Емтихан билеті №1



бет26/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
Тілдік мағына.Тілдік мағына көп сипатты, күрделі құбылыстардың қатарына жатады. Тілдің құрылымдық элементтерінің (фонетика, грамматика, лексика) әрқайсысының өз атқаратын қызметтеріне сәйкес өзіндік мағыналары болады. Тілдік мағыналардың басты түрлері — лексикалық және грамматикалық мағына дейтін болсақ, лексикалық мағына негізінен сөз және тұрақты сөз тіркестерінің мағыналарымен байланысты айтылады. Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз дыбыстық кешеннің ақиқат өмірдегі құбылыстардың бірімен белгілі бір тілде сөйлеуші ұжым арқылы белгіленген байланысы болып саналады [1, 47].
Тілдің үш аспектісі — дыбыстық құрамы, лексикалық және грамматикалық құралдары десек, соның ішінде лексикалық құралдарды — сөздер мен тұрақты сөз тіркестері (мұндай тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бірігіп бір мағынаны аңғартады, мысалы, «жүрек жұтқан» — батыр; «қас қағымда» — лезде, тез; т.б.) құрайтыны, яғни оның ең негізгі буыны сөз екені белгілі. Сөздің негізгі мағынасы және туынды, яғни сөздің семантикалық дамуы барысында кейін пайда болған мағынасы болатынын атап өту керек. Туынды мағыналар троптық механизм арқылы, яғни тілде бұрыннан бар сөздерді жаңа, ауыспалы мағынада қолдану әдісімен жасалады, соның нәтижесінде көп мағыналы сөздер пайда болады.
Қазақ тілтану ғылымында көп мағыналы сөздердің жасалу мәселесі біршама зерттелген мәселелердің қатарына жатады. Р. Садықбеков көп мағыналы сөздер метафоралық, метонимиялық және функционалдық жолдармен жасалатынын атап көрсетті [2]. Бұл тәсілдерді Р. Барлыбаев сөз мағынасының кеңею тәсілдері деп атаса, Ш. Мұхамеджанов оларға ауыспалы мағына жасау деген түсінікті қолданды. Ә. Болғанбаев көп мағыналы сөздердің жасалуының метафора, метонимия, синекдоха, калька сияқты әдістерін атайды. Тіл-тілде бір мағыналы сөзден гөрі көп мағыналы сөздер әлдеқайда көп болады. «Асылында, тілдің лексикалық байлығы ондағы сөздердің санының молдығымен ғана өлшенбейді (бұл да, әрине, маңызды), сонымен бірге ондағы сөздердің мағыналық аясының кеңдігі, әр түрлі ауыспалы, бейнелі мағыналарда қолданылу мүмкіндігінің молдығымен де өлшенеді. Түрлі тілдердегі полисемантизмді сөздер осындай қасиеттерге ие сөздер ретінде қаралады», — [3, 106] деп жазады К. Аханов.
Келесі мысалды қарастырып көрелік:
«Дүниенің ішіне кір, ойна, күл, көр, бірақ дүние сенің ішіңе кіріп кетпесін» (К.к.ж.).
Бұл мысалдан семантикалық екіұшты құрылымдардың терең философиялық ойды да білдіре алатынын байқаймыз. Бір сөйлемнің ішінде едәуір кең мағыналық кеңістікті, тілдік бірліктердің әрқилы әлеуеттерін барынша пайдалануды аңғарамыз (Бірінші қолданыстағы «дүние» сөзі «әлем», «қоғам», «әлеумет» дегенді білдіреді; ал екінші қолданыстағы «дүние» сөзі «мал-мүлік», «байлық» деген мағынаға ие).
Сөздің мазмұны, мән-мағынасы туралы сөз болған кездері «мән» және «мағына» терминдері қолданылады, сондықтан олардың нені аңғартатынын, айырмашылықтар мен ұқсастықтары қандай екенін нақтылап алу қажет. А. А. Уфимцева «мағына» және «мән» терминдерінің әлі де жеткілікті дәрежеде зерттеліп-талданбағанын, бір-бірінен нақты бөлектелмегенін атап көрсете келіп: «Дегенмен, лингвистикада оларды: «мағына» сөз таңбаларына тән, ал «мән» — әрқилы түрдегі синтагматикалық бірліктерге — фраза, номинализация, пропозиция, мәтінге тән деп белгілі бір бөлектеуге беталыс байқалғанымен, оларды семантиканы логикалық және логика-математикалық сипаттауларда (мұндай сипаттауларда анықтамалардың әр қилы түрлері танымдық процедура, интеллектуалдық іс-әрекеттің тәсілі ретінде қарастырылады) әр қилы қолдану лингвистикада бұл екі түсінікті бөлектемеуге, сөзсіз, ықпал етіп отыр» [4, 19]. Зерттеуші Ш. Жалмаханов мән мен мағына жөнінде осыған ұқсас пікір айтады: «Сөз мәні — негізгі мағыналы сөзден туындайтын түсінік немесе барлық психикалық факторлардың жиынтығы. Мағына барлық контексте өзгеріссіз қалатын ұғым… Мән тек қана контексте айқындалады. Мағынаға қарағанда, мәндік реңк, сөз қолданыстар шектеулі, сондықтан да кейде бұл сөйлеу фактысын «контестік номинация» деп те атайды. Контекст моносемантикалы сөздің мәндерімен қатар, полисемантикалы сөз мағыналарын да саралайды. Бейнелілігі көмескіленген туынды не ауыспалы мағыналар негізгі мағына арқылы емес, контексте түсініледі, ұғынылады» [5,Сонымен «мағынаны» сөзге (тілдік бірлікке, таңбаға) әу бастан тән бастапқы «ұғымы», қасиеті, ал «мәнді» сөздің (тілдік бірліктің, таңбаның) негізінен сөз қолданыста, контексте туындайтын «түсінігі» деуге болады. Ш. Жалмаханов бұл жөнінде былай деп жазады: «Қазақ тілі білімінде фразеологиялық шартты, мағыналық және қолданыстық реңк (І. Кеңесбаев), контекстік мағына (Р. Барлыбаев) және стильдік көп мәнділік (Н. Сауранбаев) деген түрлі терминдермен аталып жүрген құбылысты отандық тіл білімінде қалыптасқан дәстүрге сүйенен отырып, мән (смысл) … деген терминмен атаған жөн» Тілдік бірліктердің мағыналарын семантикалық екіұштылықтар тұрғысынан қарағанда моно және полисемалы мағыналар мәселесіне назар аудару керек. Айталық, терминдер қатаң түрде бір мағыналы болуы тиіс. Ресми іс қағаздарында, ғылыми-техникалық әдебиетте, заң мәтіндерінде екіұшты не көп мағыналылықты барынша болдырмау қажет. Дегенмен, мұндай мәтіндерде де амалсыз болса да екіұштылықтар кездесіп қалады. Айталық, «Болат Сабырбай 1973 жылы туды» деген сөйлемде сөзсіз екіұштылық бар, яғни алғаш қарағанда Болаттың өзі бала туған секілді болып көрінеді. Әрине, еркек адамның бала тумайтыны белгілі, сондықтан бұл жердегі екіұштылық аса қауіпті емес. Бірақ, әйел адам туралы айтсақ, мысалы «Шолпан Мұрат 1980 жылы туды» деген жағдайда хабарлама мүлде түсініксіз болып кетеді (1. 1980 жылы Шолпанның өзі босанып, сәбилі болған; 2. 1980 жылы Шолпан дүниеге келген, анасынан туылған). Сондай-ақ, «Маскүнемдіктен әйелдер де зардап шегуде» (1. Әйелдер өз маскүнемдіктерінен зардап шегуде; 2. Әйелдер күйеулерінің не жақын-жуықтарының маскүнемдігінен азап көріп жүр), «Балалар футболшылармен ойнады» (1. Балалар футболшыларға қосылып, солармен бірігіп ойнады; 2. Балалар футболшыларға қарсы ойнады) типтес хабарламаларда да екіұштылықтар кездеседі. «Бөлмеге үлкен шкафтар мен үстелдер қойылған» (1. Шкафтар ғана үлкен; 2. Шкафтар да, үстелдер де үлкен). Әрине, олардың бір бөлігін контекст арқылы немесе сөйлемнің құрылымын өзгерту жолымен жоюға болады.
Тілдік бірліктердің мағыналары диффузды болатындықтан, кейбір мағыналардың көмескі, аса айқын еместігінен, олар бір-бірінен нақты ажыратыла бермейтіндіктен және өзара ұласып жататындықтан, әрі сан қабатты көп болатындықтан алғашқы қарағаннан-ақ мәтіндегі екіұштылықты немесе жасырын, астарлы мағыналарды тану, байқау қиын болатын кездері де жиі кездеседі. Көбіне мәтіндегі тілдік бірліктердегі кездесетін екіұштылық жасырын көп мағыналылыққа ұласып, өзара бірігіп жатады. Астыртын немесе жасырын мағыналардың семантикалық екіұшты мағынадан басты айырмашылығы ол екіұштылыққа қарағанда кең аумақтылығымен, көп түрлілігімен, әрқилылығымен ерекшеленеді.
Л.А. Исаева былай деп жазады: «Тілдік (ретті) мағыналарға және мәтінді құрайтын қатынастарға қатыспайтын, бірақ бірліктердің мәтіндегі түрлік өзгерулерінің, олардың мүмкін болған бірнеше мағыналарының бір мезетте жүзеге асуының (актуалденуінің), сондай-ақ тілдік таңбаның «мәтіннен» тыс қосымша мәндерінің мәтінде актуалденуінің салдары болған мағыналар жасырын мағыналар деп есептеледі» [9, 8]. Жасырын мағыналарға берілген бұл анықтамада екіұшты мағына мен жасырын мағынаның табиғатының, пайда болу көзінің бір екендігі, бірақ жасырын мағынаның екіұштыға қарағанда кеңірек, көп түрлі, көп қабатты болатындығы нақтыланып тұр. Жасырын мағыналардың төмендегідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:
а) таза лингвистикалық (бұлар тілдік бірліктердің мәтіннің шеңберіндегі
өзара күрделі қарым-қатынастарынан туындайды);
ә) лингвистикалық емес (бұлар тілден тыс факторлардың — хабарлаушы мен қабылдаушының «вертикалді контексінің», «фондық білімінің» әсерінен туындайды);
б) табиғаты жағынан тілдік емес жасырын мағыналар (олардың пайда болуында пресуппозитивтік — экзистенциалдық, логикалық элементтер басты рөл ойнайды).
Көркем шығарманың жасырын, астарлы мағыналары неғұрлым көп, бай болған сайын оның құндылығы да өсе түседі. Семантикалық екіұштылық осындай жасырын көп мағыналылықтың құрамдас бір бөлігі ретінде көрініс табуы да мүмкін. Төмендегі мысалды саралап көрейік:
«Құдықтың түстігі тырбық тікенек бұталы қатқыл, терістігі біраз жерге дейін ұры жыраланып барып құздата құлайтын аңғар сай. Жаңа сол аңғар сайдың қалтарыс-қалтарысын тінтіп жүріп, қолқат түбінен өрге тырмысқан жіңішке соқпақ көріп еді, осы құдықтан шығарды. Сайдың ұры мен бөріні қапы қалдырмас қат-қабаты мол сияқты». (К.Ә.386)
Аңғарымпаз оқырман бұл мәтіннен автордың өзі жоспарламаған бірнеше мән-мағыналарды байқар еді. Біріншіден, аңғар сайдың құламайтыны белгілі (әдетте тал-терек, үй, адам сияқты тікейіп тұрғандар ғана құлайды, сай құлай алмайды), екіншіден, соқпақ құдықтан шығара алмайды, ол жолаушының қолынан жетелеп жүретін тіршілік иесі емес, үшіншіден, қат-қабаты мол сай ұры мен бөріні қапы қалдырмайды, керісінше олардың өз қара ниеттерін іске асыруына көмектеседі. Осыған орай бұл мәтінде автор қате сөзқолданыстарын жасап отыр ма деген сұрақ туындайды. Әрине, шала логикалық қорытындыларға жүгінсек солай да көрінуі мүмкін.
Бірақ, бұл жерде автордың қателесіп отырмағаны, керісінше қазақ тілінің қабілет, күш-қуатын толық пайдаланып отырғаны анық. Сайды құлады деу немесе соқпақты жанды мақұлыққа ұқсату (тауға өрмеледі, жыландай ирелеңдеді т.б.) қазақ сөз дәстүрінде (ауызекі тілде де, жазбаша да) бар нәрсе. Себебі, қазақ тілі ассоциацияларға бай, терең, қуатты тіл.
Солай болғанымен де, автордың жеткізбекші мағынасына ілесіп отыратын мәтіндегі тілдік бірліктердің түрлі мағыналарының жүзеге асуынан (актуалденуінен) туындаған қосынды мән-мағыналар жойылмай, аңғарылып тұрады. Бірақ ол сөйлемді түсінуді ауырлатып, оқырманды шатастырмайды, керісінше мәтіннің мағыналық тереңдігін ұлғайта, байыта түседі. Осылайша, қазақ тілінің ерекшеліктеріне сәйкес астарлы мағыналар, семантикалық екіұштылықтар көркемдік-стилистикалық міндеттерді атқаруда үлкен рөл ойнайды.

9 билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет