Гравитациялық қасиеттер- олардың массаларына байланысты және кеңістіктегі мен жердегі элементтердің таралу процестерінде өте маңызды болады. Бұл қасиеттер жердің қалыптасқан алғашқы сатысында ерекше роль атқарған. Жердегі барлық элементтердің жылыстау үрдістері, әлемдік тартылыс күштері арқылы жүреді.
Маңызды сыртқы термодинамикалық жылыстау факторлары: температура,
қысым, миграциялық ортаның химиялық құрамы, сорбциялық күштері және
т.б.
1. Температураның әсері.
Геохимиялық процесстердің температурасы геологиялық және минералогиялық термометр арқылы анықталады. Ол жеке минералдар мен олардың әртүрлі комбинацияларының және минералдардың жеке қасиеттерінің белгілі өзгерісін, құрылу, айналу температураларын – геологиялық термометрі деп атайды.
2. Қысымның әсері.
Қысымның өзгерістері химиялық элементтердің жылыстауына өте қатты әсер етеді. Қысымның өзгеруі температураның өзгеруімен өзара байланысты.
3. Миграциялық ортаның химиялық құрамы:
А. Ортаның радиациялық өзгерістері. Биосферадағы радиоактивтік сәулелер, бөлшектер мен фотондардың химиялық элементтердің атомдарымен байланысуына әкеледі. Процесстің жүруі атомдардың массасына, зарядына, энергиясына тәуелді болады.
Б. Ауыр зарядталған бөлшектер (α-бөлшектер);
В. Ионизациялық сәулелердің электрондары;
Г. γ- фотондар мен рентген сәулелері;
Д. Нейтрондардың ағыны. Олар атом ядросымен әрекеттесіп, олардың
бөлінуне және ядролық реакцияларына әкеледі.
Е. Радиоактивтік ыдырау нәтижесінде атомдардың қалдықтары
элементтердің ионизациясын қозғайды
Геологиялық пен магматикалық үрдістердің геохимиясын түсіндіріңіз.
1.Геологиялық үрдістердің сипаттамасы
Жер қабатын калыптастыру мен дамуына әкелетін табиғи үрдістер – геологиялық үрдістер деп аталады. Оларға жататын үрдістер – үгілу, жер сілкінісі, вулканизм, теңіз және өзендердің әрекеттері.
Барлық геологиялық үрдістер химиялық элементтердің бөлінуіне, шашыратуына және жинақталуына, сонымен бірге пайдалы кендердің тыңайған жерлердің пайда болуына әкеледі.
1. Бөлу – физико-химиялық әдістер арқылы химиялық элементтердің бөлек, тәуелсіз түріне өтуін білдіреді.
2. Шашырату – ол химиялық элементтердің кеңістікте тепе-теңдік таралуына ұмтылуы. Бұл түрде көпшілік элементтердің атомдары болады (стронций, вром, рубидий, индий, талий, цезий).
3. Жинақталу – ол элементтердің белгілі мөлшерде, белгілі объектілерде жиналуы. Бұл үрдіске қоршаған ортаның факторлары мен механизмдері әсер етеді.
Энергия көздеріне қарай геологиялық үрдістер эндогендік және экзогендік түрге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |