Емтихан сұРАҚтары «5В060900-«География»



бет60/106
Дата13.03.2023
өлшемі5,83 Mb.
#172100
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   106
Байланысты:
Åìòèõàí ñ?ÐÀ?òàðû «5Â060900-«Ãåîãðàôèÿ»

Биіктік белдеулері, вертикал белдеулер — бірінен кейін екіншісі кезектесіп орналасқан, табиғат жағдайларының бүкіл кешені бойынша біршама біртекті, кейде үзілмелі болып келетін таулардағы ландшафт өңірлері (атыраптары). Бір беткейді немесе бүкіл тау жүйесін қамтитын үлкен аумақта созылып жатады (мысалы, Тянь-Шань тауларындағы орманды-шалғындық, далалық, субальпілік, гляциалдық-нивалдық биіктік белдеулері).
Белдеулер (Қазақстанның мысалында түсіндірейін деп айтыңдар)
Тау етегіндегі шөлейт белдеу Іле Алатауы, Жетісу Алатауы және Оңтүстік Алтай тауларының етегінде анық байқалады. Ол Алтайдың солтүстік-батысында далаға, Тянь-Шаньның батысында шөлге ұласады. Бұл белдеудің абсолютiк биіктігі 1300 м, негізінен кайнозойдың лëсс-құмдақ шөгінділерінен түзілген, еңіс келген жазық. Климаты шөлейт, қысы жылы, жазы ыстық, жауын-шашын мөлшері 200 – 300 мм. Өсімдігі селдір, сұр топырақта қау, жусан, бетеге, бұйырғын, итсигек, баялыш, ебелек, теріскен өседі. Мұнда тышқан, тасбақа, жылан, кесіртке, шаян, қарға, қарақұс, түлкі мекендейді. Тау етегіндегі шөлейт белдеуді шаруашылық қажетіне бейімдеу оның табиғатын мүлде өзгерткен, сондықтан оны «мәдениетті зона» деп те атайды.
Таудың дала белдеуі 1000 – 2000 м биіктік аралығында, әлі бекімеген шөгінділер мен палеозойлық тау жыныстарынан құралған. Климаты қоңыржай континенттік, жауын-шашын мөлшері 400 – 600 мм. Қоңыр топырақты және шіріндісі мол қара топырақты келеді. Дала өсімдігі, шалғын, бетеге, қау, жоңышқа, т.б. өседі.
Таудың шалғынды орман белдеуі Оңтүстік Алтай, Жетісу (Жоңғар) және Тянь-Шань тауларында 800 – 1300 м-ден 2800 м-ге дейінгі биіктік аралығында жатады. Бұл таулардың беткейлері өзен аңғарларымен қатты тілімденген. Жауын-шашын мол, жылдық орташа мөлш. 800 – 1000 мм. Орман көбіне таудың солтүстік беткейінде өседі. Орманды белдеудің етек жағын ала жалпақ жапырақты алма, өрік, жаңғақ, ақ қайың, терек ағаштары және шалғын, ал жоғары жағын ала пихта, қарағай, шырша өседі. Бұл белдеуде қасқыр, борсық, түлкі, тиін, қоян, т.б. мекендейді.
Таудың субальпілік белдеуі орманды белдеуден жоғары жатады. Алтайдың солтүстік-батысында 2000 м, оңтүстік-шығысында 2400 м, Тянь-Шань тауларында 3000 м биіктіктен басталады. Алтайдағы бұл белдеуде Алтай қарабас шалғыны, манжетка, аю балдырған, түлкіқұйрық, тарғақшөп өседі. Одан жоғары мүк пен қына өсетін тырбық, қисық бұталар, түркістан аршасы кездеседі. Ал Жетісу (Жоңғар) Алатауының осы биіктігінде тау шалғыны бар.
Таудағы альпілік белдеу Солтүстік Тянь-Шань тауларында 2800 – 3200 м биіктікте. Топырағының шіріндісі мол (12 – 15%), альпілік шалғын хош иісті сан алуан гүлге бай. Шөбі малға жұғымды жайлау. Алтайда, Жетісу (Жоңғар) Алатауында бұл биіктікті нивальдық белдеу алып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет