Әдістемелік нұсқау Физика 10



Pdf көрінісі
бет23/26
Дата13.03.2020
өлшемі1,89 Mb.
#60078
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
19a38f73885070998eadef0f10417db4


сабақтың 
ортасы
30 мин
1) 
Жаңа материалды зерделеу.
«броундық қозғалыс» әдісі.
Мұғалім сұрақтар береді: 
1. Электр және магниттiң құбылыстардың 
байланысын кiм және қалай ашқан? 
2. Эрстед тәжiрибесi туралы не бiлесiң-
дер? 
3.  Бiр-бiрiне  жақын  орналасқан  екi 
параллель  өткiзгiштiң  бойынан  ток 
өткiзе отырып, Ампер нені байқады? 
4. Бойынан ток өтетiн раманы магнит 
өрiсiне орналастырса не байқалады?
5. Күштiк өрiс деп ненi түсiнемiз?

Жалғасы
230
6. Қандай өзара әсер магниттiк деп ата-
лады?
Сынып  ішіне  тақырыпқа  қатысты 
мәліметтер  мен  ақпараттар  орналас-
тырылады.  Оқушылар  бүкіл  сынып 
ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып 
бойынша ақпарат жинайды.
Содан соң мұғалім:
— Магнит өрiсi дегенiмiз — магниттiк 
әсерлердi  тасымалдайтын  материяның 
ерекше түрi. Ол бiздiң санамыздан тыс 
өмiр сүредi. Ол кеңiстiкте үзiлiссiз және 
оның әсерi шексiздiкке дейiн тарайды. 
Дәл  осылай  өте  ауқымды  денелердiң 
айналасындағы  гравитациялық  өзара 
әсер  де  берiледi.  Оны  гравитациялық 
өрiс деп атайды. Зарядталған денелердiң 
айналасында электрлiк өзара әсерлердi 
тасымалдайтын басқа күштi өрiс болады. 
Оны электр өрiсi деп атайды.
Кез келген күштiк өрiстiң әрбiр нүктесi 
ерекше  Физикалық  шама  өрiстiң 
кернеулiгiмен  сипатталады.  Мысалы, 
электр  өрiсiнiң  кернеулiгi  деп  электр 
өрiсiнiң  өрiстiң  берiлген  нүктесiнде 
орналасқан  бiрлiк  оң  зарядқа  қандай 
күшпен  әсер  ететiнiн  көрсететiн 
Физикалық шаманы түсiнемiз: 
F
 = qE
Гравитациялық  өрiстiң  кернеулiгi 
дегенiмiз — өрiстiң берiлген нүктесiнде 
орналасқан  бiрлiк  массалы  денеге 
гравитациялық өрiстiң қандай күшпен 
әсер  ететiнiн  көрсететiн  Физикалық 
шама: 
E
Магнит өрiсiн магнит индукция векторы 
B  деп  аталатын  күштiк  шамамен 
сипаттайды.  Магнит  өрiсiн  күш 
сызықтары көмегiмен графиктiк түрде 
кескiндейдi.
Бұрғы  ережесі.  Тогы  бар  өткізгіш 
тудыратын өрістің магнит индукциясы 
векторының бағыты бұрғы ережесімен 
анықталады: егер оң бұрандалы бұрғы 

Жалғасы
231
ның  ұшының  қозғалысы  өткізгіштегі 
токтың  бағытымен  сәйкес  келсе,  онда 
магнит индукциясы векторының бағыты 
бұрғының сабының айналу бағытымен 
сәйкес болады.
Ампер  —  вакуумда  бiр-бiрiнен  1  м 
қашық тықта  орналасқан  шексiз 
ұзын,  көлденең  қимасы  шексiз  аз  екi 
параллель  өткiзгiштiң  бойымен  өткен 
кезде  өзгермейтiн  токтың  магниттiк 
өзара  әсерлесу  күшiн  тудыратын  ток 
күшi.
Дескриптор.
1. Электр және магниттiк құбылыстардың 
байланысын кiм және қалай ашқанын 
түсiндiредi;
2. Күштiк өрiс деп ненi түсiнемiз, дәлел-
дейдi;
3.  Қандай  өзара  әсер  магниттiк  деп 
аталады, түсініктерін жазады.
Күтілетін нәтижелер:
Оқушылар:
а) Магнит өрісі жайлы мағлұмат алады;
ә) Магнит өрісінің формулаларын есеп-
тер шығаруда қолдана білуге үйренеді;
б) Топта бағалай алатын болады.
Қб:  «Бас  бармақ»  әдісі  арқылы  орын-
далады.
оқушылар:
— өткізгіштің магнит өрісін сипаттайтын 
шамаларды түсінеді; 
—  жұпта,  топта  мәселелік  сұрақтар 
құрастырады, оларға жауап береді:
«Пікір  алмасу»  (Showdown).  Әрбір 
топ  тақырыпқа  қатысты  4  сұрақ 
дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің 
бірінші  жағына,  ал  жауабын  екінші 
жағына жазып, келесі топпен стикер-
лерін  ауыстырады.  Топ  басшысы 
с т и к е р д е г і   с ұ р а қ т а р д ы   о қ и д ы , 
топ  мүшелері  жауаптарын  жазып 
дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, 
барлығы  өз  жауабын  ашады  және 
ж а у а п т а р д ы   т а л қ ы л а п ,   д ұ р ы с 
жауаппен салыстырады.

Жалғасы
232
1.  Магнит  өрiсiнiң  негiзгi  қасиеттерiн 
атаңдар.
2.  Магнит  өрiсiн  суретте  қалай  бейне-
лейдi? 
3.  Қандай  сызықтар  магнит  өрiсiнiң 
күш сызықтары деп аталады? 
4.Параллель токтардың магниттiк өзара 
әсер  күшiн  қандай  формуламен  анық-
тайды? 
Дескриптор.
а)  Магнит  өрiсiнiң  негiзгi  қасиеттерiн 
сипаттайды;
ә) Магнит өрiсiн суретте қалай тұжырым-
дайды;
б)  Параллель  токтардың  магниттiк 
өзара  әсер  күшiн  қандай  формуламен 
анық тайды.
2) 
Зерделенген материалды бекіту. 
Оқулықтағы графиктер мен суреттерге 
сүйеніп өтілген тақырыпты қайталау. 
«Ойлан-жұптас-бөліс».  Берілген 
тапсырма  (сұрақ)  бойынша  әрбір 
оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз 
ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен 
бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға 
ұласады.
Жеке  жұмыс.  Оқушылар,  өз  бақылау-
ларына  сүйене  отырып,  орындалған 
жұмыс туралы қорытынды жазады. 
Жұппентоппен жұмыс. Әрбір топтан 
бір  оқушы  жұмыс  нәтижелері  туралы 
айтады,  ал  қалған  оқушылар  оны 
толықтырады. 
Қалыптастырушы бағалау.
Оқушылар  арасында  өзара  бағалау 
өткізіледі.
Мұғалім  оқушыларды  үш  топқа 
біріктіріп, әр топқа тапсырма береді. 
Әр  топтың  оқушылары  тапсырма 
тақырыбын  талқылайды.  Постер 
презентациясын  дайындайды  және 
сынып алдында сөйлейді.
Бағалау критерийлері:
1. Постер тақырыбын ашу.
2. Эстетикалық безендіру.

Жалғасы
233
3. Ғылыми сауаттылық. 
4. Ресурстар тізімі. 
5. Бірігіп орындайтын жұмыс. 
Топтар  арасында  жоғарыда  аталған 
талаптар  бойынша  өзара  бағалау 
өткізіледі.
Мұғалім сабақтың мақсатына жеткендігі 
туралы қорытынды жасайды.
сабақтың соңы
5 мин
Мұғалім  үйге  тапсырма  береді.  Үй 
тапсырмасы. § 38, бақылау сұрақтарына 
жауап беру; берілген жаттығу есептерін 
шығару
Кері байланыс. 
Нені білген едім?
Нені білдім?
Нені түсіну оңай болды?
Нелер түсініксіз болып қалды?
Нені қосымша зерделеу қажет? 
пән: Физика
ұзақ мерзімді жоспардың 10.3 бөлімі
Күні: 
Мұғалім: 
сынып: 10 
Қатысушылар саны: 
Қатыспағандар:
2-сабақ
сабақтың тақырыбы: Ампер күші, Лоренц күші
сабақ түрі: 
Жаңа материалды зерттеушілік сипаттағы презентациялау 
элементтерін пайдаланып зерделеу.
осы сабақ 
арналған 
оқытудың 
мақсаттары
10.3.4.2 — сол қол ережесін қолдануды және зарядталған 
бөлшектердің қозғалысы мен тогы бар өткізгішке магнит 
өрісінің әсерін сипаттау.
сабақтың 
мақсаты
Ампер заңы жайлы мағлұмат беру;
—  Ампер  заңының  формулаларын  есептер  шығаруда 
қолдана білуге үйрету;
— Топта бағалай білуге баулу.
бағалау 
критерийлері
— Ампер заңы жайлы мағлұмат береді;
—  Ампер  заңының  формулаларын  есептер  шығаруда 
қолдана білуге үйретеді;
— Топта бағалай білуге баулу.
тілдік 
мақсаттар
— Ампер заңы жайлы мағлұмат алу;
—  Ампер  заңының  формулаларын  есептер  шығаруда 
қолдана білу;
— Өзін-өзі бағалай білуге баулу.

Жалғасы
234
Құндылықтарды 
дарыту 
Топпен жұмыс жасау барысында оқушыларда: ынтымақ-
тастық,  өз  білімі  үшін  жауапкершілік  сияқты 
құндылықтар дамиды.
пәнаралық 
байланыс
Ìàòåìàòèêà: графиктер, квадрат теңдеулер, теңдеулер 
жүйесі.
аКт қолдану 
дағдылары
Электрондық оқулық, Интерактивті тақта, видеороликтер, 
слайдтар.
осыған дейін 
меңгерілген 
білім
Физика,  10-сынып:  Термодинамиканың  бірінші  заңын 
термодинамикалық  процестерге  қолдану,  сұйық  және 
қатты  денелер,  электростатика,  тұрақты  ток,  әртүрлі 
ортадағы электр тогы.
Жабдықтар
Видео-сабақ: “Ампер күші”.
сабақ барысы 
уақыт 
бойынша бөліп 
жоспарлау
сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
ресурстар
басталуы
5 мин
Сабақтың басталуы.
Ұйымдастыру кезеңі. 
1. Сабаққа оң көңіл күймен ыңғайлану. 
2. “Қар кесегі” әдісі арқылы сабақтың 
тақырыбына жетелеу.
Сұрақтар: 
1.  Электр  және  магниттiң  құбылыс-
тар дың  байланысын  кiм  және  қалай 
ашқан? 
2. Эрстед тәжiрибесi туралы не бiлесiң-
дер? 
3.Бiр-бiрiне  жақын  орналасқан  екi 
параллель  өткiзгiштiң  бойынан  ток 
өткiзе отырып, Ампер нені байқады? 
3. Сабақтың тақырыбы, мақсаты айты-
лады.
4. 
Бағалау  критерийлерін  анықтау 
(оқушылармен бірге):
— Ампер заңы жайлы мағлұмат алады;
— Ампер заңының формулаларын есеп-
тер шығаруда қолдана білуге үйренеді;
— Топта бағалай алатын болады.
5.  Бағалау.  Мұғалім  ынталандыратын 
сөздермен, бонустармен бағалайды. 
Бірігіп жасаған критерийлер бойынша 
оқушылар  арасында  өзара  бағалау 
өткізіледі.
“Ампер күші” 
тақырыбына 
презентация.

Жалғасы
235
сабақтың 
ортасы
30 мин
1) 
Жаңа материалды зерделеу.
“броундық қозғалыс” әдісі.
Мұғалім сұрақтар береді: 
1. Ампер күшi деп ненi атаймыз?
2. Ампер күшiнiң бағытын қалай таба-
ды? 
3.  Магнит  индукция  векторының 
физика лық мағынасы қандай?
4. 1 Тл дегеніміз не?
Сынып  ішіне  тақырыпқа  қатысты 
мәлі мет тер  мен  ақпараттар  орналас-
тыры лады.  Оқушылар  бүкіл  сынып 
ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып 
бойынша ақпарат жинайды.
Содан соң мұғалім:
— Магнит өрiсiн сандық тұрғыда сипат-
тау үшiн 
B векторының бағытын ғана 
емес, оның модулiн де анықтау тәсi лiн 
көрсету  керек.  Ол  үшiн  зерттелетiн 
магнит  өрiсiне  тогы  бар  өткiзгiштi 
енгiзiп, өткiзгiштiң қандай да бiр түзу 
сызықты  бөлiгiне  әсер  ететiн  күштi 
өлшеу  керек.  1820  ж.  француз  физигi 
А.М.  Ампер  эксперименттiк  түрде 
магнит өрiсi тарапынан тогы бар өткiз-
гiшке  әсер  ететiн  күштiң  өткiз гiштегi 
токтың күшiне, оның белсендi бөлiгiнің 
ұзындығына  (магнит  өрiсiнде  тұрған 
өткiзгiштiң  бөлiгiне),  магнит  өрiсiнiң 
шамасына  тура  пропорционал  екенiн 
көрсеттi.  Ол  тогы  бар  өткiзгiштi  таға 
тәрізді  магнит  полюстерiнiң  арасына 
орналастырып,  ток  күшi  мен  магнит 
өрiсiн және өткiзгiштiң белсендi бөлiгiн 
өзгерттi.  Ампер  күші 
F
A
 = 
BI∆lsin
α, 
мұндағы 
 — магнит индукциясының 
векторы, 
I  —  өткiзгiштегi  ток  күшi, 
l  —  өткiзгiштiң  белсендi  бөлiгiнiң 
ұзындығы, 
α — магнит индукциясының 
век торы  мен  өткiзгiштегi  токтың  ара-
сын
 
дағы бұрыш.
Ампер күшiнiң бағытын сол қол ережесi 
бойынша табады: егер сол қолды магнит 
өрiсiнiң  күш  сызықтары  алақанға 
кiретiндей, ал төрт саусақты ток бойы-
“Физика” 
оқулығы, 
10-сынып.

Жалғасы
236
 мен бағытталатындай етiп ұстаса, онда 
90° бұрыш құрайтын бас бармақ Ампер 
күшiнiң бағытын көрсетедi.
Дескриптор.
1. Ампер күшi ұғымын түсiндiредi;
2.  Ампер  күшiнiң  бағытын  қалай 
болатынын дәлелдейдi;
3. 1 Тл дегеніміз не, түсініктерін жаза-
ды.
Күтілетін нәтижелер.
Оқушылар;
а) Ампер заңы жайлы мағлұмат алады;
ә) Ампер заңының формулаларын есеп-
тер шығаруда қолдана білуге үйренеді;
б) Топта бағалай алатын болады.
Қб:  «Бас  бармақ»  әдісі  арқылы  орын-
далады.
оқушылар:
—  сол  қол  ережесін  қолдануды  және 
зарядталған  бөлшектердің  қозғалысы 
мен тогы бар өткізгішке магнит өрісінің 
әсерін түсінеді; 
—  жұпта,  топта  мәселелік  сұрақтар 
құрастырады, оларға жауап береді.
«Пікір  алмасу»  (Showdown).  Әрбір 
топ  тақырыпқа  қатысты  4  сұрақ 
дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің 
бірінші  жағына,  ал  жауабын  екінші 
жағына жазып, келесі топпен стикер-
лерін ауыстырады. Топ басшысы стикер-
дегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері 
жауаптарын  жазып  дайындайды. 
Көшбас шы  белгі  бергенде,  барлығы 
өз  жауабын  ашады  және  жауап-
тар ды  талқылап,  дұрыс  жауаппен 
салыстырады.
1. Сол қол ережесiн тұжырымдаңдар. 
2.  Оң  қол  және  сол  қол  ережесiн 
қолданып, параллель токтардың бағыты 
бiрдей болса, тартылатынын, ал қарама-
қарсы болса, тебiлетiнiн дәлелдеңдер. 
3. Параллель токтардың магниттiк өзара 
әсер  күшiн  қандай  формуламен  анық-
тайды?
4.  Магнит  индукция  векторының 
физикалық мағынасы қандай.
Физикадан 
“Ампер күші” 
тақырыбын дағы 
видео-сабақ.
Бағалау 
критерийлері.
ИТ (сұрақтар 
көрсетіледі).

Жалғасы
237
Дескриптор.
а) Сол қол ережесiн сипаттайды.
ә)  Оң  қол  және  сол  қол  ережесiн 
қолданып, параллель токтардың бағыты 
бiрдей болса, тартылатынын, ал қарама-
қарсы болса, тебiлетiнiн тұжырымдайды.
б)  Ампер  заңының  формулаларын 
есептер  шығаруда  қолдана  білуге 
үйренеді.
в) Топта бағалай алатын болады.
Қб:  “Бас  бармақ”  әдісі  арқылы  орын-
далады.
оқушылар:
—  сол  қол  ережесін  қолдануды  және 
зарядталған  бөлшектердің  қозғалысы 
мен тогы бар өткізгішке магнит өрісінің 
әсерін түсінеді; 
—  жұпта,  топта  мәселелік  сұрақтар 
құрастырады, оларға жауап береді:
«Пікір  алмасу»  (Showdown).  Әрбір 
топ  тақырыпқа  қатысты  4  сұрақ 
дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің 
бірінші  жағына,  ал  жауабын  екінші 
жағына жазып, келесі топпен стикер-
лерін  ауыстырады.  Топ  басшысы 
стикердегі  сұрақтарды  оқиды,  топ 
мүшелері  жауаптарын  жазып  дайын-
дайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы 
өз жауабын ашады және жауап тарды 
талқы лап,  дұрыс  жауаппен  салыс-
тырады.
1. Сол қол ережесiн тұжырымдаңдар. 
2. Оң қол және сол қол ережесiн қолда-
нып,  параллель  токтардың  бағыты 
бiрдей болса, тартылатынын, ал қарама-
қарсы болса, тебiлетiнiн дәлелдеңдер. 
3. Ампер заңының формулаларын есеп-
тер шығаруда қолдана білуге үйренеді
4. Топта бағалай алатын болады
Қб:  “Бас  бармақ”  әдісі  арқылы  орын-
далады.
оқушылар:
—  сол  қол  ережесін  қолдануды  және 
зарядталған  бөлшектердің  қозғалысы 
мен тогы бар өткізгішке магнит өрісінің 
әсерін түсінеді;

Жалғасы
238
—  жұпта,  топта  мәселелік  сұрақтар 
құрастырады, оларға жауап береді.

Пікір  алмасу  (Showdown).  Әрбір 
топ  тақырыпқа  қатысты  4  сұрақ 
дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің 
бірінші  жағына,  ал  жауабын  екінші 
жағына жазып, келесі топпен стикер-
л е р і н   а у ы с т ы р а д ы .   Т о п   б а с ш ы -
сы  стикердегі  сұрақтарды  оқиды, 
топ  мүшелері  жауаптарын  жазып 
дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, 
барлығы өз жауабын ашады және жауап-
тарды  талқылап,  дұрыс  жауаппен 
салыстырады.
1. Сол қол ережесiн тұжырымдаңдар. 
2.  Оң  қол  және  сол  қол  ережесiн 
қолданып, параллель токтардың бағыты 
бiрдей болса, тартылатынын, ал қарама-
қарсы болса, тебiлетiнiн дәлелдеңдер. 
Жұппентоппен жұмыс. Әрбір топтан 
бір  оқушы  жұмыс  нәтижелері  туралы 
айтады,  ал  қалған  оқушылар  оны 
толықтырады. 
Қалыптастырушы бағалау. 
Оқушылар  арасында  өзара  бағалау 
өткізіледі.
М ұ ғ а л і м   о қ у ш ы л а р д ы   ү ш   т о п қ а 
біріктіріп, әр топқа тапсырма береді. 
Әр топтың оқушылары тапсырма тақы-
ры бын  талқылайды.  Постер  презен-
тациясын  дайындайды  және  сынып 
алдын да сөйлейді.
Бағалау критерийлері.
1. Постер тақырыбын ашу. 
2. Эстетикалық безендіру. 
3. Ғылыми сауаттылық. 
4. Ресурстар тізімі. 
5. Бірігіп орындайтын жұмыс. 
Топтар  арасында  жоғарыда  аталған 
талап тар бойынша өзара бағалау өткізі-
леді.
Мұғалім сабақтың мақсатына жеткендігі 
туралы қорытынды жасайды.
сабақтың соңы
5 мин
Мұғалім үйге тапсырма береді. 
Үй тапсырмасы. § 39, 40 бақылау

Жалғасы
239
сұрақтарына  жауап  беру;  берілген 
жаттығу есептерін шығару.
Кері байланыс. 
Нені білген едім?
Нені білдім?
Нені түсіну оңай болды?
Нелер түсініксіз болып қалды?
Нені қосымша зерделеу қажет?
пән: Физика
ұзақ мерзімді жоспардың 10.3 бөлімі
Күні: 
Мұғалім: 
сынып: 10 
Қатысушылар саны: 
Қатыспағандар: 
3-сабақ
сабақтың тақырыбы: Заттың магниттік қасиеттері.
сабақ түрі: 
Жаңа материалды зерттеушілік сипаттағы презентациялау 
элементтерін пайдаланып зерделеу.
осы сабақ 
арналған 
оқытудың 
мақсаттары
10.3.4 .3 – магниттік материалдардың (неодим магниттер, 
датчиктер, сейсмометрлер, металл детекторлар) заманауи 
қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау.
сабақтың 
мақсаты
— Заттардағы магнит өрісі жайлы мағлұмат беру;
—  Заттардағы  магнит  өрісінің  формулаларын  есептер 
шығаруда қолдана білуге үйрету;
— Топта бағалай білуге баул.у
бағалау 
критерийлері
— Заттардағы магнит өрісі жайлы мағлұмат береді;
—  Заттардағы  магнит  өрісінің  формулаларын  есептер 
шығаруда қолдана білуге үйретеді;
— Топта бағалай білуге баулу.
тілдік 
мақсаттар
— Заттардағы магнит өрісі жайлы мағлұмат алу;
—  Заттардағы  магнит  өрісінің  формулаларын  есептер 
шығаруда қолдана білу;
— Өзін-өзі бағалай білуге баулу.
Құнды лықтарды 
дарыту 
Топпен жұмыс жасау барысында оқушыларда: ынтымақ-
тастық,  өз  білімі  үшін  жауапкершілік  сияқты 
құндылықтар дамиды.
пәнаралық 
байланыс
Ìàòåìàòèêà: графиктер, квадрат теңдеулер, теңдеулер 
жүйесі.
аКт қолдану 
дағдылары
Электрондық оқулық, Интерактивті тақта, видеороликтер, 
слайдтар.
осыған дейін 
меңгерілген 
білім
Физика,  10-сынып:  Термодинамиканың  бірінші  заңын 
термодинамикалық процестерге қолдану, сұйық және

Жалғасы
240
қатты  денелер,  электростатика,  тұрақты  ток,  әртүрлі 
ортадағы электр тогы.
Жабдықтар
Видео-сабақ: “Заттың магниттік қасиеттері”.
сабақ барысы 
уақыт бойынша 
бөліп жоспарлау
сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
ресурстар
сабақтың басы
5 мин
Сабақтың басталуы.
Ұйымдастыру кезеңі. 
1. Сабаққа оң көңіл күймен ыңғайлану. 
2. “Қар кесегі” әдісі арқылы сабақтың 
тақырыбына жетелеу.
Сұрақтар: 
1. Ампер күшi деп ненi атаймыз?
2. Ампер күшiнiң бағытын қалай таба-
ды? 
3. Магнит индукция векторының Физи-
калық мағынасы қандай?
4. 1 Тл дегеніміз не?
5. Зарядталған бөлшек электр өрісінің 
а) күш сызықтарына параллель;
ә) күш сызықтарына перпендикуляр; 
б) күш сызықтарына бұрыш жасай ұшып 
кіргенде, ол өрісте қалай қозға лады?
3. Сабақтың тақырыбы, мақсаты айты-
лады.
4. 
Бағалау  критерийлерін  анықтау 
(оқушы лармен бірге):
1)  Заттардағы  магнит  өрісі  жайлы 
мағлұмат алады;
2)  Заттардағы  магнит  өрісінің  форму-
лаларын  есептер  шығаруда  қолдана 
білуге үйренеді;
3) Топта бағалай алатын болады.
5.  Бағалау.  Мұғалім  ынталандыратын 
сөздермен, бонустармен бағалайды. 
Бірігіп жасаған критерийлер бойынша 
оқушылар  арасында  өзара  бағалау 
өткізіледі.
“Заттың 
магниттік 
қасиеттері” 
тақырыбына 
презентация.
сабақтың 
ортасы
30 мин
1) 
Жаңа материалды зерделеу.
“серпілген сауал” әдісі.
Мұғалім сұрақтар береді: 
1. Магнит атауы қалай шыққан?
2. Ампер гипотезасының мәнісі неде?
3. Магниттік өтімділік дегеніміз не?

Жалғасы
241
4. Қандай заттарды пара-және диа-магне-
тиктер деп атайды? Мысал келтіріңдер.
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға 
және талқылау дағдыларын дамытуға қол 
жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың 
арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
Мысалы, “Жандос, Салиманың жауабы 
туралы сен не ойлайсың?” 
“Салима, Күнсұлудың жауабын барынша 
кеңейту үшін оны қалай дамытуға бола-
ды?” 
“Күнсұлу,  естігеннің  барлығын  бір 
жауап қа қалай біріктіруге болады?”
Содан соң мұғалім:
—  “Магнит”  деген  сөз  магнетит,  яғни 
“Магнезиядан келген тас” дегенді білді-
реді.  Ежелгі  Грецияның  осы  қаласы 
маңында тұңғыш рет табиғи магниттер 
табылған  болатын.  Қазір  біз  магнетит 
дегеннің  (немесе  магниттік  теміршік) 
ҒеО (31%) мен Ғе
2
0
3
 (69%)-тен тұратын 
минерал екенін білеміз. 
Заттағы  магнит  өрісті  тек  сымдар 
арқылы өтіп жатқан токтар ғана емес, 
сонымен қатар заттың өзіндегі атомдар 
мен молекулалардың ішіндегі электрон-
дардың  қозғалысы  да  тудырады.  Бұл 
қозғалыстар кішігірім микроскопиялық 
токтарға эквивалентті, оларды молеку-
лалық токтар деп атайды.
Біртекті  ортадағы  магниттік  өріс 
индукция сының (
Â) вакуумдағы магнит 
өріс  индукциясына  (
Â
0
)  қатынасына 
тең болатын физикалық шама ортаның 
магнит өтімділігі деп аталады.
Әрбір  ферромагнетик  үшін  белгілі 
температура болады, одан жоғарылағанда 
оның  ферромагнетиктік  қасиеттері 
жоғалады  да,  зат  парамагнетикке 
айналады.  Бұл  температураны  осы 
құбылысты ашқан француз ғалымы Пьер 
Кюридің есімімен Кюри температурасы 
(немесе  нүктесі)  (
t
с
  )  деп  атайды. 
Мысалы, темір үшін 
t
с
 = 768°С.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет