Дүние құрылысы мен тіршілігінің адам, табиғат, космостың байланыс жүйелерін түсіндіруге тырысатын қытайдың ең ежелгі философиялық ілім. Негізін қалаушысы б.д.д VI ғасырдың соңы мен Vғ. Басында өмір сүрген Лао-Цзы («Қарт ұстаз»).
Өзекті ұғымдары:
«Дао» және «Дэ»
Дао ұғымы екі мағына береді:
- бүкіл дүние жаратылған бастапқы негіз(субстанция)
- әлем тіршілігін қамтамассыз ететін универсалды заң, адам және табиғат дамуында сақталуға тиісті жол.
Осы тұрғыдан алғанда, дао заттардың күретамыры, жаратушы, өзгертуші күш болып табылады. Бұл мағынада Даосизм данышпандары Даоны көбінесе бос кеңістік ретінде қарастырған. Ол – барлық нәрсені қоректендіретін «әлем анасының» жатыры тәріздес. Барлық заттар Даодан бастама алып, ең соңында оған қайта оралады.
Екіншіден «дао» дао тікелей «жол» деп аударылып, «жаратылыс заңы» ретінде қолданылады, яғни Дао заттардың дамуының табиғи жолы: пайда болуы; өмір сүруі және жойылуы.(Даоға оралу).
Дэ адамның тірішілігінде, өмір сүру барысында У-вей принципі арқылы орын алады. Даосизм мектебі У-вей принципін уағыздады. Бұл принциптің мағынасы «табиғи күйге араласпау» дегенге келіп саяды. Мысалы, ағашты өссін деп төбесінен тартып-тартып, созып-созып қойып отырудың қажеті жоқ. Табиғи күйге араласу осындай әрекетпен бірдей. Сондықтан У-вей принципін ұстану дегеніміз:
Табиғат заңдарына қарсы шықпау,іс-әрекеттерді оларға сәйкестендіру.
«заттың мөлшерін бұзбау, алтын ортаны» сақтау. Сонымен даосизм философиясы адам мен табиғат арасындағы қатынасты үйлестіруге бағытталады.