заттың болуы ықтимал) сутек атомын немесе галоген атомын
оңай беретіндеріне молекуласымен немесе мономердің молекуласымен соқтығысуынан болады.
Каталитикалық немесе иондық (катиондық және аниондық) полимерлену мономердің молекуласынан реакцияға қабілетті иондардың тузілу нәтижесінен жүреді. Катализаторлар ретінде қышқылдар, алюминийдің бордың сусыз хлоридтері және т. б. қолданылады. Каталитикалық, полимерленуде катализатор полимердің құрамына кірмейді, қайтадан бөлініп алынады. Процесс тізбек турінде және үлкен жылдамдықпен жүре алады. Сондықтан иондық полимерленуді өте төменгі температурада жүргізеді. А1С13қатысуында этиленнің иондық полимерлену реакциясының жүруін төмендегідей бейнелеуге болады:
Әрбір сатыда катализатор бөлініп шығуы мумкін. Мысалы мынадай схема бойынша:
Мономерде болымсыз болса да қоспалар болса бұлар полимерлену реакциясына күшті әсер көрсетеді. Кейбір қоспалар, мысалы көп атомды фенолдар, ароматик аминдер, хинондар, полимерленуді тоқтады. Мұндай заттар ингибиторлар баяулатқыштар деп аталады. Мономерлерді сақтауда ингибиторлар пайдаланылады.
Полимерлену нәтижесінен қоюлық дәрежесі әр түрлі сүйық немесе қатты заттар алынады. Бұлардың көбі техникада кеңінен қолданылады. Полимерлеудің жағдайын өзгерту арқылы және әр түрлі заттардың қоспасын полимерлеу арқылы алдын ала берілген керекті сипаттағы өнімдерді алуға болады. Жоғары температурада немесе катализаторлардың қатысуымен олефиндер изомерленуге бейім келеді. Мұнда қос байланыстың орны ауысады, (әдетте молекуланың ортасына қарай жылжиды) немесе осы екі өзгеріс бірдей болады:
3. Гарриес реакциясы
4.Озондау реакциясы (Гарриес реакциясы).
Органикалық химияда тотығу ұғымы көміртектің қосылысына қатысты айтылады.Көмірсутектен сутек атомдарын элиминирлеп оттек атомын қосу тотығуға жатады.Алкандар тотыққанда біртіндеп алкендер,диендер алкиндер, спиртер,альдегидтер мен кетондар, карбон қышқылдары түзіледі. Олефиндер ауадағы оттегімен немесе басқа тотықтырғыштармен тотықтырылады, Тотығу реакциясының бағыты реакцияның жағдайына және тотықтырғыштың қандай екеніне байланысты:
а) ауадағы оттегі күміс катализатордың қатысуында олсфиндерді органикалық тотықтарға (эпоксидтерге) дейін тотықтырады:
ә) олефиндер ауадағы оттегімен катализаторсыз гидроасқын тотықтарды спирттермен карбонильдік қосылыстарды түзете отырып ыдыратады, жылжымалы сутек атомы қос байланыстағы р-байланысты үзіп, әдетте оттектің әсеріне ұшырайды.
б) Калий перманганатының сұйытылғаи ерітіндісі {Вагнер реакциясы) немесе катализаторлардың (СгО3, және т. б.)қатысуындағы сутектің асқын тотығы олефиндермен гликольдер түзеді. Қос байланыс тұрған орьшға екі гидроксил бірігеді.
Достарыңызбен бөлісу: |