шеберлік сыры”, “Қазақ әдебиетінің тарихы”, “Қазақ эпосы және түркология”. Мәтін ғалымның “Қазақ әдебиетінің тарихы” кітабынан алынды.
Лессинг Готхольд Эфраим (1729-1781)
Неміс ағартушысы, философ, публицист, драматург, өнер теоретигі және сыншы. Негізгі еңбектері: “Адам тегін тәрбиелеу”, “Лаокоон немесе кескін өнері мен поэзияның шекарасы туралы”, “Гамбург драматургиясы”. Үзінді ғалымның “Лаокоон немесе кескін өнері мен поэзияның шекарасы туралы” еңбегінен алынды.
Лотман Юрий Михайлович (1922-1994)
Орыс әдебиетші ғалымы. Орыс әдебиетінің тарихы, әдебиет теориясына қатысты еңбектердің авторы. Негізгі еңбегі: “Поэтикалық мәтінді талдау”. ??
Майтанов Бақытжан Қауасқанұлы (1948)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Роман жанрына, қазіргі әдебиетке, М.Жұмабаев, М.Әуезов шығармашылығына арналған еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “М.Әуезов – суреткер”, “Роман және психологиялық талдау”. Үзінді “Көркемдік кілті - шеберлік” жинағынан алынды.
Мақпырұлы Серік (1944)
Филология ғылымдарының кандидаты, профессор. С.Мұқанов шығармашылығын, әдебиеттің теориялық мәселелерін зерттеуші. “Әдебиеттің тектері мен түрлері” кітабының авторы. “Әдебиеттануға кіріспе” хрестоматиясын құрастырушы.
Мәрсеков Райымжан (1879-1949)
Қоғам қайраткері, сыншы, көсемсөзші. Роман жанрына, қазақ әдебиеті тарихының даму кезеңдеріне қатысты еңбектер жазған.
Мәсімхан Дүкен (1963)
Филология ғылымдарының кандидаты, ақын, аудармашы. Халық ауыз әдебиетін, Қытай қазақтарының әдебиетін зерттеуші. Негізгі еңбектері: “Оғызнама туралы зерттеу”, “Сарап”.
Мәшһүр Жүсіп Қуандық Пазылұлы (1940)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазіргі қазақ поэзиясына, стильге, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіне байланысты зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Өлең сөздің патшасы”, “Қазақ поэзиясындағы стиль және бейнелілік”.
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985)
Қазақтың ұлы жазушысы, драматург, сыншы, ҒА академигі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Әдеби сын саласында ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап еңбектер жазған. Негізгі еңбектері: “Суреткер парызы”, “Заман және әдебиет”.
Мұқанов Сәбит (1900-1973)
Жазушы, ақын, драматург, сыншы, ҒА академигі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Әдебиет тарихы және әдеби сын саласында ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ әдебиетін қатысты еңбектер жазған. “ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті”, “ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихынан очерктер” зерттеулерінің авторы.
Негимов Серік (1948)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Өлең табиғатына, ақын-жыраулар поэзиясының көркемдік сипатына, қазіргі қазақ әдебиетіне, шешендік өнердің теориясы мен тарихына арналған зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Өлең өрімі”, “Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі”.
Нұрғали Рымғали Нұрғалиұлы (1940)
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҒА корреспондент-мүшесі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер. Драма поэтикасын, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов шығармашылығын зерттеуші. Негізгі еңбектері: “Телағыс”, “Айдын”, “Әуезов және Алаш”.
Нұртазин Темірғали (1907-1977)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Б.Майлин, С.Мұқанов шығармашылығына байланысты зерттеулер жазған. Негізгі еңбектері: “Жазушы және өмір”, “Бейімбет Майлин творчествосы”.
Өмірәлиев Құлмат (1930-1985)
Тілтанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты. Көне түркі әдебиеті, ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті туралы зерттеулер жазған. Әдебиетке қатысты негізгі еңбектері: “ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі”, “Қазақ поэзиясының жанры мен стилі”.
Потебня Александр Афанасьевич (1835-1891)
Көрнекті орыс және украин оқымыстысы. Негізгі еңбектері: “Ой және тіл”, 4 томдық “Орыс грамматикасы бойынша жазбалардан”, “Славян халықтық мифологиясындағы кейбір символдар туралы”.
Розанов Иван Никанорович (1874-1959)
Орыс әдебиеттанушы ғалымы, профессор. Негізгі еңбектері: “Лермонтов орыс өлеңінің тарихында”, “Әдеби репутациялар”.
Рүстемова Қадиша Рүстембекқызы (1961)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Ә.Әлімжанов, орыс тілінде жазатын қазақ жазушыларының шығармашылығын зерттеуші. Негізгі еңбегі: “Личность и история в прозе А.Алимжанова”.
Сент-Бев Шарль Огюстен (1804-1869)
Француз сыншысы және ақыны. ХҮІ-ХІХ ғасырлардағы француз әдебиетінің тарихын, француз театрының қалыптасу жолдарын, Шатобриан т.б. драматургтер шығармашылығын зерттеуші. Негізгі еңбектері: “ХҮІ ғасырдағы француз поэзиясы мен француз театрына тарихи және сыни шолу”, “Пор-Рояль”, “Шатобриан және оның Империя кезеңіндегі әдеби топ”.
Серікқалиұлы Зейнолла (1938)
Филология ғылымдарының кандидаты, зерттеуші, сыншы. Қазіргі әдеби процеске, сөз өнерінің эстетикалық мәніне байланысты еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “Ақ жол”, “Дүниетану даналығы”.
Томашевский Борис Викторович (1890-1957)
Орыс әдебиетші ғалымы. А.Пушкин шығармашылығына, өлең құрылысына, әдебиет теориясына қатысты еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “Әдебиет теориясы”, “Өлең және тіл”.
Тілешев Ербол Ердембекұлы (1965)
Филология ғылымдарының кандидаты. М.Жұмабаев шығармашылығына байланысты ғылыми еңбектердің, “Романтикалық поэма табиғаты” зерттеуінің авторы.
Тұрсынов Едіге Дәріғұлұлы (1941)
Филология ғылымдарының кандидаты, қазақ фольклорына, жыраулық және ақындық поэзияға қатысты зерттеулердің авторы. Негізгі еңбегі: “Қазақ әдебиетін тудырушылардың байырғы өкілдері”.
Уэллек Рене
ХХ ғасырдағы белгілі американ әдебиеттанушысы. Негізгі еңбектері: “Жаңа сынның тарихы. 1750-1950”, “Әдебиет теориясы”.
Уоррен Остин
ХХ ғасырдағы белгілі американ әдебиеттанушысы. Негізгі еңбектері: “Тәртіпке ұмтылыс”, “Әдебиет теориясы”.
Чернышевский Николай Гаврилович (1828-1889)
Көрнекті орыс ғалымы, қоғам қайраткері. ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетінің тарихына, әдебиет теориясына қатысты зерттеулер жазған. Негізгі еңбегі: “Өнердің болмысқа эстетикалық қатынасы”.
Шкловский Виктор Борисович (1893-1984)
Орыс ғалымы. Әдебиеттанудағы формалистік мектептің ірі өкілдерінің бірі. Негізгі еңбектері: “Орыс классиктерінің прозасы туралы жазбалар”, “Тарихи повестер мен әңгімелер”.
Хализев Валентин Евгеньевич
Орыс әдебиеттанушы ғалымы, профессор. Драматургия, әдебиет теориясы саласы бойынша еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “Драма әдебиеттің тегі ретінде”, “Әдебиет теориясы”.
Ысқақұлы Дандай (1947)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Әдеби сынның теориясы мен тарихына, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов шығармашылығына арналған зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Сын жанрлары”, “Сын өнері”.
Ысмайылов Есмағамбет (1910-1967)
Қазақтың көрнекті ғалымы, ҒА корреспондент-мүшесі. Әдебиет теориясы, ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ әдебиетін, Жамбыл, С.Сейфуллин шығармашылығын зерттеуші. Негізгі еңбектері: “Ақын және революция”, “Ақындар”.
Якобсон Роман Осипович
Орыстың көрнекті филолог ғалымы. Көркем әдебиеттің поэтикасы, тілі мен стилі, славян халықтарының әдебиеті мен фольклоры және Пушкин, Тургенев, Блок, Хлебников, Пастернак, Маяковский шығармашылығы туралы еңбектер жазған. Негізгі еңбегі: “Салыстырмалы славян әдебиеттануының негіздері”.
Әзірлеген филология ғылымдарының кандидаты,
доцент Е.Е.Тілешев
Достарыңызбен бөлісу: |