Гипотекті минералдар – терең эндотекті, яғни жер қыртысы қойнауларындағы магманың қату үрдісіндегі бөлінетін газ бен ыстық сулы ерітінділер және магманың балқымасының кристалдану нәтижесінде пайда болған минералдар (дала шпаты, пироксен, оливин, топаз, кварц, слюда).
Жер қыртысындағы гипотекті үрдістер тұрақсыз болады, үгілу үрдістерінің нәтижесінде бұзылып гипотекті минералдарға ауысады.
Гипертекті минералдар – жер қыртысының беткі қабаттарында терең
минералдардың бұзылу мен қайтадан түзілуі үрдістеріндегі минералдарды,
гипертекті минералдар деп атайды (опал, халцедон ж/е т.б.).
Литосфераның геохимиясына сипаттама беріңіз.
.Литосфераның жалпы сипаттамасы мен құрамы.
Литосфера Жер планетасының геосферасының бірі. Литосфера жер қыртысын және осы қыртыс пен астеносфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын литосфералық мантия деп аталатын жоғары мантияның ең жоғары қабатын біріктіреді.
Астеносфера – жоғары мантия өңірінде шартты түрде дараланатын қабат, литосфераның төсенеші.
Литосфераның қалыңдығы 50-200 км аралығында деп есептеленеді.
Жер қыртысының жоғарғы қабаты гранит қабатынан тұрады. Кларк пен Вашингтон жасаған мәліметтерде, жер қыртысының жоғарғы 16 км 95% магмалық жыныстардан, 4% сазды жыныстардан, 0,75% құмтастардан, 0,25% әк тастардан тұрады.
Жер қыртысының массасы 99% -ға 8 элементтерден тұрады:оттегі, кремний, магний, алюминий, темір, кальций, натрий, калий. Олардың ішінде оттегі ең көп мөлшерде болады, себебі, барлық элементтер оксид түрінде қалыптасқан.
Жер қыртысының элементтерінің массалық пен көлемдік мөлшері:
Элемент Масса, % Көлем, %
Оттегі 46,60 62,55
кремний 27,72 21,22
алюминий 8,13 6,47
Темір 5,00 1,92
Гольдшмидт, литосфераны «оксисфера» деп атаған. Кейбір элементтер, жер қыртысында өте аз мөлшерде кездеседі, минералдарда шашыранды түрінде болады. Вернадский оларды шашыранды элементтер деп атады. Мысалы: рубидий – калий минералдарда шашыранды түрінде, ал галий – алюминий минералдарында шашыранды түрінде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |