Емтихан билеті №1


Байырғы Греция тіл білімі/



бет24/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
Байырғы Греция тіл білімі/ Көне дәуір тіл білімінің екінші отаны – ертедегі Греция. Тіл мәселелеріне байланысты жазба материалдар бұл елде біздің жыл санауымызға дейінгі V ғасырдан басталады. Ғалымдардың айтуына қарағанда Греция тіл білімі Гомердің «Илиадасы» мен «Одиссея» жырының тілін зерттеуден басталыпты. Аталған жырлардың тілі гректердің сөйлеу тілінен мейлінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған да, грек ғалымдары соны зерттеу, айқындау ісімен шұғылданған. Бұл жағынан алғанда Грециядағы лингвистикалық ой-пікірдің туу себептері үнділерге өте ұқсас.
Греция тіл білімі екі кезеңге бөлінеді. Біріншісі – философиялық, екіншісі – филологиялық дәуір деп аталынады.
Философиялық тіл білімін қалыптастырушылар философтар болды. Олар тіл мәселелерін лингвистикалық тұрғыдан емес, философиялық тұрғысынан сөз етті. Тілді философияның ажыратылмас бір бөлігі деп есептеді.
Көне грек философтары тілге қатысты үш мәселені сөз етті. Олар: 1) Зат пен оның атауы арасында қандай байланыс бар? 2) Тіл қайдан, қалай пайда болды? 3)Грамматика жөнінде мәселелер.
Зат пен оның атаулары арасындағы байланысқа қатысты грек философтары екі топқа бөлінді. Бірінші топ: «Атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген (Құдай жаратқан)», - десе (мәселен, Гераклит), екінші топ оған қарсы: «Жоқ, зат пен оның атауы арасында ешқандай байланыс жоқ,» - дейді (Демокрит)
Тілдің шығуы жөнінде грек философтарының бір тобы «тілді дыбысқа еліктеуден шыққан» десе (Платон), екінші тобы «Тіл ертедегі адамдардың өзара келісуінен барып шыққан» дегенді айтады (Демокрит). Тіл білімінде мұның алғашқысы – дыбысқа еліктеу теориясы делінсе, соңғысы – келісім теориясы деп аталынып жүр. Әрине, бұл көзқарастарды дұрыс деп айту қиындау.
Грек философтары грамматиканы логикалық категория ретінде түсіндірді. Мәселен, Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топқа бөлсе, Аристотель есім, етістік, жалғаулық (көмекші сөздер) деп, үш топқа бөледі.
Жоғарыда біз Греция тіл білімінің екінші дәуірі – филологиялық дәуір деп аталынады деген едік (Бұл дәуір кейде эллинизм деп те аталына береді).
Филологиялық дәуірдің басты ерекшелігі грамматикалық ілімнің философия мен логиканың ықпалынан босанып, өз алдына дербес пән ретінде қаралу еді. Тіл білімі тарихында грамматистердің александриялық мектебі деп аталынатын бағыт та осы дәуірде қалыптасты. Бұл бағыттың өкілдері: Алистрах, Деонисий Фракийский, Апаллони Дискол (біздің эрамызға дейін ІІ ғ.). Д.Фракийский грек тілінің грамматикасын жазды.
Александриялық мектептің атасы аристах тілдегі сөздерді есім, етістік, есімше, есімдік, үстеу, жалғаулық, предлог және артикль, - деп сегіз топқа бөлген.
Тіл білімі тарихында елеулі мәні барлығына қарамастан көне грек тіл білімінің кемшіліктері де болды. Олар тілді философия, логика ғылымдарының бір саласы деп қарастырды; Тілдік категорияларды логикалық категориялармен теңестірді. Тілдің дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс екенін білмеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет