Постмагматикалық құбылыстар деп-магманың кристалдану мен суу (қату) кезіндегі интрузивтің айналасындағы геологиялық үрдістерді атайды.
Постмагматикалық құбылыстар ыстық газдар мен гидротермальді ерітінділер
манызды ролін атқарады. Магмадан ыстық газдар мен сулы булар кендердегі қуыстардан суық кендерге өтеді. Нәтижесінде газдар сығылып, жоғары температуралық минералдарды құрайды (кварц, слюда, вольфрамит, молибденит). Газдардан пайда болған минералдардың үрдісін пневматолиттік деп атайды. Бұл үрдіс 450-8000С өтеді.
Газдар суыған кезінде сулы булар сығылады және 400-4500С гидротермальдік ерітінділерге айналады.
Гидротермальдік ерітінділерден минералдардың пайда болу үрдісіңн гидротермальдік деп атайды.
Гидротермальдік ерітінділер минералдардың және тау жыныстарының құрамын өзгертеді, нәтижесінде жаңа жыныстардың пайда болу үрдісін метаморфизм деп атайды.
Метаморфизмнің негізіне минералдың химиялық құрамының өзгеруімен сол ортада тұрақты, жаңа минералдардың пайда болуы жатады
Гипергенез және шөгінділену геохимиясын түсіндіріңіз.
Шөгінді жыныс – жердің беткі өңіріне тән термодинамикалық жағдайларда, әртүрлі үгілу есебінен, сулы ерітінділер құрамының химиялық немесе механикалық жолымен тұнбаға түсу нәтижесінде, әр түрлі ағзалар тіршілігінің арқасында, немесе осы үш үрдістің бір-біріне орайлас көрініс беруі салдарынан түзілген барша тау жыныстарының жалпы жиынтығы.
Шөгінді жыныстардың химиялық құрамының ерекшеліктері:
1.натриймен салыстырғанда калийдің мөлшері көбірек болады;
2.карбонаттарда кальций оксиді мен магний оксидінің мөлшері көп болады;
Шөгінді жыныстардың құрамындағы минералдар екі түрге бөлінеді:
1. Төзімді, тау жыныстарының үгілуі барысында, өз тұтастығын сақтап
қалған минералдар;
2. Химиялық ыдырау өнімдерінен пайда болған минералдар.
Гипертек үрдістер – минерал түзуші үрдісітің нақталы сатысы барысында
жер қыртысының беткі қабаттарына тән тау жыныстары мен минералдардың әртүрлі өзгерістерге ұшырау үрдісі.
Гипертектің бағыты мен ерекшеклігі төмен температуралармен және төменгі
қысыммен анықталады.
Гипертекте маңызды ролді атмосфераның активті оттегі, су мен құрамында
ерітілген оттегі мен қөмірқышқыл оксиді бар сулы ерітінділер атқарады.
Гипертектің жүру бағыты мен үрдісіне гипертек ортаның физикогеографиялық жағдайлары әсер етеді (климат, рельеф, тау жыныстардың
химизмі).