Идея және стиль
Көркем әдебиеттегі стиль мәселелерін сөз еткенде қазақ әдебиетшілері көбіне тілдік, әрі кеткенде тақырыптық ерекшеліктерді ғана атап жүр. Бізде стиль мәселелері жан-жақты, терең зерттеулердің объектісі бола алмай келеді. Стиль зерттеу - әдебиет танудағы аса күрделі проблемалардың бірі. Сондықтан да оны жүзеге асыру – дамыған әдебиет тану ғылымына сүйенгенде ғана нәтижелі болмақ. Бірнеше ғасырлық тарихы бар орыс әдебиет тану ғылымында стиль проблемаларын қозғаған біраз еңбектердің шығуы осы себептен болса керек.
Стильді зерттеп білудің жалпы әдебиет тарихын жасауда маңызы зор. Өткен дәуірлерде өмір сүрген ақын-жазушылардың әдебиет тарихында алатын орнын анықтағанда, олар әдебиетке қандай еңбек сіңірді, өзінен бұрынғылармен салыстырғанда нендей жаңалықтар қосты, ілгерілеулер жасады, әдебиеттің дамуына әсері болды ма деген сияқты мәселелерге дұрыс жауап беру – стильдік ерекшеліктерді қарастыру арқылы ғана мүмкін. Әдебиетіміздің бүгінгі биігін де осы тұрғыдан ғана анықтай аламыз.
Сонымен стиль дегеніміз не? Бұл сұраққа орыс әдебиетшілері түрліше анықтама беріп келеді. Бұған себеп жазушы стилін айқындауда басты рольге қай компонент ие болатындығын анықтауға байланысты болса керек. В.Виноградовтың айтуынша, жазушының өзіндік стилінде негізгі басты рольді образ атқарады. Өмір болмысын көркем бейнелеу образдар арқылы ғана жүзеге асады. Жазушының стилі осы образдарды жасау үстінде қалыптасады дейді ол1. Көптеген зерттеушілер бірінші орынға жазушы творчествосындағы тақырыптық ерекшеліктерді, суреттелетін объектінің сыпатын, шығарманың мазмұнын қояды2.
Қандай дәуірде болмасын көркем туындының болашақ тағдыры ең алдымен оның идеясы мен көркемдік сапасының дәрежесіне тәуелді болады. Әрбір көркем шығарма, жазушының творчествосы өзінің әділ бағасын аларда негізінен осы екі көрсеткіші тұрғысынан қаралып, бағаланады. Стиль талантты жазушыларда ғана болады десек, ол ең алдымен шығарманың жоғарыда аталған екі жағының қалай шешім тапқандығымен тығыз байланысты. Бұл екеуінің бір жағы ақсап жатса, шығарма да сәтсіздікке ұшырайды, демек стиль де жоқ, ол өз шешімін таба алмаған деген сөз. Автордың сол шығармада айтпақ болған ойы көркемдік сапалармен өзіндік жарасым тауып, дәл, әсерлі бейнеленгенде ғана ол шын мәніндегі көркем туынды бола алады. Өмірдегі қайталанбас құбылыстарды сәтті көрсеткен шығармаларда ғана өзіндік стильдер бой көрсетеді.
Жазушы стилінің қалыптасуында оның өмір туралы түсінігінің, көзқарасының, идеяның шешуші роль атқаратындығы айтылып жүр3. Осы тұрғыдан “стиль – идеялық және көркемдік ерекшеліктер” деген анықтама көңілге қонады. Бұл анықтама бойынша шығарманың идеясы, автор айтпақ болып, мақсұт тұтқан негізгі түкпі ойлар бірінші планға қойылып стильді анықтайды да, көркемдік мәселелері осыған орай шешіліп, идеяның көркем шындыққа айналып, жүзеге асуына қызмет етеді. Идеяға, көтеріліп отырған мәселелердің ауқымына қарай ең алдымен көркем шығарманың жанры анықталады. Автор ұсынып отырған идеясын неғұрлым ұтымды, ұғымды түрде беру үшін баяндаудың тонын, қай жақта (1,2,3-жақтар) жазылуын белгілеп, шығарманың композициялық құрылысын түзеді. Шығарманы жазу үшін негізгі тонды табу – күй тарту үшін домбыраның құлақ күйін келтірумен бірдей. Образдардың жасалуы, адам характерлерін ашуда пайдаланылатын түрлі конфликтер жазушының творчестволық ой-мақсатына бағына отырып, белгілі бір заңдылықпен дамып отырады. Қаламгер өзінің творчестволық ой-жоспарын көркем шындыққа айналдыру үшін көркем сөз құдіретін пайдаланады. Көркемдік сапаларсыз шығарма әдеби туынды бола алмайды. Жазушының тіл мұхитының айдынында еркін жүзіп, ең асылдарын тауып пайдалануына мүмкіндік беретін, жол көрсететін стиль болып табылады.
Стиль ұғымы қазір үш түрлі жағдайда қолданылып жүр: Жеке шығарманың стилі, жазушы стилі, ортақ стиль (немесе стильдік ағым). Дұрысында стильдің жазушы стилі деген мағынада пайдаланылғаны ләзім. Алғашқы және соңғы жағдайлардағы қолданыстарын жалпының жекеге, жекенің жалпыға қатынастағы көрінісі деп ұққан жөн.
Жазушы стилінің қалыптасуында идеяның басты роль атқарғандығын қазақ совет әдебиетінің алғашқы жылдарындағы қалам қайраткерлерінің творчестволарынан анық байқаймыз. Осы мәселелерді қазақ совет әдебиетінің ірге тасын қаласушылардың бірі Сәбит Мұқановтың әдеби-сыншылық қызметімен байланыстыра отырып әңгімелемекпіз.
Жалпы әлемдік әдебиеттің даму тарихына зер салсақ бір-бірімен ұласып, бір-бірінен өркендеп жатқан түрлі әдеби ағымдарды көреміз. Әдебиеттің дамуын стильдер дамуы деп те атауға болатын сияқты. Көркемдік игерулер жолындағы стильдік ізденулер нәтижесінде әр түрлі әдеби ағымдар пайда болып отырды. Материалдық өндірістің, қоғамдық құрылыстың дамуымен бірге әдебиет те үздіксіз жетіліп отырған. Қоғам дамуындағы ілгерілеулер сол қоғамның бейнесі болып табылатын әдебиетте де ізденістер туғызды; өмірді бейнелеудің жаңаша әдістерін жасады. Классицизм, романтизм, реализм әр дәуірден туындаған әдеби ағымдар болса, екінші жағынан әдебиеттің даму дәрежесін де көрсетті. Әр түрлі әдеби ағымдарда оларды бір-бірінен елеулі түрде айыратын стильдік ортақ белгілері болды. Мысалы, классицизмде үш бірлікті (оқиға, уақыт, кеңістік) қатал сақтап отыру барлық шығармаларда талап етіліп отырса, романтизмде әдебиеттің өрісі кеңейеді, жазушының творчестволық фантазиясына ерік берілді. Романтизмде көркем шындық өмір шындығынан алшақ жатса, реалистік бағыт әдебиетті өмірмен жақындастырды. Социалистік реализм әдісіне негізделген совет әдебиеті дүниежүзілік әдеби дамудың заңды жалғасы ретінде пайда болып, дамуда. Адам баласының ғасырлар бойы жасаған озық әдеби үлгілерін толық меңгерген көп ұлтты совет әдебиеті бүгінгі күні дүние жүзілік әдебиеттің дамуына зор ықпал жасап отыр.
Б.Майтанов
Лиризм – стильдік құбылыс
Көркем әдебиеттің өміршеңдігіне қажет шарттардың бастысы жазушы ізденістері, жаңашыл мазмұнды пішін болып табылатындықтан, әрбір кезеңдегі тұтас ағым немесе жекелеген қаламгерлер стиліндегі сонылықтар әдебиет сыны мен ғылымын қатар толғандырмақ. Әдеби процестегі сан алуан тың сипаттар мен тенденцияларды алдымен аңғарушы сынның өзін-өзі қайталай беретін тұстары, бастаған ісін аяқсыз қалдыруы да таңқаларлық нәрсе емес. Алайда ол бекерге сөз бастамайды және айтқанын кездейсоқ доғара салмайды. Бұл өзгерістердің бәріне басшылық ететін дирижерлік таяқша - әдебиетте. 50-жылдардың соңы мен 70-жылдардың бірінші жартысына шекті көп әңгімеге тиек болғанымен, қазірде уақытша ұмытылған тақырыптардың бірі – прозадағы лиризм.
Шындығында, көркемөнердің өзі көңіл-күй, ой-қиял мен тарихи-әлеуметтік, эстетикалық алғышарттардың бірлігінен өрістегенін жадыда ұстасақ, “...ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасыр басындағы жазушылардың назарына адамның кейбір психологиялық жағдайлары, сезімдері, сыртқы әлем құбылыстарына орай эмоционалдық үн қосу сәттері түсті. Бірақ бұл сезімдер, адам жанының жекелеген шақтары характер болып тұтаспайды”1, - деген Д.С.Лихачев тұжырымына ден қою дұрыс. Демек, лиризм мен психологизмнің негізгі көзі – авторлық экпрессияның идеялық-көркемдік генезисі тереңде жатыр.
Терминдер көрсеткіші
Автор – 39,110,124,140,188,190,262,266,276
Автор бейнесі – 39,193
Автопортрет – 39
Адамгершілік-тұрмыстық трагедия - 198
Азаматтық лирика - 208
Айтыс – 17,168,170,171,184,185,225
Акустика – 17,18
Аллегория – 270
Аннотация - 205
Аңыз – 13,140,142,143,158,182,183,233
Арбау - 181
Арнау – 208,267
Архаизм – 260
Архитектоника - 264
Аударма – 187,188
Ауыз әдебиеті – 41,44,168,189,222,262,266
Афоризм – 146
Әдебиеттану – 39,40,41,42,48,49,50,261
Әдеби ағым – 271,273,277
Әдеби әдіс – 205,260,267,268,270
Әдеби бағыт – 193,266,267,269,270,273
Әдеби бейне - 50
Әдеби даму – 241,277
Әдеби дәстүр – 244,270
Әдеби жанр - 194
Әдеби қозғалыс - 237
Әдеби мектеп - 193
Әдеби процесс – 191,205,277
Әдеби сын – 43,49,205,277
Әдебиет тарихы – 40,41
Әдебиет теориясы – 51,189,272
Әдеби тип – 242,243
Әдеби тіл – 262,263,265,266,268,271
Ән өлеңі - 208
Әңгіме – 111,113,123,229,230,233
Әпсана – 108,142,182
Әсірелеу - 199
Әуезе – 102,103,168,169,171
Баллада - 269
Балалар әдебиеті - 172
Бата - 177
Батырлар жыры – 41,183,191,239,223
Батырлық поэма - 183
Бәдік – 181,182
Бейне – 39,110,111,125,126,127,131,132,269
Бейнелілік – 42,126,132
Бейнелеу құралдары – 121,189
Бесік жыры - 171
Беташар - 173
Богема сарын - 98
Болжалдық әдебиет - 178
Болжал өлеңдер - 178
Бунақ - 26
Буын – 114,116,117,136
Гипербола – 199,200
Глосса - 15
Гротеск – 124,199,200
Ғазал - 17
Ғақлия - 270
Ғашықтық әдебиет – 172,173,184
Ғылыми-техникалық шығармашылық - 242
Ғұмырнамалық әдебиет – 181
Дастан - 153
Деталь – 127,130,200,204,273
Диаграмма – 17,18
Диалог – 8,203
Диалект – 265
Дидактика – 270
Дидактикалық шешендік – 196
Дискуссиялық драма - 201
Дифирамб – 5,6,8,17,18
Драма – 6,7,13,17,18,23,124,130,150,160,161,164,165,166,199,200
Драмалық әрекет - 200
Драма кейіпкері – 200,201
Драматургия – 23,196,200
Драмалық поэзия – 160,165,167
Драмалық характер - 162
Дума - 269
Емшілік халық әдебиеті – 181,182
Ертегі – 26,44,105,106,107,108,109,143,168,185,202,266
Жазба әдебиет – 168,229,265,266,268
Жазба дәстүр - 263
Жанр – 41,146,153,193,194,201,202,204,205,206,207,262,267,269,271
Жаңашылдық – 243,244
Жаңылтпаш – 121,185
Жар-жар - 172,202,203
Жауынгерлік поэзия - 190
Жоқтау – 154,174,175,176
Жұмбақ – 17,154,184,185,204
Жыр – 19,121,143,153,154,173,174,185,190,191,202,233,263
Жырау – 99,100,141,190,266
Зар заман жырлары - 180
Идея – 19,20,21,49,50,51,65,110,159,163,166,190,191,194,243,246,261,268,
269,272,273
Инверсия – 260
Инсценировка - 201
Интимдік лирика - 208
Импровизация – 7,8
Ирреализм - 231
Ирония – 124,176
Карикатура – 124,199
Кейіпкер – 165,268,269,272,273
Кейіптеу – 19,146
Кескін - 22
Кифаристика - 5
Классицизм – 258,259,277
Комедия – 5,6,7,8,17,18,167,168,194,198,199
Композиция – 9,107,112,150,194,201,202,203,259, 272,276
Конфликт – 131,147,148,149,150,151,152,197,239,276
Коллизия – 147,148,149,150,151,161,162,166
Көркем аударма – 187
Көркем тіл – 261,264
Көркемдік – 42,45,51,261,263,269,276
Көркемдік әдіс – 203,206,244,272
Көркемдік жүйе – 261
Көркемдік қиял – 21,42
Көркемдік құрал – 201,205,206
Көркемдік таным - 42
Көркемдік ойлау – 148
Көркемдік шындық - 277
Көркемөнер – 189,253,257,262
Көрісу жырлары – 174
Көңіл-күй лирикасы – 208
Қайым айтыс - 204
Қайым өлең – 154
Қара өлең – 154,204
Қаһарман – 166,167
Қаһармандық драма - 201
Қиял – 42,52,132,140
Құбылыс – 126,127
Лингвистика - 195
Лира - 160
Лирика – 37,38,93,124,160,161,164,165,166,175,205,207,208,267,269
Лиризм – 161,270,277,278
Лирикалық дастан – 41
Лирикалық драма - 201
Лирикалық жанрлар - 207
Лирикалық кейіпкер – 48,124,207
Лирикалық комедия - 200
Лирикалық поэзия – 159,160,164,165
Лирикалық субъект - 161
Лирикалық шығарма - 208
Лирикалық шығарма – 161,164
Мадақ өлең - 71
Мазмұн – 20,21,39,46,49,50,51,101,102,146,189,190,255,266,267,270,271,272,
273,275,277
Мақал – 41,146,185,204
Мәнер – 247,259
Мәтел – 41,146,185,204
Мәтін – 136,137
Метафора – 15,144,146,231
Метаморфоза - 144
Метонимия - 231
Метрика - 10
Миф – 8,105,109,163
Мифология - 44
Монография - 206
Мотив – 104,106,108,109,121
Мінез – 9,274
Мысал – 44,269,270
Нақыл сөз - 204
Насихат поэзия – 179
Неологизм - 260
Новелла – 111
Образ – 37,38,39,42,50,120,121,160,164,264,265,267,268,269,270,272,273,275
Образдау - 269
Ода – 165,176,208
Очерк - 206
Өлең – 5,6,7,10,11,19,43,48,112,113,115,116,117,118,135,136,154,155,157,158,
159,170,174,177,178,183,263,264,269
Өмірбаяндық әдебиет - 181
Өнер – 15,19,20,21,22,24,25,26,37,38,42,43,48,49,50,51,125,130,134,135,139,
154,158,187,188,203,253,264
Рапсодия – 153,157
Реализм – 195,228,229,230,231,240,243,258,266,267,268,269,270,277
Рецензия – 205,206
Римфа - 26
Риторика – 17,18,264
Роман – 35,50,109,110,114,122,123,129,132,161,163,164,230,271
Романтизм – 78,195,240,241,258,259,269,277
Рыцарьлық роман - 239
Памфлет - 206
Пародия – 205,206
Пафос – 65,66,129,197,258
Пейзаж – 134,269,271
Перифраз - 265
Персонаж - 193
Перілік хикаялар – 182
Пластикалық образ - 159
Пластикалық өнер – 20
Психологиялық драма - 201
Повесть – 112,164
Портрет – 146,206,269,271
Постсиллогизм - 17
Поэзия - 5,7,8,10,11,15,16,17,18,19,20,21,22,23,24,37,38,46,47,48,94,112,113,
114,115,120,126,130,141,154,155,158,159,161,162,166,167,175,176,181,186,189,190,195,196,205,208,261,266,268,269,271
Поэма – 7,14,15,18,26,154,155,163,183,262
Поэмата - 17
Поэтика – 15,16,17,38,136,146,147,261,262,264,265
Поэтикалық өнер – 20
Поэтикалық қиял - 20
Проза – 6,10,21,112,126,162,205,258,261,271
Пролог - 12
Прототип – 130
Публицистика – 205,206,269,270,271
Пішін – 51,111,131,272,273
Пьеса – 229,230
Пэон - 17
Сал – 97,98
Сарказм – 124
Сарын - 273
Сатира – 8,17,18,19,122,123,124,176,177,206,241,258,269
Сатиралық комедия – 200
Сатиралық лирика - 208
Саяси-әлеуметтік драма - 201
Сәлемдеме жырлары - 174
Сері – 97,98
Сентиментализм – 76,231,258,271
Силлабика – 156
Силлогизм - 16
Символ – 38,241,269
Символизм – 38,77,158,195,237
Синоним - 264
Ситуация – 147,148,149,151
Сонет - 208
Софистика – 15,16
Сөз өнері – 20,25,37,43,44,204
Стасим - 12
Стилистика – 146,147,192,256,257,258,260,261
Стиль – 247,248,256,257,258,259,260,261,265,266,268,269,271,272,273,274,275,
276,277
Суреткер – 51,52,132,188,270,271,274
Сын жанры – 204,205
Сюжет - 104,105,106,108,109,111,112,121,122,143,149,150,200,201,202,203,
204,239,270,271,273
Табиғат лирикасы - 208
Тақырып – 101,189,190,193,194,246,268,272,273,275
Тарихи-ғұмырнамалық драма - 201
Тарихи поэмалар - 183
Тарихи роман – 164
Тарихи трагедия - 198
Тармақ - 154
Тартыс – 138,152,166,199,259
Творчестволық фантазия – 24,277
Теңеу – 19,144,145,146
Тетраметр - 8
Тип – 109,111,129,163,271
Типтендіру – 130,269
Типтік - 271
Түр – 131,205
Түпнұсқа - 188
Тойбастар – 173
Толғау – 168,169,170,171,180,196,263
Тотем - 96
Трагедия – 5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,17,28,35,124, 166,167,196,197,199
Трагедиялық конфликт – 197
Трагедиялық тартыс – 197
Трагедиялық тұлға - 197
Трансформация – 146
Триметр - 5
Троп - 146
Тұрмыстық жырлар - 183
Ұйқас – 113,115,179
Ұлт әдебиеті - 188
Үгітшіл әдебиет - 180
Үрдіс - 136
Ырғақ – 5,7,26,113,114,115,117,118,135,136,171,261
Ырым – 185,186
Фабула – 5,9,10,11,12,13,17,109,111,112,204
Фельетон – 123,206,258
Фольклор – 41,44,115,202,203,204,262,265
Фоника - 264
Форма – 20,39,49,50,51,65,110,113,115,116,117,118,119,120,154,156,158,167,
189,194,269,272
Формализм - 42
Фразеологизм - 264
Футуризм - 238
Халық әдебиеті – 171,173,176,177,178,180,181,183,184,186,187
Халық поэзиясы - 187
Характер – 6,9,10,119,122,131,148,149,150,162,163,166,204,260,261,276,278
Хикая - 140
Хикаят – 47,202,203
Хор - 203
Шарж – 124,199
Шежіре - 183
Шешен – 178
Шешендік сөз – 41,263
Шолу – 205,206
Шумақ – 114,117,154,156,177
Шығармашылық тәсіл – 274
Шығармашылық портрет - 205
Элегия – 5,165,208
Эллипсис - 260
Эпика – 5,8,9,17,161
Эпиграмма – 123,125,154,176,177,205,206
Эпиграф – 137
Эпизм – 269,270
Эпизод – 203,204
Эпикалық жыр – 191
Эпикалық мұра - 191
Эпикалық объективтік – 161
Эпикалық оқиға - 163
Эпикалық поэзия – 15,158,159,160,161,162
Эпикалық трагедия - 198
Эпикалық характер - 162
Эпикалық шығарма - 162
Эписодий - 12
Эпитет – 144,255,256,265
Эпопея – 9,14,15,131,161,163,164,202
Эпос – 8,9,17,18,124,131,160,162,164,185,191,265,266,270,271
Эссе – 205,206
Эстетика – 43,125
Эстетикалық сезім - 37
Юмор – 122,168,258
Ямб – 7,8,17,18,114
Әзірлеген филология ғылымдарының кандидаты,
доцент Е.Е.Тілешев
Қысқаша био-библиографиялық анықтамалық
Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931)
Қазақтың ұлы жазушысы, драматург, сыншы, аудармашы. Әдеби дамуға, көркем шығармашылыққа, М.Жұмабаев шығармашылығына байланысты әдеби-сын мақалалар жазған. Нұсқалыққа енген “Мағжан Жұмабаевтың ақындығы туралы” еңбегі жазушының бес томдық шығармалар жинағының 5-томынан алынды.
Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.)
Ежелгі грек философы антикалық әдебиет теориясын тұңғыш жүйелеуші. Ғылымның көптеген салаларын қамтитын еңбектер жазған. Әдебиеттану саласындағы негізгі еңбегі: “Поэтика”. Нұсқалыққа енген үзінді “Әдебиеттануға кіріспе” жинағынан (құрастырған С.Мақпырұлы) алынды.
Ахметов Зәки Ахметұлы (1928)
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ғылымға еңбегі сіңген қайраткер. Қазақ өлеңінің құрылысын, Абай, М.Әуезов шығармашылығын зерттеуші. Негізгі еңбектері: “Өлең сөздің теориясы”, “О языке казахской поэзии”, “Роман-эпопея М.Ауэзова “Путь Абая”, “Абайдың ақындық әлемі”. Мәтін ғалымның “Абайдың ақындық әлемі” кітабынан алынды.
Ахметов Кенжебай Карбозұлы (1961)
Филология ғылымдарының кандидаты. “Әдебиеттану әліппесі” кітабының авторы. А.Нұрқатов шығармашылығын зерттеуші. Мәтін “Әдебиеттану әліппесі” кітабынан алынды.
Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950)
Ұлы философ, оқымысты. Ғылымның көптеген салалары бойынша зерттеулер жазған. Оның ішінде эстетика, поэзия, музыка мәселелеріне арналған еңбектердің авторы. Әдебиеттану саласындағы негізгі еңбектері: “Поэзия өнерінің канондары туралы трактат”, “Поэзия (өнер) туралы”. Трактаттан үзінді “Әдебиеттануға кіріспе” жинағынан (құрастырған С.Мақпырұлы) алынды.
Әлімқұлов Тәкен (1918-1987)
Жазушы, әдебиет сыншысы. Абай, Қ.Аманжолов, қазіргі қазақ әдебиеті туралы еңбектердің авторы. Негізгі еңбегі: “Жұмбақ жан”. Мәтін қаламгердің “Жұмбақ жан” зерттеуінен алынды.
Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961)
Қазақтың ұлы жазушысы, драматург, сыншы, ғалым. ҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор. Лениндік және мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты. Абайтанудың негізін салушы. Қазақ әдебиетінің тарихына, фольклорға, поэзия, драма жанрларына қатысты зерттеулер жазған. Негізгі еңбектері: “Әдебиет тарихы”, “Абай Құнанбаев”, “Қазақ халқының фольклоры мен эпосы”. Нұсқалыққа енген “Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі” мақаласы ғалымның “Әдебиет тарихы” кітабынан, Ж.Аймауытовпен бірлесіп жазған “Абайдан соңғы ақындар” мақаласы зерттеушінің “Таңдамалысынан” алынды.
Базарбаев Мүсілім (1927-1995)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық, Шәкәрім, М.Жұмабаев, қазіргі әдебиетке байланысты еңбектер жазған. Негізгі еңбектері: “Қуатты ойдан көркем сөз”, “Замана тудырған әдебиет”. ???
Байтұрсынов Ахмет (1873-1937)
Қазақтың ұлы оқымыстысы, ақын, аудармашы, тілтанушы, тұңғыш абайтанушы, көрнекті қоғам қайраткері. Қазақ әдебиеттануы мен фольклортануының негізін салушылардың бірі, тұңғыш теоретигі және терминдер жүйесін жасаушы. Негізгі еңбектері: “Әдебиет танытқыш”, “Қазақтың бас ақыны”. Нұсқалыққа енген мәтіндер ғалымның “Ақ жол” жинағынан алынды.
Банфи Антонио (1886-1957)
Итальян философы, эстетигі. Негізгі еңбектері: “Көркем өнердің өмірі”, “Көркем өнер философиясы”, “Эстетикалық философияның проблемалары”. ??
Бахтин Михаил Михайлович (1895-1975)
Орыс ғалымы. Негізгі еңбектері: “Достоевский поэтикасының проблемалары”. “Ф.Рабле шығармашылығы және орта ғасырлардағы және қайта өрлеу дәуіріндегі халық мәдениеті”. “Эпос және роман”. ??
Белинский Виссарион Григорьевич (1811-1848)
Орыс сыншысы, ғалымы. Орыс әдебиетінің тарихына, теориясына қатысты көптеген еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “Александр Пушкин шығармалары”, “Поэзияны тегі мен түріне қарай бөлу”. Сыншының нұсқалыққа енген мәтіндері қазақ тілінде жарық көрген шығармалар жинағынан алынды.
Берковский Наум Яковлевич (1901-1972)
Орыс ғалымы. Негізгі еңбектері: “Әдебиет және театр”, “Германиядағы романтизм”. Мәтін ғалымның “Германиядағы романтизм” монографиясынан алынды.
Бушмин Алексей Сергеевич (1910-1983)
Орыс ғалымы. Негізгі еңбектері: “Әдебиеттану методологиясын жасаудың жағдайы мен міндеттері”, “Әдебиеттану бойынша зерттеулердің методологиялық мәселелері”. ??
Веселовский Александр Николаевич (1838-1906)
Әдебиет теоретигі және тарихшысы. Негізгі еңбектері: “Вилла Альберти. ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы италия өміріндегі қоғамдық және әдеби өзгерістерді сипаттау үшін жаңа материалдар”, “Соломон мен Китоврас жайындағы славян аңыздары және Морольф пен Мерлин жайындағы батыс аңыздары”, “Тарихи поэтика”. Мәтін ғалымның “Тарихи поэтика” зерттеуінен алынды.
Выготский Лев Семенович (1896-1934)
Орыс ғалымы. Көркемөнер, шығармашылық психологиясына байланысты күрделі зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Мінез тарихы бойынша этюдтер”, “Көркемөнер психологиясы”. Мәтін ғалымның “Көркемөнер психологиясы” зерттеуінен алынды.
Гегель Георг Вильгельм Фридрих (1730-1831)
Немістің ұлы философы. Әдеби даму, көркемдік әдіс, әдеби жанрлар т.б. арналған күрделі зерттеулердің авторы. Көркемөнер және әдебиет саласындағы негізгі еңбегі: “Эстетика”. Нұсқалыққа енген мәтін “Эстетика” еңбегінен алынды.
Гете Иоганн Вольфанг (1749-1832)
Неміс ақыны, жазушысы, ойшылы. Әдебиеттану саласында эпикалық және драмалық поэзия, театр, Шекспир, әдеби стиль туралы зерттеулер жазған. Нұсқалыққа енген үзінді “Табиғатқа жай еліктеу, мәнер, стиль” еңбегінен алынды.
Дәдебаев Жаңғара (1948)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. М.Әуезов, көркем шығармадағы тарихи шындықтың бейнеленуі, қазіргі әдебиет туралы еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “Өмір шындығы және көркемдік шешім”, “Қазақ тарихи романы: дәстүр мен жаңашылдық”. Мәтін ғалымның “Өмір шындығы және көркемдік шешім” монографиясынан алынды.
Досмұхамедов Халел (1883-1937)
Қоғам қайраткері. Қазақ фольклортану ғылымының негізін салушылардың бірі. Халық ауыз әдебиетіне, қазақ әдебиетінің тарихына қатысты еңбектердің авторы. Негізгі еңбегі: “Аламан”. Мәтін қаламгердің “Аламан” кітабынан алынды.
Егеубай Асқар (1950)
Филология ғылымдарының докторы, ақын, аудармашы, зерттеуші. Көне түркі әдебиетінің поэтикасы жайындағы зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі”, “Құлабыз”. Мәтін ғалымның “Құлабыз” кітабынан алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |