Әдістемелік нұсқау Физика 10


дағдылары Электрондық оқулық, Интерактивті тақта, видеороликтер,  слайдтар. осыған дейін



Pdf көрінісі
бет22/26
Дата13.03.2020
өлшемі1,89 Mb.
#60078
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
19a38f73885070998eadef0f10417db4


дағдылары
Электрондық оқулық, Интерактивті тақта, видеороликтер, 
слайдтар.
осыған дейін 
меңгерілген 
білім
Физика,  10-сынып:  термодинамиканың  бірінші  заңын 
термодинамикалық  процестерге  қолдану,  сұйық  және 
қатты денелер, электростатика, тұрақты ток.
Жабдықтар
Видео-сабақ: “Асқын өткізгіштік”.
сабақ барысы
уақыт бойынша 
бөліп жоспарлау
сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
ресурстар 

Жалғасы
218
сабақтың басы
5 мин
Сабақтың басталуы.
Ұйымдастыру кезеңі. 
1. Сабаққа оң көңіл күймен ыңғайлану. 
2. “Қар кесегі” әдісі арқылы сабақтың 
тақырыбына жетелеу.
Сұрақтар: 
1.  Жартылай  өткізгіштерге  қандай 
заттар жатады?
2.  Жартылай  өткізгіштердің  кедергісі 
температураға қалай тәуелді? 
3.  Транзистор  деп  қандай  құралды 
атайды? Оларды қайда пайдаланады?
4. Қандай байланысты коваленттік деп 
атайды? 
5.  Жартылай  өткізгіштер  қызғанда  не 
болады?
3.  Сабақтың  тақырыбы,  мақсаты 
айтылады.
4. 
Бағалау  критерийлерін  анықтау 
(оқушылармен бірге):
—  Асқын  өткізгіштік  және  жоғары 
температуралық  асқын  өткізгіштік 
құбылыстары жайлы мағлұмат алады;
—  Асқын  өткiзгiштiк  құбылысы  мен 
практикалық қолданылуын үйренеді;
— Топта бағалай алатын болады.
5.  Бағалау.  Мұғалім  ынталандыратын 
сөздермен, бонустармен бағалайды. 
Бірігіп жасаған критерийлер бойынша 
оқушылар  арасында  өзара  бағалау 
өткізіледі.
“Асқын 
өткізгіштік” 
тақырыбына 
презентация.
сабақтың 
ортасы
30 мин
1) 
Жаңа материалды зерделеу.
“броундық қозғалыс” әдісі.
Мұғалім сұрақтар береді: 
1.  Температураның  жоғарылауымен 
металдар  кедергісінің  артуын  түсін-
діріңдер. 
2. Асқын өткізгіштік деп қандай құбы-
лысты атайды? Оны кім ашты? 
3. Асқын өткізгіштік құбылысын қалай 
түсіндіруге болады?
Сынып  ішіне  тақырыпқа  қатысты 
мәліметтер  мен  ақпараттар  орналас-
тырылады.  Оқушылар  бүкіл  сынып 
ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып 
бойынша ақпарат жинайды.
“Физика” 
оқулығы, 
10-сынып.
Физикадан 
“Асқын 
өткізгіштік” 
тақы ры бын дағы 
видео-сабақ.

Жалғасы
219
Содан соң мұғалім:
—  Асқын  өткізгіштік  теориясын  1957 
жылы американдық ғалымдар Л. К у п е 
р, Дж. Бардин мен Дж.Шриффер құрды 
(оны “БКШ теория сы” деп те атайды). 
Олар асқын өткізгіштікті электрондық 
сұйықтың  асқын  аққыштығы  деп 
түсіндірді  (асқын  аққыштық  дегеніміз 
— үйкеліссіз ағу, ол кеңес физигі Л. Д. 
Ландау ашқан кванттық сұйыққа тән). 
Асқын өткізгіштіктің жағдайы тек бүтін 
спині (бөлшектің өз осінен айналуынан 
туатын өздік магнит өрісі) бар бөлшектер 
тобына тән. Сондықтан Л. Купер асқын 
өткізгіштерде  электрондар  спиндері 
қарама-қарсы  бағытталып,  қосынды 
спині  нөлді  беретін  электрондық 
жұптарға  бірігіп,  купер  жұбы  деп 
атала тын  электрондар  “топтамасын” 
құратынын дәлелдеді. Осындай жағдайда 
көп  бөлшектер  үйлесімді  қозғалады 
да  кванттық  механиканың  заңдарын 
макроскопиялық масштабта қолдануға 
болады. Жеке электронның кристалдық 
тор  иондарымен  соқтығысуы  мүмкін 
емес,  сондықтан  осындай  электрондар 
“топтамасының” қозғалысын тежеу оңай 
емес. Осы кванттық жүйенің энергиясы 
кенеттен  өзгереді  де,  электрондардың 
“асқын  өткізгіштік  жұбы”  металл 
ішінде үйкеліссіз белгілі жылдамдыққа 
дейін қозғала алады.
Дескриптор.
1.  Асқын  өткізгіштік  және  жоғары 
температуралық  асқын  өткізгіштік 
құбылыстары жайлы түсіндіреді;
2.  Асқын  өткiзгiштiк  құбылысы  мен 
практикалық қолданылуын үйренеді;
3.  Асқын  өткiзгiштiк  түсініктерін 
жазады.
Күтілетін нәтижелер.
Оқушылар:
а)  Асқын  өткізгіштік  және  жоғары 
температуралық  асқын  өткізгіштік 
құбылыстары жайлы мағлұмат алады;
Бағалау 
критерийлері.
ИТ (сұрақтар 
көрсетіледі).

Жалғасы
220
ә)  Асқын  өткiзгiштiк  құбылысы  мен 
практикалық қолдана білуге үйренеді;
б) Топта бағалай алатын болады.
Қб:  “Бас  бармақ”  әдісі  арқылы  орын-
далады.
оқушылар:
—  асқын  өткізгіштікке  мысалдар 
келтіреді; 
—  жұпта,  топта  мәселелік  сұрақтар 
құрастырады, оларға жауап береді.
“Пікір  алмасу”  (Showdown).  Әрбір 
топ  тақырыпқа  қатысты  4  сұрақ 
дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің 
бірінші  жағына,  ал  жауабын  екінші 
жағына жазып, келесі топпен стикер-
лерін  ауыстырады.  Топ  басшысы 
с т и к е р д е г і   с ұ р а қ т а р д ы   о қ и д ы , 
топ  мүшелері  жауаптарын  жазып 
дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, 
барлығы  өз  жауабын  ашады  және 
ж а у а п т а р д ы   т а л қ ы л а п ,   д ұ р ы с 
жауаппен салыстырады.
1.  Температураның  жоғарылауымен 
металдар  кедергісінің  артуын  түсін-
діріңдер. 
2.  Асқын  өткізгіштік  деп  қандай 
құбы лысты  атайды?  Оны  кім  ашты?  
3. Асқын өткізгіштік құбылысын қалай 
түсіндіруге болады. 
Дескриптор.
а)  Температураның  жоғарылауымен 
металдар  кедергісінің  артуын  сипат-
тайды.
б) Асқын өткізгіштік деп қандай құбы-
лысты атайтынын, оны кім ашқанын? 
сипаттап бер.
в) Асқын өткізгіштік құбылысын қалай 
түсіндіруге болатынын анықтайды.
2) 
Зерделенген материалды бекіту.
Оқулықтағы графиктер мен суреттерге 
сүйеніп өтілген тақырыпты қайталау. 
“Ойлан-жұптас-бөліс”.  Берілген 
тапсырма  (сұрақ)  бойынша  әрбір 
оқушы  жеке  жұмыс  жасау  арқылы  өз 
ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен

Жалғасы
221
бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға 
ұласады. 
Жеке  жұмыс.  Оқушылар,  өз  бақылау-
ларына  сүйене  отырып,  орындалған 
жұмыс туралы қорытынды жазады. 
Жұппентоппен жұмыс. Әрбір топтан 
бір  оқушы  жұмыс  нәтижелері  туралы 
айтады,  ал  қалған  оқушылар  оны 
толықтырады. 
Қалыптастырушы бағалау. 
Оқушылар  арасында  өзара  бағалау 
өткізіледі.
М ұ ғ а л і м   о қ у ш ы л а р д ы   ү ш   т о п қ а 
біріктіріп, әр топқа тапсырма береді. 
Әр  топтың  оқушылары  тапсырма 
тақы рыбын  талқылайды.  Постер 
презентациясын  дайындайды  және 
сынып алдында сөйлейді.
Бағалау критерийлері.
1. Постер тақырыбын ашу. 
2. Эстетикалық безендіру. 
3. Ғылыми сауаттылық.
4. Ресурстар тізімі. 
5. Бірігіп орындайтын жұмыс. 
Топтар  арасында  жоғарыда  аталған 
талап тар бойынша өзара бағалау өткізі-
леді.
Мұғалім сабақтың мақсатына жеткендігі 
туралы қорытынды жасай  ды.
сабақтың соңы
5 мин
Мұғалім  үйге  тапсырма  береді.  Үй 
тапсырмасы. § 32 бақылау сұрақтарына 
жауап беру.
Кері байланыс. 
Нені білген едім?
Нені білдім?
Нені түсіну оңай болды?
Нелер түсініксіз болып қалды?
Нені қосымша зерделеу қажет? 
пән: Физика
ұзақ мерзімді жоспардың 10.3 бөлімі
Күні: 
Мұғалім: 
сынып: 10 
Қатысушылар саны: 
Қатыспағандар: 

Жалғасы
222
4-сабақ
сабақтың тақырыбы: № 2-зертханалық жұмыс:
Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын 
зерттеу.
сабақ түрі: 
Жаңа материалды зерттеушілік сипаттағы презентациялау 
элементтерін пайдаланып зерделеу.
осы сабақ 
арналған 
оқытудың 
мақсаттары
10.3.3.2  — электролиз үдерісіндегі  электр тогы шартын 
эксперимент арқылы анықтау.
сабақтың 
мақсаты
—  Тұтқырлығы  әртүрлі  сұйықта  қозғалатын  кішкентай 
шардың қозғалысын зерттеу; 
— Электролиз үдерісіндегі электр тогы шартын эксперимент 
арқылы анықтау; 
— Топта бағалай білуге баулу.
бағалау 
критерийлері
—  Тұтқырлығы  әртүрлі  сұйықта  қозғалатын  кішкентай 
шардың қозғалысын зерттейді; 
— Электролиз үдерісіндегі электр тогы шартын эксперимент 
арқылы анықтайды
— Топта бағалай білуге баулу.
тілдік 
мақсаттар
—  Тұтқырлығы  әртүрлі  сұйықта  қозғалатын  кішкентай 
шардың қозғалысын зерттеу; 
— Электролиз үдерісіндегі электр тогы шартын эксперимент 
арқылы анықтау; 
— Өзін-өзі бағалай білуге баулу.
Құндылықтарды 
дарыту 
Топпен жұмыс жасау барысында оқушыларда: ынтымақ-
тастық,  өз  білімі  үшін  жауапкершілік  сияқты 
құндылықтар дамиды.
пәнаралық 
байланыс
Ìàòåìàòèêà: сызықтық функция және оның графиктері, 
квадрат  теңдеулер,  теңдеулер  жүйесі,  тригонометрия 
элементтері.
аКт қолдану 
дағдылары
Электрондық оқулық, Интерактивті тақта, видеороликтер, 
слайдтар.
осыған дейін 
меңгерілген 
білім
Физика, 10-сынып: Әртүрлі ортадағы электр тогы.
Жабдықтар
Зертханалық жұмысты орындауға қажетті құрал-жабдық-
тар.
сабақ барысы 
уақыт бойынша 
бөліп жоспарлау
сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
ресурстар

Жалғасы
223
сабақтың басы
5 мин
Ñабақтың басталуы.
Ұйымдастыру кезеңі. 
1. Сабаққа оң көңіл күймен ыңғайлану. 
2. “Сұрақты қағып ал” әдісі. 
№ 2-зертханалық жұмыс. 
Электролиттердегі  электр  тогының 
пайда болу шарттарын зерттеу.
Жұмыстың мақсаты: электролиттерде 
т о к т ы ң   п а й д а   б о л у   ш а р т т а р ы н 
эксперимент арқылы анықтау; натрий 
х л о р и д і н і ң   с у д а ғ ы   е р і т і н д і с і н і ң 
электрон  заряды  мен  вольт-амперлік 
сипаттамасын (ВАС) анықтау. 
Құрал-жабдықтар: Екі жеке электрод, 
жұптасқан электрод, кювет, ішінде суы 
бар ыдыс, тұз салынған ыдыс, түтікше, 
ұзын  өзекше,  тұрақтандырылған  ток 
көзі,  миллиметрлік  қағаз,  жабысқақ 
таспа, қайшы, шприц, шүберек, секун-
домер.
сабақтың 
ортасы
30 мин
1) 
Жаңа материалды зерделеу.
“Айналмалы бекеттер” әдісі.
Мұғалім бағыт бағдар береді: 
Қысқаша  теория.  Еріткіштің  әсері нен 
молекулалардың  иондарға  ыдырауы 
электролиттік диссоциация деп аталады. 
Электролиттік диссоциацияның нәтижесі 
электр зарядын еркін тасымалдаушылар 
болып табылады. 
Еркін тасымалдаушылары иондар болып 
табылатын сұйық өткізгіштер электро-
литтер  деп  аталады.  Егер  электролит 
ішіне  екі  пластинаны  салып,  оны 
сыртқы тізбекпен (бір пластинаны — ток 
көзінің оң полюсіне, екіншісін — теріс 
полюсіне) тұйықтаса, онда осы тізбекте 
электр тогы пайда болады. Бір пластина 
(+) анод деп, ал екіншісі (–) катод деп 
аталады. Катодқа қарай қозғалатын оң 
иондар  катиондар  деп,  анодқа  қарай 
қозғалатын  теріс  иондар  аниондар 
деп  аталады.  Электролиттердегі  ток 
химиялық  әсер  тудырады.  Мысалы: 
Н
2
SO
4
 ) 2H
+
 + SO
4
; 2H
2

→ H
+
 + OH


Бұл  жағдайда  катодта  сутек  (H
2
),  ал 
анодта оттек (O
2
) және су (H
2
O) түзіледі.
“Физика” 
оқулығы, 
10-сынып.

Жалғасы
224
Электролиттердегі  ток  Ом  заңына 
бағынады.  Электролиз  кезінде  бөлініп 
шыққан  заттың  массасы  ерітінді 
арқылы  өткен  электр  мөлшеріне  тура 
пропорционал  болады. 
m  =  q  ·  k  ,  
q = I · t => m = k · I · t, мұндағы k – 
заттың электрохимиялық эквиваленті. 
Заттың  электрохимиялық  эквиваленті 
атомдық  массаның  оның  валенттігіне 
қатынасына тура пропорционал. 
Сұйықтар қатты денелер сияқты өткіз-
гіштер,  жартылайөткізгіштер  және 
диэлек триктер бола алады. Бұл сабақта 
біз сұйық өткізгіштерді қарас тырамыз. 
Оның  үстіне  электрон дық  өткізгіштігі 
бар  сұйықтарды  емес  (балқытылған 
м е т а л д а р ) ,   е к і н ш і   т е к т і   с ұ й ы қ 
өткізгіш терді  (тұздардың,  қышқыл-
дардың,  негіздердің  ерітін ді лері  мен 
балқымаларын) қарастыратын боламыз. 
Мұндай өткізгіштердің өткізгіштігі ион-
дық болып табылады. Натрий хлориді нің 
судағы  ерітіндісі  жақсы  өткіз гіштікке 
ие. 
Ол арқылы электр тогы өткен кезде элек-
тролиз процесі жүреді. Судағы ерітіндіде 
натрий  хлоридінің  молекулалары, 
электр  зарядын  тасымалдаушылар 
болып табылатын иондарды түзе отырып, 
диссоциацияланады. Электролиз кезінде 
теріс электродта сутек бөлініп шығады, 
ал  оң  элек тродқа  жақын  маңайда 
хлор  бөлінеді  және  күйдіргіш  натрий 
түзіледі.  Диссоциациялану  процесі 
лезде  өтпейтініне  назар  аудару  керек, 
сондықтан  кернеуді  өзгерткен  кезде 
ток  бірден  анықталмайды,  ол  біраз 
уақыттан  кейін  тұрақталады.  Егер 
электролизді  ерітінді  арқылы 
t  уақыт 
ішінде 
I тұрақты токты өткізе отырып 
жүргізсе,  онда  электродтар  арасында  
Q = I t заряд ағып өтеді.
Бұл зарядты тасымалдау үшін 
N = Q/e = It/e ион қажет, мұндағы e – 
электрон заряды. Электролиз кезінде
Бағалау 
критерийлері.
ИТ (сұрақтар 
көрсетіледі).

Жалғасы
225
сутек  иондары  жұп  болып  бірігеді 
де  сутек  газын  түзеді.  Сәйкесінше, 
э л е к  т р о  л и з   к е з і н д е   с у т е к т і ң  
n = N  /  2  =  I t/(2e)  молекулалары 
түзіледі. Егер бөлініп шыққан барлық 
сутекті  жинайтын  болсақ,  онда  ол 
үшін былай жазуға болады: 
PV = nkT
Газдың қысымын, температурасын және 
көлемін біле отырып, электрон зарядын 
есептеп шығара аламыз. Қондырғының 
сипаттамасы: Қондырғы электролиті бар 
ыдыстан, екі электродтан, тұрақты ток 
көзінен  және  газ  жиналатын  түтіктен 
тұрады.  Электродтардың  біреуінің 
қос  имегі  бар,  ол  өзінің  бір  шетіне 
түтікшені  төңкерілген  күйде  бекітуге 
мүмкіндік  береді.  Электролит  арқылы 
ток  жібергенде,  электродта  бөлініп 
шығатын сутек кішкентай көпіршіктер 
түрінде жоғары қарай көтеріледі. Егер 
осы  электродқа  төңкерілген  түтікті 
кигізсе,  онда  сутек  түгелдей  түтіктің 
ішінде  болады.  Жұмысты  орындау 
тәртібі:
1-бөлім. 
1.  Зертханалық  жұмыста  пайдаланы-
латын барлық құралдардың қолданылу 
принциптерімен танысыңдар. 
2. Үлкен ыдысты ернеуіне дейін сумен 
толтырып, оны кюветке қойыңдар. 
3.  Мұғалімнен  тұз  алып,  оны  ыдысқа 
салыңдар  да  ұзын  өзекшемен  мұқият 
араластырыңдар.  Тұз  суда  толығымен 
еруі керек. 
4.  Екі  жеке  электродты  алып,  оларды 
ыдыстың қарама-қарсы қабырғаларына 
сымдарды сыртқа қаратып бекітіңдер. 
5.  Миллиметрлік  қағаз  жолағынан 
сызғыш  жасап  алыңдар.  (Бөліктерге 
бөліп,  жазып  қойыңдар).  Жасалған 
сызғышты жабысқақ таспамен түтікшеге 
жапсырыңдар. 
6. Түтікшені алып, оны су толтырылған 
ыдысқа түбін төмен қаратып толығы-
мен батырыңдар. Түтік сумен тұтас

Жалғасы
226
 толтырылуы  қажет.  Түтіктің  саңы 
л а у ы н   с а у с а қ п е н   қ ы с ы п   т ұ р ы п , 
төңкерің дер  де  түтіктің  саңылауы 
судың  астында  болғанда  ғана  оны 
босатың дар. Түтікті иілген электродқа 
кигізіңдер.  Нәтижесінде  сумен  (ауа 
көпіршіктерінсіз) толық толтырылған, 
иілген электродқа кигізілген, төңкеріл-
ген түтікшені алуларың керек.
7. Қолдарыңды шүберекпен жақсылап 
сүртіңдер. 
8.  Өткізгіш  сымдарды  сызбаға  сәйкес-
тендіріп,  қарама-қарсылықты  сақтай 
отырып ток көзіне жалғаңдар. 
9. Ток көзіндегі кернеуді реттеуге жауап 
беретін  екі  оң  тұтқаны  максимумға 
(сағат  тілінің  бағытымен),  ал  токты 
реттеуге  жауап  беретін  екі  сол  жақ 
тұтқаны,  керісінше,  минимумға  дейін 
бұрыңдар. Сандық таблодағы ажыратып-
қосқышты ток күшін көрсету режиміне 
ауыстырыңдар. 
10.  Ток  көзін  қосыңдар.  Токты  нақты 
белгілеп  алатын  сол  жақ  тұтқалармен 
ток күшін жылдам 25 мА-ге қойыңдар 
(ток  көзіне  орнатылған  амперметрдің 
көрсетуі бойынша). Алдын ала белгілен-
ген ток күшін тағайындап алып, бірден 
секундомерді қосыңдар. 
11. Шамамен 30 мин күтіңдер. 
12. Ток көзін өшіріп, бір мезгілде секун-
домерді де тоқтатыңдар. Секундомердің 
көрсетуін жазып алыңдар.
13. Түтікті тік жоғары көтере отырып, 
түтік  ішіндегі  су  мен  сутектің  арасын 
бөлетін  шегара  ыдыстағы  судың  беті-
мен  сәйкес  келетіндей  болғанша  жай 
көтеріңдер.  Бөлетін  шегара  милли-
метрлік қағаздың қай бөлігінің тұсында 
жатқанына назар аударыңдар. 
14.  Түтікті  судан  толық  шығарып 
алып,  ішіндегі  суын  төгіп  тастаңдар. 
Түтікке  шприцпен  сутек  алып  тұрған 
деңгейге  дейін  таза  су  құйыңдар. 
Сондай-ақ,  шприц  шкаласы  бойынша 
судың көлемін анықтаңдар. 

Жалғасы
227
15. Электродтарды ток көзден ажыратып, 
оларды сұйықтан шығарып алыңдар да, 
шүберекпен мұқият сүртіңдер. 
16.  Электрон  зарядын  анықтаңдар. 
Қате лікті  бағалаңдар.  Қорытынды 
жасаңдар. 
2-бөлім
17. Қос электродты суға салыңдар. 
18. Қосарланған электродтың өткізгіш 
сымдарын  ток  көзінің  плюсына  және 
минусына жалғаңдар. 
19.  Кернеуді  реттеуге  жауапты  тұтқа-
ларды максимал деңгейге дейін бұраң-
дар. 
20. Ток көзін қосыңдар. Токты реттеуге 
жауап  беретін  тұтқалармен  ток  күшін 
25  мА-ге  орналастырыңдар.  Кернеу 
тұрақталғанша бірнеше мин күтіңдер. 
21. Сол жақ тұтқалармен ток күшінің 
мәнін өзгерте отырып және ток көзіне 
орнатылған вольтметр бойынша кернеуді 
анықтап,  электролит  арқылы  өтетін 
ток  күшінің  электродтар  арасындағы 
кернеуге (токтың 25-тен 0 мА-ға дейінгі 
аралықтағы)  тәуелділігін  анықтаңдар. 
Әрбір  өлшеудің  алдында  берілген  ток 
күшінде кернеу тұрақтағанға дейін 1—2 
мин күтіңдер. 
22. Осы тәуелділіктің графигін салыңдар. 
23. Қорытынды жасаңдар. 
Қателер:  Шприцтің  қателігі  –  0,2  мл. 
Секундомердің қателігі — 0,5 сек.
сабақтың соңы
5 мин
Мұғалім  үйге  тапсырма  береді.  Үй 
тапсырмасы. Қайталау.
Кері байланыс. 
Нені білген едім?
Нені білдім?
Нені түсіну оңай болды?
Нелер түсініксіз болып қалды?
Нені қосымша зерделеу қажет? 

228
4-
тоқсан
XIII. Магнит өрIсI
пән: Физика
ұзақ мерзімді жоспардың 10.3 бөлімі
Күні: 
Мұғалім: 
сынып: 10 
Қатысушылар саны: 
Қатыспағандар:
1-сабақ
сабақтың тақырыбы: Магнит өрiсi. Магнит индукциясының 
векторы. Бұрғы ережесі.
сабақ түрі: 
Жаңа материалды зерттеушілік сипаттағы презентациялау 
элементтерін пайдаланып зерделеу.
осы сабақ 
арналған 
оқытудың 
мақсаттары
10.3.4.1  —  өткізгіштің  магнит  өрісін  сипаттайтын 
шамаларды түсіну.
сабақтың 
мақсаты
— Магнит өрісі жайлы мағлұмат беру;
—  Магнит  өрісінің  формулаларын  есептер  шығаруда 
қолдана білуге үйрету;
— Топта бағалай білуге баулу.
бағалау 
критерийлері
— Магнит өрісі жайлы мағлұмат береді;
—  Магнит  өрісінің  формулаларын  есептер  шығаруда 
қолдана білуге үйретеді;
— Топта бағалай білуге баулу.
тілдік 
мақсаттар
— Магнит өрісі жайлы мағлұмат алу;
—  Магнит  өрісінің  формулаларын  есептер  шығаруда 
қолдана білу;
— Өзін-өзі бағалай білуге баулу.
Құндылықтарды 
дарыту 
Топпен жұмыс жасау барысында оқушыларда: ынтымақ-
тастық,  өз  білімі  үшін  жауапкершілік  сияқты 
құндылықтар дамиды.
пәнаралық 
байланыс
Ìàòåìàòèêà:  графиктер,  квадрат  теңдеулер,  теңдеулер 
жүйесі.
аКт қолдану 
дағдылары
Электрондық оқулық, Интерактивті тақта, видеороликтер, 
слайдтар.
осыған дейін 
меңгерілген 
білім
Физика,  10-сынып:  Термодинамиканың  бірінші  заңын 
термодинамикалық  процестерге  қолдану,  сұйық  және 
қатты  денелер,  электростатика,  тұрақты  ток,  әртүрлі 
ортадағы электр тогы.
Жабдықтар
Видео-сабақ:  “Магнит  өрiсi.  Магнит  индукциясының 
векторы. Бұрғы ережесі”.
сабақ барысы 

Жалғасы
229
уақыт бойынша 
бөліп жоспарлау
сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
ресурстар
сабақтың басы
5 мин.
Сабақтың басталуы.
Ұйымдастыру кезеңі. 
1. Сабаққа оң көңіл күймен ыңғайлану. 
2. “Қар кесегі” әдісі арқылы сабақтың 
тақырыбына жетелеу.
Сұрақтар: 
1. Неліктен барлық металдар — жақсы 
өткізгіштер? 
2. Металдарда еркін электрондар қалай 
пайда болады? 
3.  Неліктен  металдардағы  өткізгіштік 
электрон дық болып табылады? 
4. Өткізгіште сыртқы электр өрісі жоқ 
кездегі  және  бар  кездегі  еркін  элек-
трондардың  әсерін  сипаттап  айтып 
беріңдер.
3. Сабақтың тақырыбы, мақсаты айты-
лады.
4. 
Бағалау  критерийлерін  анықтау 
(оқушылармен бірге):
— Магнит өрісі жайлы мағлұмат алады;
— Магнит өрісінің формулаларын есеп-
тер шығаруда қолданып үйренеді;
— Топта бағалай алатын болады.
5.  Бағалау.  Мұғалім  ынталандыратын 
сөздермен, бонустармен бағалайды. 
Бірігіп жасаған критерийлер бойынша 
оқушылар  арасында  өзара  бағалау 
өткізіледі.
“Магнит 
өрiсi. Магнит 
индукция-
сының векторы. 
Бұрғы ережесі” 
тақырыбына 
презентация.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет