Емтихан билеті №1


Копенгаген структуралық мектебі



бет25/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
Копенгаген структуралық мектебі.

Бұл мектеп гректің глосса(гр.glossa - тіл) деген сөзі негізінде глоссематика деп те аталады.Ол ХХ ғасырдың 30 жылдарында қалыптасты.Оның басшысы – Дания лингисі Луи Ельмслев(1899-1965).Ельмслевтің «Жалпы грамматиканың негіздері» (1928) , «Тіл теориясына кіріспе» (1943) деген кітаптары бар.Онда глоссемантиканың негізгі принциптері баяндалған.
Ельмслев: « Тіл – таным құралы», - дейді.Глоссемантистер тіл құрылымы дегенді мағынаға қатысы жоқ тілдік элементтерінің , формалардың жиынтығы деп санап , оның мағыналық , дыбыстық жағын ескермеді.Олар: « Тіл білімінің міндеті – тілдік элементттердің арасындағы қарым – қатынасты ғана зерттеу. Өйткені тілдегі шешуші нәрсе – қарым-қатынастың өзі ғана», - дейді.
Тілдік байланысты шектен тыс дәріптеп, абсолюттендіру өзгелерден гөрі Л.Ельмслев еңбектерінде тым анық көрінеді. Ол лингвистерді тілдің дыбысталу, мағыналық жақтарына мән бермеуге, бар назарды тілдік қатынасқа аударуға шақырады.Сондай – ақ , Копенгаген мектебі Соссюрдің ізімен: « Тілдің жүйелік қасиеті тек синхрондық зерттеу арқылы ғана ашылады. Ал диахронияда ол қасиет бұзылады.Сондықтан тілдің ішкі сырын ашатын ашатын – синхрондық зерттеулер ғана», -деп санайды.
Копенгаген мектебінің өкілдеріне субъективизм тән.
Бұл мектеп өкілдері өздерін компаративистік бағыттағылардан бөлектеу үшін гректің глосса деген сөзі негізінде глоссематиктер деп атады. Осы атау арқылы олар өздерінің тек тіл біліміне ғана тән мәселелермен айналасыатын, тілдің ғылымаралық мәселелеріне жуымайтын зерттеушілер екендігін көрсеткісі келді.
Глоссематикалық бағытты қалыптастырушы және оған дем беруші Дания тіл ғалымы профессор Луи Ельмслев. Оның 1928 жылы «Жалпы грамматиканың негіздері» атты кітабы жарияланған. Глоссематиктер 1931 жылдан бастап «Тіл біліміндегі еңбектер» атты журнал шығарып тұрды. Осы журналдың бірінші санында жарияланған глоссематик Вигго Брендальдың «Структуралды лингвистика» және Ельмслевтің «Лингвистикадағы структуралық талдау әдісі», «Тіл теориясының негіздері», «Тіл теориясына кіріспе» еңбектерінде глоссемантиканың ұстанған негізгі бағыттары кең баяндалған.
Глоссемантиктер алғашында Ф. Де Соссюр еңбектеріне сүйеніп, прагалықтармен пікірлес болғанымен, кейін олардан біраз жекеленген. Бұл мектептің негізгі принциптері мыналар:
- Нақты тілдік фактілермен қатынасы жоқ, абстрактілі аксиомалық
теория жасау, бірақ оны жасай алған жоқ;
- Лингвистикадағы маңызды мәселе – тілді таза қатынастардың
кестесі, схемасы деп санау, сол қатынастардың схемасын айқындау деп есептеді;
- Тілдің әртүрлі ғылымға ортақ нысан болатын тарауларын
лингвистикалық пән емес деп жариялап, оларды тіл білімінің қарауынан біржола шығарып тстауды ұсынады. Бұларшы, фонетика – лингвистиканың емес, физика, физиология ғылымдарының нысаны, семантика – логика, философия ғылымдарының нысаны т.б. Тіл дыбыстары тілдің материалдық жағы болса, семантика тілдің идеялық жағы, бұл екеуінсіз тіл жоқ.
- Зерттеу жұмысынан салыстырмалы-тарихи әдіс дегенді біржола
аластау керек, оның орнына тілдердің жалпы, универсалды грамматикасын жэазу керек деді.
- Тілді шындық өмірден, басқа ғылымдардан бөліп қараджы;
- Зерттеу ісінде индуктивтік, яғни жалқыдан жалпыға қарай зертеу
әдісін қолданбауды, дедуктивтік, яғни жалпыдан жалқыға қарай зерттеу тәсілін қолодануды ұсынды.
- Құрылымд дерексіз таза қарым-қатнастар схемасы деп түсінді.
(прагалықтар құрылымды өзара байланыста, шартты қатынаста тұратын тұлғлардан құралған бірлік, тұтастық деп дұрыс баға берген еді);
- Ф. Де Соссюрдің ізімен синхрондық зерттеуге шешуші мән беріп,
оны тілдің жүйелік сипатын зерттеудегі бірден-бір тәсіл деп қарайды;
- Ф. Де Соссюрдің ізімен сөйлеуді индивидуалдық деп санап, оны
тілдік нормаға, узусқа қарсы қойды. (Норма – материалдық форма, ал узус қоғам қабылдаған сөйлеу әдетінің, дағдысының жиынтығы. Тіл ішкі құрылымы жағынан алғанда, фигуралар мен
функциялардың жиынтығы. Фигуралар – таңба жасауға қажетті материлдар. Функцияға тілдік тұлғалардың байланысы жатады).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет