Әлдихан Қалдыбаев



бет309/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   340
ҚАЗАҚТЫҢ СУРЕТІ


Өнер туындысының бірде-біреуіне немқұрайды қарауға болмайды. Өнер өмірмен біте қайнасқанда ғана шыншыл. Өкінішке қарай, өнерде өрен туындыдан өлер туынды көп. Өкініштің көкесі – сол сұрқай шығармаларға көз үйреніп кететіндігі. Ал, мұның өзі ұлтымызға немқұрайдылыққа ұласса, мәңгүрттік, әне, сол.
Менің бұлай ашына сөйлеуіме себеп – ТарМУ-дің акт залына ілінген Абай мен Жамбылдың портреттері.
Осы залда профессор Мекемтас Мырзахметұлының туғанына 75 жыл толуына арналған ғылыми-теориялық конференция өтіп жатты. Залда отырғандар ішінде басқа облыстардан, көрші республикалардан келген қонақтар да бар еді. Солардың бірі – ташкенттік қазақ ғалым Қалдыбек Сейданов Жамбылдың портретіне қарап тұрып, қасындағы адамнан:
– Анау кім? - деп сұрады.
Көзі үйреніп кеткен жамбылдық ғалым:
– Жамбыл, - деді.
– Қазақ емес, сарт Жамбыл ғой! - деді ташкенттік қандасымыз.
– Иә, солай.
– Алып тастамайсыңдар ма?
– Айтылады, неге екенін, алып тасталынбайды.
– Қызық екен.
– Қызық.
Әңгіме осымен тәмам болды.
Қызық! Абай мен Жамбылдың портреттеріне бір қарап қойып, ойымызды да, сөзімізді де тәмам етіп жүргенімізге онға жуық жылдың жүзі болды.
Әне бір жылы өзбекстандық бір суретші біздің ұлыларымыздың суретін салып әкеліп, облыстық көрме залында көрмесін өткізді. Суретшінің өзі – қазақ, өнері – өзбек екен. Мүмкін, ол ұлтын сүйген патриот та болар, ұлыларымыздың портреттерін сондықтан да салған шығар, бірақ тағдыр айдап барып өзбек болып кеткен қазақ қазақты бейнелей алмаған.
Ал, біз болсақ, ұлыларымызды қорлатып қойып, қарап отырмыз. Көнбіс деген осындай-ақ болар.
Жалпы, бір ғана Евгений Сидоркиннен басқа ешкімге мұндай бақыт бұйырмаған. Кім білсін, оның қазақ кескінін соншама келістіріп салуына жары, қазақтың талантты суретші қызы Гүлфайрус Ысмайылованың әсері болған шығар. Не десек те әлі күнге дейін қазақ батырлары жырларын Евгений күйеу баламыздан асырып безендірген суретші болған емес.


ҚАЛАНЫҢ ҚЫЗЫ


Бір ұлттың кескін-келбетін екінші ұлттың өкілі де, өзге ұлттың арасында өскен қандасымыз да ұқсатып сала алмайтынын мен көптен білемін. Тіптен, мынандай әңгіме де болған.
Менің жарым Бану – қаланың қызы. Екеуіміз 60- жылдардың дәл ортасында қосылғанбыз. Ол кезде мен – жас жазушымын, ол – жас суретші. Ауыл балаларының өмірінен «Автобус аялдамасы» деген әңгіме жаздым. «Балдырған» журналының екі нөмірінің бірінде әңгімем жарияланып тұратын кез еді. Ол әңгімелерімді В.Безелюк, Б.Табылдиев тәрізді балалар суретшілері безендіретін.
«Автобус аялдамасының» суретін Бану салып, суретті-кітапша шығармақ болдық. Мен Бануға ауыл өмірі, кемпір-шал, балалар туралы айтып, түсіндірдім.
Бану кітапшаның суреттерін салуға кірісіп кетті.
Міне, енді екеуіміз әңгімені де, оның желісі бойынша салынған суреттерді де алдымызға алып қарай бастадық.
Лепірген көңілім су сепкендей басылды. Кемпір де, балалар да — орыс. Әлбетте, Бану қазақ кемпірін салуға тырысып-ақ баққан, бірақ онысынан ештеңе шықпаған.
– Мыналарың орыс қой, Бану! - дедім.
– Неге? Қазақ!
– Жоқ, орыс.
– Мен қазақ кемпірін сала алмаймын.
– Орыс кемпірін ше?
– Саламын.
Бану – қаланың қызы. Орысша оқыған. Орыс қыздарымен дос, солардың әжелерімен, шешелерімен көп араласқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет