Емтихан билеті №1



бет30/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
Емтихан билеті №10

  1. Универсалды грамматика.

Универсалды грамматика. Бұл еңбекті француз ғалымдары — логик, философ, профессор Антуан Арне (1612—1694) мен грамматист, филолог, профессор Колод Лансле (1616—1695) екеуі бірігіп жазған. Бұлар өз заманында Франциядағы ғылым мен халық ағарту істерінің орталығы болған Пор — Рояль монастырының ғалымдары болғандықтан және сол монастырьда шыққандықтан, оны «Пор-Рояль грамматикасы» деп те, «Рационалды жалпы грамматика» деп те атайды.
Пор-Рояль грамматикасы ежелгі грек, еврей, латын және француз тілдері материалдары негізінде жазылған. Бірақ бұл еңбек салыстырмалы туынды емес, логика-типологиялық грамматика. Оның алға қойған мақсаты — барлық тілдерге ортақ рационалды (логикалық) негізді және олардың арасындағы өзгешеліктерді ашу. Бұл еңбектің өзіне дейінгі шыққан грамматикалардан тағы бір ерекшелігі — оның тілдік материалды жан-жақты талдауға негізделуі. Грамматикада екі түрлі принцип басшылыққа алынған: біріншісі — берілген грамматикалық ережелердің жалпы тілдік болуы, екіншісі — ол ережелердің логикалық негізделуі.

  1. Универсалды грамматика екі бөлімнен тұрады. Оның бірі — фонетика, екіншісі — грамматика. Алты тарауға бөлінген бірінші бөлімде дыбыс пен әріп, буын, екпін мәселелері, оқуға үйрету әдісі сөз болған, екінші бөлімі жиырма төрт тараудан құралған. Оларда морфология, синтаксис мәселелері жан-жақты талданған.

Пор-Рояль грамматикасы өз дәуірінде Европада зор беделге ие болды. Ол көп ұзамай-ақ бірсыпыра тілдерге аударылды, әлденеше рет қайта басылды. Көптеген ғалымдар Пор-Рояль грамматикасын тіл білімі даму тарихындағы ерекше құбылыс, жаңа сапалы тіл білімінің төл басы, жалпы тіл ғылымының алғашқы жаршысы деп жоғары бағалайды. Пор-Рояль грамматикасының өз дәуіріндегі және өзінен кейінгі кездердегі лингвистикалық ой-пікірдің дамуына тигізген әсері зор болған. Заманында барлық оқу орындарында қолданылатын, жалпы тілдік теориядан терең мәлімет беретін оқулық деп саналған.Дегенмен тіл біліміне қосқан жаңалықтарымен бірге бұл еңбектің бірсыпыра қателіктері де бар. Олардың ең негізгісі — логикалық категория мен тілдік категория-ларды бір-бірінен ажыратпай, тең құбылыстар деп қарау. Грамматика авторларының пікірінше, әр тілдің өзіндік грамматикасы деген болмайды. Грамматика жалпы тілдік, универсалды болу керек, өйткені грамматикалық категориялар логикалық категорияның көрсеткіштері, ал логика категориялары жеке ұлттық болмайды, жалпы адамдық болады. Тілдердің барлығы да логикаға тәуелді, соның мүддесіне қызмет етеді. Бұл тұжырымның қателігі мынада: логика категорияларының жалпы адамдық болатыны даусыз, бірақ тіл олай емес, ол жеке ұлттық, халықтық болады. Ойлау процесін, ой категориясын әр тіл өзінше көрсетеді. Олай болатыны логикалық категория мен тілдік категориялар арасында елеулі езгешеліктер болады, бұл екеуі арасына теңдік белгісін қою қате. Тілдік категориялар логикалық категорияларға қарағанда әлдеқайда өрісті, көп салалы. Әрине, тілдердің грамматикаларында ортақ үлгілер, универсалды сипаттар аз емес, бірақ оған қарап, дүниедегі барлық тілдерге ортақ, бәріне бірдей дәрежеде қолдануға болатын грамматика жасауға болады деу қате. Ондай грамматика болған да емес, болмайды да. Тіл білімінің міндеті — барлық тілдерді бір ғана грамматикаға тәуелді ету емес, тілдер арасындағы бірлік пен ұқсастықты айқындау.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет