Емтихан сұРАҚтары «5В060900-«География»



бет61/106
Дата13.03.2023
өлшемі5,83 Mb.
#172100
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   106
Байланысты:
Åìòèõàí ñ?ÐÀ?òàðû «5Â060900-«Ãåîãðàôèÿ»

Нивальдық белдеу (мәңгілік қар белдеуі) Солтүстік Тянь-Шань тауларында 3200 м-ден 5000 м-ге дейінгі аралықта. Жер бедері биік шың, жартасты, құлама болып келеді. Беткейлерін үйме қорым тас, көп жылдық мұз бен қар басып жатады. Өсімдік өспейді, жануарлар мекендемейді.



  1. Қылқан жапырақты ормандардың түрлері. Ерекшеліктері.

Қылқан жапырақты ормандар табиғи белдеуі (қылқандары ине тәрізді орман) Солтүстік жарты шарда кең тараған. Қылқан жапырақты орман Европада, Солтүстік Азияда, солтүстік Американың географиялық кең алқабын қамтып, солтүстік жарты шардың орман табиғат белдеуінде циркулярлы белдеу тармағын құрайды.
Қылқан жапырақты орман.

  1. Ашыққылқан жапырақты. Орманда ағаштар сирек бір бірінен алшақ өседі, бұл сағызқарағайлар және қарағайлардың жарық сүйгіштігіне байланысты. Мұнда топырақ жамылғысында қыналар маңызды рөл атқарады, ал кейбір жерлерде рододендрондар, шілік , шеңгел, итмұрын, қарақаттар құрған бұта ярустары өте дамыған. Солтүстік Америкада бұл ормандарда ақ шырша, псевдотсуги және басқа да бірқатар туыстардың турлері жиі кездеседі.

  2. Күңгіртқылқан жапырақты. Құрылымы өте қарапайым, ярустар саны әдетте 2 - 3. Ағаш ярустан басқа, шөп немесе шөп-бұта және мүк ярустары болуы мүмкін. Кейде шөпті ярус болмайды. Бұталар сирек кездеседі және айқын ярус түзбейді. Көлеңке деңгейі бұл орманда айтарлықтай, осыған байланысты шөптер мен бұталар тұқымға қарағанда вегетативті жолмен көбейеді. Орман астындағы қоқыс баяу ыдырайды, ал кейбір шөпті өсімдіктер хлорофилл түзбейді сондықтан сапрофитті қоректенеді (шыршышөп, маржантамыр және т.б.). Төменгі ярус өсімдіктері гүлдерінің күлтелері ақ, бозғылт қызғылт, бозғылт көк; бұл түстер мүк жамылғысының қара-жасыл фонында және күңгіртқылқан жапырақты орманның қараңғылығында айқын көрінеді.

Жылумен қамтамасыз етудің өзгеруіне байланысты ендік градиенті бойынша тайга : Солтүстік тайга, Орта, Оңтүстік тайга.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет