Емтихан билеті №1



бет28/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
2. Ф. Де Соссюр оның ілімі.Ф. де Соссюрдің тіл біліміне қосқан үлесін, көтерген проблемалары мен өзіндік концепцияларын танытатын еңбегі «Жалпы лингвистикалық курс» деген кітабы. Бұл еңбек де Соссюр қайтыс болғаннан кейін 1916 жылы басылып шықты. Кітап де Соссюрдің өмірінің соңғы 5—6 жылдары ішінде Женева университетінде оқыған лекцияларынан жазылған конспектілер негізінде құрылған. Оны құрастырушылар — де Соссюрдің шәкірттері француз лингвистері А. Сеше мен Ш. Балли. Кітап көп ұзамай-ақ европа халықтарының бірнеше тіліне, 1933 жылы орыс тіліне аударылып, тіл білімінде үлкен қозғалыс, қызу айтыс туғызды. Мұнда көтерілген жеке проблемалар жөніндегі пікір таластары күні бүгінге дейін саябырлаған жоқ. 1976 жылы профессор Александр Александрович Холодовичтің редакциясымен де Соссюр еңбектері «Труды по языкознанию» деген атпен орыс тілінде жарияланды. Бұл басылымға де Соссюрдің орыс тілінде 1933 жылы жарық көрген «Жалпы лингвистикалық курсы» қайта жөнделіп енгізілумен қатар, орыс тіліне бұрын-соңды аударылмаған бірсыпыра негізгі еңбектері де қосылған. Де Соссюрдің атын бүкіл дүние жүзіне жайған, лингвистика әлемінде оны даңққа бөлеген бұл еңбегі бірнеше тарауға бөлінетін кіріспеден, бес бөлімнен құралған. Оның 1-бөлімі «Жалпы принциптер», 2-бөлімі «Синхрондық лингвистика», 3-бөлімі — «Диахрондық лингвистика», 4-бөлімі «Географиялық лингвистика», 5-бөлімі «Ритроспективтік лингвистика мәселелері» деп аталады. Әр бөлім өз ішінен бірнеше тарауларға бөлінеді. Де Соссюр алғашқы кезде салыстырмалы-тарихи тіл білімін қолдаушы, соның принциптерін дамытушы болса, кейін, әсіресе Женева университетінде тілдің жалпы теориясына арналған курстан лекциялар оқыған 1900-1912 жылдар арасында ол бағытынан қол үзген.Зерттейтін негізгі объектісі жөніндегі мәселе қай ғылымның болса да ерекше мән беретін негізгі тақырыптарының бірі. Бұл тіл білімі үшін де тап сондай мәселе. Лингвистика тарихында бұл мәселеге көңіл аудармаған ғалым, мектеп кемде-кем. Бұған де Соссюр де аз көңіл бөлген жоқ. Ол даму дәрежесіне, өмір сүру формасына қарамастан тілдердің қай-қайсысының да сөйлеу процесіндегі көріністері тіл біліміне объекті бола алады. Тіл білімінің міндеті — таңбалар жүйесі болып есептелетін тілді «өзі мен өзін және өзі үшін зерттеу», оның ішкі құрылымын, жүйесін айқындау дегенді айтады. Де Соссюрдің «тілді өзімен өзін және өзі үшін зерттеу» деген тұжырымы кейінгі замандағы кейбір ғалымдардың бір жақты кетуіне, тілді айналадағы дүниеден біржола бөліп алып, тек өзімен өзін ғана зерттеумен әуестенулеріне себепші болды. Де Соссюр тілді зерттегенде оның элементтері арасында болатын қайшылықтар да, ұқсастықтар да естен шықпау керек, бұл екі құбылыстық тілдік механизмді айқындауда мәні ерекше. Зерттеу ісінде бүтіннен бөлшекке қарай жүргізілетін дедуктивтік әдісті қолдануды ұсынады. «Тіл білімі,— дейді де Соссюр,— тілді таңбалар жүйесі ретінде зерттейтіндіктен, ол — семиотикалық ілім, қоғам өмірінде қолданылатын таңбаларды зерттейтін әлеуметтік психологияның бір саласы болмақ». Бұл саладағы де Соссюр қосқан жаңалық — лингвистиканы тілдің таңбалық жүйесін, ішкі құрылымын, грамматикалық жүйесін зерттейтін ілім деп жариялауында.Лингвистика тарихында тіл білімінің ілгері дамуына дәл Ф. де Соссюрдей ықпал жасаған лингвист ғалым аз. Дегенмен оның концепцияларының бәрі бірдей мінсіз де емес, еңбектерінде қайшылықтар да, қате тұжырымдар да бар. Тіл субстанция (мән, мағына) емес, таза форма дейтін тезисі кейінгі кезде тілдік элементтердің мағыналық жағынан мән бермей, оны лингвистика объектісі емес деп санаған теріс көзқарастарға негіз болды. Синхрондық зерттеуге ерекше мән беруі біраз ғалымдардың тарихи зерттеуді елемеуіне, оны қажетсіз деп санауына жол ашты. Қателіктері оның басшылыққа алған философиялық көзқарасынан туындайды. Ол материялдық дүниенің объективтілігін мойындамайтын, сананы алғашқы, материяны соңғы деп санайтын, XIX ғасырдың аяқ кезі мен XX ғасырдың бас кезіндегі француз идеалистік философиясының өкілі Эмил Дюркгеймнің идеалистік концепциясына сүйенген. Франция социологиялық мектебінің тағы бір көрнекті өкілі — Франция мен СССР Ғылым академиясының академигі, үнді-европа салыстырмалы тіл білімінің маманы, профессор. Антуан Мейе өте көп еңбек жазған адам (24 кітап, 500-дей ғылыми мақала). Солардың ішінде оның лингвистикалық концепцияларын толығырақ көрсететіні — «Үнді-европа тілдерін салыстыра зерттеуге кіріспе» деген кітабы. Бұл еңбек орыс тілінде бірнеше рет басылып шықты. Орыс тілінде «Тарихи тіл білімі және жалпы тіл білімі» деген атпен 1938 жылы мақалалар жинағының екі томы жарық көрді. Тілдің әлеуметтік құбылыс екендігін мойындап қана қою аз, оны тілдің өзіндік мәнін ашуға негіз ету керек, өйткені онсыз тілдің табиғатын түсіну мүмкін емес дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет