Емтихан сұрақтары Геохимияның зерттеу пәніне сипаттама беріңіз. Геохимия



бет7/21
Дата20.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#197935
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
Геохимия емт.сұрақтары (1)

2. Жер қыртысының құрылысы.
Жер қыртысының құрылысы күрделі болады, ол континенттер мен әртүрлі тау жыныстарды және теңіз түбін құрайды.
Геофизикалық зерттеулер бойынша, жер қыртысы үздіксіз өзгерістерге, вертикальді және горизонтальді қозғалыстарға ұшырайды. Жердің қыртысының жоғарғы қабаты «сналь» деп атайды, оның тығыздығы аз. Жер қыртысының төменгі қабаты «сима» деп аталады, оның тығыздығы көбірек болады.
Химиялық құрамынан «сналь» граниттік жыныстардан, ал «сима» - негізгі силикат пен базальт жыныстардан (магний, кремниймен байытылған) тұрады.
Сима негізінен кремний мен магний элементтерін біріктіретін минералдарды молынан топтастыратын жер қабаты.
Сонымен континентер снальмен, ал теңіз түбі симамен қалыптасқан.
Жер қыртысының тау жыныстарының таралуы: 95% магматикалық, 5% шөгінді жыныстардан тұрады.
Магмалық жыныстар үш топқа бөлінеді:
1. магманың қату барысында пайда болған жанартаулық жыныстар;
2. плутонды жыныс – терең қабаттарда пайда болған интрузивті
жыныстар;
3. гипобисальдік жыныстар – жер қыртысының онша терең емес өнірінде қалыптасқан магмалық жыныс.
Үш топтардың ерекшеліктері бар, бірақ олар жер қыртысының химиялық құрамын өзгертпейді.
Кларк бойынша, магмалық жыныстардың орташа литосфералық құрамы 12% кварц, 59,5% дала шпатымен, 0,6% апатиттерден тұрады.

  1. Атмосфераның геохимиясына сипаттама беріңіз.

Атмосфера (грек тілінен atmos- ауа, sphoira - шар) – ол жерді әртүрлі күннен келетін зиянды сәулелерден, температураның тез арада ауытқуынан қорғайтын жердің газ тәрізді геосферасы.
Атмосфера сонымен қатар жаңбыр, жел және климаттың пайда болатын ортасы болып саналады.
Атмосфераның құрамы.
Табиғи атмосфералық ауаның құрамына: азот -78,08%, оттегі -20,95%, аргон - 0,93%, көмір қышқыл газы – 0,03%, натрий, гелий, криптон, метан және т.б. 0,01% құрайды.
Сонымен қатар ауаның құрамында шаңның бөлшектері мен су буы кіреді.
Шаң (табиғи атмосфера арқылы өтетін) табиғи үрдістердің жақсы дамуына қажет. Аэрозольдар су буының конденсация ядросын құрайды, күн радиациясын төмендетеді, сәуленің жерге өтуін азайтады, осымен ол жердің қатты қызып кетуін азайтып, температураның өзгеруін азайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет